К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет183/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Координациялау 
функциясы 
Бақылау 
функциясы 
Мотивациялау 
функциясы 


132 
5)
кадрларды таңдау және іріктеу. 
Ұйымдастырушылық қызметтің басты құралдары болып табылатындар: 
бұйрық, ереже, жарнама, нұсқау, әңгімелесу және т.б. 
Қазіргі кезеңде нақты құрылымы жоқ мекемені тиімді басқару мүмкін 
емес. Басқару құрылымы – басқару процесін жүзеге асыратын ұйымдастыру 
формасы. Тиімді ұйымдастырушылық құрылымды құру – мақсат емес, 
мақсатқа жету құралы.
Білім беру саласында менеджердің мақсаты – мекеменің міндет-
мақсатына сәйкес келетін ең жақсы әдіс-тәсілді таңдау. М.Мескон, М.Альберт, 
Ф.Хедоури сияқты американдық ғалымдардың пікірінше, ең жақсы құрылым – 
мекемені сыртқы ортамен тиімді өзара қарым-қатынасқа өнімді еңбекке 
бағыттайтын құрылым, осылайша өз мақсатына жоғары жетістікке жету. 
Мотивация 
– мекеме қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетін ынталандыру 
және өзін-өзі дамыту бойынша басқару іс-әрекетінің функциясы, сондай-ақ 
әрбір қызметкердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын ұжымдағы 
тиімді әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын басқару іс-әрекеті. 
Басқарудың барлық деңгейінде сыртқы мақсатты ішкі мақсатқа 
алмастыру процесі жүріп отыруы қажет. Қызметкер қойылған мақсатты 
орындауы тиіс, оны орындауда қанағаттанғандық сезім орнауы тиіс, алға 
қойған мақсаттар оған түсінікті болуы керек және оны ол қабылдауы абзал
оған күштеп орындатуға болмайды. Басқаша айтқанда, ұжымда дұрыс 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуалды 
қалыптастыру: 
жанға 
жайлы 
психологиялық ахуал, іс-әрекетке және мәселеге басшының ынта қоюы, 
қарамағындағы қызметкерлердің тұрмыстық, жеке басының мәселелеріне 
басшының ден қоюы, мәселені оң шешуі, басшының қарамағындағылармен 
сыйластық қарым-қатынасы. 
Білім беру саласы қызметкерінің еңбегін ынталандырудың тиімді әдісі 
педагогикалық кадрларды аттестаттаудың жаңа жүйесін ендіру мүмкіндігі, 
мемлекеттік аттестаттау және ЖОО-ын аккредиттеу болып табылады. 
Білім беру жүйесінде ТQМ нобайы 43-суретте ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет