ФАКТОРЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
Зиявдинова А.Қ (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Халықаралық туризм шетел валютасының белсенді көзі болып табылады және де ол мемлекеттің төлем балансына әсер етеді. Халықаралық туризм көптеген елдердің экономикасына ғана емес, соныме қатар олардың әлеуметтік-мәдени ортасына, экологиясына да әсерін тигізеді. Ал ол өз кезегінде туристер ағымына әсер етеді.
Халықаралық туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін негізгі факторларды статистикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар: табиғи-географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін және келе бермейтін маңызы бар. Адам оны тек қана өзінің керегіне ыңғайлап, пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторлар. Бұл факторлардың бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.
Халықаралық туризмнің дамуының табиғи-географиялық факторлары сұлу, бай табиғат, климат, жер бедерлерінің көрінісінен табылады. Табиғаттың жаратылысы бойынша рекреациялық шаруашылыққа дейін табиғи элементтер мен кешендер алғашқыда рекреациялық іс-әрекеттің жағдайы ретінде болады. Рекреациялық сұраныстың пайда болуының арқасында оларға баға беріліп, технологиялық деңгейге дейін жеткізілінеді, содан кейін туристік-рекреациялық ресурсқа өтеді.
Халықаралық туризмнің өсуінде әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны – ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы әбден қисынды және түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі – адамның жақсы тұрмысына ғана тәуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтығына да байланысты. Соңғы 15-20 жылда Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос уақыты едәуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми-техникалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл-ой еңбегі артады, өндіріске және тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық және психологиялық қысым туғызады және олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді. Белсенді демалыс туризм арқылы, бұл мақсаттар жылдам және тиімді орындалады.
Халықаралық туризмнің өсуіне әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық факторларға жатқызуға болатындар: халықтың білімі мен мәдениет деңгейінің жоғарлауы және эстетикалық талғамының өсуі. Әрине, халықтың ондай талғамдары туристік саяхаттар кезінде ғана толықтырылады.
Туристік іс-әрекеттің жиілігі мен белсенділігіне және мөлшерінің көтерілуіне жасалынатын маңызды жағдай - ол халықтың нақты табысының өсуі. Мамандардың талдауына қарасақ, жан басына шаққандағы ұлттық өнімнің жалпы көрсеткіші мен азаматтардың көшіп-қону рекреациясының арасында тура сәйкестіктігін байқаймыз. Бұндай зерттеулер елде өмір деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым демалыс кезіндегі саяхатшылар да көп болатындығын көрсетеді.
Халықаралық туризмнің көтерілген шағы XX ғасырдың 30-шы жылдары болды, бұл кезде индустриалды дамыған елдер жалдаған жұмысшылардың еңбек жағдайын реттейтін заңдар қабылдады. Ол адамдардың демалысқа құқығын бекітті.
Туризм үшін ерекше маңызы болғаны төленетін демалыстардың енгізілуі; олар АҚШ-та (1914), Австралия мен Жаңа Зеландияда (1919), КСРО-да (1922) және басқа да бірнеше елдерде енгізілді. Қазіргі шақта 500 млн-нан астам жалданған жұмысшылар, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада, жыл сайын төленетін демалыс алуға құқық берілді, бұл дегеніміз нақты туристік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың пайда болуы.
Белсенді туристік іс-әрекет үшін бос уақыт қорының болуы жеткіліксіз. Жаппай туристік қозғалыстың қалыптасуы үшін ең бастысы өмір деңгейінің көтерілуі, ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталды.
Қоғамның әлеуметтік-кәсіптік құрылымы басқа да факторлар сияқты туризмнің дамуына өзінің әсерін тигізеді. XX ғасырдың басталуына дейін туризмде аристократтық сипат болды. Туризм туралы өте ерте мәлімет Антикалық дәуірге жатады. Ежелгі ерте замандағы гректер мен римдіктер ең алғашқы болып теңіз арқылы да және жер бетімен де саяхатқа шығып тұрды.
Жаңа әлеуметтік топтың әсерімен, әсіресе жастардың бастауымен 60-шы жылдары туристік үлгінің түрі маңызды өзгеріске ұшырады. Хиппи, панки, ал кейінірек "жасыл" және кейбір солшыл мәнді қозғалыстар адамның ойлау кабілетіне және қоғамның тұтыну түріне тура әсерін тигізді.
Халықаралық туризмнің өсуінде материалдық-техникалық факторлардың маңызы зор. Олардың ішіндегі ең бастылары: орналастыру орындары, көлік, қоғамдық тамақтандыру мекемелері, бөлшек саудалар және т. б. Туристерді орналастыру үшін арналған материалдық базасы туристік инфрақүрылымды құруда ең басты орын алады. Олар қонақ үйлері, пансионаттар, мотельдер, турбазалар, кемпингтер, жеке пәтерлер және т. б.
Туристік саяхаттар кезінде түнеу орнымен қатар туристердің тамағын ұйымдастыру да маңызды рөль атқарады. Сондықтан да, туристердің көптігіне қарамай жылдам қызмет көрсетуге болатын үлкен мейрамханалар салынғаны жөн. Туристердің тамағын ұйымдастыруда туристік саяхаттардың мезгілдік ерекшеліктеріне байланысты күрделі мәселелер туындайды.
Жаппай туристік ағым жазғы айларға келеді, сондықтан да азық-түліктің кейбір түрлерін жинап, қоймада сақтауға тура келіп тұр. Ол үшін арнайы тоңазытқыш қондырғылары керек.
Көлік – материалдық базаның негізін құрайды. Қазіргі техникалық жетістіктер көлік сферасына елеулі әсерін тигізіп отыр. Қандай бір көлік болмасын оның динамикалық сапасы – жылдамдық. Адамдарды тасымалдайтын көліктердің жылдамдығы 1815 жылы 15 км/сағат болса, ал қазір олардың жылдамдығы 2000-2500 км/сағат. Темір жол көлігі қарқынды дамуда.
Теңіз және өзен жолаушы көліктерінің дамуы мен оның модернизацияландырылуы сумен саяхаттаушы туристерге жақсы жайлылық жасайды.
Автомобиль көлігі өзінің тура байланысу мүмкіндігімен туристік саяхаттардың көбейіп өсуіне мүмкіндіктер жасауда. Тасымалдау бағасының төмендігі, темір жол көлігімен таласа алатындығын көрсетеді. Оның тағы бір артықшылығы: бір экскурсовод 30-50 туристке қызмет көрсете алады.
Соңғы онжылдықта жеке меншіктегі жеңіл машиналар санының өсуі, уақытпен, маршрутпен және қозғалу графиктерімен санаспайтын, жеңіл машинамен туристік саяхаттың артықшылығын асырды.
Мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастың түрақсыздығы бұндай аудандарға туристік ағымды бірден қысқартады. Елдердің арасындагы екіжақты немесе көпжақты тұрақтылық, бейбітшілік туристік алмасуды көбейтіп, өсіреді. Статистикалық мәлімет бойынша, соңғы екі онжылдықта Еуропадағы халықаралық туризмнің мөлшері жыл сайын өсуде.
Статистикалық есеп туризм зерттеушілерінің ортақ мәселесі болып саналады. Туристік ағымдарға жүйелі есеп жасау XX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. 1929 жылы Австрияға 2 млн, Швейцарияға - 1,5 млн, Италияға - 1 млн артық адамдар барды. Туристік қозғалыс кезінде Еуропаның кейбір елдерінде саяхатқа статистикалық есеп жүргізілді. Бірақ ол кезде оның өзіндік маңызы болмады. Мәліметтерді жинау және оны өңдеу ұлттық қауіпсіздік, көшіп-қону процесін бақылауға және салық салу ережелерін сақтау үшін жүргізілді. Туристік мақсат еске алынбады. Туристер басқа да саяхатшылармен бірге есептелінді.
Халықаралық туризмнің статистикасының жаңа даму кезеңі XX ғасырдың 40-шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында басталды. XX ғасырдың 60-шы жылдары Батыстың индустриалды елдерінің үкіметі мен халықаралық ұйымдары барлық назарларын дамушы елдерге аударды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1960 жылы отарланған елдер мен оның халқына бостандық беру туралы Декларация қабылдады және алдағы он жылды "Даму декадасы" деп хабарлады. Кеңесшілср әлемнің үшінші елдерінің артта қалған экономикасын көтерудің бағдарламаларын жасады, онда туризмге елеулі орын берілді. Туризм экономикасының маңызы мен мөлшерінің өсуімен катар оның статистикасы да дамыды.
Халықаралық туризмнің статистикасы негізінен екі бөлімнен тұрады: туристік ағымдар статистикасы және туристік табыс пен шығын статистикасы. Туристік ағымның негізгі көрсеткіштері — келушілердің (кетушілердің) саны мен болуымың ұзақтығы.
Келушілердің (кетушілердің) саны дегеніміз, кандай да бір елде белгілі бір уақыт ішінде (әдетте бір жылдағы) болған, қоныстанған, тіркеуден өткен туристердің саны.
1950 жыл мен 1999 жылдың арасындағы туристік келушілердің орташа жылдық өсу жылдамдығы 7% болды. ДТҰ әлемнің туристік ірі аймақтарын алтыға бөледі:
Еуропалық – Еуропаның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық және Шығыс елдері, бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары, сонымен қатар Жерорта теңізінің Шығысындагы мемлекеттер (Израиль, Кипр, Түркия);
Американдық – Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб басссейні территориясының аралындағы мемлекеттер;
Азия-Тынық мұхиттық — Азияның Шығыс және Оңтүстік-Шығыс елдері, Австралия және Мұхит аралдары;
Африкалық – Африка елдері, Египет пен Ливиядан басқасы;
Оңтүстік Азия – Оңтүстік-Азияның барлық елдері;
Таяу-Шығыс – Азияның Батыс және Оңтүстік-Батыс елдері, Египет және Ливия.
Әлемнің аймақтары бойынша халықаралық туризмнің динамикасында соңғы 50 жылда елеулі айырмашылықтар байқалады. Жер шарындағы туристік ағымдардыц 20 есе өсуіне қарамастан, Еуропа мен Америкадағы оның өсу қарқыны орташа әлемдікке жақын ғана болды. Жаңадан ашылған туристік аймақтар Азия-Тынық мұхит, Таяу-Шығыс жене Африка елдері жылдам даму үстінде.
Халықаралық туризмнің территориялық жағынан біркелкі карқында өспеуі оның аймақтық қүрылысының өзгсруіне әсерін тигізді.
XXI ғасырда халықаралық туризмнің территориялық құрылысы одан әрі өзгере түседі, бірақ даму бағытын жоғалтпайды. ДТҰ 2020 жылға болжамы бойынша, Еуропа туризм нарқында өзінің басымдылығын жоғалтпайды - 717 млн келуші. Азия-Тынық мұхит аймағы екінші орында – 397,2 млн келуші, ал Америка алғы үшеудің соңы болмақ – 282,3 млн келуші. Келушілер (кетушілер) саны туристік қозғалыстың негізгі көрсеткіші болады/2;61-62/.
Туристердің болуының ұзақтығы әр елде әр түрлі. Бұндай айырмашылықтар қабылдайтын елдердің туристік мамандықтарына байланысты (іскерлік туризм немесе демалу мен көңіл көтеру үшін саяхат) және оның ішкі нарықтағы баға деңгейіне де, туристік ағымдардың ерекшсліктеріне де байланысты.
Халықаралық туризмнен келетін табыстың мөлшері ұдайы өсуде. 1950 жылдан 2001 жылдың арасында ол 200 еседен артық өсті, яғни 2,1 млрд америкалық доллардан 463.6 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд американ долл. 2005 ж.), ал Америка екінші орында (122,5 млрд американ долл. 2005 ж.) тұр. /2;62-63/.
Халықаралық туризмнен түсетін табыс Солтүстік Американың дамыған елдер тобында (АҚШ, Канада) және Батыс Еуропаның (Франция, Германия, Үлыбритания), Жерорта теңізінің (Италия, Испания) және Альпі елдерінде (Австрия, Швсйцария) шоғырлануда /2;63-67/.
Қазіргі шақта әлемнің 60 елінде шетелдік туристерді шекарада, ал 40 елде орналастыру орындарында тіркейді. Шекарадағы есеп елге келгенде және шыққанда кеден бақылауында жүргізіледі. Саяхатшылар туралы нақты мәлімет алудың негізгі көздері - олардың келу карточкасы, паспорт пен визасы және басқа да сол сияқты формалар. Олар туристердің жасы, жынысы, азаматтығы және сапардың мақсаты туралы мәліметтер береді. Шекарадағы есеп әдісі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Греция, Франция, Үндістан, Алжир жене басқа да елдерде қолданылады. Бұл әдіс кең тарағанымен, оның елеулі кемшілігі бар. Туристердің есеп саны шекараны кесіп өткенде кейде қайталанады, соның арқасында туристік ағымдардың жалпы мөлшері бірнеше есе көтеріліп кетеді.
Сонымен, халықаралық туризм ірі экономикалық маңыздылығымен қатар әртүрлі мәдениет пен дін адамдары арасындағы сенімдік пен бейбітшілік шекарасын кеңейтуде үлкен рөл атқарады.
Туризм мемлекеттің барлық аймақтарының экономикасына белсенді түрде әсер етеді. Туризм аясында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құрылуы мен жүргізілуі көлік, сауда, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени және медициналық қызметтердің дамуымен тығыз байланысты. Осылайша, туризм индустриясы басқа экономика секторларына қарағанда, анағұрлым күшті мультипликатор әсеріне ие.
Қазіргі кезде туризм әлемдік экономиканың басты рольдерінің біріне ие болып, бүкіл әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін қамтамасыз етеді. Экономиканың бұл саласы аса тез қарқынмен дамып келуде және де таяу жылдары оның маңызды секторларының бірі болады. ДТҰ-ның болжамы бойынша туризм индустриясына жыл сайынғы инвестиция өсімі 30 % құрайды.
Халықаралық туристік алмасулар әрбір елдің сыртқы экономикасы мен халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады. ДТҰ туризмнің қарқынды дамуын болжайды. ДТҰ мамандарының айтуынша, жыл сайын туристер көлемі ұлғайып отырады да, 2020 жылға қарай 1,6 млрд халықаралық келулерге дейін жетеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, қазіргі туризмнің экономикасы маңызды экономикалық ғылымның біреуіне айналды, онсыз бүгінгі күні экономика ғылым жүйесінің өмір сүруі мүмкін емес.
Осыдан келе, халықаралық туризм нарығының даму жолдары туралы көптеген маңызды қорытындылар жасауға болады. Қызметтердің барлық аясында жаңа технологиялардың енгізілуі халықаралық туризм нарығының дамуында елеулі орын алады. ХХI ғасырдың қызметтер ғасыры деп аталуы бостан бос жағдай емес. Әлемдегі саяси, әлеуметтік және қаржылық интеграция сауданың, қонақ үй мен көлік инфрақұрылымының және де туристік нарықтың басқа да ресурстарының дамуына, туризм мақсатында қоршаған ортаны аялап қолдануға, дамыған және дамушы елдерде туристердің қауіпсіздігін қаматамасыз етуге әсерін тигізеді. Осының бәрі халықаралық туризмнің болашағы зор деген қорытындыға әкеледі.
ӘДЕБИЕТТЕР
Алиева Ж.Н. «Туризмология негіздері» Алматы: Қазақ Университеті, 2004 жыл
Вуколов В.Н. «Халықаралық туризм негіздері» Алматы: ҚазМУ, 1999 жыл.
Боголюбов В.С. «Экономика туризма» Москва: Академия, 2005 жыл.
Борисов К.Г. «Международный туризм» Москва: НИМП, 2004 жыл.
Вуколов В.Н. «Халықаралық туризм негіздері» Алматы: ҚазМУ, 1999 жыл.
Егемен Қазақстан №23, 15 шілде 2002 жыл.
ТҮЙІНДЕМЕ
Халықаралық туризм ірі экономикалық маңыздылығымен қатар мәдениет пен дін адамдары арасындағы сенімділік пен бейбітшілік шекарасын кеңейтуде маңызды орын алады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрены основные факторы и условия развития международного туризма.
ӘОК 396.9
ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ОРНЫ
Қырықбаева Б.Т.- оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Қазіргі кезде саяси кеңістік барлық азаматтар үшін тең болып жаряланғанымен, әйелдермен салыстырғанда ер адамдар монополиялық иелік етіп отыр. Дауыс берушілердің жартысы әйел адамдар бола тұра, олардың әлем парламенттеріндегі үлесі орташа 10 %, ал ұлттық үкіметтердегі үлесі 6 % тең. Қоғамдағы өзгерістер, әдетте, саяси процесс арқылы жүзеге асатынын ескеретін болсақ, әйел адамдарының саяси мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы таңқаларлық жағдай емес.
Ежелгі Афинада дүниеге келген халық билігінің идеясы мен тәжірибесі ең басынан, сол уақытта мемлекеттің азаматы болып саналмайтын, әйел адамдар саяси шешімдер қабылданатын жиындарда қатыстырылмаған. Діннің дамуы, ұлы мәдени ренессанс, революциялар, құқық туралы билль ер адамдарға ғана арналды.
Тек ХІХ ғасырдың аяғында әйел адамдарына дауыс беру құқығын беру процесі басталды. Жаңа Зеландия, Австралия әйел адамдарына азамат мәртебесін және 1893 жылдан бастап ұлттық деңгейде дауыс беру құқығын берген бірінші мемлекеттер болды. Дамыған елдердің өзінде әйелдердің сайлауға қатысу құқығының енгізілуі көп уақытқа дейін жүзеге асқан жоқ. Әйелдер дауыс беру құқығын Финляндия мен Норвегияда 1906-1907 жж., Данияда – 1915 жылы, Германияда, Швецияда – 1918 жылы, АҚШ – 1920 жылы, Францияда – 1944 жылы, Италияда – 1945 жылы, ал Швейцарияда – 1971 жылы алды. Осы мемлекеттердің көпшілігінде дауыс беру құқығын алғашында этникалық талаптарға жауап беретін кейбір әйелдер ғана ала бастады. Ал көптеген дамушы елдерде дауыс беру құқығын әйелдер тәуелсіздікпен бірге алды, өйткені, олар еркіндік үшін күреске қатысқандардың бірі болды.
Теңдей сайлау құқығын алуда әйелдер үшін ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең шешуші болды. 1998 жылға дейін дүниежүзіндегі әйелдер Таяу Шығыстағы бес мемлекеттен (Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Сауд Аравиясы) және Бруней Республикасынан басқа барлық мемлекеттерде дауыс беру құқығын алды /1/.
1-кесте
-
№
|
Мемлекет
|
Заң шығарушылардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі, %
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
|
Қырғызстан
Түркия
Герция
Өзбекстан, Албания
Венгрия, Ресей, Украина
Қазақстан
Франция, Балгария, Италия
Израиль, АҚШ, Тәжікстан
Ұлыбритания, Эстония
Швейцария
Түркмения
Испания
Германия
Исландия
Нидерланды, Норвегия
Дания, Финляндия
Швеция
|
1%
4%
6%
7%
8%
10%
11%
13%
18%
23%
26%
28%
31%
35%
36%
37%
43%
|
Хегай М.Н. Глава 3. Гендер и культера. (Уч.пособие.Отв.ред. к.э.н. Хегай)
Әйелдердің дауыс беру құқығын алу уақытына тәуелсіз көптеген мемлекеттерде әйел лидерлігі және саясаттағы әйел-ер адамдардың серіктестік мәселесі әлі де шешілмеген. Мына кестедегі мәліметтер жеке мемлекеттердің парламенттеріндегі әйелдердің үлес салмағын көрсетеді.
Саясатқа белсенді араласатын әйелдердің қатал саясат ойындарында топтар арасын бітістіруші және жұмсақтық пен нәзіктік беретін тұлға ретіндегі өзіндік орны ерекше. Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания, Нидерланды мемлекеттерінде әйелдердің үлкен саясаттағы үлес салмағы басым. 1997 жылдың өзінде әйел-министрлер Швецияда – 38, Финляндияда – 36, Дания мен Норвегияда 26 пайызға жеткен. Ал Скандинавия елдерінде депутат әйелдердің үлесі – 38,9 пайызды құраған.
Көптеген елдердің қоғамдық-саяси саласында әйелдердің аутсайдер болуының себебі тек қана олардың үй шаруашылығында және жанұядағы жұмыс бастылығында және саяси, сайлау компанияларын жүргізу үшін жеткілікті қаражаттардың болмауында ғана емес. Бұл билік тілектері мен олардың орындалуы қаржылардың жиналуы ер адамдардың қолында болғандығында еді. Нәтижесінде әйелдер әлеуметтік дискриминациясында қалды. Әйелдердің лидерлігінің жолында жыныстардың әлеуметтендірілуімен байланысты кедергілер маңызды роль ойнайды: көптеген адамдар әйелдердің төмен саяси мәртебесін әлеуметтік әділетсіздік деп санамайды /2/. Дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі әйелдердің әлеуметтендірілуі олардың карьералық және саяси ұмтылыстарының дамытуға мүмкіндік бермейді. Негізінен әйелдердің өздері саясатпен айналысуды аса қаламайды.
«Саясат» ұғымын әйелдер «интрига», «қару-жарақ», «арам ақша» және т.с.с. жағымсыз құбылыстармен теңестіреді. Әйел адамдардың саяси үдерістерге араласуын түсіну үшін «саясат» ұғымын қарастырайық. Саясат – ресурстар мен мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін әр түрлі мүдделердің арасындағы келісім жүргізу үрдісі. Саясат барлық деңгейлерде және барлық институттарда, соның ішінде жанұяда, жергілікті кеңестерде, жұмыс орындарында, Парламентте жүргізіледі. Билік саясатының тенденциясы – билік басындағылардың әйелдердің, кейбір этникалық топтардың және т.б. ресурстар мен мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында кедергілерді азайту /1/. Дегенмен, бұл топтар саясатқа қатысатын болса, олар ресурстардың әділетті бөлінуін қамтамасыз ете алар еді. Саясатпен айналысу – бұл берілген мәселені шешудің міндеттерін жаңа салаға өткізу болып табылады.
Әйелдердің парламентке өтуін қамтамасыз етудің әртүрлі әдістері бар. Біріншіден, бұл – заң квоталар, яғни сайлауға түсетіндердің белгілі-бір бөлігі әйелдер болуы тиіс. Мұндай әдіс көптеген мемлекеттерде орындалады: Италияда әйелдер жалпы кандидаттардың 50 %, Аргентинада – 30 % және Бразилияда – 20 % құрайды. Екіншіден, сайлау заңы партиялардан белгілі-бір мөлшерде әйел-кандидаттарды қатыстыруын талап етуіне болады. Мұндай шара Бельгия мен Намибияда жүзеге асады. Ал Аргентинада әйелдерді сайлау кезінде «ұтымды» позицияларға орналастыру ережесі қолданылады. Үшіншіден, саяси партиялар парламенттік орынға әйел-кандидаттар үшін бейресми квоталарды қабылдауы мүмкін. Бұл механизм әйелдердің саяси өмірге қатысуын ынталандыруда жиі қолданылады.
Саясатқа әйелдерді тарту үшін, саяси құрылымдардағы гендерлік балансқа жету үшін әйел адамдардың өздері азаматтық белсінділікті, саяси қызметтегі тәжірибені, лидерлік дағдыларын дамытуы қажет. Ер адамдарға берілген саяси құқықтарды алғанның өзінде әйелдердің үлкен бөлігі саясатты, саясатқа қатысуды, саяси лидерлілікті әйел заты үшін екінші орында болуы тиіс деген қоғамдық стереотиптер ықпалында жүреді. Әйелдерге тең саяси құқықтарды бере тұра, ер адамдар оларды саяси процестің мүшесі ретінде қабылдауға дайын болмады. Әйелдер де, ер адамға тең саясат субъектісі болған жоқ /3/.
Жыныстық теңсіздік мәселесіне қоғамның назарын үнемі аударып отыру қажет. Әйелдер өздерінің құқығы үшін күресуде нақты қадам жасаудың орнына қоғамдық салада өздерін көлеңкеде ұстайды /4/. Бұған 2003 жылдың 20 қыркүйегінде өткен және 2007 жылдың 18 тамызында өткен Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандық мәслихат сайлауының нәтижелері мысал бола алады: әйел-лидерлер әйел-дауыс берушілерге өздерінің саяси бағдарламаларын дәлелдей алмады (2 кесте, 3 кесте). Яғни әйелдер әйел қорғаушыны қажетсінбейді, олар ер адамдарға көбірек сенім артады.
2 кесте
2003 жылғы 20 қыркүйегінде өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы
|
Сайланған депутаттар
|
Барлық маслихат депутаттары
|
%
|
|
Облыстық маслихат бойынша
|
%
|
Аудандық маслихат бойынша
|
%
|
Қалалық маслихат бойынша
|
%
|
Барлық маслихат депутаттары
|
416
|
100
|
1894
|
100
|
367
|
100
|
2677
|
100
|
Соның ішінде
|
Ерлер
|
377
|
90,6
|
1563
|
82,5
|
288
|
78,5
|
2228
|
83,2
|
Әйелдер
|
39
|
9,4
|
331
|
17,5
|
79
|
21,5
|
449
|
16,8
|
*http: /www.election.kz/press/ Предвыборные сведения о качественном составе избранных 20.09.03 депутатов областных, городских, районных маслихатов РК.
3 кесте
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы
|
Сайланған депутаттар
|
Барлық маслихат депутаттары
|
%
|
|
Облыстық маслихат бойынша
|
%
|
Аудандық маслихат бойынша
|
%
|
Қалалық маслихат бойынша
|
%
|
Барлық маслихат депутаттары,
|
550
|
100
|
2159
|
100
|
644
|
100
|
3333
|
100
|
Соның ішінде
|
Ерлер
|
490
|
89,1
|
1785
|
82,7
|
489
|
78,4
|
2764
|
82,9
|
Әйелдер
|
60
|
10,9
|
374
|
17,3
|
135
|
21,6
|
569
|
17,1
|
Election.kz/pls/portal/url/paqe/election_kz/election_Maslihat/ - 32k -
Соңғы уақытта саясаттағы әйелдің орыны туралы мәселе өзекті мәселердің бірі болып табылады. Әйел-кандидатқа дауыс берген дұрыс па, жоқ ер-кандидатқа сенім артқан дұрыс па?! Ер адамның да, әйел адамның да өзіне тән нақты қасиеттері пайда болуы мүмкін екенін есепке алу керек, және сол қасиеттерді дұрыс қолдана білуді үйрену керек.
Бұл жағдайдағы қателіктер неде? Біз адамдар туралы ой-пікірді олардың нақты іс-әрекеттеріне, қабілеттеріне байланысты қалыптастырудың орнына, жиі оларды қаржылық жағдайы, сыртқы бейнесі, жынысы бойынша бағалаймыз. Лауазымды қызметтерге сайлау кезінде адамдарды саяси қызметке қажетті білімдері, қабілеттері және сіңірген еңбектеріне байланысты бағалауды үйренуіміз қажет. Дегенмен, қоғам санасында, әсіресе, орта және егде жастағы адамдардың санасында «саясаткер – ер адам» деген стереотиптің қалыптасуы тағы да бір маңызды мәселе болып табылады. Саясатпен айналысатын адамның жеке өмірі оның кәсіптік қызметіне ықпалын тигізбеуі керек. Саяси салада орын алатын адам әйел ме, жоқ еркек пе, айырмашылығы жоқ, қоғам үшін адамның кәсіптік қызметінде алдына қойған мақсаттары және оларды жүзеге асыру үшін жасайтын шаралары маңызды.
Дәстүрлі әйелдер мерекесі қарсаңында ХХ ғасырдың соңы мен үстіміздегі жүз жылдық тоғысында әлемдік саясат аспанында жарқырап көрінген жарқын бейнелі әйелдер туралы айтуға ниет білдіргенде, әрине, әйгілі «темір ханым» Маргарэт Тэтчер есімі ауызға алдымен ілігеді. Қарапайым отбасында дүниеге келген қаршадай қыздың кейін әлемді аузына қаратқан атақты премьер-министр дәрежесіне көтерілуі, шыны керек, жиі қайталана беретін қатардағы оқиғадан оқшау тұрары анық. Бір замандары қуатты империя болған Британияның басына бұлт төнген ауыр кезеңде барша жауапкершілікті мойнына алып көзсіз батылдық танытқан Тэтчердің тағылымды өмір мектебін білуге деген қызығушылық ешқашан төмендеген емес.
Мыңжылдықтар тоғысындағы қазіргі кезеңде халықаралық саясат сахнасында әйел қайраткерлер қатарының молайып, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың қауырт қимылы, Ангела Меркельдің Германия канцлері болып тағайындалуы, Латын Америкасының тарихындағы сирек оқиға — Чили президенті тағына Мишель Бачелет ханымның отыруы, Филиппин басшысы Глория Арояның өзіне қарсы мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырушыларға тегеурінді тойтарыс беріп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарда әйелдердің белсенді әрекеттерімен көзге түсуі шынында да жаңа бір үрдістің нышанынан хабар бергендей.
Бұл тұрғыдан қарағанда, қазақ қоғамындағы әйелдің орны өткен ғасырлардың өзінде өзге мұсылман елдеріндегі ахуалмен салыстырғанда анағұрлым прогрессивті, жаңа тілмен айтсақ, демократиялық талаптарға жақын болғаны белгілі. Алайда, тарихтың желі теріс соғып, қазақ елі отарлық қамытына тап болған кезеңдерде қалың жұрттың, әсіресе, әйелдің тауқыметі көбейе түсті. Әйел теңсіздігіне қарсы күрес ұлт зиялыларының ұлы мақсаттарының бірі болатын.
Тәуелсіздіктің келуі қазақ халқының көптеген ұл-қыздарының қарым-қабілеті мен талантының түрлі салаларда іске асуына даңғыл жол ашты. Ел аманатын арқалап, алысқа аттанған дипломатиялық мамандар қатарында Ақмарал Арыстанбекова, Бірғаным Әйтімова, Мәдина Жарбосынова сынды қазақ әйелдері шет жұрттарға ұлтымыздың жоғары мәдениетін көрсетуге үлкен үлес қосты. Қазақстанды әлемге танытуға елеулі әсері бар Еуразиялық медиа-форум тәрізді халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудың ұйытқысы болып жүрген Мәжіліс депутаты Дариға Нұрсұлтанқызының қайраткерлік іс-қимылы да үлкен үміттерге жетелейді.
Ақыл-ойдың кемеңгері Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі – әйел» деген әйгілі мақаласында «...адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе» деген болса, бұл сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Хегай М.Н. Гендерное неравенство в политике. Глава 3. //Гендер и культура.
2. Рыбцова Л.Л. Общественно-политическая активность женщин. //Высшее образование в России - №4, 2001.
3. Козлова Н. Гендер как инструмент политологического анализа. // Пути и перспективы интеграции гендерных методов в преподовании социально-гуманитарных дисциплин. Материалы научно-практической конференции. – Тверь, 2-4 июня, 2000 - 38-44 бб.
4. Константинова В. Женщины и проблемы политического лидерства. //Женщины и социальная политика (гендерный аспект). М., 1992
5. Темкина А. Теоретическое подходы к проблеме политического участия: гендерное измерение. //Гендерное измерение социальной и политической активности в переходный период. СПб, Центр независимых социальных исследований, 1996. С. 13-18
6. Темкина А. Женский путь в политику: гендерная перспектива. //Гендерное измерение социальной и политической активности в переходный период. СПб, Центр независимых социальных исследований, 1996. С. 19-32
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада саясатқа әйелдерді тарту үшін, саяси құрылымдардағы гендерлік балансқа жету үшін әйел адамдардың өздері азаматтық белсенділікті, саяси қызметтегі тәжірибені, лидерлік дағдыларын дамытуы қажет екендігі, ер адамдарға берілген саяси құқықтарды алғанның өзінде әйелдердің үлкен бөлігі саясатты, саясатқа қатысуды, саяси лидерлілікті әйел заты үшін екінші орында болуы тиіс деген қоғамдық стереотиптер ықпалында жүретіндігі қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена тому, что, получив формально те же политические права, что и мужчины, большинство женщин, тем не менее, продолжают находиться под влиянием общественных стереотипов, утверждающих, что политика, участие в ней, политическое лидерство являются в предназначении женщины вещами второстепенными. Предоставив женщинам равные политические права, мужчины оказались не готовы видеть в них равных участников политического процесса.
АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
Қожабекова А.Д.- т.ғ.к., доцент м.а.
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Соңғы жылдары Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың саны орнықты түрде өсіп отыр. Және де осы балалардың тек біразы ғана (кейбір деректерге сүйенсек 10 пайызы ғана) ата-аналарының қайтыс болуына байланысты қамқорлықсыз қалған. Қалғандары «әлеуметтік жетімдерге» демек тірі ата-аналарының бар болуына қарамастан жетімдер қатарына жатады. Ата-аналарының тірі кезінің өзінде жетім балалардың санының өсуінің басты себебі – жанұядағы әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, оның материалдық және тұрғын үйге байланысты қиындықтары, ұлтаралық шиеленістер, некесіз балалардың көбеюі, ассоциациалық бейнеде өмір сүретін ата-аналардың пайызының жоғарлауы. Осы жағдайдағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ҚР-да ең басты мәселе болып отыр.
Халықаралық балалар құқықтарының нормаларының талаптарына сай, уақытша немесе өмір бойына жанұя қамқорлығынан айырылған балалар мемлекеттің ерекше қамқорлығы мен көмегіне құқылы (Бала құқығы туралы Конвенция. 20 бап).
Неке және Отбасы құқығы туралы заңның 13 тарауында ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың құқығы мен оларды қорғау туралы жалпы айтылған. Осы тарауда ата-ана құқығынан қандай жағдайда айырылуы көрсетілген;
а) ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі немесе сот арқылы ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы.
б) ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқтары мен мүдделелерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналарының тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы
в) ата-аналарының ұзақ уақыт бойы болмауы, ата-аналарының науқастығы немесе басқада жағдайлар (ата-аналарының бас бостандығынан айыру органдарында жазасын өтеуіне байланысты, олардың тергеу жүргізу кезінде қарауылда болуына байланысты, ата-аналарының жоғалып кетуіне, олардың алимент төлеуден жалтару себебімен іздеуде болуына байланысты)
ҚР Неке және Отбасы туралы заңымен анықталғандай ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және өзгеде жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. (ҚР Неке және Отбасы туралы заңы. 106 бап. 14 тармақ)
Қорғаншы және қамқоршы органдардың келесідей нұсқауланған атқаратын міндеттері бар;
а) ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді.
б) ата-анасының қамқорынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды (осы заңның 102 бабы)
в) оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарына – жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады, олар-сайлаулы және басқа да органдар, жергілікті мәселелерді шешуге байланысты өкілеттіліктері бар, бірақ мемлекет иелігндегі жүйеге кірмейтін органдар. (ҚР Неке және Отбасы заңының 14 тарау)
Неке және Отбасы заңында қорғаншылық және қамқоршылық органдардың құрлымдық жүйесі мен алдына қойған міндеттеріне түсінік берілмеген. Бұл сұрақтардың шешімі муниципалдық білім жарғысында заңға сәйкес көрсетілген. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын;
кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсауық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы;
кәмелетке толмағандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады.(ҚР Неке және Отбасы туралы заңы. 106 бап 2 тармақ)
Осылайша жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қай бөлімшесі қорғаншылық және қамқоршылық билігін орнататынын және қорғаншылар мен қамқоршыларға бақылауды жүзеге асыратынын анықтау үшін осы берілген ауданның заңнамасымен, сонымен қатар муниципалды білім жарғысымен танысу қажет.
Осы жағдайларға байланысты Ресей Федерациясында қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметі туралы соның ішінде жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы арнайы заң қабылданған (Мысалыға, Мәскеу қаласының "Мәскеу қаласында қамқоршылыққа алу және қорғаншылық бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы" Заңының 5 бабы).
Методикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына көмек көрсету міндеті РФ-да білім министрлігіне жүктелген. РФ-да бұндай жұмыстарды сәйкесінше басқармалармен (департаменттер мен комитеттер) РФ-ң білім басқармасының субьектілерімен орындалады. Ендеше Мәскеуде қорғаншылық және қамқоршылық органдарының методикалық басқару жұмыстарындағы балаларды беруге байланысты сұрақтар және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиеге беру білім Комитетіне жүктелген. Осылайша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметі басқа да мемлекеттік басқару органдарымен өзара тығыз байланысты жүзеге асырылады.
Неке және Отбасы туралы заңның 100 бап 2 тармағында орнықтырылған. Қорғаншы жіне қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғаларды қызметіне жол берілмейді. Көрсетілген тыйымға балаларды асырап алуға, қамқоршылыққа беруге немесе отбасылық тәрбиеге беруге байланысты делдалдық қызметтер де қатыстырылады.
Жоғарыда және басқадай көрсетілген себептерге байланысты ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды өз уақытында анықтау және тіркеу, оларға сәйкесінше алдын-ала көрсетілген көмек болып табылады. Неке және Отбасы заңының 101 бабына сәйкес балалардың нақты тұрып жатқан орны бойынша осы сұрақтардың жауабы қамқоршылық және қорғаншылық органдарының құзыретінде. Түсінікті жағдай, бұл мақсатта оларда толық және нақты ақпарат болуы тиіс, аталған мәліметтер өз кезегінде әр түрлі мекемелер мен ұйымдарда (мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру) кәмелетке толмағандардың білім алу орны бойынша, емдеу және басқада мекмелерде тұрып жатқандықтары туралы болуы тиіс.
Неке және Отбасы туралы заңның 100 бабында айтылғандай аталған балалар туралы мәліметтері бар мекмелердің (мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беру, емдеу және басқа да мекемелердің) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті.
Бәлкім кейбір жағдайларда, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу мүмкіншіліктерінің болмауына байланысты (шетел мемлекетіне жұмыс бабымен кетуіне, ұзақ уақыт науқастануына, т.б. байланысты) қорғаншылық және қамқоршылық органдардарға балаларын орналастыру туралы өтініштерімен жүгіне алады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге тиіс (ҚР Неке және Отбасы туралы заңының 13 тарау, 101 бап) Ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті (олардың мүліктері мен тұрғын үйге иеліктерін қорғауға), сонымен қатар олардың уақытша тәрбиеленуімен орналасу жағдайлары бойынша сұрақтары шешілгенге дейінгі уақытта оларды тек туысқандарына асырап алуға беру ғана емес және де оларды тәрбиелеу мекемелерінеде орналастыру мәселесі де қамтылады.
Барлық ата-ана қамқорынсыз қалған балалар оларды анықтағаннан кейін, міндетті түрде есепке алынып, тіркелулері тиіс, ал олар туралы мәліметтер мемлекеттік балаларды орталықтандырылған есепке алу ұйымында есепке алынуы керек (ҚР Неке және Отбасы туралы заңының 101 бабының 3 тармағы). Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алу ең алдымен аудандық бөлімшелерге бөлініп, қорғаншылық және қамқоршылық органдары арқылы сәйкесінше Қазақста Республикасының атқарушы билік органдарының субъектілерімен білім министрлігімен жүзеге асырылады.
Бірінші кезекте қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ата-ана қамқорынсыз қалған балалар туралы нақты жиналған мәліметтері мен зерттеулерінің нәтижелері қорғаншылық және қамқоршылық органдары арқылы заңды түрде алғашқы түгендеу формасы орнатылған журналға тіркеледі. Егер аталған мәліметтер түскен күннен және алғашқы тіркелген күннен бастап бір ай ішінде баланы отбасы тәрбиесіне орналастыру қамтамасыз етілмесе, қорғаншы және қамқоршы органдар оған орнатылған формадағы сауалнама толырып, оның көшірмесін орталықтандырылған есепке алу үшін осындай бала туралы мәліметті Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік аумақтық бөлінісінің білім беру басқармасының органына жібереді. (ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 101 бап 3 тармақ)
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мәліметтеріне негізделе отырып Қазақстан Республикасының тиісті атқарушы органдары ата-ана қамқорынсыз қалған және республика аумағында тұратын балалар жайлы әкімшілік-аумақтық орталықтандырылған есепке алу мәліметтерін қалыптастырады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары аталған мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді және баланы отбасы тәрбиесіне беруге мүмкіндігі болмаған кезде, орталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін, осындай балалар туралы мәліметті тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді.
Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді (ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 101 бап 3 тармақ).
Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар туралы мәліметтер және оларды орталықтандырылған есепке алу Білім Басқармасында қалыптасады, ол тиісті Республикалық атқарушы органдардың қызметіне негізделе құрылады. Білім Министрлігі балаларға тіркеу жүргізіп, сонымен қатар Білім Министрлігіне тікелей жүгініп, отбасы тәрбиесінде бала асырап алуға тілек білдірген азаматтарға оларды беруге мүмкіншілік жасайды және баланың нақты тұрғылықты орнына барып тұруға, оларды отбасы тәрбиесіне беруге байланысты басқада сұрақтар бойынша тиісті республиканың атқарушы билік органдарына бағыт береді. Сонымен қатар Білім Министрлігі республиканың тиісті атқарушы билік органдарының субъектілеріне (олардың сұрақтары бойынша) балалардың орталықтанған есепке алу ұйымындағы ата-ана қамқорынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді пайдалануға береді.
Баланы орталықтандырылған тіркеуге алу уақыты болып, сол баланың нақты тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының сауалнама толтырған уақыты есептелінеді.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары, республиканың атқарушы билік органдары мен Білім Министрлігі ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға тиісті алғашқы аудандық тіркеу жүргізетін органдар мынандай қызметтерді: Қазақстан Республикасының азаматтарына, бала асырап алуға кандидаттыққа тұрған азаматтарға, қорғаншылар мен қамқоршыларға, сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ бала асырап алуға тілек білдіруші азаматтарға отбасы тәрбиесіне берілетін балалар туралы мәліметтерді пайдалануға береді.
Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршылық органдарға хабарлауға міндетті. (ҚР Неке және Отбасы туралы заңның 101 бабы 2 тармағы).
Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды тіркеу және анықтау міндеттерін орындамаған және олардың орналасу жағдайларын, отбасы тәрбиесіне беруге байланысты бағдармаларын жасырған тәрбиелеу мекемелерінің басқарушылары және атқарушы билік органдарының қызметкерлері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бала туралы көпе-көрнеу жалған мәліметтер бергені үшін лауазымды азаматтар сәйкесінше «Неке және Отбасы туралы»заңының 101 бап. 4 тармағы белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. Бұдан басқа кәмелетке толмағандарды орналастыруға байланысты заңсыздық қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Сонымен ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша «заңсыз бала асырап алу мен оларды отбасы тәрбиесіне қорғаншылыққа және қамқоршылыққа беруге» тыйым салынады, ал ҚР Қылдмыстық Кодексінің 133 бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды сату – аса ауыр дәрежедегі құқық бұзушылық пен жауапкершілікке әкеледі.
Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жоғарыда аталып өтілген отбасыларына немесе мекемелерге тәрбиелеуге орналастырғанға дейінгі (ҚР Неке және Отбасы туралы заңының 101 бап. 3 тармағы) белгіленген уақытта болмаған жағдайда балаларға қорғаншылық және қамқоршылық міндеттерін атқару қорғаншылық және қамқоршылық органдарға уақытша жүктеледі (ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 102 бап. 2 тармағы).
ӘДЕБИЕТТЕР
ҚР Конституциясы. 1995 ж.
ҚР Азаматтық кодексі. 2003 ж.
ҚР Неке және отбасы туралы заңы. 2007 ж.
ҚР қылымыстық кодексі. 16.07.1997 ж.
Беляков А.М. Охрана прав несовершеннолетних: Пособие. – М., 1983.
Джайнатт Х.Дж. Родители и дети. – М., 1986.
Ершова Н.М. Опека и попечительство. М., 1971.
Лишенные родительского попечительства. Хрестоматия. – М., 1991.
ТҮЙІН
Мақалада ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау функциясының жүзеге асу жолдары қарастырыла отырып, есептеу және тіркеу тәртібі сөз етіледі.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются пути реализации функции защиты прав и интересов детей, оставшихся без попечительства родителей, а также порядок их учета и регистрации.
ӘОК 340.1(574)
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ТӘЖІРБИЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Муқалдиева Ж.Б. оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Қоғамда және мемлекетте құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сананы қалыптастыру арқылы құқықты жүзеге асыру қызметі қоғамдық қатынастар барысында орын алады. Құқықты жүзеге асыру үшін алдымен «құқық» деген ұғымды анықтап көрсету қажет. Қазіргі заманда құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқық туралы негізгі бағытта, тарихи тұрғыдан қарасақ, бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығы бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Құқық -өте күрделі құбылыс болғандықтан, құқықтық нормалар да әр түрлі болады. Бірақ құқықтық нормалар бір жүйеге бірігіп құқықтық жүйе арқылы көрініс табуда.
Құқықты жүзеге асыруда, адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі объективті заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынасты реттеп басқаруы. Әлеуметтік нормалардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары қоғамның даму процессінде бірте-бірте құқықтық нормаға айналуы. Мемлекеттік қоғамдық меншіктегі реттеу моральдық-діни нормаларға сүйенеді. Құқық үстем таптың мүддесін қорғаумен бірге, қоғамдағы мақсатты да реттеп басқарып отырады.
Құқық мемлекет шығарған немесе бекіткен мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын, бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылатын жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы: азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалынса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептелінеді. Ал, объективті құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жолмен шығып, біртекті деп айтуға болмайды. Негізінен құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымында кең орын алып келеді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениетті тұрғыдағы ілім бойынша, құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады.
Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтылады. Бірақ маркстік ілім құқытың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырсады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдағы түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды.
Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, мүндай қоғамдағы үздіксіз тап тартыс орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мелекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білідіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалық ) мағынада қолданылады /1/.
Субъективтік (тұлғалық) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормаларының, құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болды. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықпен қатар құқықтық міндеттері де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқықтық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнынның ішкі тәртібіне бағынуға оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңды негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз иелігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай жазылған: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам иелігіне де қызмет етуге тиіс» (6-бап) /2/.
Айтылғаннан кейін шығатын қортынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғаның заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік - құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» 4- бап) /2/.
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастардың жиынтығы болғандықтан, азаматтық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Атап айтар болсақ, қазіргі жағдайда Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтық мәнін терең түсінген адам, оның түрлі жағдайда мағанасы әртүрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құрылыс екендігін білдіреді.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер, құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалынса, онда қоғамдағы шынайы теңдік орнатылған болып есептелінеді. Ал, оъективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады. Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, біртекті деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымында кең орын алып келеді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениетті тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да, құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәні өте тар тұрғыда қалыптастырылуын қарастырады. Дегенмен де, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдағы, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, мұндай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерге құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба аламаймыз. Яғни, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынандай анықтама беруге болады. Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құбылыс болғандықтан, оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатта байланысы осы әлеуметтік - құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар да, оларды сақтауға, қорғауға қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормаларды табиғи құқыққа жатқызамыз. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» (15- бап) /1/.
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Ал, үшінші бөлігі - суъективтік (тұлғалық) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Демек, тек адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмас, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалаған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктілік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек.
Нормативтік сипат - құқықтық негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез- құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан да, құқықтық нормалар-тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабында атап өткендей: «Тұлғалардың мінез құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды» -деп атап өтіледі/1/.
Құқықтың тағы да бір маңызды белгісі - формалды анықтылық. Ол құқықтық мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет органдарынан тұрады. Демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы, олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрине, ереже қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлық туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
Құқықтың қалыптасудағы енді бір белгісі, мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер, мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылмауына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Констиуциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілеген санаттағы мұқтаж азамттарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларына олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. Егер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады. Мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі. Сонымен қатар, құқықтың қалыптасуының бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей Республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырды. Сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға береді (3 -бап) /1/. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір әбестік болмас еді. Халықтың ойы, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативтік актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық президенті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативтік актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативтік жарлықтар қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативтік актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептелінеді. Құқықты құратын нормалар тек бір адамды немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол - халық үшін қызмет істейді.
«Құқық» түсінігі имандылыққа, әдептілікке келіп тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылық өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтың талаптары заң емес, тек адамгершілікке негізделеді. Имандылық тек арға, ұятқа сүйенеді, жұртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абройы да жоғары болады. Имандылық әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға қажетті құрал жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқықта теріс қылықтарға тыйым салынады. Тек тыйым салып қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларын белгілейді, сол шараларда қолданылатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Ал құқық адамдардың іс-әрекетіне мейліше дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқытық норманың мазмұнына жатқызылады. Бірақ құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындау үшін, мемлекет түрлі әдістермен сан алуан қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі оның күш-қуаты, абройы - мемелекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.
Адам қоғамда сан алуан қатынастар мен байланысып, әлеуметтік нормаларды туындатады. Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататында құқық нормалары, мораль (имандылық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар нормалары, әдет-ғұрып, дін нормалары және т.б.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормалары мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірімен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі. Діни нормалар діннен туындайды және алла тағаланың күшімен, адам сана - сезімімен қамтамасыз етіледі. Әдет - ғұрыптар ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, адамдардың сана сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады. Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді. Құқықпен мораль тығыз байланыста болғандықтан, осы екі құбылыстың жалпылама ерекшіліктері мен айырмашылықтарына тоқтала кету жөн сияқты. Мәселе, құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болып жазылған нормалардан тұрса, мораль мемлекеттен бұрын пайда болып, күрделірек құрылымдардың жазылмаған ережелерінен, талаптарыдан тұрады. Құқық нормативтік реттеу жүйесінде ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіре отырып, әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылғанын көрсетеді. Әділдік-адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның игілігіне бағытталған жағдай, адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеті әділ болып саналады. Ал бостандыққа келетін болсақ, адам лайықты өмір сүруі үшін барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.
Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары мен бостандықтары жарияланғанмен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін. Алайда, құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етуі мүмкін. Мәселе, адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды тетілетіне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдай да адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбірлеу шаралары қолданылады. Сондықтан да құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді.
Құқықтың жүйелілігі - оның тағы да бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады. Құқықтың бір қасиеті–оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықты теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей. Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,1998 .- 5-7 беттер.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы,2007
3. Теория государствам права: курс лекций / Под.ред.: Н.И.Матузова , А.В.Малько. -2-е изд.,перераб. и доп..-М.,2003.- с.243
4. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: оқулық /Құрас.. Е Баянов.-Алматы,2003 .-71-124 б
5.Баққұлов С. Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2003.
ТҮЙІНДЕМЕ
Құқық жүйесі мазмұны жағынан терең болғандықтан, мақалада құқық жүйесі - құқықтық идеялар (құқықтану), құқық қызметі-(құқықтық қатынастар) мен құқық институттары (құқық нормаларын) бір жерге шоғырландыра отырып, құқық қызметің мазмұнын кеңінен ашу көзделінеді.
РЕЗЮМЕ
Правовая система по своему содержанию шире, богаче, сложнее. Настоящая статья отражает самый общий уровень правовой системы - правовые идеи,(правосознание), правовую деятельность (правоотношения), правовые институты (правовые нормы).
ӘОК 391.9
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ СӘНДІК ӨНЕР ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
Мусапирова Ұ.К. оқытушы
(Алматы қ,. Қазмемқызпи)
Дүние жүзінің мәдени әлемі біздің дәстүрлі өнеріміздің көркемдік принциптік жүйесіне қызығушылық танытып, оны түсінуге, ұғуға және меңгеруге ұмтылған кезде біз оған менсінбеушілік танытқанымыздың өзінде-бейнелеу өнері мен халықтық дәстүрлі өнер бір-бірінің қақтығысы мен өзара ықпал-әсерінің негізінде дамыды деп тұжырымдай аламыз. Олай дейтініміз бейнелеу өнерінде халықтық, ұлттық негіздер тақырып, сюжет, колорит, пластика, кеңістік және архитектоникалық шешім көріністерінде байқалып отырды.
Қазақстан бейнелеу өнері – басқа елдермен салыстырғанда жас өнер. Сондықтан оның теориялық және практикалық негіздерінде игерілмеген көптеген тың проблемалар баршылық. Осы жағдайда көптеген суретшілер өздері үшін соны тақырып, колорит, пластика, қолтаңба тапқандай болды. Көркемөнер мен мифологияға, фольклорға бай халқымыздың мәдени мұрасы, философиялық ой түйіндеулері, дүниетанымдық түсініктері суретшілер үшін әрі тың, әрі сарқылмас мол қазына еді.
“Бейнелеу өнері” деген түсінік атауының өзі білдіріп тұрғандай ол затты, тұлғаны, табиғатты “бейнелеу” деген сөзден пайда болған.
Жалпы айтқанда бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып, қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ, бейнелеу өнері жөнінде қалыптасқан өзіміз білетін классикалық пікір мен қазақтың дәстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері туындыларының өзіндік табиғатын, бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арасындығы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өз ара әсері мен жүйелі даму заңдылықтарын ескеруіміз керек.
Қазақ даласында он саусағынан өнер тамған аталарымыз бен аналарымыздың көркемдік мұрасы атадан балаға мирас ретінде жалғасып отырды. “Затты жасап шығару өнерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы, заттың өзін қалдырғаннан гөрі маңыздырақ”, - деген тұжырым өте дұрыс айтылған. Себебі бұрынғы ұсталардың зергерлердің, тоқымашылардың көркемдік іс-әрекетін, материалмен жұмыс істеу әдісін меңгеру және әсемдікпен, сұлулықпен байланысты бұйымдардағы көркем образды шешімдерді түйсіне білу, оны кәсіби өнер ретінде тану және “реалистік” өнермен тең деңгейде қарастыру, бейнелеу өнерімен салыстыра отырып, дәстүрлі шығармашылықтың өзіндік сипаттық ерекшеліктерін ашу қолөнерінің көркем-кәсіби мүмкіндіктері ою-өрнектің тарихи маңыздылығында болып табылады.
Ою-өрнектің тарихына тоқталатын болсақ, Египетте ою салуда, оның жиегін әр түрлі заттарда жуан немесе тереңдетілген сызықтармен жүргізген. Грецияда заттың негізгі формасын ою-өрнекпен ерекшелік қасиетін көрсете отырып, жалпы тұтастық заңдылықты қолданып, үлгі ретінде қалдырған. Римляндар гректердің ою-өрнегін көшіре отырып, пайдалы жағына ден қойып көңіл бөлген. Өмірдегі сымбаттылықтан гөрі практикалық жағына көп көңіл бөліп, комфорт пен байлықты көрсетуде кеңінен қолданған. Қытайда ою-өрнек арқылы сәулет өнерін дамытуды мақсат етіп қойған. Сонымен қатар, ою-өрнектер өнеркәсіпте қолданылып, натуралистік мотивте, нақтыланған живописьте жазылған, ал жапондықтар ою-өрнегі геометриялық негізде, сызықтық комбинацияда берілген. Сонымен, қытай мен жапондықтар өмірге фарфор ыдыстарын эмальдік живописьте әшекейлеуді ендірді. Индия өнершілері бір түрлі инкрустацияны енгізіп, ою-өрнектерді күміс немесе алтын фольгалардан жасаған. Персиялықтар монументалды құрылыста ою-өрнектерді қолдануды ендірген. Барлық ою-өрнек сюжеттері өсімдіктер, фауна, жануар т.б. құрастырылып, табиғатпен тілдесе, оған жақын бейнелеген. Қазақтардың өрнегіне тән ерекшелік көрінісін береді, ол сызықтар мен иректер және оның тегіс етіп салынып боялуында.
Ол үшін біз бір жағынан бейнелеу өнерінің өрбу аумағын қамтитын заңдылықтарына назар аударамыз. Оның реализм шеңберіндегі көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпыхалықтық сипаттағы бет-бейнесін анықтап алуға тиіспіз.
Әр халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіне тән ерекше мәдени мұралары бар. Ал қазақ халқының мәдени мұраларының бірі сәндік-қолданбалы өнері әлеуметтік-экономикалық сатыдан өтіп, сәндік-қолданбалы өнерінің небір ғажайып үлгілерін қалдырған.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік, сән-сапалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Қазіргі кезге дейін жеткен тас бетіндегі суреттер, тас мүсіндер, сәулет мұралары, қолөнер туындылары өздік стильде айрықша орын алды.
Дегенмен адамдардың өзін қоршаған ортаны танып, табиғат заңдылықтарының сұлулығын симметрия, ырғақта байқап, оны ою-өрнекке айналдырып, өзінің сана-сезімінің қандай дәрежеге көтерілгенін байқатады.
Демек, тарихтың тереңінен шым-шымдап сыр тартатын осындай туындыларынан оқушыларға эстетикалық тәрбие беретін болашақ мұғалімдердің рухани сезімін оятып, қазақ халқының дүние танымдық мұрасының молдығын байқатамыз. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнерін пайдалануға студенттерді даярлауда ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы сәндік-қолданбалы өнерінің ұлттық дәстүрде дамығандығымен кеңінен таныстырамыз.
М.М.Мұқанов қазақтың сәндік-қолданбалы өнері және ою-өрнектердің тарихи түп тамыры, эстетикалық мәні және маңызы, символикасы, қолданылуы мен бейнеленуі, жасалу әдіс-тәсілдері, классификациясы жөнінде көп қарастырған. Ө.Жәнібеков символдар туралы мәліметтер беріп, қол өнер туындыларына сипаттама берген. С.Қасиманов ұлттық қол өнерінің мүйіз өңдеу, өрнек тоқу, арқан, жіп есу, қайыс өру түрлерінің өздік ерекшеліктеріне тоқталып, ою-өрнек түрлеріне де ерекше көңіл бөліп, оның 200-ге жуық түрін атап, белгілі атауларға кеңінен тоқталады. Қазақтың ою-өрнек үлгілерінің мазмұнына, мағынасына қарай топтап жіктейді. Кейбір ою-өрнектерге байланысты аңыз, әңгімелер туралы айта келіп тәрбиелік мәнінен құнды мағлұматтар береді. А.Касимов «ұлттық сәндік-қолданбалы өнер» деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.
Бейнелеу өнерінде эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әсемдік атаулыны бағалап, қастерлей білуге үйретеді. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларының және ою-өрнек, символдардың тәрбиедегі мәнділік маңызын талдап, танып білуге баулиды. Өздік көзқарастарын қалыптастыруға бағыт, бағдар береді. Эстетикалық тәрбиенің бірі-эстетикалық сезімді және эмоционалды қабылдауды тәрбиелейді, өмірдегі, өнердегі сұлулықты сезу, көріп қабылдау адамдарда да әр түрлі болады. Сондықтан болашақ мұғалімдерге сәндік-қолданбалы өнерін оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде пайдалануды дұрыс жолдармен жүргізуі үшін, оны тұтас педагогикалық процестің бір саласы негізінде жүйелі тұрғыда игерту керек. Студент оқушы емес, оқушы әр ою-өрнекті сезініп қабылдап, оның суретін салу үшін, әуелі не бір сызық түрлерін меңгеруі қажет. Солай белгілі сатыда жайдан күрделі қағидаларға сүйене отырып, материалдар игертіледі. Ал студент болса сәндік-қолданбалы өнерінен теориялық негізде білім алып, практикалық тұрғыдан игеріп, келешекте өзінің қоғамға үлес қосу барысында кеңінен қолдануды мақсат етіп қою керек. Негізінде баланың 5-9-10 жасқа дейін қызығушылығы артып, бәрін білсем деп талпынса, ал одан кейінгі жаста салған суреті дұрыс болмай, шимай-шатпақ болып жатса, ол бала әрі қарай сурет салуды тоқтатады. Өйткені есі кірген балаға шимай-шатпақ сурет салу ерсі болып көрінуі мүмкін. Содан барып балада еліктегіш қасиет пайда болды. Осылайша эстетикалық тұрғыдан баланың дамуы тежеледі.
Сәндік-қолданбалы өнер халық творчествасымен тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына: жиһаз, кілемдер, ыдыс-аяқтар, киім-кешектер, тұрмыстық заттар және ойыншықтар т.б. жатады. Әрбір бейнелеу өнерінің түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері мен стильдері болғандықтан, олар бірнеше бөліктерге бөлініп отырады. Ол бөліктер жанр деп аталады. Енді жоғарыда айтылған тіршілік өнері мен көркем өнерін жанрларға бөліп қарастырамыз.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды-жасауларды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз.
Қазақ ою-өрнектерінде жан-жануарлар өрнегі, ғарыштық өрнек, өсімдіктер өрнегі және геометриялық өрнектер айқын көрініп тұрады. Бұл өрнектер бір-бірімен қиысып, жарасымды үйлесіп жатады. Мысалы, өрмекші өрнегінің элементтері геометриялық өрнекке ұқсайды.
Жануарлар өрнегі де қазақ ою-өрнектері арасында кең тараған. Бұл дөңгелек шеңбер сызықтар емес, жалғыз мүйізге ұқсас қошқармүйіз атымен аталған ою-өрнектерді құрайтын мүйіз, қос мүйіз, сынық мүйіз, сонымен қатар жануарлардың әрбір мүшелерін: табан, түйе, мойын, құсқанат мойын, қаз мойын және т.б. ою-өрнек атауларын атауға болады.
Қазақстан ерте дәуірдегі бейнелеу, сән және қосалқы өнері оқшау сипаттағы өнер туындылары болып табылады.
Көп ұлтты Қазақстан үшін қазақ халқының аса құнды сәндік, көркемдік мұралары талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы ғана емес, сонымен қатар халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді оқып үйренуге қажетті материал ретінде қазіргі заманғы, қоғам талабына сай дамыту үшін кеңінен пайдалануға жол ашады.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер. Бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Халық өнерінде графикалық, сәндік өнердің сызықтық, түстік шешімдері және бейнелеудің жазықтықта орналасуының орынды мысалдары көрініс тапқан.
Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір қазақ қызы, әйелі өзінің тұрған үйін, яғни киіз үйді безендіре білген. Олардың шебер де қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері мен атауларына назар аударсақ, әр ою-өрнектің қолдану аясы, орны бар екенін аңғарамыз, әр оюдың өз мағынасы, өз бастауы бар екенін көреміз.
Осы ою-өрнектерге нәр беріп, мағынасын анықтауға түстердің де орны ерекше. Бұл бояулардың қызметі ерекше, олар-шебердің биік талғамынан пайда болып, жоғарғы талапқа ие болып, ұлттық талғамға ие болған өнер туындалары.
Сонда кімде-кім қазақ ою-өрнектерінің мағынасын білгісі келсе, осы бояулардың шартты белгілерін білуі керек.
Мысалы, көк түсті - аспандағы ғарыш әлемін білдірсе, кейде су мен мұздың ұғымын береді. Ақ түсті – адалдықты, пәктікті, қуанышты білдірген, ал қызыл түсі – от пен күн белгісін берсе, жасыл түсі – көктемді, жастықты білдірген, кейде береке мен молшылықтың ұғымын аңғартады. Сары түсі – от пен күннің жылуын берсе, кейде данышпандық ұғымын білдірген.
Бабалар ойын, аналар сырын түсіну үшін жас ұрпақ өз ұлтының бай мұраларын қорғап, өздері әрі қарай жалғастыра бермек.
Жалпы адамзатқа ортақ ойлар, белгілер, таңбалар, ортақ шартты ұғымдар бар. Адам баласы өзін қоршаған ортаны түсіну үшін, әр заманда осы шартты белгілер көбейе берген, олардың бәрі де айналадағы құбылыстарды танып, білуге көмектескен.
Мысалы, шеңбер бір нәрсенің сыртқы пішіні, дөңгелек Күн мен Ай – түн мен күн, өмір мен өлімді, жарық пен көлеңкені, ыстық пен суықты, жақсы мен жаманды білдіреді.
Тамшы белгісі – суды, дәнді, жапырақты білдірсе, тор белгісі – егін алқабы мен абақтыны меңзейді.
Құйын, иірім – дауыл-дүлей күшті білдірсе, ромб – табыс пен лауазымды аңғартады.
Қосу белгісі – адам пішінінен хабар берсе, кейде бағытты меңзейді. Осы қосу белгісі Хуан тайпасының көсемі Аттиланың (Еділдің) туынды да болған екен. Ол Рим империясын күйреткен соң, І ғасырда пайда болған Христиан дінінің таңбасына айналған. Тек қана төменгі жағын созып өзгерткен екен.
Нүкте - әр нәрсенің бастауы, тегі, төркіні. Мысалы, алғашқы қадам адымнан басталады, су бастауы – бұлақ болса, өмір мен өлімде осыны аңғартады. Өмір – қозғалыстың белгісі болса, өлім тоқырау.
Тік сызық - өсіп тұрған ағаш, тік тұрған адам, олар өседі, құлайды, шаршайды. Бұл самғауды білдіреді.
Көлбеу сызық – шаршау, жату, құлауды меңзейді.
Ирек сызық – қарама-қарсы күштердің кездесуі, өзен жағалауы, араның жүзі т.с.с.
Толқын – қозғалысты, тазалықты, ішкі күштің буырқанған күші ретінде берілсе, кейде судың тынысы, демі ретінде де танылады.
Үш бұрыш – тау белгісі, көтерілу, биікке шығу, төмен түсу.
Ерте кезде қазақ жерін мекедеген әр басқару аймақтарында ою-өрнектер түрлері әр кезде әр түрлі дамыды. Мысалы, оңтүстіктік елдерде - өсімдік оюлары орын алса, орта жүзде – “қошқар мүйіз”, “түйенің ізі” деген оюлар көп кездессе, батыс өлкелерде “сыңар мүйіз”, “сынық мүйіз”, “өрмекші”, “құмырсқа” оюлары ерекше орын алған.
Әр аймақтың шеберлерінің өз қол таңбалары болған, ол ру белгісімен анықталған.
Қазақ ою-өрнектері би өнеріндегі қимыл-қозғалыстарда да жиі кездескен. Мысалы, қол мен аяқ қозғалысы арқылы қошқар мүйіз бен гүлді аңғартса, би қозғалысында толқын мен су белгілері де көрініс тапқан.
Қазақтың ою-өрнектері батырлар жыры мен дастандары сияқты немесе “Ақжелең күйі” тәрізді әр шебердің өнер лабораториясында көбейіп, терең мазмұнға, ұлттық мақтанышқа айналғанын аңғарамыз.
Ою-өрнектеп жазылған шеберлердің хатын ұрпаққа үйретіп отыру үшін, үкімет тарапынан қолдау тауып, ұлт тілегі, бүгінгі күн талабы орындалар деп сенеміз.
Ғалымдардың айтуы бойынша жеке адамдардың ғана емес, әр халықтың жасы да болады екен. Мысалы, орыс халқы қазір 60 жаста болса, қазақ елінің жасы 25-те ғана көрінеді.
Сонда біздің халықтың болашағы әлі алда екенін байқаймыз. Сонда үшінші мыңжылдық қазақ елінің толысар шағы, бүкіл адамзат мәдениеті мен ғылымына зор үлес қосады деп ойлаймыз.
Тағы да біз символдық белгілер, таңбалар туралы ой қозғалық.
Белгі, айғақ, таңба, ен таңба, елтаңба атауы адам баласының тарихына серік болып, айналасын қоршаған табиғат әлемін шартты түсіну үшін қажет болған. Символды белгілерге ден қою арқылы ғылыми зерттеулер жеке адамнан бастап жеке қауымға дейін, жеке ұлттан бастап, мемлекетке дейін әрбір тарихи кезеңдердегі таным-түсінікті, наным-сенімді, талғам-талапты анықтайды.
Символдық белгілер ғарыш ғасырында да, тіпті ХХІ ғасырдағы компьютер заманында да адам қоғамына қызметін көрсете бермекші.
Жол тәртібінің ережелерінің шартты белгілерінен бастап, мемлекеттік елтаңбасына дейін адамдардың таным-түсінігіне, талғам-талабына әлі де жауап беріп, әлемдік қозғалыс пен қоғамдық өзгерістерге өз қызметін көрсетіп келеді.
Міне, осындай таңбаларды көне түркі елінен бастап, олардың бүгінгі ел жалаулары мен таңбаларынан көруге болады.
Қорыта айтқанда, ою-өрнек – ежелден келе жатқан халықтық өнердің бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде. Ал сюжеттік мазмұны мен түрлері атаулары, мағыналары әр дәуірдің тыныс-тіршілігіне, тұрмыс салтына орай өзгеріп, дамып, жетіліп отырған. Бүгінгі күні халқымыздың ою-өрнегі қайта түлеп бай мазмұн мен жаңа түр тауып, материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
Қ.Болатбаев Даналар сөзі - өнердің көзі. //Қазақпарат -Алматы, 1999ж.
Б.Байжігітов Бейнелеу өнерінің философиялық мәселелері. //Өлке –Алматы, 1998ж.
К.І.Құдабаева Сәндік – қолданбалы өнерді оқыту теориясы мен технологиясы. –Қарағанды, 2005ж.
Т.Тілеубекұлы Ғасырлардан жеткен ою-өрнектер //Халық шежіресі журналы
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жас ұрпаққа білім беруде сәндік қол өнер және бейнелеу өнерінің оқытылуын дұрыс жолға қойып, болашақ ұрпақтың көркемдік мәдениетін эстетикалық тұрғыда қалыптастыру және творчестволық қабілетін одан әрі дамытып, ұлттық қолөнер тарихының тәрбиелік маңыздылығын оқыту қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются вопросы формирования эстетического вкуса и творческих способностей, а также особенности эстетического воспитания будущих поколений.
ӘОК 894.342
ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӨЗІМДІЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ
Насимова Ә.Б., аға оқытушы ( Алматы қ., Қазмемқызпи)
Философия және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
Шәкәрімнің жан тазалығы, ар тазалығы, туған халқы, бүкіл адамға деген таза махаббаты - қазақ руханиятының қорындағы ең құнарлы құндылық. Өзінің шығармаларында адам үшін ең қажеттісі тек тұрмыстық игілік қана емес, ұлттық мәдениет, рухани бостандық, тіпті генетикалық бірлік, бауырластық деген ойларды қозғады. Қоғамның рухани жағына көз жіберіп, адамдықтың, кісілік, кішілік, ізеттілік, мейірбандық, рақымшылдық, түсінушілік, сабырлылық сияқты қасиеттерге сызат түсе бастағанын сезіп, ағайын арасындағы қатынастың суынуы, тасбауыр, қатыгездіктен сақтандырып, қазақтың дәстүріндегі үлкен - кішісіне ортақ мінез - төзімділікке шақырды.
Шәкәрімнің шығармаларын зерделей отырып, өзінің философиялық көзқарастары мен ағартушылық құралы - өлеңдерінен ұлт қамы, алдыңғы қатарлы елдердің білімін меңгеру, адамгершілік тәрбиесі, діни - рухани мәселелерінің жан - жақты қамтылғанын көреміз. Өзі өмір сүрген қоғамдық мәдени ортаның сұраныс деңгейін, өзгерістердің оңды жақтарын тіршілікте адам мен адамдар арасындағы қарым - қатынас арқылы көптеген дүниелік мәселелердің шешілуіне орайластыра насихаттады. Кемеңгер ақын қазаққа тән қасиет - адамдарға жақсылық жасау деп түсіндірді. Әсіресе, қазақ халқының бойындағы қонақжайлылық, тіпті ең соңғы затына дейін беру арқылы тіршілікті өзі үшін де, басқа үшінде маңызды ететініне тоқталады.
Ойшыл ақын Шәкәрім басқаларды түсіну арқылы өзіңді өзің терең бағдарлай біл, өзіңе қарап адамды таны, мәнді өмір сүр дейді. Адам мен адам арасындағы қатынас қоғамдық екенін, сондықтан басқаның ой-пікірін, оның көзқарасын, мақсат-мүддесін ұғына, түсіне отырып, әркім өз-өзіне сынмен қарап өз жағдайын түсінуге мүмкіндік туғыза алады. Басқаны түсіну, ұғыну, оның көзқарасына талдау жасау қандай қиын болса, өзіңді түсіну сондай болғаны деп, Шәкәрім төзімділікке, сабырлылыққа шақырады.
Тауып айтса мінді деп,
Жоғалтып бақ мініңді.
Өз етіңді жұлып жеп,
Ашпа алашқа сырыңды /1/.
Зерделей қарасақ, Шәкәрім шығармаларында адамтану, оны түсіну, қадірлеу, және адамды буып - матаған қайшылықтардан шығу жолдары төзімділікте деп қорытындылайды. Шәкәрім дүниені ой елегінен өткізе отырып, дәстүрлік мұрагерлік жолына көз тігеді. Өзіне дейінгі болмысты түсіну, ұғыну оны бейнелеу арқылы адам жанын, мәнін тануға талпынды. Сөйтіп, тарих, қоғам сабақтасып жатады да өзі шеше алмаған мәселелер келер ұрпаққа, келесі дәуір үлесіне тиеді деп сенді. Түбінде заманның түп – тамырымен өзгеруі сөзсіз және ол оң өзгеріс болады деп болжады. Шәкәрімнің ойынша ұлт намысы, рух тамыры - таусылмайтын тақырып. Өзіне дейінгі ойшыл ғұламалардың рухани мұраларынан өзі қалай сусындаса, болашақта халқының руханият қазынасынан тиесілі орын алу мүмкіндігіне шек келтірмеді. Қазақ қауымына арнап жазған шығармаларында өз дүниетанымын халқына ұғынықты түсініктермен беріп, халық санасынан алшақтап кетпей, әлеуметтік құбылысты бейнелей алатын ұғым жасады. Өзінің көрген – түйгендерін шебер қиюластырып, ашынса да Абайша ашық айтып, тұрмыс тауқыметінен бұрын адамды адам түсіну жағдайларында төзімділік, мейірімділік, ұғымдарына үстеме мағына беріп, мәдени философиялық деңгейге көтерді. Төзімділік құбылысын бүгініміз бен келешегіміз үшін де маңызды деп даналықпен көріп болжаған. Адамның рухани болмысы қалай қалыптасып, оған қандай факторлар қаншалықты әсер етеді, адамның құнды қасиеттері қандай, оның адам, қоғам үшін маңызды рөлі туралы мәселелер ғасырлар бойы көптеген ойшылдарды толғандырып келді. Оған байланысты Шәкәрімнің көзқарасы – рухани әлемнің тірегі - төзімділік деп санайды. Рухани әлем аясына ақ жүректен шығатын мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық және адал еңбек, арлы ақылды сыйғыза отырып, осылардың барлығы адамдардың жақсы өмір сүріп, тату тұруының негізі деп көрсетеді. Шәкәрім өзіне дейінгі өмір сүргендердің тәжірибесіне қарап, өмірдің - өзі тіршілік талабы, ол аумалы-төкпелі, бір-біріне ұқсамайтын жаратылысынан өзгеше әр түрлі құбылыстар бейнесі. Сол жаратылыстағыдан өзгеретіні адам болса, оның басты негізіне не жатады? Шәкәрім «Үш анықта» дін жолындағы, ғылым жолындағы анық нәрсе ар-ұждан мәселесін ұсынады да ұждан түсінігі - нысап, әділет, мейірім ұғымдарының жиынтығы, ол - адамды нұрландырады деп ой қорытады. Абай дүниетанымында да осы ой айтылған. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті; нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек», - дейді Абай. Егер, бұл ойларды Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, тіпті бүкіл түрік әлемі ойшылдарының ақыл, парасат, білім, ғылым, таным, тағлым туралы пайымдаулар айтқанын ескерсек, уақыт кеңістігінің әркелкілігіне қарамастан қөзқарастарындағы, дүниетанымы бойынша өзара үндестік, сабақтастық байланысын аңғарамыз. Олар өз замандастарының тынысын өте нәзік сезінген - ойшыл, ғұлама адамдар. Адамдар арасындағы түсініспеушілік, талас - тартыс, ұрыстардың, жанжалдың орынсыз, мағынасыз екенін айта келіп, адамдар өз ақыл - парасатымен, білімі, бірлігі арқылы ғана тыныштық пен бақытқа жетеді деп адамдардың ерік жігерін, төзімділігін, мүмкіндігін жоғары бағалаған. Ақылды, парасатты адам ұстамды, сабырлы, жақсылыққа да жамандыққа да төзімді шыдам нәтижесінде мақсат – мүддесіне жетеді. Адам бойындағы мұндай қасиеттердің болуы - аса маңызды жетістіктердің негізін қалайды. Олай болса, бұл ұғымдар әруақытта құнды және көкейкесті.
Шәкәрімнің пікірлері - рухани әлеуметтік, қоғамдық, саяси, демократиялық және ұлт мәдениетінің ағартушылық бағытындағы ең алғашқы, жаңаша классикалық сипатқа ие болған рухани қазыналары. Оның ұлт мәдениетінің, мемлекеттің ар білімі қойнауында дамитындығын дәлелдеген пайымдаулары күні бүгінге дейін өзінің көкейкестілігін жойған жоқ. Ол қазақи ұғыммен түсіндіргенмен, қазіргі қоғам дамуының жаңа белесіндегі адамгершіліктің мәні ол тек экономикалық мәселелермен шектелмейтігінде, ол сондай-ақ геосаясат, әлеуметтік, діни, демографиялық, мәдени және педагогикалық, этнопедагогикалық мәселелердің түп қазық, ірге тасын қадап, қалаған. өзгермелі әлеуметтік - мәдени жағдайда руханияттың тірегі - адамгершілік десек, қазіргі тәрбиенің басты мақсатын - жас ұрпақты ерікті өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ізгілік, мінез - құлқы қалыптасқан, салауатты өмір сүруге дағдыланған, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, ұлтаралық достықты құрметтейтін, өз елінің ұлтжанды патриотын тәрбиелейтін этика, мәдениеттану ғылымдарының сөзсіз қажеттілігі мен үлесінің маңыздылығын атап көрсетеміз. Шәкәрімнің ағартушылық идеялары төл ағарту, төл мәдениет бағытындағы қазақтың мәдени өміріне қосылған аса маңызды тарихи үлес. Шәкәрім шығармаларында қазақ қоғамының болмысына үңіле қарап, мінез-құлық кеселдерінен арылғанда елдің ынтымақ берекесі кіреді. «Талап пен ақыл» өлеңінде ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық, намыс, ой-талап тіршілікті оңалтып, адам өмірін шынайы рақатқа бөлейді, онсыз жарық дүниенің мәні жоқ деген түсініктерді насихаттайды.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан көп шығады адамшылық. /2.1.130/
Шәкәрім "Дүние мен өмір" өлеңінде бұл екі ұғымның рухани диалектикалық мәнін түсіндіріп берді. Сол арқылы қазақ халқының рухани қазыналарының философиялық - моральдық тереңіне үңілуге және мәдени - рухани деңгейін көрсетуге мүмкіндік туғызады. Шәкәрімнің пікірінше "дүние алдамшы, өмір - қу" деген түсінік тек елірген есерлерге ғана тән.
Дүние алдамшы, өмір қу есерлерге,
Есерлікпен жолығар кеселдерге.
Ол екеуі мінді емес, мін өзіңде.
Сөзің бөлек өзгеден десеңдер де - /3.1.42 /
деп, қазақ тұрмысындағы адамның рухани күйі, мұқтаждық, ел өмірі, өтпелі уақыттың тұрлаусыз, мәнсіз кезеңдерінің болуы сияқты құбылыстардың болуы табиғи нәрсе. Өмірде тек қана қуаныш пен сәттілік бола бермейді. Өмір ағыны тоқтаусыз, адамға қажеттісі-табандылық, төзімділік, қанағатшыл ниет қажет. Адам дүниеде қаншалықты мазасыз күйде болса, шарасыздығы да соншалықты, тағдырдың сыйына төзімділікпен қарап, алға жылжу керек деген зиялы кеңес береді. Шәкәрім дүниетанымы, философиясы экзистенциалдық сарында, оның шығармаларына арқау болған адамдық қасиеттің бірі - төзімділік. Оны ұлттық рухани мәдениетпен ұштастыра насихаттауы бүгінгі күн қажетіне қарай атқарылған іс. Шәкәрім жақсы, жаманды бағдарлай білудің ұлттық ұстанымы мен адам болмысындағы төзімділік, сабырлылық қасиеттердің көмескіленіп кетпеу үрдісіне көңіл аудару және жақсы мінезге бастау идеясын аңғартты. Халық данагөйі Шәкәрім дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі төзімділік құбылысының маңызды орны мен рөлін ғылыми, діни көзқарастарымен пайымдаудағы ұлттық методологияның ерекшелігін білдірсе керек. Адамның рухани өмірінің мәні – қайырлы ісінде, толеранттылық дәстүрдің құндылығында деп түсіндіреді:
Жаралы кісі албырт қой.
Сенемісің дүниеге,
Ызаның арты шалғырт қой.
Ашулы албырт адамның
Қанжарын ептеп, бұғып ал/4.1.148/.
Шәкәрім туындылары ел мінезіне жақын, адам тағдырына ара түсерлік мазмұнымен ұлттық мәдениетте салмақты орынды иленеді, адамдарды қанағатшыл болуға, дүниеге және өмірлік құндылықтарға деген ізгі ниеттері, үгіт - насихаттары ұрпағына үлгі - өнеге ретінде саналды. Оның жақсылық, адамдық, сүйіспеншілік, достық, бірлік, парасаттылық адамдарға әділ болу туралы көзқарастары күллі мұсылман дүниесінде қолдау тауып отыр. Діни философияның негізгі тұжырымдарын, қағидаларын, пікірлерін асқан шеберлікпен пайдаланған. Жеке басында дін мен ғылымның сабақтастығын парасаттылықпен өлшеп біліп, сенім, таным, имандылық ұғымдары - оның ойларының негізі болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. А., 1994. 191-192 б.
/1.130/.
/1.142/.
/1.148/.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармаларындағы төзімділік (толеранттық) ұғымы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается понятие терпимость (толерантность) в произведениях Шакарим Кудайбердиева.
ӘОК 371.380
СУРЕТ САЛУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ
Нүсіпов Д.Ә., оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Сурет салуды жетік үйрену үшін тек сурет салудың техникасы мен методикалық жолдарын ғана білу жеткіліксіз. Ол үшін талмай ою-өрнек наброскілерін (долбар) салып, күннен - күнге тәжірбие жинақтап, еңбектеніп тер төгуіміз қажет. Сонда ғана шеберлігіміз ұшталып, ойлаған мақсатымызға жетеміз.
Ою-өрнек қолды жаттықтыруда, суретшінің ойын, қиялын ұштауда таптырмайтын құрал-әдіс, тамаша мектеп. Ою-өрнек суретшінің қолының икемін, буынының әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айшықты болып сызуын қалыптастырады. Кезеңде суретшілер тіпті әлі күнге дейін өрнек салуға онша көп мән бермейді. Олар бірінші орынға долбар салуды мақсат етіп қойды. Өйткені әсіресе Европада ою-өрнек салу онша дамымаған және оған Орта Азия мен Қазақстандағыдай мән берілмеген еді. Орта Азия мен Қазақстанда сәулет өнерінде де ең негізгі безендіру құралы осы ою-өрнек болды емес пе. Тіпті, шығыс елдерінде де солай. Осыдан сурет өнерінде, қол өнерінде ою-өрнекті сонша жоғары қою адамды ойландырмауы мүкін емес еді. Кейіннен зерделеп, зерттеп қарасақ оның да мәні бар екен. Европада наброск (долбар) сурет салуда алғашқы әліппе болса да ол жалпы халықтық сипат алмады. Мұнымен суретші болуға зауқы бар санаулы адамдар айналысты.
Ал ою-өрнек әсіресе Қазақстанда өркендеді, екінің бірі оюшы, он саусағынан өнер тамған шебер болды. Бұл ою-өрнек өнерінің адам қиялын, сезімін қозғайтын қасиеті бар екендігінің дәлелі.
Қазіргі кездегі көптеген тәжирбеге сүйенсек, ою-өрнектің оқушыны сурет салуға баулуда, шеберлігін ұштауда долбарға қарағанда рөлі зор екендігін көреміз. Сондықтан ою-өрнек салуды бағдарламаға кіргізетін уақыт жеткен сияқты. Оқушы сурет салуды үйренгенде осы ою-өрнекті меңгеруден бастағаны дұрыс.
Қазақта оюдың өте көптеген түрлері бар. Қошқар мүйіз, құс тұмсық, түйе табан, балдақ, ирек, су, ит құйрық т.б.
Міне, осы оюларды күніге айшықтап, сызып отырсаң, біраз күннен кейін қолың икемге келіп наброскіні де, суретті де салғанда кездесетін көптеген бейнелеу сызықтары, тамаша пластикалық иірім, шеңбер, доға, толқынды сызықтарды тез меңгересің. Ал, алғаш сурет өнеріне талпыныс жасаған оқушының қол икемі келмей қиналатыны да осы сызықтар. Сондықтан, қазақ ұлттық ою нақыштарының сурет салуда үлкен методикалық рөлі бар.
Ою-өрнекті жақсы меңгерген адам наброскіні де жақсы меңгереді қолы әбден жаттыққан оқушы енді кез-келген жан-жануардың, немесе адамның қимылын, оның күйзеліс бет әлпетін, мінез құлқын әп-сәтте бере алады.
Наброск (долбар) суретшіні шығармашылық ізденіске, ойлылыққа жетелейді. Наброскіні, сонымен бірге ол суретші туындысының алғашқы жобасы.
Долбармен кезінде талай ұлы суретшілер айналысып, еңбектер жазған, олар: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело т.б. Олар өздерінің өлмес туындыларын осы наброскілер арқылы өмірге келтірген.
Алысқа бармай-ақ, өзіміздің ұлы ғалым атамыз Шоқан Уәлихановтың еңбектерін алайықшы. Оның ұрпағына тастап кеткен ұшан-теңіз тарихы, этнографиялық ғылыми мұрасына қосқан көптеген сурет мұрасы да бар. Олар қазір онша зерттелмеген.
Шоқан Уәлиханов еңбектері ішкі психологиялық сезімге бай, техникасы жоғары, сызылуы нәзік те шебер сурет туындылары. Оның қаламұшпен салынған «Потанин» портреті қандай шебер де, нанымды шыққан. Ондаған сызықтардың толқынды ізі адамның пластикалық пішінін ашып, ішкі психологиялық сезімінің кілтін дөп басып тұр. Сызықтардың өте шебер де әсем қойылуы оның өте білімді суретші екенін дәлелсіз-ақ білдіріп тұр.
Ал «Қырғыздардың ат байлауы» деген долбар суретінде бір дәуірдің ұлттық калоритін, халықтық мінез-құлқын, салт-санасын жоғарғы шеберлікпен жеткізген. Сол кездегі өмір келбетін көрсетеді. Бұл сурет салудың, осындай адамға өзінің табиғатымен, шыншылдығымен әсер ете білетін наброскілерді айнала ортадан (натурадан) іздеп салу керек. Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін алдымен қарапайым заттарды пайдаланған жөн.
Ою-өрнек немесе долбарды (наброскіні) сызып, біраз тәжірбие жинақтағаннан кейін енді реңдік (тоновый рисунок), штрихты суреттерді салуға көшеміз. Бұл ою-өрнек пен наброскі салудан күрделірек, бұрын суреті тек сызықтың өзімен ғана бейнелесек, енді штрихтардың көмегімен жарық пен көлеңкені анықтап, оның қандай материалдан жасалғанын көрсетеміз. Бір сөзбен айтқанда салып отырған затымызды өзінің табиғи формасына келтіре бейнелейміз.
Осындай геометриялық фигуралар немесе басқа да заттардың жиынтығын (екі немесе одан да көп) - натюморт деп атайды.
«Натюрморт» сөзі - француз сөзінен алынған термин. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанмен, сондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып - білуге болады.
Осының куәсі ретінде қазақ әйелдерінен шыққан түңғыш суретші А.Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюморттық шығармасын алайық, мұнда суретші ашық жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастархан мәзірін бейнелей отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қонақжай, ақжарқын кеңпейілдігін аса бір нәзік сезіммен жеткізе білген. Натюморт алғаш рет ғасырдың басында Голландияда пайда болды.
Содан көптеген елдерге тарап, әсіресе ХVІІІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Осы кезде натюморт салудың тамаша шеберлері шықты. Ол голландиялық Ван де Вальде, Винсент-Ван Гог, францияның ұлы суретшілері П.Сезанн және А.Матис еді. Қазір көптеген суретшілер осы қылқалам шеберлерінің жолын қуып, істерін алға қарай жалғастыруда.
Натюмортты немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрылымының өзегі болатын - композицияны біліуміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.
Композиция латынның «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген сөзінен шыққан.
Дәлірек айтар болсақ, композиция - суретшінің бейнелегелі отырған натюмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыруы болып табылады. Әдетте, әсіресе үлкен живописьтік шығармаларда, суреттерде оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкерлері орналасатын белгілі бір орталығы болады. Оны композициялық орталық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің шешіміне қарай картинаның кез-келген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілердің туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал кейбіреуінде ол не оң жағында, не сол жағында орналасады.
Суретті саларда отыратын орнымызды дайындау, ұйымдастыру үлкен рөль атқарады.
Алдымызда қойылған натюрморт толық, жан-жанқты көріну үшін одан қашығырақ отырамыз. Ара кашықтық бір жарым, екі метрден кем болмау керек. Отырғанда кез-келген жерге отыра салмай, натюрморттың композициясы қызықты көрінетіндей жерді таңдау керек. Орнымызды белгілеп алғаннан кейін берілген натюрморттың жан-жағынан қарап, ондағы заттардың жалпы пішінін тұтас көлемін зерттеп, керек болса қолымызбен ұстап көруімізге болады. Сонда бейнелейтін затымыздың ішкі-сыртқы құрлысынан толық мағлұмат алып жете танимыз, бұл сурет салуды көп жеңілдетеді.
Қандай суретті салмайық оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады. Сондықтан, сурет кезеңдермен біртіндеп салынып өрбіп отырады. Зат бейнесінің орналасуын анықтау, құрлымын табу, пішінін айқындау, сондай-ақ түйін немесе суреттің аяқталуы деп аталады. Алдыңғы үш кезең жалпыдан жалқыға әдісімен өрбиді.
Енді осы кезеңдер арқылы, берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық. Натюрморт үш геометриялық денеден тұрады.
Зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз - бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.
Кейде осы суретті орналастыруды жөнді түсінбеген немесе білмеген бала үлкен қателік жібереді.
Суреттің орналасуына баса көңіл бөліп, натюрморттың жалпы нобайын қағазға түсіреміз. Содан ондағы жеке заттардың пішіндерін мөлшермен білінер-білінбес сызықтармен белгілеп аламыз. Осы жерде көкжиек сызығының қай жерден өтетінін тексеріп білген жөн, өйткені суреттің перспективалық құрылысын салғанда қажет болады. Бұл кезеңде сурет стилизация немесе қатаң геометриялық формалар әдісімен сызылады.
Натюрморттағы заттардың бір-бірінің ара қатынасын тексеріп өлшеп, олардың әркайсысының сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара-қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.
Қарындашпен өлшегенде, қалам ұстаған қолымызды толық созып, бас бармағымызды қаламның бойымен жылжыту арқылы белгілі өлшемді екініші бір заттың ұзына бойына немесе еніне салып ара-қатынасты табамыз. Қай суретті салмайық осы әдісті пайдаланамыз.
Натюрмортта негізгі өлшем етіп цилиндірдің енін аламыз да жаңағы әдіс бойынша қалған заттардың ұзындығы мен енін өлшеп шығамыз. Заттардың бізге көрінбей тұрған қабырғаларын сызып, перспектива заңы бойынша кубтың бергі беті оның арғы-артқы қабырғасынан үлкен болады және кубтың қырларының сызығы көлбей бір-біріне жақындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
Ә.Толебиев Сурет сала білесің бе? -Алматы "өнер" 1990 ж.
В.Б.Розенвассер Беседы об искусстве -Москва "Просвещение"1979 ж.
Б.Мекішев Әлемнің жеті кереметі -Алматы 1982 ж.
С.Мұқтарұлы Шоқан және өнер -Алматы 1985 ж.
А.А.Глдышева Анатомия человека -Москва 1977 ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ сурет өнерінің тәрбиелік мәні және оның өрлеу тарихынан мағлұматтар беріледі.
РЕЗЮМЕ
В статье расмотрена основные периоды становления искусства рисования.
ӘОК 911. 3: 620. 9 (262. 81)
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ АКВАТОРИЙ БӨЛУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Өмірова Н.Б., магистрант, Қасенов С.Қ. п.ғ.к., доцент
(Алматы қ., Қазмемқызпи)
Каспий – Еуразия құрлығында орналасқан, бірде – бір мұхит немесе ашық теңізге табиғи жолмен шыға алмайтын теңіз немесе ірі көл. Каспийдің су беті көлемі 440 000 шаршы шақырым (ұзындығы 1440, ені 278), тереңдігі 1025 метрге дейін барады, су алабы шамамен 78 000 км3 құрайды. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара –богаз – гол, және т. б. Жалпы ауданы 350 шаршы шақырымды құрайтын 50 арал бар. Мұнда қызыл балықтың әлемдік қорының 90% - ы, 854 жануарлар түрі тіршілік етіп, 500 – ге тарта өсімдік түрі өседі. Олардың ішінде 30 – ға жуық жануарлар мен 20 – дан астам өсімдік түрлері Қызыл кітапқа енгізілген /6,130/.
Каcпий теңізі мен оны қоршаған аумақтар көмірсутекті шикізаттың үлкен қорының жинақталған жері болып табылады. Теңіздегі барланған мұнай қоры 17 – 33 млрд. баррель, табиғи газ қоры 232 трлн. фут3 құрайды. (Энергетикалық ақпарат агенттігі. АҚШ, 2003)
Теңіздегі шекара бұрын Кеңес Одағы мен Иран арасында жүргізілсе, КСРО – ның ыдырауы нәтижесінде теңіз жағалауында бірден бес мемлекет шекара түйістірді.
Каспий теңізінің параметрлері
|
Жағалаулық белдеудің ұзындығы
км %
|
Су айдынының ауданы
мың км.2 %
|
барлығы
|
5990 100,0
|
381 100,0
|
Соның ішінде секторлар бойынша
|
Қазақстандық
Ресейлік
Түрікменстандық
Әзербайжандық
Ирандық
|
2000 33,4
1250 20,9
1080 18,0
880 14,7
780 13,0
|
113 29,7
66 17,3
80 21,0
78 20,5
44 11,5
|
Кеңес Одағының ыдырауы мен осы өңірден мұнай мен газ қорының көптеп табылуынан аймақта әрқандай проблемалар туындап отыр. Солардың ішіндегі шешуін толық таппай келе жатқан мәселе – теңіздің құқықтық мәртебесін айқындау.
ХIХ ғасырдағы орыс – парсы соғыстары екі мемлекеттің шекараларын белгілеумен қатар, Каспий теңізінің де мәртебесін реттейтін келісімдерге қол қоюмен аяқталды. Гүлістанда жасалған 1813 жылғы келісімге сәйкес, Парсы мемлекетіне теңізде әскери кемелер ұстауға тиым салынды. Ал 1907 жылы Англия мен Ресей арасындағы Ауғанстан, Персия, Тибетті бөлу жөніндегі келісімге сәйкес, Персия екі бөлікке бөлініп, солтүстігі Ресейге, оңтүстік бөлігі Ұлыбританияға қарады. Бұл бітім Ресейдің Каспийдегі үстемдігін нығайтты.
Осы көрсетілген мәртебе 1917 жылға дейін, яғни Ресей империясы құлаған кезге дейін сақталды. Бұдан кейінгі Каспий теңізінің мәртебесі Ресей мен Иран арасындағы 1921 жылғы, және 1940 жылғы КСРО мен Иран арасындағы келісімдер бойынша анықталды. Осы келісімдерге сәйкес, теңіз тек екі мемлекеттің меншігі ретінде қарастырылды, және қандай да бір үшінші мемлекеттің теңізге ешқандай құқығы жоқтығы атап көрсетілді. Бірақ бұл құжаттарда тек сауда, балық аулау мәселелері қамтылды, ал Каспийдің толық көлемдегі құқықтық мәртебесі, теңіз түбіндегі табиғи ресурстар проблемалары реттелген жоқ.
1880 жылдардан бастап Каспий теңізінен өзендер мен каналдар жүйесі арқылы Балтық теңізіне жету мүмкіндігі туды. Ал Дон – Волга каналының құрылысы аяқталғаннан кейін, Каспийден Азов, Қара теңіздеріне жол ашылды.
Каспий теңізі Иран мен КСРО меншігі деп саналғанымен, арадан шекара сызығы заңды түрде жүргізілмеген. Тек 1935 жылы НКВД наркомы Г. Ягоданың құпия бұйрығымен теңіз Астара – Гасан – Кули сызығы бойынша екіге бөлініп, барлық кеңес карталарында КСРО – ның мемлекеттік шекарасы ретінде көрсетілді. Бірақ бұл құқықтық рәсімделмеген шартты шекара болды.
1970 жылы КСРО мұнай өнеркәсібі министрлігі республикалардың көмірсутекті ресурстарын есептеу мақсатында Каспийдің кеңестік бөлігінің теңіз түбін одақтас республикалар арасында орталық сызықты негізге ала отырып секторларға бөлді.
1991 жылдан кейін пайда болған теңіз жағалауындағы тәуелсіз мемлекеттер алдындағы басты міндеттің бірі - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасау болып табылды. Мұны Каспий жағалауына қатысты мемлекеттер, яғни Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран белгілеуге тиіс. Құқықтық мәртебеге: кеме қатынасы, биологиялық және минералдық ресурстарды пайдалану, экология, теңіз деңгейінің көтерілуін қоса алғанда, жағалау бойындағы мемлекеттер юристикциясының шектерін де белгілеу мәселелерін реттеу кіреді. Каспийді тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдалану; осы теңізді бейбітшілік, тату көршілік, достық пен ынтымақтастық аймағы ретінде сақтау; Каспийге байланысты мәселелердің барлығын бейбіт құралдармен шешу; қоршаған ортаны қорғау және Каспий теңізінің ластануын болдырмау, оның биологиялық ресурстарын сақтау, ұдайы өндірісі және оларды ұтымды пайдалану; Каспий жағалауы мемлекеттерінің қоршаған ортаға және бір – біріне теңізді пайдалану және оның ресурстарын игеру жөніндегі қызметінің нәтижесінде келтірген зияны үшін жауапкершілігі; Каспий жағалауы мемлекеттерінің сауда кеме қатынасының еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету енеді. Бағдарлама бойынша геофизикалық және геологиялық барлау жұмыстарын, көмірсутекті шикізаттардың кен орнын игеруді қоса алғанда, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы нақты ұсыныстармен алмасатын болады. Айта кететін бір жайт, бұл аталған мемлекеттердің осы мәселегеде көзқарастары әртүрлі. Ең алдымен Каспий теңіз бе әлде көл ме, оны бөлу үшін қандай құқықтық режимді қолдану керек деген сауалдар төңірегінде таластар жүргізілді.
Геологтардың айтуынша, көлдер мен теңіздердің бір – бірінен айтарлықтай айырмашылықтарын көлеміне, тұздылығына, тереңдігіне, тіршілік ету уақытына, пайда болу жолдарына, құрлықтық қайраңның бар – жоғына қарап анықтауға болады.
Әлемдік тәжірбиеге сүйенсек, теңіздердің мәртебесін анықтауда 1982 жылғы БҰҰ – ның барлық теңіздер мен мұхиттарға қолданылатын теңіз құқығын реттеу ережелері қолданылады. Бұл ережеге сай, жағалаудағы мемлекеттер теңізді ортақ сызық негізінде делимитациялауға (2 – бап), минералды ресурстарды барлау және игеру үшін айрықша экономикалық зона құруға (56 – бап), және 12 – мильдік территориялық суға иелік етуге құқықтары бар. Ал қалған аумақ барлық елдерге ортақ болады. Аталған конвенцияда ішкі теңіздер жөнінде нақтылы шарттар қарастырылған. Келісімде көрсетілгендей, ішкі теңізбен шекаралас елдер өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында бір – бірімен ынтымақтас, әріптес болуы шарт.
Егер Каспий ішкі теңіз ретінде қарастырылатын болса, онда жоғарыдағы конвенцияға сәйкес теңіз барлық жағалаулық елдердің құқықтары сақтала отырып; аумақтық теңізге, айрықша экономикалық зонаға, және құрлықтық қайраңға бөлінуі керек. БҰҰ конвенциясының 15-ші бабына сүйенсек, жағалаудағы мемлекеттер арасындағы территориялық сулар жағалаудың бір жағынан да, қарама – қарсы жақтан да бөліне береді.
Каспий теңізінде материктік қайраң шекараларын анықтау тек жағалаулық сызықтар мен орталық тереңдіктердің шекараларын анықтағаннан кейін ғана мүмкін болады. Осы жағдайда әр елге, басқа жағалаулық елдердің құқықтарын бұзбай қайраң шекарасын анықтауға геологиялық негіз пайда болады. Өткен уақыттарда да жағалаулық елдердің ішкі теңіздерді секторларға бөлу мысалдары кездеседі. Мәселен, Қара теңіз – Украина, Ресей, Румыния, Болгария, Түркия және Грузия мемлекеттері арасындағы келісімдерге сәйкес территориялық суларға бөлінген. Өлі теңіз Израиль мен Иордания арасында бөліске түскен. Бұл екі жағдайда да теңіз шекаралары елдердің құрлықтық шекараларына сәйкес жүргізілген.
Егер Каспий теңіз емес, көл деп анықталатын болса, бұл жағдайда бірнеше мемлекеттермен шекараласатын көлдер туралы халықаралық конвенцияны қолдануға болады. Аталған конвенцияда бірнеше елдермен шектесетін көлдер, мемлекеттер арасындағы келісімдерге сәйкес бөлінуі тиіс, немесе көрсетілген елдердің мемлекеттік шекаралары көлді дәл ортасынан бөлетін жағдайға сәйкес келгенде бөліну керек. Бұл тәртіп Виктория көліне қолданылған, көл британдықтармен германдықтар арасында отарлық басқару кезінде Уганда, Танзания, Кения елдерінің құрлықтық шекаралары арқылы бөлінген. Чад көлі Нигер, Нигерия, Чад елдері арасында бөлінген. Бұл келісім Англия мен Франция арасында отаршылдық басқару кезінде жасалып, кейіннен азаттық алған үш ел тарапынан қабылданған болатын. Альберт және Эдуард көлдері Британия, Германия және Бельгиялықтардың басқару кезінде бөлініске түсіп, қазіргі кезде Уганда мен Заир мемлекеттерінің аумағында. Танганьика көлі Танзания, Заир, Бурунди және Замбия елдерінің арасында бөлінген.Танзания мен Заир арасындағы шекара медиана сызығы бойынша жүргізілсе, қалған екі арал арасындағы меже құрлықтық шекара негізінде жүргізілген.
Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың аралығындағы Жоғарғы көл, Эри, Гурон және Онтарио көлдері 1783 жылы АҚШ пен Ұлыбритания арасында қол қойылған келісімдерге сәйкес, АҚШ пен Канада территорияларына бөлінген. Латын Америкасындағы Аргентина мен Чили шекараларында бірден бес көл бар. Боливия мен Перу арасындағы Титикака көлі, екі мемлекетпен шекараласатын, бірақ өзара бөлініске түспей, жалпы қолданыстағы жалғыз көл. 1956 жылы аталған елдер арасындағы келіссөздерге сай, көл екі елге де ортақ болып бекітілді. Перу мен Боливия арасындағы шекара 1925 жылы жүргізілген еді, ол кезде Титикака көлі құрлықтағы шекара арқылы екіге бөлінген еді. Кейінгі өзгерту көлдің табиғи ресурстарын бірігіп игеру мақсатынан туған сияқты.
Еуропада Женева көлі Швейцария және Франция арасындағы құрлықтық шекара арқылы бөлінген. Лаго және Маджоре көлдері Швейцария мен Италия аумақтарына бөлінген. Бұл айтылған жағдайларда әр ел өзінің территориясындағы көл аймағынан табылған кез-келген ресурстарды пайдалануға құқылы. Кеңес өкіметі кезінде Арал теңізі 1924 жылы 27-қазандағы Орталық Азия Республикаларының шекараларын айқындау туралы заңына сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінді. Теоретикалық тұрғыдан алғанда, әр мемлекет өз аумағындағы теңіз байлығын пайдалануға құқылы болды.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындаудың екі нұсқасын көрсетеді.
Каспий жағалауында орналасқан бес елдің де теңіздің мәртебесі туралы көзқарастары әртүрлі, бірақ кейбір мәселелерде олардың түйісетін жерлері де баршылық. Әзербайжан Каспийді көл деп танып, судың акваториясын, табаны мен қойнауын ұлттық секторларға бөлу қажет деген позиция ұстануда /7,50/. Каспий көл деп танылатын болса, БҰҰ-ның көлдер туралы конвенциясына сәйкес, мемлекеттік шекаралары негізінде және көлдің орталық нүктесінен өзара бөлісулері қажет. Ал су акваториясының бөлінуі ең алдымен биоресурстарды сақтау мен тиімді пайдалануда қиындықтар туғызары анық, яғни су бетінің ұлттық ресурстарға бөлінуі биоресурстармен теңіз экологиясы үшін қауіпті. Ал екіншіден, бұл теңізді бөлудегі жаңа тартыстарға жол ашады, себебі су бетін бөлу, теңіз табанын бөлуден әлдеқайда күрделі.
Ресей Каспий теңізі жабық теңіз ретінде қаралып, Кеңес – Иран келісімдеріне сәйкес мәртебесі анықталуы керек деген болатын. Ресейдің көзқарасын Иран үкіметі де қолдаған-ды. Бұл келісім бойынша Каспий кондоминиум негізінде ортақ пайдаланыстағы теңіз болуы керек, яғни Каспийдің табиғи ресурстары теңіздегі минералды ресурстармен бірге барлық мемлекетке бірдей таралуы қажет. Бұл ұсынысты басқа үш мемлекет қолдамады. Оның да өзіндік себебі бар, өйткені бір мемлекеттің аумағына теңіз түбінің көп бөлігінің жақын болуы, олардың тәуелсіздік құқығын бұзады және теңіз түбіндегі ресурстарды барлау мен игеру үшін инвестициялар тартуда қиындықтар әкеледі. Осыған қоса кондоминиум идеясы әлемдік тәжірбиеде осыған ұқсас жағдайлар болмағандықтан та оны іске асыру қиынға соқпақ.
Түрікменстан 1993 – жылы Мемлекеттік шекара туралы заң қабылдаған кезде 12 – мильдік территориялық суға өз иелігін орнатты, бұл қадам Ашхабаттың Каспийді тұйық теңіз ретінде қарастыратындығын көрсетуде.
Қазақстан жағы Каспийдің ерекшеліктерін және оның Дон – Волга өзендері жүйесі арқылы ашық теңізбен жалғасып жатқандығын ескере отырып, оны теңіз деп танып, БҰҰ – ның теңіз құқы конвенциясын тарату позициясын ұстанды. 19 – шілде 1994 жылы Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келісімнің жобасын аймақ елдеріне ұсынды. Жоба негізіне Каспийді тұйық теңіз ретінде қарастырып, теңіз құқы ережелерін қабылдап, сонымен қатар теңізді жағалаулық елдер арасында территориялық суға және айрықша экономикалық зоналарға бөлуді қарастыру енді. Аталған жобада теңізде жылжу және балық аулау еркіндігін сақтауға, барлық жағалаулық елдердің мүдделерінің қорғалуына кепілдік беретін арнайы үйлестіруші органның қажеттілігі атап көрсетілді. Каспий теңізінің мәртебесіне байланысты Қазақстанның ұстанымдарына кеңірек тоқталсақ; теңіз түбі мен ондағы ресурстарды барлық жағалаудағы елдер арасында халықаралық тәсіл және әлемдік тәжірбиелер бойынша ортақ сызық негізінде делимитациялауды ұсынды. Минералды ресурстарды игеру мен барлауды әр мемлекет өз еркінше өз зонасында белгілеуге тиіс. Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді түрде қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Каспийде аумақтық теңізді, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін белгілеуді ұсынған болатын /10,568/.
1995 – 1996 жылдардағы халықаралық кездесулер мен конференцияларда, атап айтқанда, 1995 – жылы 30 қаңтар – 2 ақпан аралығындағы Ашхабаттағы, 28 – 29 маусымдағы Тегерандағы, 26 – 27 қыркүйектегі Алматы кездесулері; 1996 жылғы 20 – 22 мамырдағы Тегерандағы, 11 – 12 қарашадағы Ашхабатттағы; 1997 жылғы мамырдағы Алматыдағы басқосулар маңызды прогрессивті нәтижелер әкелмеді.
Каспийдің мәртебесін айқындау ұзақ уақытқа созылғаннан кейін, жекелеген жағалаулық елдер бір – бірімен екі жақты келісімдерге келе бастады. 1997 жылы Қазақстан мен Әзербайжан елдері теңіздің құқықтық мәртебесі айқындалғанша секторларының шекарасын медиана сызығы бойынша ұстануға келісті. Сонымен бірге осы жылы Қазақстан Түрікменстанмен кеңес кезінде қабылданған, Каспийді медиана сызығы арқылы бөлу туралы коммюникеге қол қойды.
Каспий мәселесінің толық шешілу жолында бетбұрыс әкелген қадам Қазақстан мен Ресей басшыларының 1998 жылғы қаңтардағы Каспий түбін әділетті шешу қажеттілігі туралы мәлімдемелері болып табылады. 1998 жылғы ақпандағы Астрахандағы, сәуірдегі Мәскеу кездесулері Каспий проблемасында оң өзгерістер әкелді.
1998 жылы 6-шілде күні Қазақстан мен Ресей президенттерінің Мәскеу кездесуінде теңіздің солтүстік бөлігін орта сызық арқылы түбінен шекараға бөліп пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан мен Ресей теңіздің түбін ғана шекараға бөлу қажет деп тапты. Бұл жағдайда теңіздегі су, балық, басқа да биоқорлары, оның ішінде мұнай қоры да ортақ болып есептелінетіні белгілі. Каспий орта сызығы арқылы ұлттық секторларға бөлінсе, Казақстан үлесіне 29% – ы, Ресейге 16% – ы, Әзербайжанға 20% – ы, Иранға 14% – ы, Түрікменстанға 21% – ы тиесілі болады.
Осыған сәйкес екі ел, егер кен орны теңіз түбіндегі шекара анықталған орта аралық тең бөліс сызығы жанынан табылса, онда оны игеру құқығы қаржы жұмсап, барлау жүргізген жаққа берілуі немесе 50/50 түрінде бөлінуі керек деген тоқтамға келісті. Үш даулы кеніш туралы мәселенің тағдыры анықталды. Хвалынское мен Центральное кеніштерін бақылау құқығы Ресейге жүктелді. Ал Құрманғазы кенішінің 50% – ы Қазақстан жағына өтіп, 25% – ы Ресейге, қалған 25% – на коммерциялық мақсаттағы компаниялар иелік ететін болады.
Бұл келісім маңызды оқиға болды, себебі бұл келісім арқылы солтүстік Каспийдің шекара мәселесі шешіліп қана қоймай, теңіздің құқықтық мәртебесін айқындауда негіз жасалды. Енді осы келісім негізге алынып, Каспийдің мәртебесі айқындалар болса, онда Каспий қандай болар еді деген сұрақ туындайды. Әрбір мемлекеттің жағалауынан 12 – мильдік немесе басқалай келіскен ендікте шекаралық, кедендік, санитарлық т.б. бақылаулар жүргізетін зоналар орнайды. Бұл территориялық судың баламасы тәріздес. Тағы да жағалық сызықтан 20-мильдік ендікке дейінгі аралықта балық аулау зонасы қойылады. Бұл көрсетілген зонада тек сол мемлекеттің кемелері ғана аулайды. Ал әрі қарай ешқандай зона ешқандай шекара қойылмайды, биологиялық ресурстар ортақ, ортақ экологиялық стандарттар, балық аулаудың келісілген шарттары. Теңіз түбі мен қойнауы екі жақты келісімдермен реттеледі. Бұлай шекара жүргізу халықаралық әділеттілік және келісім ұстанымына сәйкес жүргізілуі керек. Бұл жағдайда әлемдік тәжірбиедегі 80 пайыз қолданатын орталық сызық алынады.
Ресеймен Қазақстан арасындағы келісімге сәйкес шекараны анықтау аралдарды, геологиялық құрылымды т.б. ескере ортырып, орталық сызықты негізге ала отырып жүргізілді. Осылай пайда болған теңіз түбі секторлы шегінде екі жағалаулық елдің барлау, игеру, басқару мақсаттарында жұмыстар жүргізуге дербес құқықтары бар.
Шекара сызықтары болашақтағы перспективті көмірсутекті құрылымдарды бөліп өткен жағдайда (Құрманғазы – Ресей мен Қазақстан, Центральное – Ресей - Қазақстан, Ялама – Самур – Ресей - Әзербайжан), аталған кен орындарында барлау және игеру жұмыстары бірлесіп жүргізіледі.
Ал теңіздің түбін бөліп, акватоторияны жалпы пайдалануға қалдыру туралы ұсынысты Каспий жағалауындағы өзге елдер қалай қабылдады дегенге келсек, Әзербайжан Ресей мен Қазақстан арасындағы қойнау бөлісуді қолдады, Бірақ бұрынғыша су бетін де бөлуді ұстанып отыр. Түрікменстан 45 – мильдік жағалық зонаның өздеріне тиімдірек екенін білдіре отырып, егер өзге мемлекеттер теңіз түбін ғана бөлуге келіссе осы ұсынысқа қосылатынын айтуда. Каспий секторларға бөлінген жағдайда 14% – дық үлес тиетін Иран бұл нұсқамен келіспейтіндігін көрсетті. Иран өкіметінің ұсынысы теңіз түбі мен су бетін ортақ пайдалану режимін немесе 20% – дық үлес бойынша теңізді бес ұлттық секторларға бөлу.
В. В. Путиннің 2000 жылғы 9 – 10 қазандағы Қазақстанға ресми сапары кезінде «Каспийдегі ынтымақтастық туралы Декларацияға» қол қойылды. Тараптар биоресурстарды сақтау мен қоршаған ортаны қорғау салаларында бірлескен ұстаным белгіледі. 2004 жылы 9 маусымда Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға талдау жасалды. Каспий теңізінің құқықтық режимін реттеу мәселесі күн өткен сайын өзекті болып отыр. Мұның өзі жағалаудағы мемлекеттер үшін Каспий қайраңындағы көмірсутекті шикізатты қоры стратегиялық мәнге ие болуымен байланысты туындап отыр. Оның үстіне энергияның негізгі тұтынушылары болып табылатын ірі елдер мұндағы ресурстарды игеруге және тасымалдауға зор мүдделік танытып келеді.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияда Қазақстан жағының пікірінше, бірінші кезекте Каспий акваториясын аймақтарға бөлу және олардың режимін анықтау проблемасын шешу керек. Бұл мәселеде кейбір елдер Каспий теңізін ортақ халықаралық практикаға сәйкес аумақтық теңіздерге, балық айлау аймақтарына және ашық теңізге бөлуді ұсынды.
Балық аулау аймағының режимі іс жүзінде келісілген. Тек бұл аймақты жеке категорияларға бөлу және оның енін анықтау қажеттігі туралы мәселе ашық қалып отыр.
Каспий теңізінің табанын шектеу мәселесінің маңызы айрықша. Қазақстан мұны халықаралық құқықтық жалпыға ортақ нормаларын ескере отырып, қатарлас және қарсы бетте орналасқан мемлекеттердің уағдаластығы негізінде жүзеге асыруды ұсынады. Каспий теңізінің труба құбырларын жүргізу шарттары Қазақстанның пікірі бойынша құбыр учаскесі өтетін тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы тиіс /20,265/.
Қазіргі таңда тек Ресей ғана өз секторының шекараларын айқындай алды. Қазақстанда Түрікменстанмен, Түрікменстанда Әзербайжан және Иранмен, Әзербайжанда Иранмен және Түрікменстанмен Каспий түбінің шекара сызығы анықталмаған.
Каспий мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобының 20 отырысы өтсе де, шетелдік сарапшылардың айтуынша Каспийдің мәртебесі әлі де тұманды болып отыр. Жалпы Каспийдің мәртебесін анықтауда ондағы мемлекеттердің ортақ шекара белгілеуге, елдер арасындағы қатынасты толық жандандыруға теңіз түбіндегі мұнай кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан мемлекеттердің ортақ бір шешімге қақтығыстарсыз, дипломатиялық жолмен келісімге келу мүмкіндіктері бар деп айтуға толық негіз бар. Себебі, Каспий - достық пен бейбітшілік теңізі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ахметова Г. и др. – Проблемы обеспечения экономической безопасности стран Центральной Азий и Каспийского региона. Analytic 2005/ 5
2. Ашимбаев М. – Безопасность Казахстана на современном этапе. Алматы, КИСИ, 2002
3. Жулинский М. – Каспийский регион: нефтегазовые проблемы. География в школе. 04. 2006 с.18
4. Зачем приезжал И. Алиев? – Континент. 17 – 30 марта, 2004
5.Карагианнис Э., Сулейменов. У. – Споры по правовому положению Каспия: Позиция Казахстана. Казахстан и современный мир. 2 (9) 2004
6. Касенов.У. – Каспийское море; правовой статус, нефть и международная безопасность. Алматы, КИСИ, 1998
7. Мамедов Р. – Нефтяная дипломатия Баку. Междунароодная жизнь.2002. №5.
8. Мансұров Т. – Қазақстан – Ресей қатынастары өзгерістер дәуірінде. 1991 – 2001. Алматы, «Қазақстан» 2006
9. Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых и региональных отношений (под. ред. М. С. Ашимбаева) Алматы, КИСИ, 2002
10. Тоқаев Қ. – Қазақстан республикасының дипломатиясы. Алматы, 2002
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, осы тектес проблемалардың әлемдік тәжірбиеде шешілу жолдары және теңіз жағалауындағы мемлекеттердің ортақ шешімге келу мүмкіндіктері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается правовой статус Каспийского моря, возможные варианты пути решения проблемы, позиции прикаспийских государств.
ӘОК 42-01
ТІЛДІҢ ӨРКЕНИЕТТІК ҮРДІСТЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Сарсенова Ә.Б. оқытушысы
(Алматы қ., Қазмемқызпи).
Кейбір деректерге көз жүгіртсек «өркениет», «мәдениет» түсінігінің мағынасында ХҮІІ ғасырда пайда болған және ХІХ ғасырдан бастап Батыс елдерінде материалдық және рухани мәдениеттің жоғарғы сатысы деп түсіндіріледі.
Мәдениеттанушы Т.Ғабитов осы жоғарыдағы ұғымдарға мынадай түсінік береді: «Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауыммен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады..., ал өркениет (цивилизация), семантикалық жағынан алғанда, азаматтық дегенді білдіреді, ... » /1/. Ал ғалым Ғ.Есім «өркениет» деген ұғымға мынадай сипаттама береді: «Өркениет - деген бір халықтың міндетті түрде жетіп жығылатын көрініс. Өркениеттіліктің мәні оның даралығында» - дейді.
Бүгінгі қазақ тілінің байлығына, ғылымның ең терең тұнғиығына бойлай алатын қабілетіне, көркемділігіне, әдемілігіне, шешендігіне ешкім қарсы дау айтып, таласа алмайды. Біз ана тілімізді қазіргі қазақ өркениетінің қалыптасу үдерісінің басты факторы есебінде қарастырамыз. С.Е.Маловтың қазақ тілі туралы: «Түркі халықтарының ішінде ең суретшіл, образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»- деген пікірі бар.
Тіл – қатынас құралы ғана емес, халықтың тәжірибесі жинақталған мол қазынасы, мұрасы. Ұлттық тіл – ұлттық философияның қайнар көзі. Оған қазақтың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдеріндегі философиялық ой негіз бола алады. Ал, мәдениет үдерісі кең ұғым есебінде, адамның бүкіл санасын қамтиды. Өз орайында тіл сананың феномендік жағы есебінде қоғамдық жүйенің толымды қызметін қамтамассыз ететін рухани компонент болып табылады. Ол адамның рухани еңбегінің өнімі, қоғамдық өзгерістер жиынтығының маңызды бір бөлігі. Тіл – халықтың тәжірибесі, жинақталаған мол қазынасы, мұрасы, әрбір егемен елдің елдік белгілерінің ішіндегі аса маңыздыларының бірі. Әр елдің, халықтың мәдениеттілігінің сауаттылығының деңгейін айқындайтын оның тілінің қолдану аясы мен сапасы болса керек.
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылдаған сәттен бастап және Елбасымыз Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалды. Қазіргі уақытта елімізде тілдер қолданысының дамуын табысты іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты. Тіл құрылысының үрдістері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып келеді. Алайда, мемлекеттік тілдің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі оның жаңа әлеуметтік-мәдени болмысты бейнелеудегі мүмкіндіктерін кеңейтудің қажеттігі болып отыр. Бұл бағытта нысаналы түрде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.
Мәдени және БАҚ салаларында мемлекеттік тілді дамытуда белгілі бір оң ілгерілеуге қол жетті. Қазақ тіліндегі телехабарлардың көлемін ұлғайту бағытында айтарлықтай оң қадамдар жасалды. Бұл ретте мемлекеттік тілде хабар тарататын мамандандырылған телеарнаның ашылғанын атап айтуға болды. 2000 жылы 192 телеарнаның басым көпшілігі – 144-і екі тілде хабар таратты. Алайда бұл салада ерекше назар аудару қажет, бұл кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастар журналдары. Солардың арасында мемлекеттік тілде шығарылатын теле және радио хабарлар, көркем және анимациялық фильмдердің жалпы саны мен сапасы егемен Қазақстанның қажеттіліктерін қанағаттандыра алмай отыр /2/ .
Білім беру жүйесінде де мемлекеттік тілдің маңызы біртіндеп артып келеді. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің жалпы саны біртіндеп өсіп, 2000 жылы республикадағы мектептердің жалпы санының 43 % шамасына жеткен (Білім және Ғылым министрлігінің мәліметі бойынша). Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамассыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлі деңгейлерде және әр түрлі нысандарда жүзеге асырылатын дара байланысты сабақтас және мүмкіндігінше үздіксіз процесс болуға тиіс. Тіл даярлығын ұйымдастыруда қамтамассыз етуде жалпы білім беретін мектептер үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Өскелең ұрпақтың рухани-имандылық дамуы және елінің мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын дарыту мақсатында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қазақ тіліндегі көркем, танымдық әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толық және сапалы қамтамассыз етуге көңіл бөлу қажет деп ойлаймыз.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы – ана тіліміздің арқасында ұлт болып ұйып келген халқымыздың өміріндегі ұлы оқиға. Елімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасып, одан әрі дамуына қажетті жағдайлардың бәрі бар. Ендігі мақсат жоғарыда айтып өткендей жас ұрпаққа білім берудің барлық салаларында қазақ тілінде оқытуға кеңінен жол ашу. Еліміздің барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалуда. Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, себебі тіл – еліміздің мемлекеттілігінің басты факторы болып табылады. Мемлекеттік тіл еліміздегі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс-қағаздарын жүргізу тілі ретінде мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастарының барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу тілі болып табылады.
Халқымыздың барлық азаматтар үшін басты мәселе – ұлты, ұлтының тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт дәстүрі, яғни ұлттық құндылықтары, бұл құндылықтардың дамуы мен өркендеуі келешекте мемлекеттік біртұтастығын күшейтудің басты шарты. Қандайда бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді. Сондықтан мемлекетіміз үшін мемлекеттік тіл –қазақ тілі ұлтымыздың мәдени, рухани бірлігінің даму көрсеткіші болу тиіс.
Тіл тағдыры десек – ұлт тағдыры десек, тілі жағынан да ұлттық дәлелі де, дінді, ұлттық мәдениеті мен әдебиеті де, салт-дәстүрі де, әдеп-ғұрпы да, менталитеті де жойылады. Біз мәдениетті тілден бөліп қарастыра алмаймыз. Өйткені, тіл – мәдениет дамуының факторы есебінде өркениеттік дамудың бір көзі болып табылады.
Ал біз өркениетті, дамыған ел болу үшін, қазақ ұлтының ұлт болып сақталып қалуы үшін бір-ақ сүйеніш, бір-ақ тірек бар. Ол – тіл. Егер тіл әлсіресе немесе жоғалса, ұлтқа да, сонан кейін мемлекетке де қатер. Өйткені патриотизм де, рух та тек тілмен қоректенеді, тілден нәр алады, содан қуаттанады. Тілді сақтау – ұлтты сақтау, мемлекетті сақтау. Тілді дамыту ұлтты дамыту, мемлекетті, өркениетімізді, мәдениетімізді дамыту деп түсінеміз. Өркениет туралы бүгінгі күні көп зерттеуде. Ал қазаққа байланысты өркениеттілікті тек техникалық, экономикалық жағынан қарастырсақ, ауыз толтырып айтарлықтай жағдайымыз бар екен. Сондықтан да қазақ өркениеті, мәдениеті, тілі туралы айту әбден орныды. Бұдан байқайтынымыз, мәдениет пен өркениет бір-біріне байланысты ұғымдар. Мәдениеттанушы Г.Чайлдың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қаланың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
«Ұлттық мәдениетте жалпы азаматтық мәдениет, тек оның көріну аймағы, географиясы өзгеше. Әлемдік мәдениет ұлттық мәденеттің ортақ заңдылықтарын бейнелейтін ұғым» /3/ деп Ғ.Есім айтқандай, ұлттық мәдениетті бүкіл азаматтық өркениеттің құндылықтары мен талаптарын ескергенде ғана жандандыруға болатындығы өмір талабынан туған заңдылық болып табылады.
Күні кешеге дейін ғалымдар «Дала өркениеті» деген терминді қолданып келді. Ендігі жерде «Қазақ өркениеті» деген ұғымды еңгізуді дұрыс деп ойлаймын. Осы жерде Ғ.Есім: «Біз ұлттық мәдениет, менталитет, ұлттық ерекшелік деп айтып та, жазып та жүрміз. Ойлаймын осының бәрінің ұғымын сыйғызып, оны «Қазақстандық өркениет»-дейтін мезгіл жетті», - деген ой тастайды /4/. Менінше, бұл өте орынды айтылған сөз.
Егер әлемдік өркениетке қазақтардың қосқан үлесін тізетін болсақ, онда біз бір мақаламен шектеле алмаймыз. Ұлттық тіл сақталмаса, ұлттық тарихымызды шынайы күйінде кім жазып береді ? Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы - өз ұлтының ауыз және жазба әдебиетінің құндылықтары. Ұлы Абайда өзінің ана тілінен бастау алған.
Ерте кездің өзінде-ақ біздің бабаларымыз мекендеген жерлерде 400-ге жуық қалалар болған екен. Соншама қалаларды тұрғызған қазақ халқында өркениет болмаған деп айта алмайды. Осының бәрі халқымыздың өркениеттілігін мойындататын бірден-бір айғақ, дәлел. Қазақ өркениетін – қазақ халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігі, ұлан байтақ жері бар, ауыз және жазба мәдениеттің даму үрдісі бар ежелгі өркениетті ел деп білеміз.
Сөз соңында қортындылай келе, біз қазақ халқының өркениеттік даму кезеңіндегі басты факторларының бірі есебінде тілдің қызметін талдадық..
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Философия және мәдениетану - Алматы, 1998 ж.
2. Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарғы арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
3. Ғ.Есім Сана болмысы. –Алматы, 1999 ж.
4. Ғ.Есім Береке басы – бірлік. // Егемен Қазақстан 2002 ж. 12 ақпан.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ халқының өркениеттік даму кезеңіндегі басты факторларының бірі есебінде тілдің қызметі қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается роль языка в цивилизации казахского народа.
Э К О Н О М И К А Ж Ә Н Е М Е Н Е Д Ж М Е Н Т
Достарыңызбен бөлісу: |