К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет35/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Металдар коррозиясы деген не?
2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?
3.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?
4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?
5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?
6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.
7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №15

Комплексті қосылыстар




Жұмыстың мақсаты: Катионды, анионды, бейтарап комплекс қосылыстарды алу және қасиеттерін зерттеу
Маңызды түсініктер: комплекс қосыылстар, донор-акцепторлы байланыс, лиганда, комплекс түзуші, координациялық сан, тұрақсыздық константасы.
!Білу керек. 1. Комплекс қосылыстар жалпы сипаттамасын білу. 2. Комплексті қосылыстағы химиялық байланыс механизмі. 3. Комплексті қосылыстардың аталуы. 4. Тотығу дәрәжесі және координциялық сан байланысы.


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Коваленттік не иондық байланыс арқылы атомдардан молекулалық қосылыс түзілсе, олар бірінші ретті деп аталда. Бірінші ретті қосылыстардың электронейтрал молекулаларының өзара әркеттесуінен түзілген көптеген қосылыстар болады. Оларды жоғары ретті молекулалар немесе комплекс қосылыстар деп атайды: NH3 + HCl NH3∙HCl NH4Cl


Комплекс қосылыстағы химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырып, комплекс қосылысқа анықтама беруге болады. Мысалы: NH4Cl молекуласы қалай түзіледі
Барлық комплекс қосылыстарда донорлы-акцепторлы (д.-а.) байланыс болады. Косплексті қосылыстар дегеніміз донорлы-акцепторлы байланыс болатын жоғары ретті қосылыстар. Комплекс қосылыстарда:

  1. Комплекс түзуші, олар көбінесе оң зарядталған металл иондары болады, көбінесе d - элементтері жатады.

  2. Комплекс түзушінің маңайында лигандалар орналасады, олар теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар.

  3. Лигандалар саны координациялық сан деп аталады.

  4. Комплекс түзуші мен лигандалар комплекс қосылыстарының ішкі сферасын түзеді, ол квадрат жақшаға алынады.

  5. Ішкі сфераны қоршап сыртқы сфера болады.

Комплексті қосылысты оқығанда, алдымен катионның одан соң анионның атын атайды. Ішкі сфеарада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды. Мысалы: C6H6 – бензол, C2H4 – этилен, N2H4 – гидразин, H2O – аква, NH3 – амин. Саны бірнешеу болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді:2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6-гекса, 7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион-лигандаларының аттарын атау үшін олардың әрқайсысының аттарына «О» жұрнағы қосылып айтылады. Мысалы: бромо – Br-, O2- - оксо, N3- - нитридо, OH- - гидроксо, CN- -циано, CO32- - карбанато, PO43- - фосфато, S2O32- - тиосульфато, C2O42- - оксалато т.б.
Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде косплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионның атына «ы» деген жалғау қосылып айтылады.
[Ag(NH3)2]Cl – диамин күміс (I) хлориді;
[Cu(H2O)4]SO4∙H2O – тетрааква мыс (II) сульфат гидраты;
[Pt(H2O)(NH3)2OH]NO3 – гидроксодиаминаква платина (IV) нитраты;
[Ru(SO2)(NH3)4Cl]Cl – хлоротетрамин күкірт диоксид рутений (II) хлориді;
Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандалардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосылады.
K[Ag(CN)2] – калий дицианоаргентаты (II);
Na3[Co(NO2)6] – натрий гексанитрикобальтаты (II);
K3[Ni(NO)2(S2O3)2] – калий дитисульфатодинитрозилникелаты (II);
Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандалардың атымен одан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.
[Co(NH3)3Cl] – трихлоротриамин кобальт;
[Ru(H2O)(NH3)4SO3] – сульфитетрааминаква рутений.
Комплекс қосылыстарының сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан суға еріткенде, олар комплекс ионы мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды:
[Ag(NH3)2]Cl → [Ag(NH3)2]+ + Cl-
K[Ag(CN)2] → K+ + [Ag(CN)2]-
Түзілген комплекс иондары өте аз мөлшерде өздерінің құрамына кіретін бөлшектерге (иондарға, молекулаларға) ыдырайды.
[Ag(NH3)2]+ → Ag+ + 2NH3
[Ag(CN)2]- → Ag+ + 2CN-
Комплекс иондарының диссоциациясы аз мөлшерде жүретін қайтымсыз процесс болғандықтан оларға әрекеттесуші массалар заңын қодануға болады және процестер сан жағынан диссоциация константасы арқылы анықталады:
Kт.з. = ([Ag+]∙[NH3]2) / [Ag(NH3)2]+ = 6,8∙10-8
Kт.з. = ([Ag+]∙[CN-]2)/ [Ag(CN)2]- = 1,0∙10-21
Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з. деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплекс иондарының тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып комплекс қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет