ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №26
Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі ІВ, ІІВ топшаларының
элементтері (мыс, мырыш, кадмий)
Жұмыстың мақсаты: Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі ІВ, ІІВ топшаларының элементтерінің (мыс, мырыш, кадмий) алынуы, олардың қасиеттерімен танысу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Мыс қан түзілуіне қатысады, оның тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг. Мыс сары майда (0,8 мг/кг), етте (0,8-1,5 мг/кг), сүтте (0,7 мг/кг) көп болады. Бірақ мыстың артық мөлшері ревматоидтық артрит деген ауруға әкелуі мүмкін. Мырыш ағзада қанттың алмасуын реттейді. Оның көп мөлшері етте, сүтте болады. Егер мырыш концентрациясы ағзада 1,5 еседен асып кетсе, ол рак ауруына диагноз қоюға көмектеседі. Кадмийдің ағзадағы ролі әлі зерттелмеген. Мырыш ерте заманда жез түрінде белгілі болған, таза түрі 16 ғасырда алынған. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлш. 8,3×10-3%. Ол полиметалды сульфид кендерінің құрамында кездеседі. Негізгі минералдары: сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит, смитсонит, каламин, цинкиМырыш жез, нейзильбер, томпак, тағы басқа қорытпалардың құраушысы; болат және шойынды мырыштау үшін (бұл кезде коррозияға қарсы қаптама түзіледі), ұшақтар мен автомобильдердің майда бөлшектерін, химиялық ток көздерінің электродтарын жасауда, күміс пен алтынды қорғасыннан бөлуде қолданылады.
Кадмийді 1817 жылы неміс химигі Ф.Штромейер ашқан. Кадмий күмістей ақ, жұмсақ металл. Табиғатта тұрақты 8 изотопы бар. Негізгі минералдары: гринокит, отавит, монтепонит. Изоморфты қоспа ретінде мырыш, көбінесе сфалерит минералдарының құрамына кіреді. Кадмий металл бетін коррозиядан қорғау үшін (кадмийлеу), аккумулятор жасауда, пегмент, шала өткізгіш материалды дайындауда, ядролық энергетикада, т.б. қолданылады. Кадмийдің буы және оның қосылыстары улы. Бұл қосылыстармен демалған жағдайда олар қанға сіңіп орта жүйке жүйесін, бүйрек, бауырды жарақаттап, фосфор-кальций алмасуын бұзады.
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
Реактивтер мен құралдар: мыс түйірі, 2н тұз қышқылы HCl, 2н күкірт қышқылы H2SO4, 2н азот қышқылы HNO3, мыс (ІІ) хлориді CuCl2, мыс (ІІ) сульфаты CuSO4, күкіртті сутек суы, соды ерітіндісі Na2CO3, 2 н аммиак ерітіндісі NH4OH, кадмий тұзы, мырыш тұзы, 2 н сілті ерітіндісі, лакмус ерітіндісі.
Тәжірибе №1. Мыстың сұйылтылған және концентрлі қышқылдармен әрекеттесуі. Үш сынауыққа н салып, 5-6 см3 мына 2 н қышқылдарды құйыңдар: HCl, H2SO4, HNO3. Тағы үш сынауыққа мыс салып, концентрлі қышқылдар құйыңдар. Нені байқадыңдар? Мыс туралы қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе №2. Мыстың (ІІ) аз еритін тұздарын алу. Екі сынауыққа 3-4 см3 мыс (ІІ) хлоридінің не сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Бір сынауыққа күкіртті сутек суын, екінші сынауыққа соды ерітіндісін (Na2CO3) қосыңдар. Тұнбалар түсін байқаңдар. Тұнбалар түсу реакцияларының иондық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар. Мыс тұзы содымен әрекеттескенде мыс гидрокарбонаты (CuOH)2CO3 түзіледі. Неге мыс карбонаты CuCO3 түзілмейді?
Тәжірибе №3. Мыстың комплексті қосылыстары. Сынауыққа 3-4 см3 мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған 2 н аммиак ерітіндісін тамшылатыңдар. Алғашқы тамшы құйылғанда негіздік тұнба (СuOH)2SO4 түзіледі, ол аммиак тамшысы артқан сайын ери бастайды. Мына реакциялар теңдеулерін жазыңдар: а) мыс сульфатының аммиакпен негіздік сульфат түзілуінің; б) аммиактың артық мөлшерінде негіздік сульфат тұнбасының еріп, комплекс қосылыс түзілуінің. Мыс (ІІ) ионының координациялық саны 4. в) мыс комплекс қосылысының диссоциациясын. Қай негіз күшті: мыс гидроксиді ме, әлде тетраамин мыс гидроксиді [Cu(NH3)4](OH)2 ме?
Тәжірибе №4. Мырыш пен кадмий гидроксидтері және олардың қасиеттері. Екі сынауыққа 3-4 см3 мырыш тұзының ерітіндісін, екі сынауыққа 3-4 см3 кадмий тұзының ерітіндісін құйыңдар. Әр сынауыққа 2 н сілті ерітіндісін тамшылатып құйыңдар. Ақ түсті гидроксидтер тұнбалары пайда болады. Алынған тұнбалардың қышқылдармен, негіздермен қалай әсерлесетінін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Гидроксидтер қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар.
Тәжірибе №5. Мырыш пен кадмий тұздарының гидролизі. Бір сынауыққа бірнеше кристалл мырыш тұзын, екінші сынауыққа бірнеше кристалл кадмий тұзын салып, суда ерітіңдер. Әр сынауыққа 2-3 тамшы лакмус құйып, сынауықтарды аздап қыздырыңдар. Лакмус түсінің өзгеруі арқылы реакция ортасын анықтаңдар. Гидролиз теңдеулерін молекулалық және иондық түрінде жазыңдар.
Тәжірибе №6. Мыс (ІІ) гидросидінің қасиеттері. Мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар. Оның қыздыруға, қышқыл ерітінділеріне, аммиакқа және қыздыру кезінде концентрлі сілті ерітіндісіне әсерін зерттеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |