Қай элемент жиі комплекс түзуші рөлін атқарады? Комплекстүзуші дегеніміз не?
Лиганда дегеніміз не? Олардың химиялық табиғаты қандай?
Қандай байланыс есебінен комплекстүзушінің лигандасы координацияланады?
Комплексті қосылыстарды қалай алады? Комплексті қосылыс алудың иондық және молекулалық реакция теңдеулерін жазыңдар К2[HqI2], H2[PtCl6], [Cu(NH3)4](OH)2.?
Алмасу реакцияларында комплексті қосылыстардың іс-әрекеті қандай?
Келесі қосылыстардағы комплекстүзушінің зарядын анықтаңдар: [Co(NH3)5Cl]2+, [NiF6]4-, K2[Zn(OH)4].
NO3-, Na+, H2O, Cr3+ бөлшектері кіретін комплексті қосылыстардың формуласын құрастырыңдар? Комплекс түзушінің координациялық саны 6.
Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.
Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.
Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?
Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?