-
Металдардағы электр тогы дегеніміз не?
-
Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибені сипаттаңдар.
-
Электролиттерге қандай заттарды жатқызады?
-
Электролиттік диссоциация дегеніміз не? Рекомбинация ше?
-
Электролиттегі электр тогы дегеніміз не?
-
Қандай процесті электролиз дейді?
I - нұсқа
1. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар:
а) электрондар; b) оң иондар;
c) теріс иондар; d) кемтіктер;
2. Металлдардағы электр тогы дегеніміз не?
а) еркін электрондардың ретсіз қозғалысы; b) электрондардың қозғалысы
c) еркін электрондардың реттелген қозғалысы; d) бәрі дұрыс
3. Электролиттерде молекуланың әр аттас иондарға ыдырау процесі:
а) иондану ә) рекомбинация;
б) электролиттік диссоциация; в) термоэлектрондық эмиссия;
4. Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса,
тұздар мен металдардың қорытпалары...
а) электродтар; b) электролиттер;
c)иондар; d) электрондар.
5. Стюарт пен Толмен бөлшектер зарядтарының олардың массаларына
қатынасын анықтады. Бұл қатынас неге тең?
а) 1,8*1011 Кл/кг; b)1,8*1013 Кл/кг;c) 1,8*1012 Кл/кг; d) 1,8*1014 Кл/кг.
II - нұсқа
1. Электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігу процесі:
а) иондану b) рекомбинация;
c) электролиттік диссоциация; d) термоэлектрондық эмиссия;
2. Электролиттерде зарядты тасымалдаушы қандай бөлшектер:
а) электрондар мен қемтіктер; b) электрондар;
c) оң және теріс иондар; d) оң иондар.
3. Электролиттердегі электр тогы дегеніміз:
а)оң иондардың реттелгенқозғалысы;
b)теріс иондардың реттелген қозғалысы;
c)оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы;
d) оң және теріс иондардың бір бағыттағы реттелген қозғалысы.
4. Металлдар өткізгіштігінің электрондық теориясының электрондық
дәлелдемелерін 1916 жылы тәжірибеде орындаған ғалымдар
а) Ампер мен Вольт; b) Стюарт пен Толмен;
c)Максвелл мен Фарадей; d) Мандельштам мен Папалекси.
5. Рельефті заттардың (медальдардың, гравюрлердің және т.б.) көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды не деп атайды?
а) Аккумуляторлар;
b) Гальваникалық элементтер;
с) Гальваностегия ;
d) Гальванопластика.
Ағылшын физигі М.Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңды-
лықты ашты:
Электролиз кезінде электродта бөлінетін зат массасы электролит арқылы өтетін электр мөлшеріне пропорционал. Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.
m=kq=kIt
m – бөлінген зат массасы, кг
q –электролит арқылы өтетін заряд, Кл
k - электрохимиялық эквивалент, кг/Кл
Заттың электрхимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1 Кл заряд
өткенде, электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең.
k= m/q болатынын ескеріп, электрохимиялық эквиваленттің өлшем бірлігін
аламыз. SI жүйесінде электрхимиялық эквивалент кг/Кл түрінде өрнектеледі.
Фарадей заңы арқасында электрон зарядын анықтау мүмкін болды.
Кестеде кейбір заттардың электрхимиялық эквиваленттерінің мәндері
келтірілген:
Кейбір заттардың электрхимиялық эквивалентті (k), кг/Кл
Зат
|
(k), кг/Кл
|
Зат
|
(k), кг/Кл
|
Алюминий
Сутек
Алтын
Калий
Кальций
Оттек
Магний
Мыс
Натрий
|
9,32∙10-8
1,044∙10-8
6,84∙10-7
4,052∙10-7
2,077∙10-7
8,29∙10-6
1,26∙10-7
3,94∙10-7
2,383∙10-7
|
Никель
(екі валентті)
Никель
(үш валентті)
Сынап
Қорғасын
Күміс
Хлор
Мырыш
|
3,04∙10-7
2,03∙10-7
2,072∙10-6
1,074∙10-6
1,118∙10-6
3,67∙10-7
3,388∙10-7
|
-
Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
-
Электролиз процесінің нәтижесінде күміс тұзының судағы ерітіндісінен катодта 300 мг күміс бөлінді. Электролиттен өткен заряд шамасын табыңдар.
-
Мыс тотияйынының ерітіндісі арқылы 20 кКл заряд өтті. Осы кезде катодқа қанша мыс бөлінді?
-
Гальвани ваннасынан 10 мин-та 0,67 г күміс бөлінген. Ваннаға тізбектей жалғанған амперметрдің керсетуі 0,9 Α болса, осы көрсету дұрыс па?
-
Мыс ваннадан 20 мин ішінде 1,98 г мыс бөлінген. Ваннадағы ток күшін табыңдар.
|