Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Реактивтер мен құралдар: концентрлі тұз қышқылы HCl, марганец диоксиді MnO2, металл шпатель, қалайы ұнтағы, калий перманганаты KMnO4, күкірт қышқылы H2SO4, калий гидроксиді KOH, су, натрий сульфиті Na2SО3, калий дихроматы K2Cr2O7, темір (ІІІ) хлориді FeCl3, крахмал, мыс нитраты Cu(NO3)2∙3H2O, калий йодиді KI, сутегі тотығы H2O2.
Тәжірибе №1. Қалайы және хлордың әрекеттесуі ТАРТҚЫШ ШКАФТА!
Концентрлі тұз қышқылы мен марганец диоксидінің әрекеттесуі арқылы хлорды алыңыздар. Сынауықты хлормен толтырып, оны тығынмен жабыңыздар. Сынауықты штативке орнатып, оған алдын-ала металл шпательде қыздырылған қалайы ұнтағын себіңіздер. «Отын жауының» және қалың түтіннің пайда болуын түсіңдіріңдер (SbCl3 – қайнау темп. 221°С, балқу темп. 73°С; SbCl5 – қайнау темп. 140°С, балқу темп. 3°С).
Тәжірибе №2. Әр түрлі ортадағы калий перманганатының тотығуы. Үш сынауыққа 3 мл калий перманганаты ерітіндісін құйыңыздар. Бірінші сынауыққа 2 мл күкірт қышқылын, екіншіге 2 мл калий гидроксидін құйыңыздар, үшіншісіне 2 мл су. Әр пробиркаға 3 мл натрий сульфитін құйыңыздар.
Калий перманганатының түрінің қалай өзгеретіндігін байқаңыздар. ТТР-ның теңдеуін жазыңыздар.
MnO4--қызыл көк, Mn2+- түссіз, MnO42—жасыл, MnO2 қоңыр тұнба.
Тәжірибе №3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күкірт (ІҮ) қосылыстары. Бір сынауққа калий дихроматы K2Cr2O7 ерітіндісін, екінші сынауыққа натрий сульфиді ерітіндісін Na2S құйыңыздар. Екі сынауыққа да 3 мл күкірт қышқылын және 3 мл натрий сульфиті Na2SО3 ерітіндісін құйыңыздар. Бірінші сынауықтағы ерітінді түрі қалай өзгереді? Екінші сынауықтаы ерітінді түрі неге бұлыңғырланады? Екі ТТР-ның да теңдеуін жазыңыздар.
Тәжірибе №4. Темір (ІІІ) хлоридінің калий иодидымен тотығуы. Сынауыққа 5 мл темір хлоридінің және 3 мл калий иодиды ерітінділерін құйыңыздар. Ашық сары түске боялғанша бұл ерітіндіні сумен сұйылтыңыздар да 2-3 тамшы жаңадан жасалған крахмал ерітіндісін тамызыңыздар. ТТР теңдеуін жазып, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңіздер.
Тәжірибе №5. Диспропорциалану реакциясы. Екі сынауыққа 2-3 тамшы натрий сульфиті кристалдарын салыңыздар. Бір сынауықты салыстыруға қалтырыңыздар. Екінші сынауықты 5-6 минут қыздырыңыздар. Сынауықты суытыңыздар. Екі сынауыққа да 5-6 тамшы дистильденген су құйыңыздар да тұздарды ерітіңіздер. Әр сынауыққа 2-3 тамшы мыс (ІІ) сульфатын құйыңыздар. Екі сынауықтағы тұнбаның түсін салыстырыңыздар. Екінші сынауықта пайда болған қара тұнба мыс сульфиді. Натрий сульфитін қыздырғанда екінші шыққан зат натрий сульфаты. Натрий сульфитін қызыдрғанда жүрген ТТР теңдеуін жазыңыздар.
Тәжірибе №6. Молекулааралық ТТР. Пробиркаға бірнеше мыс нитраты Cu(NO3)2∙3H2O кристалдарын салыңыздар. Пробирканы ақырындап қыздырыңыздар. Кристалл түрі өзгереді және одан газ бөлініп шығады. Мыс нитратының ыдырауы нәтижесіндегі ТТР-ның теңдеуін жазыңыздар.
Cu(NO3)2- ақ; Cu(NO2)2 - болмайды; CuO - қара; Cu - қызыл; N2, NO, O2 - түссіз; NO2 - буырыл. Мыс нитраты молекуласындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіздер.
Тәжірибе №7. Калий пермангантының натрий сульфитімен әрекетесуі. Сынауыққа бір тамшы күкірт қышқылымен қышқылдандырылған калий перманганатының KMnO4 3-4 тамшысын құйыңыздар, оған 2-3 тамшы натрий сульфиті Na2SO3 ерітіндісін қосыңыздар. MnO4- ионына тән фиолет түстің жойылуын бақылаңыздар.
Реакция мына схемамен жүреді:
KMnO4 + Na2SO3 + H2SO4 → MnSO4 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O
Тәжірибе №8. Сутек тотығының тотығу-тотықсыздану қасиеттері. а) Калий йодидінің KI бір тамшысына күкірт қышқылымен қышқылдандырылған сутегі асқын тотығы H2O2 ерітіндісін құйыңыздар. Бір тамшы крахмал ерітіндісін қосып, бос йодтың бар екендігіне көз жеткізіңіздер.
Реакция мына схемамен жүреді:
KI + H2O2 + H2SO4 → K2SO4 + I2 + H2O
Сутегі асқын тотығы қандай қасиеттер көрсетеді?
б) Сынауыққа 2-3 тамшы калий перманганаты ерітіндісін, сондай мөлшерде күкірт қышқылы ерітіндісін және 2-3 тамшы сутегі тотығын құйыңыздар. Не байқалады?
KMnO4 + H2O2 + H2SO4 → MnSO4 + K2SO4 + O2 + H2O
«а» тәжірибесіндегі сутегі асқын тотығы қасиеттерімен сәйкестендіріңіздер.