271
статистикалық, еңбектік және т.б. Барлығы кешенді қосылған уақытта құқық
нормасының шеңберінде жүйелі түрде басқару қызметін жүзеге асыруға
көмектеседі.
Қоғамдық феномен ретінде басқару мәдениеті көптеген қызметтерді
атқарады. Басқару мәдениетін реттеу ретінде құлықтың нормасы мен ережесі
ғана емес, сонымен қатар оның образдары да маңызды. Егер де норма қоғамның
қолы жеткен жетістігін анықтаса, онда образдар
идеалға жақын келетін
қоғамның қолы жеткен ең күшті басқару әрекеттерін реттейді.
Басқару мәдениетінің реттеуші қызметі салт-дәстүр, ырымдар, әдет-ғұрып
секілді түсініктер арқылы анықталады. Әдет-ғұрып – қоғамдық өмірдің түрлі
салаларында, сонымен қатар міндетті түрде әдетке айналатын басқару қарым-
қатынасындағы адам құлығының тұрақты жүйесі. Осылайша, басқару
мәдениетінің реттеу қызметі басқару және өндірістік әрекеттер процесінде
адамдарды нақты бір нормаларға,
ережелерге, салт-дәстүрлерге бағындырады.
Басқару мәдениетінде ақпараттық қызмет маңызды орында. Бұл қызметке
сәйкес, жинақталған әлеуметтік тәжірибе көлденеңнен – өткен ұрпақтан жаңаға,
тігінен – бір елден екінші елге, бір ұжымнан немесе адамдардан екіншісінен
беріліп отырады. Осының негізінде басшыда білім, икем, дағды қалыптасады
және ол өз кезегінде басқару тәжірибиесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Басқару мәдениетіндегі коммуникативті
қызмет ақпараттық қызметпен
тығыз, үздіксіз байланысты. Мәдениет – қоғамдық құбылыс, ол қоғамның
немесе адамдардың қарым-қатынасынан тыс өмір сүрмейді. Адамдармен
тікелей қарым-қатынас адамзатты байытатын және басқарудағы үздік әлемдік
тәжірибиелерді зерттеуді жеңілдететін техникалық құралдармен (БАҚ,
тұрмыстық техника, ғаламтор, т.б.) және көптеген
басқа да құралдармен
толықтырылуда. Басқару мәдениеті басқару ғылымының құрамды бөлігі бола
тұра басқару әрекетінің тиімділігі мен жетілдірілу деңгейін көрсететін
басқарудың сапалы жағымен сипатталады.
Құқықты, өкілеттілікті, билікті, материалды және адамгершілік
ресурстарды, міндеттерді және жауапкершілікті бөлуде объективтілік және
әділеттілік принципі басқарудың мүмкіндігі
мен нәтижелілігі арасындағы
балансты қатаң түрде сақтауды талап етеді. Барлық деңгейдегі менеджердің
әрекеті қолданылып жатқан этикалық нормалар мен ережелерді бұзбай,
керісінше олардың біріккен әрекеттері осы жүйенің дамуына үлесін қосуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: