К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет31/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Гальваникалық элемент деген не?

  2. Металдың стандартты электродты потенциалы деген не?

  3. Металдың электродты потенциалына байланысты тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттер қалай өзгереді?

  4. Электродты потенциал мәніне қандай факторлар әсер етеді?

  5. Электродтардың анықтамасын беріңдер: анод, катод.

  6. Қандай гальваникалық элементтер химиялық деп аталады?

  7. Гальваникалық элементпен жасалған электр жұмысын есептеу үшін қандай константалар және тәжірибелік мәліметтер қажет?

  8. Қайтымды жағдайда жұмыс істейтін гальваникалық элемент үшін ЭҚК 273 К қарағанда, 298 К болған кезде жақсы жұмыс істейді? Бұл элемент жылуды бөле жүре ме әлде сіңіре жүре ме?

  9. Электрод поляризациясы деген не? Анод және катод потенциалдары қалай өзгереді?

  10. Гальваникалық элементтердің жұмысын қарастырыңдар: Н/ Н2SO// AgNO/Ag. Элементтің стандартты ЭҚК, тоқтүзетін реакцияның стандартты Гиббс энергиясы мәнін және тепе-теңдік константасын есептеңдер.



Өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:

  1. Келесі электродтар үшін потенциал мәнін есептеңдер:




Нұсқа

Металл

Электролит

Ерітінді концентрациясы, (моль/л)

жауабы
φ, В

1

Al

AlCl3

0,002

-1,710

2

Mn

MnSO4

0,5

-1,190

3

Zn

ZnSO4

0,001

-0,850

4

Cr

Cr(NO3)3

0,02

-0,773

5

Fe

FeCl3

0,005

-0,085

6

Co

CoSO4

10

-0,250

7

Ni

NiSO4

5

-0,229

8

Sn

SnCl2

0,2

-0,160

9

Pb

Pb(NO3)2

0,05

-0,168

10

Cu

CuSO4

0,03

0,295

11

Ag

AgNO3

0,001

0,623

12

Hg

HgSO4

5

0,870

13

Mg

MgSO4

0,003

-2,434

14

Cd

CdSO4

10

-0,370

15

Ti

TiCl2

0,01

-1,689




  1. Келесі гальваникалық элементтердің жұмысына жауап беретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Анод және катодтағы процесте сыртқы тізбек бойынша электрондардың орын ауыстыруының бағытын көрсетіңдер. Стандартты жағдайлар үшін элементтің ЭҚК, ∆ Gº және Кр есептеңдер

Нұсқа

Гальваникалық элемент

Е°, В

∆ Gº, кДж

Кр

1

Mn | MnSO4|| H2SO4| H2Pt

1,18

-227,74

1040

2

Mg | MgSO4|| Ag2SO4| Ag

3,169

-611,62

10107

3

Al | AlCl3|| ZnCl2| Zn

0,899

-520,52

1091

4

Ti | TiCl2 || NiCl2 | Ni

1,38

-266,34

1047

5

Cr | CrCl3|| HCl| H2 , Pt

0,744

-215,39

1038

6

Fe | FeSO4 || CoSO4| Co

0,163

-31,46

106

7

Cd | CdSO4 || Ag2SO4 | Ag

0,202

-231,99

1041

8

Co | Co(NO3)2|| Bi(NO3)3| Bi

0,507

-293,55

1052

9

Pt, H2 | H2SO4||Hg(NO3)2| Hg

0,854

-164,82

1023

10

Pt, H2 | H2SO4|| CuSO4 | Cu

0,340

-65,62

1012

11

Ni | NiSO4 || H2SO4| H2 , Pt

0,250

-48,25

108

12

Ni | NiSO4| Al2(SO4)3 | Al

1,412

-817,55

10144

13

Bi | Bi(NO3)3 || Zn(NO3)2| Zn

0,993

-574,95

10101

14

Pt, H2| H2SO4|| MgSO4 | Mg

2,370

-457,41

1080

15

Cr | Cr(NO3)3 || AgNO3 | Ag

1,543

-446,70

1078


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 13

Электролиз




Жұмыстың мақсаты: Катодты және анодты процесс ерекшеліктерімен және электролиз заңдарымен танысу.
Маңызды түсініктер: электролиз, катодтық процесс, Фарадей тұрақтысы, тоқ бойынша шығым, ыдырау кернеуі.
!Білу керек: 1. Электролиз процесінің мәні. 2. Электродта бөлінетін зат массасы. 3. электролиз кезінде негізгі өнім алуға кеткен тоқ мөлшерін анықтау. 4. Электролиз заңдары. 5. Электродты процесстердің реттілігі. 6. Катодтағы процестердің электролит табиғатына тәуелділігі. 7. Анод және электролит табиғатына тәуелді анодтағы процестер


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Электролиттің балқымасы немесе электролиттің ерітіндісі арқылы тұрақты электр тоғы өткенде жеке электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын электролиз дейді.


Катодта (теріс электрод) тотықсыздану процесі, анодта (оң электрод) тотығу процесі жүреді.
Электролиз жүргізуге көбінесе металл электродтары және металл емес электродтар да (мысалы графит) қолданылады. Металдан жасалған анодтар еритін (мысалы, мыстан, никельден жасалған) және ерімейтін (платинадан жасалған) болып бөлінеді.
Сұйытылған су ерітінділерінің электролизі кезінде катодтық процесс катионның электродтық потенциалымен анықталады.
Оны судан тотықсызданатын сутегі ионының потенциалымен (-0,41 В) салыстырады:
1. Потенциалдары бұл саннан кем болса, металл ионы тотықсызданбайды. Катодта сутегі судан бөлінеді.
2H2O + 2e = H2 + 2 OH-
2. Потенциалдары бұл саннан көп болса, катодта металдар ионы тотықсызданады:
Men+ + ne → Me0
3. Металл потенциалы (-0,41 В) жақын болса, катодта сутегі де, металл да тотықсызданады.
Анодтық процесс: Анод ерімейтін болса, онда анодта оттегісі жоқ қышқыл қалдығы (I-, Cl-, Br-, S2-, CN-) тотығады. Егер ерітіндіде оттегісі бар қышқыл қалдығы болса (SO42-, SO32-, NO3-, CO32-) онда анодта су молекуласы тотығады.
2H2O + 4e = O2 + 4H+
Егер анод еритін болса, онда анодтың өзі тотығады: Cu -2e = Cu2+. Электродта бөлініп шығатын заттардың массасын (m) Фарадей заңы бойынша, мына формуламен есептейді:

m = (I*τ*M(fэквB))/F


I – тоқ күші, А;


τ – электролит арқылы өткен тоқтың уақыты, с;
M(fэквB) – затының эквивалентінің молярлық массасы, г/моль;
F – Фарадей тұрақтысы, 96500Кл/моль;
Электролиз кезінде электродта түзілген заттың мөлшері әр уақытта Фарадей заңдары бойынша алынуға тиісті теориялық мөлшерінен аз болады. Оның себебі электродтық ТТР қатар қосымша процестер де жүреді. Сондықтан электролиз кезінде негізгі өнім алуға кеткен тоқ мөлшерін анықтау үшін тоқ бойынша шығым (Тш) деген түсінік қолданылады. Ол электролиз жағдайында алынған зат массасын (m1) Фарадей заңы бойынша алынуға тиісті массаға (m) қатынасына тең:

Tш = m1/m*100


Осы формула бойынша тоқтың неше проценті негізгі затты алуға жұмсалатынын есептеп шығарады.


Электролиз процесін электродтардағы процесті және бөлінген затты, ион қозғалысының бағытын, электролит диссоциациясын көрсететін схема көмегімен көрсеткен ыңғайлы. Натрий фторидінің балқымасының электролиз схемасын былай көрсетуге болады:

NaF


Катод (–) Na+ + F- Анод (+)
Na+ + e = Na 2F- - 2e = F2


Электродты процесстердің реттілігі


Қарастырылып отырған натрий фториді балқымасының электролизі мысалында электролитте тек бір ғана катион және бір ғана анион бар, сондықтан электроиз схемасы қарапайым. Алайда электролитте жиі катион және аниондардың бірнеше түрі қатысады. Тұздардың сулы ерітінділерінде тұздың катион және аниондарынан басқа әрқашан су молекулалары қатысады. Сондықтан бірнеше электродты реакциялар жүруі мүмкін. Себебі катодта тотықсыздану реакциясы жүреді, онда ең алдымен күшті тотықтырғыштар тотықсыздануы керек, алдымен оң потенциалды реакциялар жүреді. Ион разрядтарының реттілігі кернеу қатары көмегімен орнатылады (кесте 13.1)

Кесте 13.1.


Катодтағы процестердің электролит табиғатына тәуелділігі

Электролит – тұз ерітіндісі

Тұз түзетін металл кернеу қатарында болады

Катодты пpоцесс

Стандартты потенциал,
φ0

Белсенді металл тұзы

Li-ден.. Al дейін

_
2H2O + 2e = H2 +2OH-

рН=7 кезінде -0,41

Орташа белсенділікті металл тұзы

Al кейін
H дейін

Men+ + ne = Me *
2H2 O + 2e = H2 + 2OH-


-1,66
-0,41



Аз белсенділікті металл тұзы

Н кейін

Men+ + ne = Meo

> 0

* Men+ – металл катиондары

Анодта тотықсыздандырғыштардың тотығу реакциясы жүреді, сондықтан ең алдымен анодта теріс потенциалы бар күшті тотықсыздандырғыштар тотығуы керек. Егер металдық анод потенциалы ерітіндідегі тотықтырғыш иондарының және басқа заттардың потенциалдарынан мәні теріс болса, онда металлдың еруі жүреді. Осыдан еритін анодтың электролизі жүреді. Анодты процестердің ерекшеліктерін 13.2. кестеден көруге болады.


Кесте 13.2.
Анод және электролит табиғатына тәуелді анодтағы процестер



Анод


Электролит анионының табиғаты



Анодты процесс



Стандартты электродты потенциал,
φ0

Ерімейтін
(Au,Pt,PbO2,Ti, Ta, таттанбайтын болат, графит)

оттексіз:
I-,Cl-,Br-,S2-,CN-...

An- - ne = Ao *

< +1,23

оттекті
NO3-,SO42-,PO43-,
CO32-,...

2H2O - 4e = O2+4H+



+ 0,814

Еритін
(Ag,Zn,Cd,CoFe и др.)

Кез келген анион

Me - ne = Men+



Кез келген потенциалда

*An- – оттексіз аниондардың белгіленуі;


Ao – қарапайым зат.
Тәжірибеде әдетте электролизге ұшырайтын еритін анод ретінде металды алады.
Тұздардың судағы ерітіндісінің электролизінің бірнеше мысалын қарастырайық.
Мысал 1. Көміртекті электродты калий сульфаты ерітіндісінің электролизі
Процесс схемасын қоямыз:

K2SO4


Катод (–) Анод –С (+)
тотықсыздану жүреді 2K+ + SO42- тотығу жүреді
Н2О

2H2O + 2e = H2 + 2OH-
судың тотықсыздану потенциалы
-0,41 В тең, К+ иондарының
тотықсыздану потенциалы
-2,925 В тең, яғни теріс,
сондықтан К+ катиондары
ерітіндіде қалады және
катод маңайында КОН жиналады.

2H2O - 4e = O2 + 4H+;
SO42- ион разрядының потенциалы
+2,01 В тең, ал бейтарап ортада судың
тотығу потенциалы +0,814 В тең,
сондықтан SO42- иондары ерітіндіде қалады, анод маңайында H2SO4 жиналады.

Электролиздің жалпы теңдеуін ионды және молекулалық түрде құрамыз:
Электролиздің жалпы теңдеуі:
2 Н2О + 2е = Н2+2ОН- 2
2 О - 4е = О2+ 4Н+ 1

2О = 2Н2 + О2 +4ОН- + 4Н+


Молекулалық теңдеу былай өрнектеледі:
2 K2SO4 +6Н2О электролиз Н2 + 4КОН + О2+ 2Н24


Мысал 2. Мырышты аноды бар мырыш сульфаты ерітіндісінің электролизі
Мырыш сульфатының сулы ерітіндісінде тұз иондары және су молекулалары қатысады. 1 және 2 кестелерді пайдаланып, еритін анодтың электролиз схемасын құрастырамыз. Мырыш – орташа белсенділікті металл, мырыштың стандартты электродты потенциалының электроды – 0,76В тең, сондықтан катодта екі процесс болуы мүмкін: мырыш катионың және су молекуласының тотықсыздануы. Анодта анод тотығады (Zn).
ZnSO4
Катод (–) Анод – Zn (+)
Тотықсыздану жүреді Zn 2+ + SO42- тотығу жүреді

Zn2+ + 2e = Zn0; φ0 = -0,76В
(2Н2О + 2е = Н2 + ОН- );
(қосымша процесс)

Zn0 - 2e = Zn2+ ; φ0 = -0,41В



Тәжірибеде бұл процесс мырышты жабын алу үшін қолданылады. Себебі бөлінетін сутегі жабын сапасын төмендетеді, онда электролитке арнайы заттарды қосу арқылы катодты процесте су молекуласының тотықсыздану белсенділігі төмендейді.
Еритін анод электролизі сондай-ақ металдарды рафинирлеу (тазалау) үшін қолданылады.

Электролиз заңдары


Электролиздің сандық сипаттамасы Фарадейдің екі заңымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет