124
Кешенді тексеру кезінде сабақ конспектісінен бастап сабаққа қатысу,
бақылау жұмыстарын алу арқылы, оқушылардың білім, білік деңгейіне дейін
тексеріледі. Кешенді тексеру 10-20 күн аралығында өткізіледі.
Ескерту бақылау
– белгілі бір сұраққа немесе педагогикалық
міндеттерді шешуге мектеп мұғалімдердің назарын аудару үшін жүргізілетін
тексеру түрі.
Негізгі бақылау
– ең негізгі кезең, ол мектептің негізгі міндеттерінің
орындалу барысын айқындау үшін оқу-тәрбие проесінің жайы мен оның
нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Бақылау жалғасы
– келесі қабылданған басқару шешімнің
орындалуын анықтауға бағытталған бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: