К. Ларюшина е. М. Ауру тарихы Науқас



бет3/10
Дата24.03.2022
өлшемі59,06 Kb.
#136628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ñàïàð Ìåäåó 4014 Îì 1 Ôðàãìåíò

Зиянды әдеттері: Шылым шегеді.
Аллергиялық анамнезі: теріс
Тұқымқуалаушылық аурулары: тіркелмеген.
Обьективті жағдайы: Науқастың жалпы жағдайы орташа қанағаттанарлық . Есі анық, қойылған сұрақтарға дұрыс ұзақ ойланып жауап береді. Төсектегі қалпы мәжбүрлі . Дене бітімі нормостеникалық.Тері жамылғысы мен шырышты қабаттары таза,құрғақ, сарғайған. Тері асты шел май қабаты нашар дамыған. Перифериялық және қабақтың айналасында ісіну байқалмайды.Жалпы бет аймағында ісінулер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды.Көз аймағында қараю ошақтары көрінбейді.

Тірек-қимыл жүйесі:
Сүйек – буын жүйесі қалыпты дамыған, соғуда ауырсынусыз, деформациясыз, буындарының белсенді және белсенсіз қозғалысы шектелмеген. Омыртқа жотасы қисаймаған. Бас формасы қалыпты, ауыз, мұрын, құлақта ақау жоқ.
Тыныс – алу жүйесі.
Объективті: Тынысы алуы еркін, мұрын арқылы. Кеуде қуысы пішіні нормостениялық. Тыныс алу актісіне өкпенің екі бөлігі бірдей симметриялы қатысады. Тыныс алу түрі – құрсақтық. Тыныс алу жиілігі минутына 22 рет, тыныс алуы қалыпты.
Пальпацияда: кеуде қуысы серпімді, ауырсынусыз. Дауыс дірілі бір қалыпты, өкпенің барлық бөлігінде бірдей өзгермеген, симметтриялы.
Салыстырмалы перкуссияда: Кеуде қуысының екі жағынан бірдей ашық өкпелік дыбыс естіледі. Перкуторлы дыбыстың ошақты өзгерістері байқалмайды.
Топографиялық перкуссияда:
Өкпенің жоғарғы шекарасы

Өкпе ұшының биіктігі

Оң жақ

Сол жақ

Алдынан

Бұғанадан 3см жоғары

Бұғанадан 3см жоғары

Артынан

СVII қырлы өсіндісі деңгейінде

СVII қырлы өсіндісі деңгейінде

Крениг кеңістігінің көлденең ені

5см

5см

Өкпенің төменгі шекарасы



Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

1

L. parasternalis

СV

-

2

L. mediaclavicularis

СVI

-

3

L. axillaries anterior

СVII

СVII

4

L. axillaries media

СVIII

СVIII

5

L. axillaries posterior

С

С

6

L. scapularis

СХ

СХ

7

L. paravertebralis

ТһХI көлденең өсіндісі

ТһХI көлденең өсіндісі

Өкпенің төменгі шекарасының жылжымалылығы

Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

Д.а.

Д.ш.

Қорыт.

Д.а.

Д.ш.

Қорыт.

L. mediaclavicularis

2

2

4

-

-

-

L. axillaries media

3

3

6

3

3

6

L. scapularis

2

2

4

2

2

4


Аускультациялағанда: өкпенің барлық бетінен везикулярлы тыныс естіледі. Сырылдар, крепитация, плевра үйкеліс шулары анықталынбайды. Бронхофония бір қалыпты, өкпенің барлық бөлігінде бірдей өзгермеген, симметтриялы.

Жүрек – тамыр жүйесі.
Объективті: кеуденің жүрек аймағы өзгермеген. Мойын веналарының пульсациясы байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісі көзбен қарағанда байқалмайды.
Пальпациялауда: Жүрек ұшы түрткісі V-ші қабырғааралығында L. medioclavicularis sinistra сызығынан 1 см ішке орналасқан. Ырғағы дұрыс, күші толық, ені 1,5 см 2, биіктігі орташа. Эпигастрий аймағында пульсация білінбейді.
Перкуссияда:
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы.

Оң жақ

IV-ші қабырғааралықта төстіктің оң жақ қырынан 1см сыртқары;

Жоғарғы жақ

L. parasternalis sinistra сызығымен III- ші қабырғааралықта;

Сол жақ

L. medioclaviacularis sinistra сызығынан 1 см ішке V-ші қабырғааралықта.


Абсолютті жүрек тұйықтығының шекарасы.

Оң жақ

IV-ші қабырғааралықта төстіктің сол жақ қыры

Жоғарғы жақ

L. parasternalis sinistra сызығымен IV- ші қабырғааралықта

Сол жақ

L. medioclaviacularis sinistra сызығынан 1,5 см ішке V-ші қабырғааралықта.

Тамыр шоғыры ені 6 см, биіктігі II-ші қабырға деңгейінде;


Жүрек конфигурациясы өзгермеген.
Аускультацияда: Жүрек тондары күшейген, ырғағы дұрыс. Қосымша тон, шуыл, перикард үйкеліс шуы естілмейді. Жүректің жиырылу жиілігі минутына (ЖЖЖ) 74 рет Тахикардия. Пульсі минутына 90рет. Артериялық қан қысымы екі қолда бірдей 120/80 мм. с.б.б.
Асқорыту жүйесі.
Объективті: Жұтыну актісі бұзылмаған, еркін. Тәбеті тұрақсыз. Ауыз қуысының шырышты қабаты физиологиялық түсті, аңқасы таза, қызармаған. Тілі ұлғаймаған, Ақ қабыыршақпен қапталған, тіс іздері байқалмайды. Іші ісінген формада, тыныс алуға симметриялы қатысады. Көктамырлары ұлғаймаған, перистальтика көрінбейді.
Іштің беткей болжамалы және терең пальпациясында: іші қатты ауырсынумен. Іш жарықтары жоқ. Гепатомеголия бар.
Бауыр пальпациясында: төменгі қыры оң жақ қабырға доғасынан шықпайды. Шеті тегіс, консистенциясы қатты, ауырсынумен. өт қабы пальпацияланбайды.ұйқы безі мен өт шығару жолдарының ауырсыну симптомдарын анықтайтын нүктені басқанда ауырсыну байқалады;
Бауырдың Курлов бойынша көлемі : 10х9х8 см.
Көкбауыр пальпацияланады тегіс емес.
Көкбауырдың Курлов бойынша көлемі: 169 х70мм.
Үлкен дәреті ретті, пішінделген. Тәулігіне 1 рет

Зәр шығару жүйесі.
Объуктивті: бел аймағында патологиялық өзгерістер байқалмайды. Бүйректер пальпацияланбайды. Жоғары және төменгі несепағардың барлық нүктелерінде ауырсыну жоқ. «Соққылау симптомы» екі жақтан да теріс мәнді . Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз.
Нейро – эндокринді жүйе.
Науқас санасы ашық, қойылған сұрақтарға кеш ойланып жауап береді. Қоршаған ортаны дұрыс бағалай алады. Есте сақтау қабілеті нашар. Ұйқысы бұзылған. Ромберг сынамасында тұрақты. Сіңір рефлекстері саталған.
Көру, иіс сезу, дәм сезу қабілеті бұзылған. Мойын аймағы өзгеріссіз. Қалқанша безі ұлғаймаған, консистенциясы жұмсақ, эластикалық серпімді. Басқа эндокринді без жағынан өзгеріссіз. Жыныс безі қалыпты жетілген. Физикалық және психикалық дамуы жасына сай.


Анемиялық синдром:





Синдромдар

Симптомдар

  1. Ауырсыну синдромы




Бауырдың үлкейуі, портальды гипертензия.Гепатит В

  1. Анемиялық синдром

Шаршағыштық, Ұйқысының тынышсыздығы.

  1. Жұйке жұйесінің бұзылуы

Бауыр энцефалопатиясы

Негізгі клиникалық синдромның негіздемесі:



  1. Ауырсыну синдромы:бұл кезде Науқаста Эпигастральды аймағында ауырсыну болады Асцит,және оң жақ қабырға астында.

  2. Анемиялық синдром: Шаршағыштық, Ұйқысының тынышсыздығы. Гемоглабинниң түсіп кетуі салдарынан.

  3. Жұйке жұйесінің бұзылуы: Бауыр энцефалопатиясы тікелей ОЖЖ әсер етеді,сонымен психикалық коңіл күйдің түсуіне де әсер етеди.


Жетекші синдром: Ауырсыну синдромы: Науқаста Эпигастральды аймағында ауырсыну болады Асцит,және оң жақ қабырға астында ауырсыну. Науқасты госпитализациялауға алып келеді.

Ажыратпалы диагноздың І кезеңі:

  • Бауыр циирозы

  • Гепатит В

  • Холецистит

Бауыр циррозы –бауыр паренхимасы мен стромасының дистрофиялық және некроздың зақымдануынан бауырды түйінді регенерация және дәнекер тканінің жайылма өрбуін тудыратын бауырдың созылмалы да үдемелі ауруы. Сонымен қатар бауыр паренхимасы мен оның тамыр жүйесінің құрылысы өзгеріп портальды гипертония дамиды. Бауыр циррозының үш морфологиялық варианты болады; портальды некроздан кейінгі және билиарлы цирроз .Портальды цирроз көбінесе маскүнемдіктің, тамақ жетіспеушілігінің, сирегірек вирустың, гепатиттердің нәтижесінде дамиды. Екінші реттегі билиарлы цирроз бауырдан тыс орналасқан ет жолдарының бітелуінен (тас, ісік) туындайды. Процесс үдей келе бауыр циррозын тудырады.
Клиникасы: басты шағымдар: ауырғандық, жүдеу, диспепсиялық шағымдар қызу көтерілу, сарғаю, қан кету және терінің қышуы, оң жақ қабырға астынан, не төс астынан білінетін сыздап ауырғандық, майлы тамақтан кейін, көп сұйықтық қабылдағаннан кейін және дене қызметінен кейін күшейіп отырады.
2 топтағы мүгедектікке: ауру үздіксіз жылдам дамып ,жылына 4-5 рет асқынып, (4-6 апта және одан да ұзақ) дистрофиялық сатымен, бауырдың жұмыс істеу қабілетінің нашарлауы 1 және 2 дәрежеде, портальдық гипертензия 3 дәрежеде, талақтың қабынуы, өсуі болады.

Гепатит В: Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром: әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады.
Асқынуылары:
1. Жедел бауыр энцефалопатия (бауыр комасы);
2. Ісікті – асциттік синдром.

Холецистит-өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияныңтүсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет