Бөж пән: Зерттеудің физикалық әдістері Тақырып



бет1/2
Дата25.03.2022
өлшемі87,02 Kb.
#136767
  1   2
Байланысты:
Бесжанова Асылзат бөж
Реле 6 лаб Алшора Алия, Реле 5 лаб Алшора Алия, Топырақ түрлері, құрамы және таралуы тақырыбы бойынша презентация (7 сынып), Тіл және әдебиет дәріс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану және география институты


БӨЖ
Пән: Зерттеудің физикалық әдістері
Тақырып: Талдаудың оптикалық әдістері және оларды жіктеу
Тобы:6В05301-ХНК 2
Студент:Бесжанова Асылзат
Қабылдаған:Чинибаева Нұржан

2022

Жоспар:


1.Колориметрия әдісінің негізі және қолданылу мүмкіндіктері.
2.Жарықтың сіңіру заңы (Бугер-Ламберт-Бер заңы).
3.Фотоэлектроколориметрияның негізі және анализде қолданылуы.

Колориметрия. Бұл әдістің негізі – заттың түсінің айқындылығы оның ерітіндідегі концентрациясына тура пропорционал. Яғни, мысал ретінде алынған калийдің бихроматының ерітіндісінің концентрациясын жай ғана көзбен стандарттың бағаналардағы ерітінділермен салыстырып анықтауға болады. Ол үшін концентрациясы анағұрлым жоғары ерітіндіден бірнеше сұйылтылған концентрациясы төмен ерітінділер әзірленеді де, олар биіктігі бірдей және қалыңдығы бірдей түтіктерге құйылады. Осыған байланысты әдісті колор – түс, метрия - өлшеу, яғни колориметрия деп атайды. Себебі кез-келген зат спектрлердің аймағының қандай-да бір бөлігінің нақты толқын ұзындығының электромагниттік сәулесін сіңіруге қабілетті. Белгіленген көру аймағының спектрінде сіңіретін заттардың ерітінділері боялған болады. Өткен жарық түсі ерітіндінің сіңірілмеген жарық спектрінің бөлігі болып болып табылады.Олай болса, ерітінді арқылы өткен сәулеленудің түсі оның ерітіндіде сіңірілген бөлігінің түсінен еренкшеленеді және қосымша түс деп аталады (заттың байқалатын түсі).
Түсті заттардың ерітінділерінің екінші маңызды сипаттамасы – сіңірілген жарық ағынының мөлшері, ол ерітіндідегі заттың мөлшеріне тәуелді. Егер мысалы, заттың әр бір молекуласы жарықтың квантын сіңіреді, олай болсасіңірілген кванттардың мөлшері молекулалардың мөлшеріне байланысты. Сіңірілген жарық ағынын салыстырмалы шамамен, яғни сіңірумен (А) сипаттайды. А шамасы ерітіндісі бар кюветаға түскен (І0) және одан шыққан жарықтың ағындарының (І1) қатынасының логарифмі ретінде өрнектеледі. Сонымен қатар басқа да шаманы - өткізгіштікті, немесе өткізу факторын (Т) қолданады.
;  . (14.1)
Сіңіру ерітіндідегі заттың молекулалардың мөлшерімен байланысты сіңірілген жарықтың мөлшерін салыстырмалық шамалар арқылы сипаттайды. Сіңіру ерітіндінің концентрациясын және оның жарық сәулеленуі өтетін қабатының қалыңдығын өзгерткенде өзгереді. Сіңірудің ерітіндінің қабатының қалыңдығына тәуелділігін П. Бугер және И. Ламберт анықтады. Бір шама уақыт өткен соң жаңа заңдылықты, яғни сіңірудің заттың концентрациясына тәуелділігін А. Бер анықтады. Аталған тәуелділіктер жарықты сіңірудің Бугер-Ламберт-Бер заңының негізін қалады.
Фотоэлектроколориметрияның колориметриядан бар ерекшілігі жарықтың ағындарының айқындылығы (күші) фотоэлементтердің көмегімен жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Калийдің бихроматының ерітіндісінің концентрациясын жай ғана көзбен анықтауға болады ма ?
2.Бугер-Ламберт-Бердің заңының өзара байланысы неден құралады ?
3.Колориметрияның қолданылу шексіз бе ?
4.Колориметрияның және фотоэлектроколориметрияның кемшіліктері қандай
Оптикалық талдау әдісі электромагнитті сәулеленудің затпен әрекеттескенде байқалатын (шығару, жұтылу, шашырау, шағыласу, сыну, поляризация сияқты т.б.) заттардың оптикалық қасиеттерін өлшеуге негізделген.

Қосылыс сәулелену энергиясымен әрекеттескенде сәуле жұтылады және шығарады (эмиссия деп аталады). Құбылыстардың сипаттамалары ұқсас. Сәулеленудің қосылыспен әрекеттескен жағдайда оның атомдары, молекулалары қоздырылған күйге ауысады. Біраз уақыттан өткен соң (10-8 с) бөлшектер өз қалпына қайтадан келеді, бұл кездегі артық энергиясын электромагнитті сәуле күйінде бөліп шығарады. Бұл құбылыстар атом немесе молекула электрондарының ауысымен тығыз байланысты.

Оптикалық диапозонға 10-нан 10-6 нанометр аралығындағы толқын ұзындықтары жатады. Бұл сәулелену диапозонын шартты жарық деп атайды. Жұтылуды өлшеуге қолайлы оптикалық диапозонға келесі аудандар жатады:


  1. Ультракүлгін ауданы (УК) 100-380 нм


  2. Көрінетін аудан 380-760 нм


  3. Инфрақызыл аудан (ИҚ) 760-10000 нм.




Электрлімагниттік толқындардың заттармен әрекеттесу түріне байланысты оптикалық сараптама әдістерін былай жіктеуге болады:


  • Поляризациялық әрекеттесулердің әсерін өлшеуге негізделген әдістер (рефрактометрия, поляриметрия, интерферометрия);


  • Заттың жарық сәулелерін сіңіруін өлшеуге негізделген абсорбциялық әдістер (колориметрия, фотоколориметрия, спектрофотометрия);


  • Заттың бөліп шығаратын жарығының жиілігін өлшеуге негізделген эмиссиялық әдістер (флюориметрия, спектрлік сараптама, жалынды фотометрия);


  • Зат суспензиясының шашыратқан немесе сіңірген жарығының жиілігін өлшеуге негізделген әдістер (нефелометрия, турбидиметрия).






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет