6
Сыйласқанның суын іш.
И вода кажется вкусной, если
подать ее с заботой.
Атасыз үй батасыз, анасыз үй
панасыз.
Мать нужно уважать, отцу надо
служить.
Сыйлап берген су тәтті.
Из рук уважаемого человека и
простую воду пить приятно.
Ана алдында – құрмет, ата алдында
– қызмет.
Дом
без
отца
–
дом
без
благословении, дом без матери –
дом без покровителя.
2.8.Бала, дос, қамқоршы сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеңіз.
2.9.Өз отбасыңыздағы сыйластық туралы не айтар едіңіз.
2.10.Мәтінді оқып, отбасы туралы әңгімелесіңіз.
Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді
қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз
баланы тәрбиелеуге үлкен орын беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер». Отбасында ұл балаға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын
үйретеді. Қыз балаға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.
• “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”, “жеті атасын білмеген -
жетесіз”, “жақсыдан жақсы туар жарқылдаған, қарғадан қарға туар
қарқылдаған”, “жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан
жақсы туады адам айтса нанғысыз” түсініктеріне салыстырмалы талдау
жасаңыз.
• Қазақ отбасында қалыптасқан сыйластықтардың ұлт іргетасын
қалаудағы маңызы неде деп ойлайсыз?
• Жағдаяттық тапсырма.
Әмір осыдан сегіз жыл бұрын үйленген. Басында бәрі жақсы еді. Анасы
қайтыс болған соң, ауылдағы әкесін қалаға, өз үйіне алып келді.
Келіншегі Адина Әмірге тура қарап ештеңе айтпағанымен, бір-екі рет
әкесі туралы сөз қозғалса, шытынап қалатынын байқаған. Бір күні Әмір
жұмыстан келгенде әкесі киімдерін жинап дайын отыр екен. Баласының
«қайда жиналдыңыз» деген сөзіне қарт әке “сендер ала таңнан қара
кешке дейін жұмыстасыңдар, балалар балабақшада, мен жалғыз өзім
зерігемін, сондықтан қарттар үйіне барсам, өзім қатарлас үлкендермен
қауқылдасып, сұхбаттасып отырамын ғой” деп жауап берді. Отбасылық
қандай мәселе туралы айтылып отыр?
7
2.11. Жаттығу бойынша келесі сөйлемдерді аяқтаңыз және оны өз
сөзіңізбен толықтырыңыз.
Отбасы - ... . Отбасы ұрпақтарға ...маңызды орын алады. Қазақ
отбасында ... . «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген
қазақ мақалы ... . Отбасында ұл балаға ... . Отбасында қыз балаға ... .
2.12. Берілген бата сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. Бата сөздерін
жаттап алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: