266
Сурет-71. Педагогтың кәсіби этикасы
Педагогикалық әдептің белгілері:
1) Ілтипаттылық.
Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер
оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру,
жазықсыз жазғыру,
әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей,
өтініштерін
құлықсыз, жүре тыңдаса да, ең болмағанда
қастарына жақындап
көңіл аудармаса да, ренжіп қалады.
2) Сенім.
Атақты педагог А.С.Макаренко: «Қателесу қаупі төніп тұрса да
мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында
болсын оқушыларға өзінің
батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Балалар өздерінің күштері мен
мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына,
әсіресе
өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді» – деп, мұғалімнің
оқушылардың жеке басына сенудің маңызын айрықша атап көрсетті.
3) Әділдік.
«Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз?»деген
сауалға
оқушылардың көпшілігі: «Мұғалімнің әділдігін» деп жауап қайтарады. Егер
мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді,
жайдары болса, мектепте
одан беделді адам болмайды. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай,
соған қоса өз іс-әрекетінің дұрыстығына иландыра білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: