4
Ақылмен әрекет ету – бір жағдайдың нәтижесін бағалап, сарапқа салу.
«Ашу – пышақ, ақыл - алтын» демекші, ақылдылық сабыр сақтауды
керек етеді.
Сөздік:
ақыл - ум
бақ - счастье
асыл қасиет - дорогое достойнство
сабыр сақтау - проявить терпение
1.9. Оқыңыз, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, олардың қай
септікте тұрғанын анықтаңыз.
Мен бүгін Дананы көрдім. Ол менің мекен-жайымды сұрады. Дана
маған өзінің мекен-жайын берді.
Ол мені театрға шақырды.
Менде екі билет
бар. Асқар
менен екі билет сатып алды. Дана
менімен театрға барды.
1.10. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіз. Сөздердің қай септікте
тұрғанын анықтаңыз.
2. Ердің сәні – білім, жердің сәні – егін.
3. Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
4. Еңбектің малы тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
5. Ақылды бала өсірсең, әулетің абырой алар.
6. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.
1.11. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына септік жалғауларын қойып көшіріп
жазыңыз. Қарамен жазылған сөздер тәуелдіктің нешінші жағында тұр?
Достарыңызбен бөлісу: