К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет40/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №17
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі VI топтың p – элементтері


Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VI А топшасында орналасқан оттегі және күкірттің алынуы, олардың қасиеттерімен танысу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт сыңғыш келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады. Күкірт – ағзада негізінен органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин қышқылдарының құрамында кездеседі. Олар цистин, метионин, инсулин, т.б. Егер ағзада күкірт жетпесе ақуыз түзілуі әлсірейді. Күкірт каучукты резинаға айналдыру (вулканизация) үшін, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды аластау үшін, оқ-дәрі жөне сіріңке өндірістерінде қолданылады


Оттегі өмірге керек барлық органикалық заттар құрамына кіреді: ақуызда, майларда. Оттегі арқылы тіршіліктің барлық процестері жүреді. Тыныс алу, аммиак қышқылдарының тотығуы, майлардың тотығуы. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады. Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Реактивтер мен құралдар: марганец оксиді MnO2, калий (V) оксохлораты KClO5, қызыл фосфор, күкірт темір сымы, кальций оксиді СаО, фосфор оксиді Р2О5, натрий пероксиді, 2н күкірт қышқылы, калий (VII) тетраоксоманганатына K2MnO4, калий иодиді КІ, сутегі тотығы Н2О2, CS2, қорғасын нитраты Pb(NO3)2, концентрлі азот қышқылы HNO3, K+, Fe2+, Zn2+, Cd2+, Pb2+, Cu2+ тұздары, күкіртті сутек ерітіндісі H2S, (NH4)2S ерітіндісі, темір (ІІ) сульфиді FeS, фарфор тигель, сынауық, стакан, шыны таяқша, кристализатор.


Тәжірибе №1. Тұздарды ыдырату арқылы оттегіні алу және оның тотықтырғыш қасиеттері. Катализатор қатысында (MnO2) калий (V) оксохлоратын (бертолет тұзы) ыдыратып оттегіні алыңдар, оны үш цилиндрге жинаңдар. Оттегісі бар әртүрлі цилиндрге қызыл фосфор, жанып тұрған күкірт және қызған темірді салыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.

Тәжірибе №2. Оксидтердің суға әсері. Дистильденген суы бар екі сынауыққа кальций (ІІ) және фосфор (V) оксидін салыңдар. Реакция жүреді ме және қандай орта түзілетінің тексеріңдер.


Тәжірибе №3. Натрий пероксидінің гидролизі. Суы бар сынауыққа натрий пероксидінің аздаған мөлшерін себіңдер. Қандай газ бөлінеді және ерітіндіде не түзіледі? Байқауды түсіңдіріңдер. Процесті тездету үшін катализатор (MnO2) қолданыңдар.


Тәжірибе №4. Барий пероксидінен сутегі пероксидін алу. Стаканға 5 мл 2н күкірт қышқылын құйыңдар және оны мұзбен немесе қармен суытыңдар. Содан кейін оған 1 г барий пероксидін себіңдер. Қоспаны 4-5 мин шыны таяқшамен араластырыңдар. Ерітіндіні тұнбадан ажыратыңдар және онда сутегі пероксиді бар екенін калий иодиді ерітіндісімен әсер етіп тексеріңдер.


Тәжірибе №5. Сутегі тотығының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттері. А) Күкірт қышқылымен қышқылдандырылған калий иодиді ерітіндісіне сутегі тотығын құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.


Б) Күкірт қышқылымен қышқылдандырылған калий (VII) тетраоксоманганатына K2MnO4 сутегі тотығы ерітіндісін құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.
В) Сутегі тотығын қыздырғанда қандай газ бөлінетінің тексеріңдер. Процесті тездету үшін катализатор (MnO2) қолдануға болады.

Тәжірибе №6. Ромбалы күкіртті алу. (Оттан алыс жерде!). Құрғақ сынауыққа 4-5 мл CS2 құйыңдар және аздаған мөлшермен күкірт ұнтағын қанық ерітінді түзілгенше себіңдер. Ерітінді тамшысын екі шыны ортасына енгізіп, микроскоппен кристалдардың өсуін бақылаңдар. Байқаған суретті салыңдар.


Тәжірибе №7. Моноклинді күкіртті алу. Күкірт ұнтағын фарфор тигельде баяу балқытыңдар. Содан кейін кристалдық қабықшалардың түзілгенін бақылап, тигельді суытыңдар. Кристалдар тигельдің тура ортасына жиналғанда, тездетіп күкіртті суы бар стаканға құйыңдар. Микроскоппен қарап, түзілген кристалдардың суретін салыңдар. №6 тәжірибеде алынған кристалдармен салыстырыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.


Тәжірибе №8. Пластикалық күкіртті алу. Сынауықтың жартысын күкірт кесектерімен толтырыңдар және шам жалынымен ақырындап қыздырыңдар. Балқуды, күкірт түсінің өзгеруін және тұтқырлығын бақылаңдар. Күкірт қайнап қызған кезде оны суық суы бар кристализаторға құйыңдар. (Егер құйып жатқан кезде күкірт жанып жатса, оған мән бермей толығымен кристализаторға құйыңдар. Сынауықта қалған күкіртті тығынмен жауып сөндіріңдер). Алынған массаны судан шығарып, фильтр қағазы ортасында кептіріңдер. 1-2 сағаттан кейін прастикалық күкірттің қасиеттерінің өзгеруіне назар аударыңдар.

Тәжірибе №9. Күкірттің диспропорциялануы. Күкірт ұнтағы бар тигельге концентрлі сілті ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны 10 мин қайнатыңдар. Pb(NO3)2 ерітіндісіне малынған қағаз көмегімен ерітіндіде сульфид-ионның бар екендігін тексеріңдер.


Тәжірибе №10. Күкірттің концентрлі азот қышқылымен тотығуы. Концентрлі азот қышқылы бар тигельге күкірт кесегін салыңдар. Тигель ішіндегі қоспаны 5-7 мин бойы оның ыдырау шамасына қарай азот қышқылын қосып қайнатыңдар. Тигель суығаннан кейін оның ішіндегі қоспаны сумен сұйылтыңдар және тәжірибе арқылы ерітіндіде SO42- ионы бар екендігін дәлелдеңдер.


Тәжірибе №11. Сульфидтердің алынуы және ерігіштігі. Мына заттардың K+, Fe2+, Zn2+, Cd2+, Pb2+, Cu2+ тұздарының ерітіндісі бар сынауықтарға күкіртті сутек ерітіндісін құйыңдар. Қай сынауықтарда тұнба түзіледі?


Күкіртті сутек ерітіндісін құйғанда тұнба түзілмеген сынауықтарға (NH4)2S ерітіндісін құйыңдар. Бұл жағдайда қай сынауықтарда тұнба түзіледі? Қандай сульфидтер суда ериді?

Тәжірибе №12. Сульфидтердің толық гидролизі. Al3+ ионы бар ерітіндіге аммоний сульфиді (NH4)2S ерітіндісін құйыңдар. Қандай заттың тұнбасы түзілгенін тәжірибе жасап, дәлелдеңдер.


Тәжірибе №13. Күкіртті сутек алу. Сынауыққа темір (ІІ) сульфидінің біраз мөлшеріне сұйылтылған тұз қышқылымен әсер етіңдер. Сынауықты газөткізгіш түтікшесі бар тығынмен жабыңдар. H2S бар екендігін Pb(NO3)2 ерітіндісіне малынған ылғал фильтр қағазы көмегімен дәлелдеңдер.


Тәжірибе №14. Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеті. Өте күшті сұйылтылған және қышқылдандырылған KMnO4 ерітіндісіне күкіртсутек суын құйыңдар. Ерітіндінің бұлыңғырлануына назар аударыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.




Тәжірибе №15. SO32- ионының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттері. а) Судағы күкірт диоксиді ерітіндісіне тамшылап бром суын қосыңдар. Тәжірибе жүзінде реакция өнімдерін анықтаңдар.
б) Күкірт қышқылымен қышқылдандырылған Na2SO3 ерітіндісіне H2S ерітіндісін құйыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.
в) 3-4 натрий сульфиті бар сынауықты штативке орнатып, 4-5 мин шам жалынында қыздырыңдар. Сынауық суығаннан кейін ішіндегіні суда ерітіңдер және сульфид-ионға тексеріңдер.
Тәжірибе №16. Тиокүкірт қышқылын алу және оның ыдырауы. Тұз қышқылының натрий (VI) тиосульфатына әсерін зерттеңдер. Тұнбаның түзілуін түсіңдіріңдер.

Тәжірибе №17. Натрий тиосульфаты және оның қасиеттері. а) Тиосульфаттың қышқыл ортада тұрақсыздығы. Сынауыққа 5-6 см3 натрий тиосульфаты Na2S2O3 ерітіндісін құйыңдар да оған 3-4 см3 күкірт қышқылын құйыңдар. Қандай газ бөлінді? Натрий тиосульфатының графикалық формуласын келтіріңдер. Тиосульфаттың күкірт қышқылымен әрекеттескен реакциясының теңдеуін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.


б) натрий тиосульфатының тотықсыздандырғыш қасиеттері. Бір сынауыққа 5-6 см3 бром суын, бір сынауыққа иод суын құйыңдар. Екі сынауыққа да ерітінділердің түссізденгеніне дейін натрий тиосульфатын тамызыңдар. Бром тиосульфатты сульфатқа дейін тотықтырады, реакцияда су қатысады (күкірт қосымша реакция нәтижесінде түзіледі). Иод тиосульфатты тетратионатка дейін тотықтырады. Бұл реакцияларда бром мен иод қандай тотығу дәрежесіне дейін өтеді? Натрий тиосульфатын хлорлы су тотықтыра ала ма? Реакция теңдеулерін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет