К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар



бет38/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
1.Келесі комплексті қосылыстардағы координациялық санды, комплекстүзушінің заряд белгісін және шамасын, комплексті ионды, лигандаларды көрсетіңдер.



Нұсқа

Комплексті қосылыстар

1

K2[HgI4], [Co(NH3)5H2O]Cl3, K4[Fe(CN)6]

2

K2[PtCl6], [Cr(H2O)4Cl2] NO3, K3[Co(NO3)6]

3

K[AuCl4], Na3[Fe(CN)6], K2[Hg(SCN)4]

4

Na3[Ag(S2O3)2], [Ag(NH3)2]SO4, [Cu(NH3)4]SO4

5

[Cr(H2O)6]Cl3, [Zn(NH3)4]SO4, Na3[AlF6]

6

H[BF4], [Ni(NH3)6]SO4, [Fe(CO)5]0

7

[Ag(NH3)2]OH, H[AgCl4], [Pt(NH3)2Cl2]0

8

[Ni(NH3)6](OH)2, [Cr(H2O)3Cl3]NO3, Na3[ZrF7]

9

[Co(H2O)6]SO4, [Cu(NH3)4](OH)2, K[Cr(H2O)2Cl4]

10

[Pt(NH3)6]Cl, [Co(NH3)4(NO2)2]NO3, [Cr(H2O)4Cl2]NO3

2. Келесі комплексті қосылыстарды алу реакцияларының ионды және молекулалық түрде құрастырыңдар:





Нұсқа

Комплексті қосылыстар

1

K2[HgI4], Na2[Sn(OH)4], H2[PtCl6]

2

[Ag(NH3)2]NO3, [Cu(NH3)4]SO4, H[AuCl4]

3

[Cr(H2O)6 ]Cl2, K3[Co(NO2)6], Na[Al(OH)4]

4

K[Ag(CN)2], [Ni(NH3)6](OH)2, Na[Al(OH)4]

5

[Cd(NH3)4]SO4, K2[Ni(CN)4], [Ag(NH3)2]NO2

3. Түзілетін комплексті тұздар суда ерімейтіндігін ескере отырып, төменде келтірілген қосылыстар арасындағы алмасу реакцияларының ионды және молекулалық түрде жазыңдар.





Нұсқа

Қосылыстар

1

K4[Fe(CN)6] және CuSO4

2

Na3[Co(CN) және FeSO4

3

K4[Fe(CN)6] және AgNO3

4

Na4[Co(CN)6] және FeSO4

5

K3[Fe(CN)6] және AgNO3

6

Na2[PtCl6 ] және AgNO3

7

K[Ag(CN)2] және CuSO4

8

K4[Fe(CN)6] және ZnSO4

9

K3[Fe(CN)6] және FeSO4

10

K3[Cu(CN)4] және Hg(NO3)2

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №16
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі s - және p - элементтері


Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі s - және p - элементтеріментанысып, қасиеттерін зерттеу.
Маңызды түсініктер: s - және p - элементтерінің атом құрылысы. Олардың валентті электрондары және орбитальдары. Периодта және топшаларда s - және p – элемент атомдарының энергия ионизациясының өзгеру сипаты. Ішкі және екіншілік периодтылық. Тотығу дәрежесінің сипаты және оған жауап беретін қосылыс типі.
! Білу керек.1. Атомның электронды конфигурациясы бойынша элементтің мүмкін тотығу дәрежелерін болжай алу. 2. Период және топшалардағы элементтің атом радиусы, тотығу дәрежесі және оған тән координациялық санның өзгеру сипатын түсіңдіру.


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Периодтық кестедегі элементтердің топтарын негізгі және қосымша деп бөлу энергетикалық деңгейшелерге байланысты. Негізгі топша элементтері сыртқы s және р-деңгейшелеріне орналасса, қосымша топша элементтерін d-және f-металдар құрайды. Әрбір топшадағы элементтердің валенттік электрондық конфигурациясы бірдей болады. Негізгі топша элементінің сыртқы деңгейшесіндегі электрондар саны топша нөмірімен сәйкес келеді. Қосымша тогапа элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 1 (Ag) не 2 (көптеген d-элементтер) электрон ғана болатындықтан, олар айқын металдарға жатады. Мысалы, VII негізгі топшада галогендердің сыртқы деңгейшесінде 7 электрон — ns2np5 бар. Сондықтан олар — нағыз бейметалдар, ал қосымша марганец топшасын алсақ, сыртқы s-орбиталінде 2 ғана электрон болатындықтан, олар нағыз металдарға жатады. Марганец топшасы нөміріне сай валенттікке ие болу үшін ішкергі (n-1) d-деңгейшедегі 5 электронды пайдаланады: 4s23d5. Жалпы алғанда, топ нөмірі химиялық байланыс түзуге қатыса алатын максимал электрондар санын көрсетеді. Бейметалдық қасиет р-элементтерге тән. Олар 8 электронды қабат түзу үшін өздеріне жетпейтін 1—3 электронды қосып алады. Әрі радиусы кішірейген сайын бейметалдығы күшейіп, тотықтырғыштық қасиеті арта бастайды. Мысалы, галогендердің бейметалдығы топша бойынша йодтан фторға қарай күшейе береді.


Барлық омыртқылылар, адамды қоса, иодсыз тіршілік жасай алмайды.
Иод қалқанша безінде жиналады, ол иоды бар гормондар түзеді. Бұл гормондар ағзадағы заттардың алмасуын жүргізеді. Егер ағзада иод болмаса,зоб ауруымен ауырады, сондықтан ас тұзына иод қосылады.
Фтор ағзаға судан түседі. Егер фтор жетіспесе, тіс ауруына әкеледі.


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Реактивтер мен құралдар: MnO2 ұнтағы, концентрлі тұз қышқылын HCl, KI ерітіндісі, калий бромиді KBr, фильтр қағазы, концентрлі күкірт қышқылы ерітіндісін H2SO4, күкіртсутек H2S, Na2SO3 ерітіндісі, бензол, спирт, диэтил спирті, үшэтиламин, төрт хлорлы көміртек CCl4, қызыл фосфор, иод кристалдары, күміс (І) және қорғасын (ІІ) иондары, натрий хлориді NaCl, висмут (ІІІ) нитраты BiNO3 ерітіндісі, иодты қышқыл HIO3, натрий тиосульфаты Na2SO3.




Тәжірибе №1. Галогендердің алынуы. а) Газөткізетін түтікшесі бар сынауыққа MnO2 ұнтағын салыңдар және MnO2 қабатын толығымен жауып тұратындай сондай мөлшерде концентрлі тұз қышқылын HCl құйыңдар. Қоспаны абайлап қыздырып, бөлінген газды алдын ала KI ерітіндісіне малынған фильтр қағазы көмегімен зерттеңдер. Бөлінген газдың түсіне назар аударыңдар.
Хлорды құрғақ сынауыққа жинаңдар. Сынауық хлорға толғаннан кейін, газөткізгіш түтікшені түбіне дейін түсіру керек. Хлордың алынуының реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Құрғақ сынауыққа 2-4 кристал KBr (KI) және сондай мөлшерде MnO2 салыңдар. Қоспаға бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылы ерітіндісін H2SO4 құйып, ақырындап қыздырыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.
Тәжірибе №2. Галогендердің тотықтырғыш қасиеттері. а) Күкіртсутек суы бар сынауыққа бірнеше тамшы бром суын құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.
б) Na2SO3 ерітіндісіне тамшылап иод суын құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №3. Фосфордың хлормен (иодпен) тотығуы. а) Хлоры бар сынауыққа қызыл фосфор ұнтағын салыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.
б) Құрғақ иодтың және бес есе көп қызыл фосфор қоспасын құрғақ сынауыққа салыңдар. Сынауықты газөткізгіш түтікшесі бар сынауыққа салып, штативке орнатып, 2-3 мин әлсіз жалында қыздырыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №4. Бутәрізді иодтың және оның ерітінділерінің CCl4 –тегі түсі. Екі құрғақ сынауыққа 1-2 иод кристалдарын салыңдар. Бір сынауықты иод буы түзілгенше қыздырыңдар, ал екіншісіне CCl4 құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №5. Иодтың әртүрлі еріткіштерде еруі және ерітінді түстері. Әртүрлі сынауықтарда иодтың бензолда, спиртте, диэтил спиртінде, үшэтиламинде еруін зерттеңдер. Ерітінділердің түстерінің әртүрлі болуын түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №6. Суда аз еритін галогенидтер (галогенид иондарға сапалық реакция). Күміс (І) және қорғасын (ІІ) иондарын галогенид-иондарға әсерін зерттеңдер. Түзілген тұнбалардың түсін белгілеңдер. Реакция теңдеулерін құрастырыңдар.


Тәжірибе №7. Тұз қышқылын алу. Газөткізгіш түтікшесі бар сынауыққа NaCl салыңдар, оған бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, ақырындап қыздырыңдар. Газөткізгіш түтікше тесігіне ретпен ылғал лакмус қағазын және концентрлі аммиак ерітіндісіне батырылған шыны таяқшаны жақындатыңдар. Не байқалады?
Бөлінген газды суы бар сынауыққа жіберіңдер. Сапалық реакциялар арқылы ерітінді тұз қышқылы екендігін дәлелдеңдер.


Тәжірибе №8. Сутегі галогенидтерінің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру. Әртүрлі сынауықтарға KBr және KI себіңдер. Тұздарға бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылын тамшылатып, ақырындап қыздырыңдар. Бөлінген будың түсін бақылаңдар. Абайлап олардың иістерін және лакмусқа реакциясын зерттеңдер. Реакция теңдеулерін құрастырыңдар.


Тәжірибе №9. Галоген комплекстердің түзілуі. Висмут (ІІІ) нитраты ерітіндісіне тамшылап калий иодиді ерітіндісін тұнба түзілгенше қосыңдар. KI ерітіндісінің артық мөлшерін тұнба ерігенше қосыңдар. Әрекеттесетін иодидтердің қышқыл-негіздік қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар.

Тәжірибе №10. Калий (V) оксохлоратының алынуы. Ыстық концентрлі калий иодиді ерітіндісі бар стакан арқылы 3-5 мин хлор өткізіңдер. Кейін ерітіндіні суытыңдар. Кристалдардың түзілуің түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №11. Бром және иодтың сілтімен әрекеттесуі. Сұйық бромға (кристалдық иод) тамшылап сілті ерітіндісін қосыңдар. Түссізденуді бақылаңдар. Кейін қышқыл реакцияға дейін сұйылтылған күкірт қышқылын және бірнеше тамшы бензол қосыңдар. Қоспаны шайқаңдар. Құбылысты түсіңдіріңдер.




Тәжірибе №12. Иодты қышқылдың түзілуі және оның тотықтырғыштық қасиеті. а) Суы бар сынауыққа 2-3 тамшы KI және бензол тамызыңдар, содан кейін тамшылап хлор суын қосыңдар. Ерітінді түсінің алдымен пайда болып, кейін жоғалып кетуін түсіңдіріңдер.
б) HIO3 ерітіндісіне тамшылап Na2SO3 ерітіндісін қосыңдар. Ерітінді түсінің алдымен пайда болып, кейін жоғалып кетуін түсіңдіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет