К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет42/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №18
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі V топтың p – элементтері


Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі V топта орналасқан азот және фосфордың алынуы, олардың қасиеттерімен танысу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Фосфор тұздары ағзадағы сүйекті қалыптастыруға қатысады. Фосфордың органикалық қосылыстары биологиялық қышқылдану барысында босайтын энергияның аккумуляторы болып табылады. Фосфордың ең жақсы көздері – сыр, сүзбе, ет. Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(РO4)2 түрінде болады. Фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де ке­рек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады.
Азот ағзада органикалық қосылыстардың құрамында кездеседі. Оның негізгі атқаратын ролі зат алмасу процесіне қатысады. Азот нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Электрон беріп немесе қосып алып, -3 дәрежесі +5 түріндегі жай зат түзеді. Жануарлар организмінде азот мөлшері 1%-дан 10%-ға, ал малдың мүйізінде, жүнінде 15%-ға дейін жетеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды.Адам азотты ауадан емес, азотты қосылысы бар тағамдар арқылы алады. "Нәруызсыз тіршілік жоқ, азотсыз нәруыз жоқ" деген қағидалы сөз осының дәлелі болса керек. Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау үшін пайдаланылады. Тоңазытқышта, медицинада, аммиак алу үшін қолданылады.[4] Сұйық азот салқындаткыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен, аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т.б.). Азот молекуласы — берік қосылыс. Ол тотықтырғыш ретінде ерекше жағдайда металлдармен, сутекпен әрекеттеседі. Табиғатта азот бос күйінде кездеседі, ол ауаның негізгі құрам бөлігі. Селигралардың құрамында болады. Азот адам және жануарлар, өсімдіктер организмінде маңызды тіршілік процестерін жүзеге асыратын нәруыздың құрамына кіреді.


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Реактивтер мен құралдар: натрий (ІІІ) оксонитраты, аммоний хлориді NH4Cl, сілті ерітіндісі NaOH, aммоний дигидрофосфаты, аммоний карбонаты кристалдары, никель сульфаты, cұйылтылған күкірт қышқылы H2SO4, калий (VII) оксоманганаты KMnO4, мыс сымы, магний лентасы, концентрлі азот қышқылы HNO3, концентрлі тұз қышқылы HCl, калий иодиді KI, бром суы, лакмус ерітіндісі, аммоний нитраты (NH4)2NO3, аммоний ацетаты CH3COONH4, калий дихроматы, натрий фосфаты Na3PO4, натрий дигидрофосфаты NaH2PO4, кальций хлориді CaCl2, натрий гидрофосфаты Na2HPO4, темір (ІІІ) хлориді FeCl2, алюминий хлориді AlCl3, натрий ацетаты CH3COONa, қызыл фосфор, PCl3, күміс нитраты AgNO3, кальций фосфаты Ca3(PO3)2, кальций гидрофосфаты Ca2H(PO4)3, кальций дигидрофосфаты CaH2(PO4)3, кальций гидроксиді Ca(OH)2, фосфор қышқылы H3PO4.

Тәжірибе №1. Аммоний (ІІІ) оксонитратын ыдырату арқылы азот алу. Сынауыққа натрий (ІІІ) оксонитратының қанық ерітіндісін және аммоний хлоридін (жалпы көлемі сынауықтың 1/3 аспауы керек.) құйыңдар және реакция басталғанға дейін аздап қыздырыңдар. Байқауды түсіңдіріңдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет