К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет55/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Тәжірибе №5. Хроматтар және дихроматтардың өзара айналулары. а) 3-4 тамшы калий хроматы K2CrO4 ерітіндісіне сонша мөлшерде күкірт қышқылын Н2SO4 қосыңдар. Ерітінді түсі неге өзгергенің түсіңдіріңдер және реакцияны ионды және молекулалық түрде жазыңдар.

б) 3-4 тамшы калий дихроматы ерітіндісіне 3-4 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Реакцияның ионды және молекулалық түрде құрастырыңдар. рН қандай мәндерінде ерітіндіде хроматтар, дихроматтар болады және олардың иондарының ерітіндідегі түсі қандай?




Тәжірибе №6. Кейбір d-металдардың катиондарына сапалық реакция. Хром (Cr3+ и CrO42-) иондарына реакция
а) 2-3 тамшы жасыл не фиолет Cr3+ тұздарының ерітіндісіне (нитрат немесе хлорид) 3-4 тамшы сілті ерітіндісін NaOH, 4-5 тамшы 3%-ті H2O2ерітіндісін қосып, қайнағанша қыздырыңдар. Реакция жүру нәтижесінде ерітінді түсі сары болғанда тотығуды аяқталды деп есептеуге болады.
[Cr(OH)6]3+ + H2O2 = CrO42- + 4H2O
Реакция теңдеуінің молекулалық теңдеуін құрастырыңдар.

б) 2-3 тамшы калий хроматы K2CrO4 ерітіндісіне 1-2 тамшы күміс нитраты ерітіндісін AgNO3 қосыңдар. Күміс хроматы түсі белгілеңдер және реакция теңдеуін ионды және молекулалық түрде жазыңдар.


в) 2-3 тамшы калий дихроматы K2Cr2O4 ерітіндісіне 1-2 тамшы күміс нитраты ерітіндісін AgNO3 қосыңдар. Не байқалады? Ag2CrO4 және Ag2Cr2O7 тұнбалары немен ажыратылады? Реакция теңдеуін ионды және молекулалық түрде жазыңдар.




Темір иондарының реакциясы (Fe2+ и Fe3+).
а) 2-3 тамшы FeCl3 ерітіндісіне 1-2 тамшы 2н HCl ерітіндісін және 1-2 тамшы K4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосыңдар. Берлиндік лазурь тұнбасы түзіледі Fe4[Fe(CN)6]3? Реакция теңдеуін ионды және молекулалық түрде жазыңдар. Алынған тұнбаға сілті NaOH ерітіндісінің артық мөлшерін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін құрастырыңдар.

б) Сынауыққа 1-2 тамшы FeCl3 ерітіндісін, 1-2 тамшы 2н HCl ерітіндісін және 3-4 тамшы калий роданиді KSCN ерітіндісін немесе аммоний роданиді NH4SCN ерітіндісін қосады. Fe3+ ионы болс қызыл-қан түс пайда болады (темір роданиді түзіледі Fe(SCN)3).


в) 2-3 тамшы FeSO4 ерітіндісіне 2-3 тамшы 2н HCl ерітіндісін және 2-3 тамшы K3[Fe(CN)6] ерітіндісін қосады. Көк Fe3[Fe(CN)6]2 түзілуін бақылаңдар. Реакцияның ионды және молекулалық формасын құрастырыңдар.




Тәжірибе №7. Темір (ІІ) қосылыстарының тотықсыздандырғыш қасиеті. Екі сынауыққа 3-4 см3 Мор тұзының ерітіндісін құйыңдар. Біреуіне бір тамшы концентрлі азот қышқылын тамызыңдар, газ бөлінуін тоқтатқанша ерітіндіні қыздырыңдар. Ерітінді суыған соң, екі сынауықтан дабір тамшыдан 0,1 н аммоний (не калий) роданидін тамызыңдар. Қай сынауықта ерітінді өзгереді. Неге? Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот қышқылы азот (ІІ) оксидіне дейін тотықсызданады.


Тәжірибе №8. Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері. Сынауыққа 3-4 см3 темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы калий иодидінің ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді түсі неге өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.


Тәжірибе №9. Темір тұздарының гидролизі. а) Сынауыққа 3-4 см3 лакмус ерітіндісін құйып, оған Мор тұзының ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндісін шайқап, оның түсінің өзгергеніне қарай, реакция ортасын айтыңдар. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісінің гидролизінің теңдеуін жазыңдар.
б)Екі сынауыққа 3-4 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар да бір-екі темір (ІІІ) хлоридінің кристалын салыңдар. Ерітіндінің түсі арқылы реакция ортасын анықтаңдар? Бір сынауықты қыздырыңдар. Енді не байқадыңдар. Бұл тұздың гидролиз дәрежесін қалай азайтуға болады? Темір (ІІ) хлориді ме әлде темір (ІІІ) хлориді көбірек гидролизге ұшырай ма?


Тәжірибе №10. Кобальттың комплексті қосылыстары. а) 3-4 см3 кобальт (ІІ) тұзының ерітіндісіне тамшылатып концентрлі аммиак ерітіндісін кобальт (ІІ) гидроксидінің тұнбасы түскенше, сосын тұнбаның комплекс қосылыс түзілуінің нәтижесінде ерігенге дейін құйыңдар. Кобальттың координациялық саны 6-ға тең. Алынған ерітіндіні екіге бөліңдер. Бір сынауықтағы ерітіндіні түсі өзгергенге дейін жақсылап шайқаңдар. Кобальт (ІІ) комплексі кобальт (ІІІ) комплексіне айналады. Екінші сынауықтағы 2-3 тамшы 3% сутегі пероксидінің ерітіндісін құйыңдар. Неге ерітінді түсі өзгерді? Енді осы екі сынауыққа да аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Неге тұнба түсті? Мына реакциялар теңдеулерін жазыңдар: а)кобальттің (ІІ) аминокомплексінің түзілуінің; б)оның ауадағы оттегі мен сутегі гидроксидімен тотығып, кобальт (ІІІ) аминокомплексінің түзілуін; в)алынған комплекс қосылыстарының диссоциациясын; г)комплекс иондарының диссоциациясын; д)кобальт (ІІІ) аминокомплексінің аммоний сульфидімен әрекеттесуін.
б) сынауықтағы 3-4 см3 су құйып, 2-3 тамшы никель тұзының ерітіндісін және бір тамшы диметилглиоксим ерітіндісін құйыңдар. Никель диметилглиоксимат комплексінің тұнбасы түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет