Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар
бет 27/65 Дата 20.09.2022 өлшемі 2,71 Mb. #150016
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка Өзін-өзі бақылауға және зертханалы қ жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды?
2.Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?
3.Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан?
4.Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері:
а)период бойынша (солдан оңға қарай)
б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді?
5. Эквиваленттің молярлық массасын тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш үшін қалай есептейді?
6. Элементтің тотығу дәрежесінің өзгеруі туралы көзқарастарыңнан тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш түсініктерін тұжырымдаңдар.
7. Келесі тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтаңыздар. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты көрсетіңіздер.
1) Zn + S → ZnS
2) FeCl3 + HI → FeCl2 + I2
3) MnO2 + HCl( конц. ) → Cl2 +
4) KMnO4 +NaNO2 + H2 SO4( сұйыл. ) → MnSO4 + NaNO3 +
5) KMnO4 + Na2 SO3 + H2 SO4( сұйыл. ) → MnSO4 + Na2 SO4 +
6) I2 + Cl2 + H2 O → HIO3 +
7) Cl2 + KOH → KClO3 +
8) KClO3 → KCl +
9) HNO2 → HNO3 + NO +
10) Zn + H2 SO4 ( сұйыл. ) →
11) Cu + HNO3 → Cu(NO3 )2 + NO +
12) As2 S3 + HNO3 → H3 AsO4 + H2 SO4 + NO
13) Mg + HNO3 → Mg(NO3 )2 + NH4 NO3
8. Мына заттардың қайсысы тек тотықтырғыш, тек тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады: Cl2 , KMnO4 , Na2 S, FeSO4 , NaNO2 , KI, PbO2 , KBr, Na2 SO3 , K2 CrO4 .
9. Келесі жартылай реакция теңдеулерін аяқтаңыздар:
1) Fe3+ → Fe2+
2) S2- → S
3) MnO4 - → Mn2+
4) NO2 - → NO3 -
5) SO3 2- → SO4 2-
10. Ион-электронды баланс әдісін пайдаланып, реакция теңдеулерін аяқтаңыздар:
1) MnO4 - + NO2 - → Mn2+ + NO3 -
2) Fe3+ + S2- → S + Fe2+
3) MnO4 - + I- + → Mn2+ + I2 +
4) MnO4 - +SO3 2- → Mn2+ + SO4 2-
5) ClO- + I- → IO3 - + Cl-
11. Ион-электронды баланс әдісін қолданып келесі теңдеулерді аяқтаңыздар:
1) KMnO4 + NaNO2 + H2 SO4 → MnSO4 + NaNO3 + H2 O
2) S + Cl2 + → H2 SO4 +
3) KMnO4 + Na2 SO3 + → MnSO4 + Na2 SO4 +
4) Cu + H2 SO4 → CuSO4 + SO2
5) HNO2 → HNO3 + NO
6) I2 + Cl2 → HIO3
12. 2(NH4 )2 CrO4 (к) CrO3 (к) + 2H3 N (г) + N2 (г) + 5H2 O (г) реакцияның ∆H°298 , ∆S°298 , ∆G°298 есетеңдер.
а) Осы процесс жүруіндегі энтальпиялық және энтропиялық факторлардың рөлі қандай?
б) Процесс қайтымды ма?
в) Осы реакцияда тотығу дәрежесін қандай элементтер өзгертеді?
13. а) Нәтижесінде Na2 S (к) және Na2 SO4 (к) түзілетін Na2 SO3 (к) термиялық ыдырауының термодинамикалық мүмкіндігін анықтаңдар және ∆G°298 есептеңдер.
б) Берілген процесс тотығу-тотықсыздану реакциясының қандай типіне жатады?
9. Жартылай реакциялардың тотықтырғыш потенциалдарын келтіріңдер.
HNO2 + H+ +e- = NO + H2 O MnO4 - + 8H+ +5e- = Mn2+ + 4H2 O
NO3 - + 3H+ +2e- = HNO2 + H2 O I2 (к) +2e- = 2I- (еріт)
а) NaNO2 қышқылданған ерітіндісіне сәйкес KMnO4 және KI ерітінділерімен әсер еткен кезде азоттың тотығу дәрежесі өзгереді ме?
б) Осындай жағдайда NaNO2 қандай қасиет көрсетеді – тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш?
14. Келесі жартылай реакциялар үшін стандартты тотықтырғыш потенциалдарын келтіріңіздер.
Қышқыл ортада MnO4 - + 8H+ +5e- = Mn2+ + 4H2 O
SO4 2- + 2H+ +2e- = SO3 2- + H2 O
Бейтарап ортада MnO4 - + 2H2 O + 3e- =MnO2 + 4OH-
SO4 2- + 2H+ +2e- = SO3 2- + H2 O
Сілтілік ортада MnO4 - +e- = MnO4 2-
SO4 2- + H2 O + 2e- = SO3 2- + 2OH-
а) 1) қышқыл 2) сілтілік 3) бейтарап орталарда KMnO4 және Na2 SO3 ерітінділері арасындағы жүретін реакцияның термодинамикалық мүмкіндігін анықтаңыздар.
б) Қандай ортада MnO4 - ионының тотықтырғыш қасиеті күшті байқалады?
15. Төменде көрсетілген жүйелердің қайсысы тотықтырғыш ретінде қышқыл калий (VII) оксоманганат ерітіндісін MnO4 - + 8H+ + 5e- = Mn2+ + 4H2 O
қолданса тотықсыздандырғыш болады:
Fe3+ +e- = Fe2+ F2 +2e- = 2F-
Co3+ +e- = Co2+ S + 2H+ +2e- = H2 S
Pb4+ +2e- = Pb2+ I2 +2e- = 2I-
Реакция теңдеулерін құрыңдар.
16. MnO4 - ионының көмегімен NO2 - ионының NO3 - ионына дейін тотығу мүмкіндігін және осы реакцияның жүру тереңдігін тұжырымдаңдар.
17. Қандай тотықтырғыш және тотықсыздандырғышты білесіңдер?
18. Бір зат әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш бола ала ма?
19. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының өнімдері неге тәуелді?
20. Электронды баланс әдісі бойынша тотығу-тотықсыздану реакцияларында коэффициенттерді қою мәні неде?
Достарыңызбен бөлісу: