276
Сөйлеу, сөйлесе білу – өнер, мәдениеттіліктің етене белгісі. Ал тіл –
тұлғаны қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтануының маңызды құралы. Оқу-
тәрбие процесінде тіл ерекше орынға ие. Егер сөзді педагог белгілі бір мақсатта
тәрбиелеу
құралы
ретінде
пайдаланса,
оның
ықпалы
артады.
Ы.Алтынсарин:
«Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені
түсінбесе, онда
мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре
алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде
ашуланбай, күйгелектенбей,
сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен
керексіз терминдерді қолданбастан
әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен
түсіндіру керек» – деп,
мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді,
сондай-ақ
дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болуы қажет екенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: