Байланысты: Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка
Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Марганец, технеций және рений үшін қандай тотығу дәрежелері тән?
2.Mn(OH)2−Mn(OH)4−H2MnO4−HMnO4 қатарында қышқылдық-негіздік қасиеті қалай өзгереді?
3. Сулы ерітінділерде Mn(II), Mn(VI) және Mn(VII) қандай ион түрінде кездеседі?
4. Mn2+/Mn, TcO4-/Tс және ReO4-/Re жүйелері үшін қышқыл ортада сәйкес жартылай реакциялардың және оларға жауап беретін стандартты тотықтырғыш потенциалдарын Eº298 келтіріңдер.
5. Mn−Tc−Re қатарында химиялық белсенділік қалай өзгереді? Реакция мысалдарымен көрсетіңдер.
6. Қарастырылып отырған металдардың тұз қышқылы, сұйылтылған күкірт қышқылы және концентрлі азот қышқылына әсері қандай?
7. 10 г ренийді еріту үшін концентрлі азот қышқылының HNO3 (тығ. 1,5) қанша көлемі қажет?
8. Mn2+ ионының электрондық конфигуррациясы қандай және Mn (II) қосылыстары үшін қандай координациялық сан тән?
9. Mn (II) қосылыстары үшін қандай құрылымдық бірлік тән? MnO, MnS, MnF2, MnCl2, Mn(OH)2 кристалдарының құрылысын сипаттаңдар.
10. MnSO4∙6H2O; Mn(NO3)2∙6H2O; Mn(ClO4)2∙6H2O; MnSO4∙4H2O кристалдары қандай құрылымдық бірліктерден құралған?
11. Марганецтің (ІІ) октаэдрлік аква-, фтор-, хлор-, цианкомплекстерінің электрондық конфигурациясын келтіріңдер. Осы комплекстердің қайсысы жоғары-, қайсысы төменспинді?
12. Mn (II) тұздарын суда ертікенде рН орта қалай өзгереді? Марганец (ІІ) қосылыстарының гидролиз реакциясының мысалдарын келтіріңдер.
13. Марганец диоксидінің қышқылдық-негіздік қасиеттерін сипаттаңдар. MnO2 –нің K2S2O7 және CaO әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңдар.
14. Tc(VI) және Re(VI) бинарлы қосылыстарының және және Mn(VI), Tc(VI) және Re(VI) анионды комплекстерінің мысалын келтіріңдер.
15. Mn(IV)→Mn(VI) →Mn(VII) айналулары жүзеге асатын MnO2 –ден KMnO4 алудың екі әдісін ұсыныңдар.
16. Тұрақты KMnO4 (ыдырау температурасы 250ºС) қарағанда 3ºС HMnO4 тез ыдырайды. Осы тәжірибелік фактіні түсіңдіріңдер.
17. MnO4-→Mn(OH2)62+, MnO4-→MnO2, MnO4-→MnO42- ауысу реакцияларына қандай орта жақсы әсер етеді?
18. MnO−Mn2O3−MnO2−MnO3−Mn2O7; Mn(OH)2−Mn(OH)3−Mn(OH)4−H2MnO4−HMnO4; қатарында марганецтің тотығу дәрежесі ұлғайған сайын бір типті қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттері қалай өзгереді?
19. Mn2O7−CrO3−V2O5−TiO2 қатарында өзгеру сипатын талқылаңдар: 1) балқу температурасы; 2) суда ерігіштігі; 3) қышқылдық-негіздік қасиеті; 4) тотықтырғыш белсенділігі.