К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет24/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Төмендегі тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар: K2S, Na3PO4, Mg(NO3)2, ZnSO4, AlCl3, CH3COONH4, (NH4)2CO3, Cu(CH3COO)2, Al2S3. Бұл тұздардың ерітіндісіндегі реакция ортасын көрсетіңдер.
2.Гидролиз деген не? Қандай тұздар гидролизге көбірек түседі? Қандай тұздар гидролизге түспейді?
3.Гидролиз дәрежесі деген не және ол неге байланысты?
4.Қайтымсыз гидролиз деген не? Мысал келтір.
5. Сулы ерітінділерде қандай тұздар гидролизге ұшырайды: BaCl2, Pb(NO3)2, K3PO4, Na2S, ZnBr2? Тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар.
6. Тұздардың сулы ерітінділерінде қандай орта (қышқыл, сілті және бейтарап) болады: AlCl3, KNO3, CuSO4, Na2CO3? Тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар.
7. Келесі тұздар сулы ерітіндіде гидролизге ұшырайды ма: NaNO3, CuI2, (NH4)2CO3? Тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар.
8. Металдық магний CuCl2 ерітіндісімен әрекеттескен кезде тек қана мыстың магниймен ығысуы ғана емес, сондай-ақ газдың бөлінуі жүреді. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
9.Келесі тұздар үшін гидролиз теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар: (NH4)3PO4, Fe(NO3)3, AlCl3, Na2S.
10.Келесі тұздар үшін гидролиз теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар: CuSO4, K2SO3, (CH3COO)2Ba.
10. Неліктен CrCl3 және Na2S ерітінділерін қосқанда Cr2S3 тұнбасын алуға болмайды?
11. AlCl3 және Na2CO3 ерітінділерін араластырғанда неліктен газ бөлінеді және тұнба түседі?
12. Неліктен мырыш өзінің тұздарында ериді? Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
13. Na+, Mg2+, Ca2+, Ba2+, Al3+, Fe3+, Fe2+ катиондарының жылу гидратация мәндерін пайдаланып, катионның өлшемі және зарядына байланысты иондардың су молекуласымен әрекеттесуі қабілетін сипаттаңдар.
14. 25ºС кезінде катион (аквакомплекстердің қышқылдық иондануы) бойынша гидролиз константасы Na+ Mg2+ Ca2+ Ba2+ Al3+ Fe3+ Fe2+
рКгидр ......... 15 11,4 12,6 13,2 5,1 9,5 2,2
а) Fe3+ және Fe2+ иондары қатысуымен гидролиз константасы үшін мәндерін жазыңдар.
б) Катионның заряды және өлшемі арасында және оның гидролизге қабілеттілігі арасында қандай тәуелділік бар?
в) Катионның гидролизге икемділігі және оның гидроксидінің негіздік иондануға қабілеттілігі арасында қандай байланыс бар (негіздік күші)?
15. Анион ЭОn-4 және су молекуласы арасындағы сутектік байланыс энергиясы ClO-4—SO2-4—PO3-4—SiO4-4 қатарында 7,1-ден 35,6кДж/моль – ге дейін артатыны белгілі.
а) ClO-4 және PO3-4 аниондары қатысуымен гидролиз константасы үшін мәндерін жазыңдар.
б) Анионның заряды және өлшемі арасында және оның гидролизге қабілеттілігі арасында қандай тәуелділік бар?
в) Анионның гидролизге икемділігі және оның қышқылының қышқылдық иондануға қабілеттілігі арасында қандай байланыс бар (қышқылдық күші)?
16. Н3РО4 иондануының үш сатылы константа және PO3-4 анионы бойынша сатылы гидролиз константасы мәнін келтіріңдер.
PO3-4 ионы бойынша қай сатыда гидролиз жоғары деңгейде жүреді (және неліктен)?
17.Na2CO3 және CuCl2 гидролиз константасы үшін мәндерін жазыңдар.
а) Егер бірінші ерітіндіге қышқыл, ал екіншісіне сілті қосса, реакциядағы тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
б) Неліктен суда тұздарды еріткен кезде, мысалы Pb(NO3)2, SnCl2 ерітіндіні қышқылдандырады?
в) Ерітіндіні сұйылту қосылыстардың гидролиз деңгейіне қалай әсер етеді?
18. Н2О = Н+ + ОН- тепе-теңдік күйіне температура қалай әсер етеді және ерітіндіні қыздыру кезінде қосылыстардың гидролиз деңгейіне қалай әсер етеді?
19. 1) бірядролы комплекстер FeOH2+ және Fe(OH)+2; 2) екіядролы комплекстер Fe2(OH)4+2 ; 3) көпядролы гидроксо- және оксокомплекстер түзілуін ескере отырып, Fe3+ катионы бойынша гидролиз схемасын келтір. Гидролиздің мұндай өнімдер түзілу шарттары қандай?
20. Реакцияның ∆G°298 есептеңдер:
1) 2Al3+ (еріт) + 3S2- (еріт) = Al2S3 (к)
2) 2Al3+ (еріт) + 6H2O (с) + 3S2- (еріт) = 2Al(OH)3 (к) + 3H2S (еріт)
а) Осы процесстердің қайсысы термодинамикалық мүмкін?
б) Тұздар гидролизінің өзара күшею механизмі қандай? Сулы ерітіндіде алмасу реакциясы бойынша Al2S3 тұнбасының түзілуі мүмкін бе?
в) AlCl3 және Na2CO3 ерітінділерін қосқан кезде қандай өнімдер түзіледі?
21. Төменде келтірілген гидролиз реакцияларының қайсысы қалыпты жағдайда қайтымды, ал қайсысы қайтымды емес? Жауапты негіздеу үшін реакциялардың ∆G°298 есептеңдер.
PCl3 (с) + 3H2O (с) = H3PO3 (еріт) + 3HCl (еріт)
AsCl3 (с) + 3 H2O (с) = H3AsO3 (еріт) + 3HCl (еріт)
22. SnO2·nH2O (TiO2·nH2O) гидратталған оксидінің түзілуіне әкелетін SnCl4 (TiCl4) гидролизін түсіндіру үшін қандай механизм ұсынуға болады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет