К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар



бет36/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Реактивтер мен құралдар: 1 н мыс сульфаты CuSO4, гранулды қалайы (Sn), 25% -аммиак ерітіндісі NH4OH, висмут нитраты Bi(NO3)3 , калий иодиді KI, никель сульфаты ерітіндісі NiSO4, күйдіргіш натр ерітіндісі NaOH, күміс нитраты AgNO3 ерітіндісі, натрий хлориді NаСl ерітіндісі, темір (II) сульфаты ерітіндісі FeSO4, калий (III) гексацианоферратын К3 [Fe(CN)6 ], калий (II) гексацианоферраты К4 [Fe(CN)6], теміраммонийлі квас NH4Fe(SO4)2, аммоний роданиді NH4SCN, концентрлі сілті NaOH ерітіндісі, барий хлориді ВаСl2.


Тәжірибе №1. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу. Екі пробиркаға 5 мл 1 н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Үшінші пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?


Тәжірибе №2. Аниондық комплекс қосылыс. Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3*КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.


Тәжірибе №3. Катиондық комплекс қосылыс. Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.


Тәжірибе №4. Күмістің аммиакпен косплексті қосылысын алу. Микросынауыққа пипеткамен 2-3 тамшы күміс нитраты AgNO3 ерітіндісін салып, оған 2-3 тамшы натрий хлориді NаСl ерітіндісін қосады. Алынған тұнбаға тамшылатып, тұнба толық ерігенше 25% аммиак ерітіндісін NН4OH қосады. Күміс хлоридінің, комплексті қосылыс түзілуінің теңдеуін және комплексті қосылыстың диссоциация теңдеуін жазыңдар.


Тәжірибе №5. Висмуттың комплексті қосылысын алу
Сынауыққа 3-4 тамшы висмут нитратына Bi(NO3)3 0,5н тамшылатып калий йодидін KI висмут йодидінің қою-қоңыр тұнбасы түзілгенше қосады. Тағы да бірнеше тамшы калий йодиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Висмут иодидінің түзілуі, висмут иодидінің калий йодидінің артық мөлшерімен әрекеттесу реакциясының иондық және молекулалық теңдеуін құрастырыңдар және комплексті қосылыстың диссоциациялану реакциясын жазыңдар. Алынған ерітіндінің түсін түсіңдіріңдер. Ион-комплекс түзушіні көрсетіңдер.


Тәжірибе №6. Алмасу реакцияларындағы комплексті қосылыстардың іс-әрекеті. а) Сынауыққа 4-5 тамшы темір (II) сульфаты ерітіндісіне сонша тамшы калий (III) гексацианоферратын К3 [Fe(CN)6 ]қосады.

б) Сынауыққа 4-5 тамшы темір (II) сульфаты ерітіндісіне сонша тамшы калий (II) гексацианоферратын К4 [Fe(CN)6] қосады.


Алмасу реакцияларының ионды және молекулалық теңдеулерін жазыңдар. Түзілген тұнбалардың түстерін белгілеңдер. Бұл реакциялар Fe2+, Fe3+ иондарына тән болып табылады. Алмасу реакцияларындағы комплексті қосылыстардың іс-әрекетінің ерекшелегі қандай?


Тәжірибе №7. Қос және комплексті тұздардың диссоциациясы. Үш сынауыққа 4-5 тамшыдан теміраммонийлі квас NH4Fe(SO4)2 салып, ал төртіншісіне 4-5 тамшы калийдің (III) гексацианоферраты К3 [Fe(CN)6] ерітіндісін салады.
Бірінші сынауыққа 2-3 тамшы аммоний роданиді NH4SCN ерітіндісін қосады. Қызыл-қою түстің пайда болуы, қандай ионның бар екендігін көрсетеді?
Екінші сынауыққа 4-5 тамшы концентрлі сілті NaOH ерітіндісін құяды және сынауықты су моншасына салады. Аммиак иісі және қоңыр тұнба түзілуі қандай ионның бар екендігін көрсетеді?
Үшінші сынауыққа 2-3 тамшы барий хлориді ВаСl2 ерітіндісін қосады. Ақ тұнбаның түзілуі қандай ионның ,ар екендігін көрсетеді?
Төртінші сынауыққа 2–3 тамшы аммоний роданиді NH4SCN ерітіндісін қосады.
Тұз ерітіндісінде Fe3+ ионы анықталады ма?
Бірінші сынауықтағы тәжірибе нәтижесімен салыстырыңдар.
Барлық сынауықтағы реакцияларды иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Қос тұз NH4Fe(SO4)2 және комплекс тұздың К3 [Fe(CN)6] диссоциация теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет