Лекция №1,2. Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны
Сөз – көрнекі және сөз – көрнекі – сарамандық әдістерді оқытудың ең маңыздысы химиялық эксперимент болып табылады. Ол химияны оқытуда ең маңызды рөлді атқарады. Химиялық эксперимент оқушыларға тек атаулармен ғана емес, сонымен қатар, химия ғылымының әдістерімен таныстырады. Химиялық экспериментке үлкен үлестерін қосқан ғалымдар: В.Н.Верховский, В.В.Фельдт, К.Я.Парменов, В.В.Левченко, В.С.Полосин, Д.М.Кирюшкин, Л.А.Цветков және тағы басқалар.
К.Я.Парменов эксперименттің техникасына қана назар аудармай, сонымен қатар, оқыту процесіндегі методикасына да басты назар аударды. Ол былай деген – «Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжірибені бақылауы мен оны батыл жүргізуіне дайындау керек» - деген.
Химияны меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Әрбір ғылыми түсінік қойылған міндеттен қисынды (логический) шығуы керек және практика жүзінде орнығуы керек, сонда ғана химияның эксперименттік сипаты танылады .
Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек.
Таным – белгілі бір нәрсені (затты), құбылысты, процесті, фактіні сезіну және қабылдаудан басталады, одан кейін қорытындылау мен абстракциялауға ауысады.
Химиялық таным – химиялық құбылыстар мен процестерді қабылдау негізінде қалыптасатын, олардың маңызды белгілері туралы жинақталған білім. Оларға анализ жасау оларға тән барлық маңызды белгілерді, ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді және соның негізінде химиялық заңдылықтар қалыптасады .
Химиялық эксперименттің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып мұғалім оқушыны теориялық білімдерін нақтылауға, жинақтауға және практика жүзінде іске асыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға теория жүзінде оқыған, меңгерген түсініктері мен қалыптасқан білімдерін практика жүзінде көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жасап көруі арқылы тереңдетуге көмектеседі. Оқушылар жинақтаған білім, біліктерін және қалыптасқан дағдыларын тек орта мектепте ғана пайдаланып қоймай, одан кейін де пайдалана алады.
Мұғалім еңбегінің ең бастысы сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Ол әр баланың жас ерекшелігімен жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға міндетті. Жеке жұмыс жүргізу үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану баланың еңбек дағдысын, шығармашыл, дара қабілеттерін дамытады.
Химиялық эксперимент – құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы. Эксперимент арқылы құбылыста ешбір жұмбақ, жасырын сыр жоқ екеніне , олар да табиғи заңға бағынатыны, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді адамның сарамандық іс – тәжірибелерінде кең пайдалануға мүмкіндік туғызатынына оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде теорияның тәжірибемен өзара байланысын іс жүзіне асырады, білімді сенімге айналдырады.
Эксперимент оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, эксперримент оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіруге, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді. Эксперимент химия сабағында, сарамандық сабақтарда дәлелдеу және тексеру құралы ретінде де пайдаланылады.
Химиялық эксперименттің атқаратын функциялары
Химиялық эксперимент маңызды функцияларды атқарады. Олар: білім, тәрбие және даму. Сонымен қатар, ақпараттық, химиялық эксперимент эвристикалық, құрастырушылық, зерттеушілік негізгі функцияларды анықтайды. Олар:
Ақпараттық функция химиялық эксперимент пәннің алғашқы таным көзі ретінде болған жағдайда пайда болады. Эксперименттің көмегімен оқушылар заттың қасиеті мен өзгерісі жайлы мағлұмат алады.
Эвристикалық функция енгізілген фактілерді ғана емес, сонымен қатар, көптеген эмпирикалық танымды құруға белсенді негіз болады. Қарапайым мысал, егер тәжірибе негізінде факт қалыптастырылса: оқушы натрий гидроксидіне бірнеше тамшы индикаторды (фенолфталеин) тамызған кезде, индикатор сілтінің әсерінен өз түсін өзгертетініне көз жеткізеді. Мысалы, тұз қышқылының ерітіндісіне мырыштың түйірін салу кезінде оқушы біріншіден, мырыш тұз қышқылында еритінін, екіншіден, бұл реакцияның нәтижесінде газ бөлінетінін анықтайды.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығынан эвристикалық шешім жасауға қолдануға болатындығын көруге болады.
Зерттеушілік функция заттарды синтездеу мен талдау бойынша практикалық білік пен дағдыны дамытуға, заттардың қасиеті жайлы білім іздеу мен олардың қарапайым белгілерін зерттеуге, жалпы ғылыми – зерттеушілік жұмыстың қарапайым әдістерін меңгеруге негізделген.
Оқу құралы ретінде химияның “бейнесін”, ерекшелігін, бірегейлігін, қамтамасыз ететін химиялық эксперимент. Ол үш жақты білімділік функциясын орындайды (оқыту, тәрбиелеу, дамыту).
Химиялық эксперимент:
тәрбиенің қалыптасуына көмектеседі (еңбектік, мәдениеттілік, үнемдік, этикалық, эстетикалық, танымдық, экологиялық және басқалар);
дамытушылыққа үйретеді (есте сақтау, ойлау, елестету, сезіну, қажеттілік мотивтері, шыгармашылығы т.б,).
танымдық қасиетін дамытуда маңызы зор әдіс функциясын орындайды (химиялық объектілерді тану, оқу проблемасын шешу, оқу гипотездерін тексеру).
оқу құралдар функциясын орындайды (көрнекіліктер, зерттеулер, жетістіктер, қорытындылар, білім және дағдыны қолдану, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту құралдары).
Качественный анализ. Настоящие исследователи действуют, наблюдают, записывают
Сапалық талдау.
Нағыз зерттеушілер әрекет жасайды,бақылайды және жаза
Химиялық эксперименттің ең басты атқаратын функциясы – оқушылардың танымдық іс – әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Танымдық іс-әрекет дегеніміздің өзі – шәкіртің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан және ізденімпаздықтан қалыпасады. Ал белсенділік – білім алуының іс-әрекет пәнімен тікелей орналасу дәрежесін анықтайды. Жалпылама танымдық белсенділікке педагогика тұрғысынан мынадай анықтама беруге болады: танымдық белсенділік деп – мотивициялық – тұлғалық, мазмұндық – амалдық, және процессуалды - жергілік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
Химияны оқытуда танымдық іс-әрекетті белсендіру – бұл оқушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, қызығушылығын тудырып, шығармашылығы мен шеберлігін арттыруда қолданылатын әрекеттер жиынтығы. Оқушыларда танымдық іс-әрекеттері өз бетінше жүрізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтанда оқу барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын, ізденушілік қабілетін қалыптасатындай етіп ұйымдастыру керек.
Химия сабағында танымдық белсенділікті арттыруда түрлі жаңа технологияларды қолдануға болады. Сонымен қатар оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыларда өзіндік белсенділік негізінде, ал бұл қабілеттің өзі психикалық белсенділіктің нәтижесінде пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ үстінде жүргізіледі әрі оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына да ерекше назар аудару керек.
Оқушы танымдық іс-әрекеті арқылы қоршаған ортаны ғылыми түрде түсінуге тырысады, осының негізінде ізденімпаздықпен айналысады
3. Химиялық эксперименттің түрлері
Химия ғылымында және оны білім ретінде оқыту процесінде химиялық эксперименттің бірнеше түрі бар:
демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді);
2. оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер).
Эксперименттің түрлерін оқушылар өздерінің жұмыс орындарында мұғалімнің және лаборанттың бақылауымен жасайды, кейде өз беттерімен жасайды. Эксперименттің ерекше бір түрі – ой эксперименті. Әр эксперимент түрінің өзіндік ерекшеліктері, жүргізілу уақыты. Эксперименттің барлық түрінде бір – бірімен байланысты екі маңызды жағы болады: тәжірибені енгізу техникасы мен оның орындалу тәсілі .
Демонстрациялық эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процестер туралы нақты көзқарастар тудыру үшін химиялық түсініктер қалыптастыру үшін жүргізіледі. Ол жаңа материалды азғана уақыт ішінде қорытындылау және маңызды қорытындыларды түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лабораториялық тәжірибелерді және басқа да операцияларды жасауға үйретеді. Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына және одан шығатын нәтижені бақылауға бағытталады .
Демонстрациялық эксперимент сөз – көрнекі әдіс ретінде оқытылады.
Демонстрациялық эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар. Сабақтың мазмұнына онда қарастырылатын мәселеге, зерттелетін құбылыстар мен процестердің сипатына және нақты оқу тәрбиелік міндеттеріне байланысты әрбір демонстрациялық эксперименттің өзіндік ерекшеліктері болады және оларға төмендегідей талаптар қойылады:
эксперимент көрнекі түрде жүргізілуі керек;
оқушыларға түсінікті болу үшін тәжірибені жүргізу техникасы қарапайым болу керек;
эксперимент мазмұнын, мақсатын түсінуі үшін оқытушы оқушыларға алдын – ала қысқаша мәлімет беруі керек;
оқушылар қондырғының әрбір тетігінің қандай рөл атқаратынын түсінуі керек;
эксперимент қауіпсіз жүргізілуі керек;
эксперимент сәтті өтуі керек;
Демонстрация аяқталған соң байқалған құбылыстарға анализ жасау керек, барлығын жүйелеп қорытынды жазу керек, қажет реакция теңдеулерін және есептеулерді жүргізу керек .
Демонстрациялық эксперименттің педагогикалық нәтижесі, оның білімге және білік пен дағдыға әсері эксперимент техникасына тәуелді. Эксперимент жүргізу үшін арнайы жиналған приборлар мен қондырғылардың жиынтығы, жалпы химия кабинетінің жабдықталуы, экспериментке қажетті әрбір прибордың дайындығы және демонстрациялау техникасының бірнеше рет алдын – ала тексерілуі. Мұғалім немесе лаборант жұмыс жасай білу тәсілдерін жақсы меңгерген жағдайда ғана эксперимент сәтті өтеді .
Демонстрациялау әдісі – эксперименттің жақсы, көрнекі, сәтті, түсінікті өтуін қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығы. Эксперимент техникасы мен әдісі өзара тығыз байланысты және жалпы атауы демонстрациялық эксперименттің технологиясы деп аталады.
Демонстрациялық эксперименттің әдістері:
тәжірибенің мақсатын қою қажет, яғни эксперимент не үшін өткізіледі, экспериментті бақылау нәтижесінде нені түсіну қажет;
тәжірибе жүргізілетін құрылғыны суреттеу, тәжірибе шартын және реактивтерге сипаттама беру керек.
Зертханалық тәжірибелер – мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі. Зертханалық тәжірибелер сабақтың барлық бөлігін алмайды, тек белгілі бір бөлігінде ғана жасалады, яғни тәжірибені қай уақытта жасау ыңғайлы екенін мұғалім өзі алдын-ала ойластырып шешеді .
Зертханлық тәжірибелер, теориялық ұғымдар, ережелер және кейбір түсініктерді нақтылау үшін заттардың физикалық және химялық қасиеттерімен танысу, физика – химиялық құбылыстарды бақылау және тағы сол сияқты жұмыстарды қамтиды.
Кейде жаңа материады тәжірибе арқылы түсіндіру үшін зертханалық тәжірибе танымдық мақсатта жүргізіледі. Тәжірибенің бұл түрі оқушылардың ойлау іс – әрекеттерін дамытатын белсендіретін зерттеушілік сипатта болады. Демонстрациялық экспериментпен салыстырғанда зертханалық тәжірибе кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жасайтын болғандықтан олардың бойында эксперименттік білік пен дағды біртіндеп қалыптаса бастайды. Бұл зертханалық тәжірибенің демонстрацциялық тәжірибеден негізгі айырмашылығы. Тағы бір айырмашылығы – барлық зертханалық тәжірибелер зертханалық тәжірибелерді жүргізуге көп уақыт кетуі мүмкін. Жалпы эксперименттер жүйелі жүргізілетін мектептерде ғана зертханалық тәжірибелер берілген уақытта сапалы және нәтижелі жүруі мүмкін.
Ұқсастығы: жаңа материалды практикалық тұрғыда толықтырушы ретінде жүргізіледі, оқушыларда заттың қасиеті химиялық процестер туралы көрнекі көзқарастар қалыптасады. Сабақ барысында және күнделікті өмірде қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға белгілі бір көзқараспен қорытынды жасауға үйретеді .
Практикалық жұмыс – тақырыпты немесе тарауды оқып болғаннан кейін сол жаңа материалға сәйкес химиялық тәжірибелерді арнайы сабақта оқушылар өз бетімен жасайтын жұмыстың түрі, оқу жоспарында практикалық жұмысқа арнайы сағат бөлінеді. Практикалық жұмыс басқа сабақ түрлеріне қарағанда алынған білімді қорытындылауға және ол білімді қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар, эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына және дамуына көмектеседі .
Практикалық сабақтарға қойылатын талаптар және ондағы мұғалімнің ролі.
жұмыс жүргізілуі үшін кейбір өзгерістер болған жағдайда, мұғалім сабақтың барысында хабарлап себебін түсіндіру керек;
оқушылар үйде жұмысқа дайындалу барысында туындаған сұрақтарына мұғалім сабақтың барысында жауап беріп түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар міндетті түрде осы жасалынатын жұмыс мазмұны бойынша болу керек;
жұмыстың кейбір қиындау бөліктерін немесе алғаш жасалайын деп тұрған бөліктерін мұғалім алдын – ала түсіндірріп, тіпті кейбір жағдайда жасап кетуіне болады.
әрбір оқушының жұмысқа дайындығы толық тексерілгеннен кейін ғана жұмысқа рұқсат беріледі. Осыдан кейін оқушылар жұмысты бастайды, ал оқытушы әрбір жұмыс үстеліндегі оқушының қимылын бақылап, мұқият қадағалап тұрады. Қажет болған жағдайда ғана жеке көмек көрсетуіне болады. Егер оқытушының кейбір кемшіліктерін байқап қалған жағдайда, оның өзі бірден түзетпей оқушының өзі ойланып іздеп табуына мүмкіндік беру керек. Егер химиялық кабинет қажетті реактивтермен, құрал – жабдықтармен толық жабдықталған болса, практикалық жұмысты әрбір оқушы жеке орындаған дұрыс, ондай мүмкіндік жоқ болған жағдайда кем дегенде екі оқушы бірігіп орындауы керек, бірақ екеуі де белсенді жұмыс жасауы керек. Кері жағдайда, яғни біреуі ғана орындап, екіншісі тек жанында көріп отыратын болса, ол оқушының эксперименттік білігі мен дағдысына кері әсер етеді. Оқушылар жұмысты бірігіп жасағанмен де жұмыс қорытындыларын байқағандарын қажетті реакция теңдеулерін және есептеулерді әрқайсысы жеке жазуы керек. Сонда ғана оқушының білімі тереңдейді және практикалық білігі артады. Оқытушының практикалық сабаққа арналған жеке журналы болған дұрыс, онда әрбір оқушының химиялық операциялары элемнтін меңгергендігі экспериментті жасай білу қабілеттілігі, техника қауіпсіздігі ережелерін қаншалықты білетіндігі теориялық білімдерін практикада қолдана білу білігі жазылады. Ең соңында «ескертулер» деген графа болуы керек, сол жерге әрбір оқушының кемшілігі тіркелген дұрыс. Мысалы: полимерлі материалдар пластмассалар туралы тақырыпта:
химиялық талшықтарды танып білу;
оқушыларға алдын – ала тапсырма беру;
әртүрлі пластмассаның, талшықтың үлгілерін алып келу;
физикалық қасиеттерін танып білу (түсі, исі, иілгіштігі, созылғыштығы);
спиртшамның жалынында қыздыру;
әртүрлі еріткіштерде (су, ацетон, спирт қышқылдарда, сілтілерде, бензинде, керосинде) ерітіп көру;
әртүрлі талшықтардың, пластмассаның тығыздығын анықтаулары қажет .
Оқытушы осындай эксперименттің нәтижесінде оқушылардан қандай білік пен дағдыны байқауы керек:
спиртшаммен жұмыс жасай білуі;
заттардың сыртқы қасиетіне қарап, ажырата білуі;
әртүрлі ерітінділермен жұмыс жасай білуі;
өздерінің эксперимент нәтижелерін қорытындылап, анықтамалық мәліметтермен салыстыра білуі .
Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар дәптерлеріне жазбаша есеп жазады. Онда:
қандай заттарға тәжірибе жасағандығы;
қандай тәжірибе түрлерін жасағандығы;
байқаған құбылыстары, сол құбылыстарды түсіндіру;
қорытынды қамтылуы қажет.
Осы арқылы оқушының теориялық білігі де, практикалық білігі де артады.
Дәріс 3,4
Дәріс 3,4.
Тақырыбы: Мектептегі химия кабинетінің құрал жабдықтары. Қажетті реактивтер мен құралдар жиынтығы. Химиялық кабинеттегі оқушының жұмыс орн
Химия кабинетінің құрал-жабдықтары
Химиядан құрал жабдықтардың алатын орны. Олардың көмегімен күрделі процестерді көрсетіп, оқытылатын құбылыстың қатынасы мен байланысын ашады.
Мектепте қолданылатын құралдарды үш топқа бөлуге болады. 1) өлшегіш құралдар 2) қыздырғыш құралдар 3) тәжірибе жүргізуге арналған арнайы құралдар.
Осы үш топтағы құралдар демонстрационды және лабораториялық болып бөлінеді.
Жұмыстың орындалу негізіне байланысты қыздыруға, балқытуға, өлшеуге, балқу және қайнау температурасын өлшеуге, тығыздығын, ерігіштігін, фильтрлеу, айдау, бөлу, ион алмасу ж.б өлшеуге арналған деп бөлінеді.
Заттардың агрегаттық күйіне байланысты тәжірибе жүргізілетін құралдар. Ондай құралдарға газдармен тәжірибе (алу, жинау, сақтау, тазалау, жұту, тығыздығын анықтау химиялық реакция жүргізу) сұйықтармен тәжірибе (бөлу, қайнау температурасын, тығыздығын анықтау) қатты және сұйық заттармен тәжірибе (фильтрлеу, ерігіштігі, абсорбция, кристаллизация) жүргізіледі.
Электр тогымен (электролиз, электр өткізгіштік, электрод потенциалын анықтау) және қыздырумен (термохимиялық реакция, пиролиз) жүргізілетін тәжірибе маңызды орын алады.
Зертханада химиялық экспериментті өткізу үшін арнайы ір түрлі құрал-жабдықтар, ыдыстар пайдаланылады (сурет 1)
Колба
Эрленмейера
Фарфоровые
стакан и тигли
Сурет.1. Зертханалық ыдыстар
Пистолетный осушитель Фишер
Аппарат Киппа
Водоструйный насос
Делительная
воронка
Капельница
Шустера
Фарфоровая
чашка
Склянка
Дрекселя
Вакуумный эксикатор
Бюксы
Круглодонная колба
Колба Бунзена с воронкой Бюхнера
Склянка
Тищенко
Хлоркальциевая трубка
Кристаллизатор
Пробирки
Холодильник Либиха
Промывалка
Капельница
Воронка
Фильтр Шотта
Ступка с пестиком
Часовое стекло
Шыны ыдыс барлық химимялық тәжірибелерге қажет. Мектептегі химия кабинетінде әдетте үш түрлі шыны ыдыстарын қолданады: 1) жеңіл балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (сұйықтықтрды қыздыруға арналған); 2) қиын балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (құрғақ заттарды қыздыруға арналған); 3) қалың қабатты ыдыс (реактивтерді сақтауға және қыздыруды қажет етпейтін тәжірибелер үшін)Жұқақабатты ыдыс (бірдей сыйымдылықтағы) қалың қабаттыдан анағұрлым қымбат. Мұны қыздыруды қажет етпейтін және өздігінен қызбайтын заттар бар тәжірибелерде, өте нәзік жұқақабатты ыдысты қолдануды шектеу керектігін ұмытпау керек.
Химиялық ыдыстарды алғанда және тапсырыс бергенде оның өлшемін,атауын, ал кей жағдайларда шыны сортын (мысалы, жұқақабатты ыдыстар үшін мүмкіндігінше қиын балқитын шыны) айту керек. Сонымен қоса прейскурант бойынша номерін көрсетуге болады. Әртүрлі ыдыстар үшін жеке өлшемдер анықтау қабылдаған: сыйымдылығына қарай (миллилитр немесе су граммы); ұзындығы және кеңдігі, ұзындығы және диаметрі бойынша (кейде сыртқы және ішкі диаметр бойынша), кей жағдайларда номері бойынша және т.б.
Ыдыстар және құралдарды жуу. Ыдыстың ішіндегі реакция өнімдері кептірілген соң, ыдысты жуу үшін сода, сабын, қайнаған су және щетканы қолданады: ыдысты жұмыс аяқталған соң кір күйінде көпке қалдырмау жуу қажет. Сонымен қоса жақсы жуғыш заттар болып әртүрлі ұнтақтар табылады.
Ыдысты жууға арналған щеткалар әртүрлі өлшемдерде болады. 20 суреттің 4 және 5 көрсетілген ершиктер көп қолданылады. Лаборанттар бөлмесінде басқа да колбаға, стақанға және ступкаға , бюреткаға, мензуркаға және т.б. щеткалар қажет. Жиі түрде өте үлкен ыдысқа - 3, жұқа түтіктерге - 6 және қалың түтіктерге арналған щеткалар болады.
Щетка болмаған жағдайда құс қанаттарын, кейде тряпка оралған лучинаны қолданады.
Егер берілген тәсілмен ыдысты жуу мүмкін болмаса, онда қандай заттардан қалған ыдысты жуғанына байланысты сәйкес сілті, қышқыл және т.б. реактивтерге жүгінеді. Мысалы; темір оксидінің сары тұнбасы тұз қышқылында, калий перманганатының ыдырауынан кейін алынған марганец оксидінің бурый тұнбасы – қымыздық қышқылымен жақсы шайылады. Стеарин, май және өсімдік майларынан соң ыдысты сілтімен, басқа да органикалық қосылыстарынан соң – натрий немесе калий дихроматымен (хромды қоспа) концентрлі күкірт қышқылының қоспасымен жуу қажет. Осы ерітіндінің 100 мл қолданар алдында 320 мл тығыздығы 1,84 концентрлі күкірт қышқылын қосады. Органикалық заттарды жақсы тотықтыратын ыстық ерітінді алынады.
Хромды қоспаны оның шашырап теріге түспеуі үшін абайлап қолданады. Егер хромды қоспа бірден әсер етпесе, онымен ыдысты толтырады және түнге қалдырады. Кейде ыдысты жууға спирт, бензин, скипидар және т.б. пайдалы болуы мүмкін.
Сілті ерітіндісі ұзақ болған ыдыстар әдетте жуылмайды, онда ыдыстың құрғақ түрінде анық көрінетін ақ дақ қалады. Сілтілер беткі қабаты шероховый, маточный жасалған шыныларды ерітіп жібереді.
Күкіртпен кейінгі тәжірибеден соң оны ыдыстан жағып кетіреді. Ол үшін күкірт қалған реторта, сынауық немесе басқа ыдысты тартқыш шкаф астына қойып, алдымен күкіртті абайлап қыздырып балқытады және көп бөлігін төгеді. Содан соң ыдысты штативке бекітіп, оған қол резина баллонмен жалғасқан шыны түтікті енгізеді және барлық күкірт жанғанша ауа үрлеп ыдысты спирт шамда қыздырады.
Күкірт қыздырғанда анилинде өте жақсы ериді. Барлық күкірт ерігенше ыдысқа анилин құйып қыздырады. Анилин буы улы болғандықтан қыздыруды тартқыш шкафта жүргізеді. Ерітіндіні арнайы дайындалған банкаға төгеді. Ыдыстағы төккеннен соң ерітіндіден бөлінген күкіртті щеткамен өте жеңіл кетіруге болады. Қалыпты температурада күкірттің анилинде ерігіштігі өте төмен болғандықтан, ерітінді құйылған банка түбінде суыған соң барлық күкірт бөлінеді. Анилинді фильтрлеп бөліп, қайта қолдануға болады.
Фарфорлы ступкаларды тазарту үшін көптеген құммен суды араластырады. Ступка және чашкалардағы майлы заттарды, вазелинді және т.б. құрғақ опилкамен сүрте кетіреді.
Жуылған және таза сумен жақсы шайылған ыдысты сүртпейді, ал кептіреді. Ол үшін оны төңкеріп ыдысты кептіруге арналған этажеркаға
Этажерканың жәшіктернің түбі шырышталған темірлі сеткамен керілген. Этажерканы пеш немесе сулы радиатор жанына,немесе этажерка астынан керамикалық қойғышы бар электрлі плитка орнатады.
Ыдысты кептіру үшін тақтаға еңкейте бекітілген таза колышкаларға ыдысты ілуге (22 сурет) немесе осы мақсаттар үшін қарапайым ыдыс қойғышты себеттер қолданады. Себеттер астына ауа еркін енуі үшін астына ағаш брустар орналастырады.
Ыдысты кептіруде ауаны қыздыра жүргізілетін фен (оны әдетте шаштаразда шашты кептіруге қолданады) өте ыңғайлы. Егер фенның аузына диамерлері 4-6 мм болатын түтіктер орнатса бірден бірнеше ыдысты кептіруге болады (23 сурет). Ауаның мықты ағымын алу үшін әртүрлі шаңсорғыштарды да қолданады.
Қатаң жағдайда ыдыстың сыртын сүртеді, ал ішін спирт шам жалынының үстінен жоғары ұстап, әр кез айналдыра және ыдысқа қол резина баллон арқылы ауа үрлей отырып кептіреді . Қатты және бірқалыпты емес қыздырудың алдын – алған жөн, өйткені одан шыны шытынауы мүмкін. Кептіретін ыдысты төңкеріп ұстауға болады. Ыдысқа шаң – тозаң түспес үшін, ауа үрлейтін түтікке тығын арқылы мақта салынған ұзын түтік жалғайды.
Ыдысты тез кептіру үшін оны спиртпен шаяды.
Кейбір енді ғана бастаған экспериментаторлар сияқты кептіруді ауа үрлемей қатты қыздырып жүргізуге болмайды, себебі әлсіз қыздырғанда кептіру баяу жүрсе, ал қатты қыздырғанда ыдыс шытынауы мүмкін.
Тар цилиндрдлі ыдыстарды (үлкен сынауықтар, цилиндарлер, ұзын түтіктер, эвдиометрлер, бюретка және т.б.) кептіріп және сүртуге әртүрлі қалыңдықтағы ұзын ағаш таяқшалар қолданады, олардың бастарында ағаштан 1-0,5 мм шыға орнатылған бірнеше мыс сымдары бар. Мұндай таяқшаны қолдан жасауға болады.
Екі жағы да ашық жіңішке түтіктермен приборларды ұзындығы түтіктен екі есе болатын жіпке ортасынан мақта байлап тазалап және сүртеді. Содан соң жіптің бір ұшына мыс сымының бөлігін байлайды және соңын вертикаль ұстап оны түтікке түсіреді. Жіп түтік бойымен жүргенде, мақтаны ары –бері бірнеше рет жүргізеді. Егер түтік өте лас болса, онда алдымен спиртке батырылған, содан соң құрғақ мақтамен сүртеді.
Штатив
Подъёмный
Таразылар
Заттардың керекті мөлшерін өлшеу және сандық анықтаулармен байланысты демонстративтік тәжірибелер және оқушылардың практикалық жұмыстарында, мысалы; ерітінді дайындауда, мектептегі химиялық кабинетте таразының бірнеше түрі болуы керек: техникалық таразы – жоғары дәлдікті үлкен таразы, футлярсыз және футлярдағы – техно–химиялық таразы , қолдық (дәріханалық) таразы (25-сурет), ал лаборанттар бөлмесі үшін – дөрекі таразы (серіппелі және т.б. 5 кг дейін). Кейбір жұмыстарда дәл өлшеу үшін (0,0001 г дейін) демпфері бар немесе демпферсіз аналитикалық таразы қолданылады, бірақ орта мектептерде бұндай таразылардың қолданылуы шектеулі.
Бірінші типті таразыларға 500 г дейін жүк өлшейтінғ дәлдігі 0,05 г дейін техникалық таразы және техно – химиялық таразы жатады.
Соңғысы жоғары сезімталды және 200 г-нан жоғары жүктерді 0,01 г және 0,001 г дейінгі дәлдікпен өлшейді. Максимальды жіберілетін ауырлық таразының коромыслдағы сәйкес цифрмен көрсетіледі. Осы таразының негізгі бөлшегі болатты үш призмасы бар коромысло болып табылады. Ортаңғы призманың ұшы төмен қаратылған және жұмыс кезінде таразы тіреуінің жоғары жағына бекітілген болат пластикасына тіреліп тұрады. Қалған екі призманың ұштары жоғары қарап тұрады. Оларға болат пластинканың көмегі арқылы сырға іледі, ілгіштеріне таразының чашкасына арналған дуганы іліп қояды. Таразы тіреуіші колонканаң муфта бекітілген. Коромыслаға төмен қарап тұрған бағыттаушы бекітілген, оның ұшы жұмыс істегенде колонканың төменгі жағында орналасқан шкала бойынша жылжиды. Таразыны жөндеу үшін гайка түріндегі коромысла ұшындағы регуляторлар қызмет етеді, олар ортаңғы сызықтан біркелкі ауытқығанша винтті стержень бойынша қозғалады.
Осы таразының қарапайым дөрекі таразылардан қарағандағы айырмашылығы, олар аналитикалық таразылар сияқты арретирлік құрылғасы бар. Бұл механизм көмегі арқылы тіреу көтеріліп қайтадан түсе алады, осыған байланысты таразыны қосқан кезде призмалар тіреуіш пластинкалармен бірге және де коромысло арнайы тіреулерде ұсталып тұрады. Бұлар призмаларды үйкелуден және регулировканы және таразыда өлшеулер жүргізгенде сезімталдығын сақтаудан қорғайды. Арретирдің ұстағышын оңға бұрағанда таразыны жұмыс істеу қалпына келтіреді. Кей жағдайда техно – химиялық таразылар алдыңғы есігі көтерілетін арнайы шыны футлярға орналастырады. Футляр таразыны ауа ауытқумен және жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.
Осы таразыларды демонстративті тәжірибелерге қолданғанда оны жоғары жаққа қояды. Өйткені таразы шкаласы алыстан жақсы көрінбегендіктен оған басқа дөрекі бөлгіші бар шешілетін шкала жабыстырып, ал бағыттаушының ұшына түсті қағаздың жолағын қоюға болады.
Техно – химиялық таразы дұрыс қолданылған жағдайда барлық мөлшерлік, мектептегі демонстративті тәжірибелер үшін жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді.
Таразыны қолдану ережелері.
1. Таразыны жұмыс істеуде тұрақты столға орнатады.
2. Таразы астына подставка қойып түзетеді.
3. Таразы коромысласының ауытқуынан ортаңғы шкаланың бөлігінде тоқтайды. Тепе – теңдікті коромысланың гайкаларын ауыстырғанда жүзеге асыруға болады
4. Бағыттаушы ортаңғы шкала бөлігінен өткен кезде таразыны арретирдің бұрылысымен абайлап, ұқыпты және арретирді толық жабу керек.
5. Таразы чашкаларына гирлерді және өлшенетін заттарды орналастыру, алу таразының өшірілген жағдайында ғана жүргізіледі.
6. Бөлшектердің дәне жалпы таразы тазалығына мән беру керек.
7. Таразыдағы шаң – тозаңды жұмсақ кисточкамен немесе жұмсақ, таза матамен сүрту керек.
8. Таразы призмаларымен пластинкаларын спиртпен немесе таза бензинмен жуып, содан кейін құрғақ таза матамен құрғатып сүртеді.
9. Таразыны қалыпты бөлме температурасында орналастырады және оны ылғалмен зиянды газдардан сақтау керек.
Оқушылардың зертханалық жұмысы үшін 9 см диаметрлі жартылай дөңгелек немесе жазық чашкалары мүйізден , пластмасса немесе металлдан жасалған қолдың дәріханалық таразылар (25-сурет) болу керек. Мұндай таразыларды әдетте штативпен бірге сатады. Оларда 0,01 г дәлдікте өлшеуге болады, бұл қарапайым тәжірибелерге жеткілікті.
Практикалық жағынан таразылар: а) жоғары жүктемелерге төзетін, және б) осы жоғары жүктемені анықтайтын сезімталдығымен сипатталады. Мысалы, 500 г техникалық тразы 0,02 г – ға сезімтал, сондықтан онымен жұмыс істегенде келесі жағдайларды ескеру керек:
1. 500г – нан жоғары жүкті өлшеуге болмайды; үлкен жүк әсерінен коромысло майысып, таразының көрсеткіштері төмен дәлдікте және таразы бұзылуы мүмкін.
2. Егерде таразының бір чашкасына 500 г гир салып және теңестірсе, онда оның тепе –теңдігі сол немесе келесі чашкаға 0,02 г немесе одан көп жүк салғанда ғана көрнекті түрде өзгереді. Бұдан кіші жүктерді олар сезбейді.
Осы таразыларда 500г жүк өлшегенде жүк массасы үшін дәлдікке сүйенуге болады.
Демонстрациялық тәжірибелер және лаборант бөлмесі үшін ең қарапайым тастар жарайды (дәлдігі жоғарылар қажет емес). Екінші классты 1 кг – нан 0,01г – ға дейінгі гирлер бар жинақ жеткілікті. Дәріханалық таразылармен жұмыс істейтін оқушылар үшін 50 г – нан 1 г – ға дейінгі никельді тастар және 500 мг және одан кіші алюминий пластинкалардан тұратын жәшік қажет.
Анағұрлым дәл өлшеу үшін техно – химиялық және аналитикалық таразыларда 100-ден 0,01 г – ға (28-сурет) дейінгі тастар қолайлы.
Сұйықтықтарды өлшеу үшін лаборанттар бөлмесінде бірнеше бөлгіштері көрсетілген, тұмсықты өлшеуіш цилиндрлер (мензурка) болуы қажет. 50, 100, 250, 500 мл және 1 л –к цилиндрлер болғаны жақсы, бірақ 100мл және 1л – к екеуімен де болады. Оқушылар жұмысына 50 мл цилиндрлер қажет. Үй – тұрмыс мақсатында шығарылған пластмасса конусты градуирленген стақандар (500 мл – ге дейін және көбірек) қолдануға болады. Оны арнайы дүкендерде сатады.
Мензурка таразы тәрізді зертхананың қолданылатын құрылғысы болу керек, бірақ дәл мензурканы дайындаудың бірнеше көрсетілімдері бар. Ыдыс ретінде сынауық, газ жинауға арналған цилиндр, кесілген тар шыны және т.б. ұолданылады
Қолдан мензурка дайындағанда бастапқы қиындық бөлгішті енгізу оның градуировкасы. Бөлгішті алмаз, ұстаханада плавик қышқылымен улау тым қиын. Бөлгіш ретінде қағаз жолақты жапсыру қолайсыз, себеб жолақ жеңіл алынады. Мектеп мәселесінде ыдысқа матовый жолақты жасау жеңіл, оған бөлгішті қарапайым графит қарандашпен жазады. Графит матовый шыныда жуғанда да жақсы ұсталады, тек шыныны ысып және сүртуге болмайды.
Матовый жолақты наждак қағазы көмегімен, карборунд және т.б. қағазбен өте ұсақ емес етіп жеңіл жасауға болады. Қағаздың болмаған жағдайында сәйкес порошок, ары кеткенде дымқылтряпкаға алынған ұсақ құмды қолдануға болады. Құм орнына кварц, кремний немесе басқа қатты затты балғамен ұнтақтап алған жөн.
Мензурканы градуирлеу үшін меншіктелген мензурка, тіпті бюретка қолданған жақсырақ. Мензурка диаметріне сәйкес 1, 5, 10 мл су құяды және өзі қалауы бойынша аралықты бөліктерге бөледі. Құйлған су деңгейін аздаған сызумен белгілейді, бөлгішті қорытынды түрде мензуркаға жазар алдында оынң бір ұшы бірнәрсеге сүйенетіндей етіп горизонталь подставка қояды. Қарандашты қолда қатты ұстап немесе подставкаға қапсыра отырып, мензурканы ось бойымен айналдыра сызады.
Аралық бөлгішті алдымен аралықты геометриялық тәсілмен керек бөліктерге бөліп қағазда жасайды, ал содан соң оны мензуркаға жазады. Егер аса дәлдік қажет болмаса көзбен бөлуге болады.
Өлшеуіш цилиндрді дайындау үшін сынған бюретканы қолдануға болады. Бұл үшін бюретканың сынған бөлігін ақырындап кесіп, балқыта тұмсық жасайды, ал бюретканың екнші соңын бітейді. Осындай жолмен дайындалған цилиндрді тұрақтылық беру үшін үлкен тығын тесігіне (5-сурет) қояды.
Бюретки
Микробюретка с автоматической
установкой нуля
Пипетки
Цилиндр
Мензурка
Мерный стакан
Мерные колбы
Пробирки с делениями
Пикнометры
5 Сурет. Өлшеуіш ыдыстар
3.Химиялық реактивтер.
Зертханаға қажет реактивтер арнайы ыдыстарда, құрғақ, желдетілген, қатаң жағдайда жылумен қамтамасыз етілген жерде сақталуы тиіс. Зертхана қоймасы сенімді бір адамға тапсырылуы керек. Ол адам реактивтердің шығымы мен толтырылуын қадағалап отыруы керек.
Реактивтерді қоймада сақтаған кезде жанғыш және жарылғыш заттарды тәртіппен орналастыру керек.
Бір-бірімен әрекеттескенде жылу және жанғыш газдар бөлетін заттарды бірге сақтауға болмайды.
Бір-бірінен бөлек келесі заттарды сақтау керек.
1) Қатты тотықтырғыштар. Олар жанғыш заттармен әрекеттесіп гипохлорит, перхлорат, хлорат, перманганат, нитрат, хромат, дихромат т.б сияқты жанғыш және жарылғыш заттар түзеді.
2) Сұйық тотықтырғыштар, неорганикалық қышқылдар, қышқылдық қасиетә бар буланғыш неорганикалық заттар – күкірт, тұз, азот, хлорлы қышқылдар, олеум, 30% сутек пероксиді, бром, тиони хлорид ж.т.б. буланғыш заттарды тартқыш шкаф астында сақтау керек.
3) Қысылған және ерітілген газдар. Ацителен, сутегі, пропан, бутан сияқты жанғыш және жарылғыш газдарды жануды қолдайтын оттегі, ауа, хлор сияқты газдардан бөлек сақтау керек.
4) сумен немесе ауамен байланысқанда, сілтілік және сілтілік жер металдарды, карбидтерді, силицидтерді, сілтілік және сілтілік жер металдардың гирбидтері, ақ фосфорды қыздырғанда жалындайтын заттар.
5) оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар оңай тұтанатын заттарды температура 500С тан төмен болғанда салқын жерде немесе тоңазытқышта сақтау керек.
6) оңай тұтанғыш қатты заттар қызыл фосфор, күкірт, нитроцеллюлоза т.б
7) күшті у цианиттер, мышьяк қосылыстары, метанол. Оларды арнайы құрылғыларда сақтау керек. 5-20 мл реактиві бар шыны құтыны арнайы қаптамада сақтау керек. Ағаш ыдыстардың сыртын оттан қорғайтын заттармен қапталуы керек.
Реактивтерді жұмыс істейтін орындарда сақтау.
Күнделікті жұмысқа қажет реактивтерді аз мөлшерде зертханада сақтауға тура келеді. Реактивтерге арналған шкафтарда, ашық зертхана үстелінде ұшқыш емес , өртке қаупі жоқ, аз токсикалы қатты және сұйықттар заттар сапалық анализге арналған заттарды сақтауға болады.
Концентрлі минералды қышқылы бар құты.
Тұз , азот, күкірт қышқылдары, күкірт қышқылымен концентрленген хромды қоспаны бір-бірімен бөлек, түбінде құмы бар керамикалық немесе эмалирленген ыдыстар тартқыш шкаф астыгда сақтау керек. Қышқыл бар құты 1 л аспауы керек.
Буланғыш минералды қышқылдарды тартқыш шкаф астында, арнайы асбесті жәшіктерде сақтауға болмайды. Ол аз мөлшерде ауаға шығатын болса адамның кариесін бүлдіріп, шкафтағы сантехникалық құралдарды бүлдіреді.өте активті сұйықтықтардың орнын ауыстыру өте қауіпті.
Тарқыш шкафта кейбір ұшқыш және активті заттарды сақтауға болады. мысалы : бром, хлорлы тионил, концентрлі аммиак ерітіндісі.
Күнделікті жұмысқа қажет заттар оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар. Олар ішіне асбест салынған қатты жабылған металл жәшікке салынады. Зертханада оңай тұтаратын заттар 1 л артық сақталиауы керек. Жәшіктерде қайнау температурасы 500С аспайтын оңай тұтанатын заттар сақталады (пентан, диэтилэфир т.б.)
Реактивті қолданар алдында негізгі қасиеттерін біліп алған дұрыс:
оталғыштығын, улылығын, тұтанып басқа реактивтермен қопарылғыш затқа айналу мүмкіндігі.
Улы немесе қатты иісі бар заттармен жұмыс істегенде барлық
жұмысты арнайы тартқыш шкафтың ішінде жасаған дұрыс.
Заттардың қасиеттерін өз бетінше зерттеуге, сондай – ақ химиялық
Ыдыстан су ішуге болмайды.
Кір ыдыста жұмысты орындауға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз қосымша реакцияларды жасауға болмайды.
Газдарды, ыдысқа тым қатты еңкейіп иіскеуге болмайды. Газды иісі
Бойынша анықтаған кезде немесе сұйықты, ыдыстан ауаны қолмен мұрнына қарай желпілдетіп анықтау керек.
Реактивтерді құйған кезде ыдысқа тым еңкеюге болмайды, тамшылар
көзіне немесе киіміне тиюі мүмкін.
Сынауықты қыздырған кезде аузын өзіне немесе жанындағы балаға
қарай қаратпа.
Ыстық сұйығы бар химиялық стаканды екі қолмен ұстап, оның астына
орамал сал.
Күкірт қышқылының сулы ерітіндісін дайындағанда ең алдымен
сынауыққа су, содан кейін қышқылды құямыз. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген дұрыс.
Қатты сілтілік металдарды еріткенде аздап қана белгіленген
мөлшеріне дейін су қосамыз. Калий мен натрийді ұсатқанда, шүберекке орап ұсатқан дұрыс.
Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды
1 м қашықтыққа қою керек.
Оңай от алатын сұйықтарды (бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші
ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3 м қашықтықта болуы керек.
Есіңде сақта: концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық
заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер және т.б.) жануы мүмкін.
Электролиз кезінде барлық байланыс жақсы изоляцияланған болуы
керек, өйткені шоқтар сутегіні қпарылысқа келтіруі мүмкін.
Газ шамдарымен жұмыс істегенде ерекше сақтықпен жүргізу керек.
зертханадан шығар алдында, газ шамдарының ауыздары жабық екеніне көз жеткіз.
Оталғыш және қопарылғыш заттардың қалдықтарын қоқыс салатын
жерге тастауға, раковина ішіне құюға болмайды. Оны арнайы ыдысқа құяды.
Сілтілік металдар (литий, натрий, калий) өте активті заттар екенін есте
ұста. Олармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.
Сілтілік металдардың қалдығын жинауға болмайды. Олар шыны
ыдыста кептірілген (суы буландырылған) керосиннің астында сақталады.
Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4 - 1/5 бойына дейін
көтеріп, жұмыс аяқталғанда жауып қою керек.
Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамының тез
өшірілуі, электр қондырғыларын суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс. Жанған ыдыстарды қалдырып, мынадай қауіпсіздік шараларын жаса: а/ жанған сұйықты асбест, жай көрпемен немесе құммен жабады; б/ жанған фарфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.
Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта
қашуға болмайды.
Егер электр сымы жанса, тез электр тогын өшіріп, мүмкін әдістермен
(құм, су, асбест) өртті өшіреді.
Химия кабинеті өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен арнаулы киіммен жеке басты қорғау құралдарымен ( халат, қолғап, көзілдірік, алжапқыш), дәрі – дәрімек топтастырылған қобдиша , сейфпен, оңай жаңып өртенгіш заттарды сақтайтын металл контейнерлермен, тартпалы шкафпен жабдықталу керек.
Халат . Химия кабинетіне кірген бетте әр оқушыда және де мұғалімде халат болу керек. Өйткені химия кабинетінде әр түрлі күйдіргіш заттар бар және зертханалық жұмыс жасаған кезде әр оқушы халат киіп жүруі міндетті.
Қолғап. Қолғап күйдіргіш заттармен көбінесе концентірлі қышқылдармен мысалы : Н2SO4, HNO3 ,HCI жұмыс істеген кезде киіледі.
Көзілдірік. Зертханалық жұмыста әр түрлі атқыш заттармен жұмыс жасаған кезде киіледі.
Қобдиша жәшігі. Қобдиша жәшігі лаборант бөлмесінің қабырғасына орнатылады. Оның есігінене немесе қатарына уланғанда немесе зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы қысқаша нұсқау ілінеді. Дәрілердің әйнек ыдыстары мен қораптарының сыртындағы жазбаларға қоса олардың рет саны қойылады , сонда күюге байланысты алғашқы көмек шаралары мынадай болып шығады:
Термитке кұйгенде: 12, 13 немесе 3, 2
Қышқылға күйгенде : 14, 13 немесе 3,2
Сандар қобдишадағы дәрілердің мынадай тізбесіне сай келетін болады:
Қобдишадағы алғашқы көмек препараттары мен құралдарының қажетті тізбесі:

Дәке, бір бума
Залалсыздандырылмаған дәке, бір бума
Залалсыздырылған салфетка, бір бума
Гигроскопиялы залалсыздындырылған мақта тампондарда 50г. Тығыздап тығындаған залалсыздындырылған әйнек ыдыста сақталады.
Кескен , жаралаған жерге мақта тампонын салуға керекті пинцет
Шағын жарақатты өңдеуге керекті БФ- 6 желімі , 25-50 мл бір флакон
Жара болған жердің аймағын тазартатын йод тұнбасы , ампулдарда немесе қараңғылаған флакондарда 25-50 мл
Қан ағысын тоқтататын құрал ретіндегі масса үлесі 3% -дық сутегі асқын тотығы 50мл
Активтендірілген түйіршік көмір, порошокты немесе таблеткалы (« Карболен») уланғанда бір асхана қасығымен суға езген ботқа немесе 4 – 6 таблетка ішкізеді. ( асқазанды жуғанға дейін және кейін.)
Аммиактың 10% - дық су ерітіндісі. Естен танғанда және бром буына уланғанда мақтадан иіскетеді.
Альбуцид ( натри сульфаты) 30% , 10-20 мл, көзді жуғаннан кейін 2-3 тамшы тамызады. Бөлмедегі жылылықта 3 аптадан асырмай сақтайды.
Этил спирті 30-50 мл , күйген жерді өңдеу және денеге тамған бром тамшысын аластау үшін.
Глицерин 20 – 30 мл , күйген жердің ауырғанын азайту үшін
Натрий гидрокарбонатының , қышқылмен зақымданған жерді тазарту үшін , 200 -250мл.
Бор қышқылының 2 % - дық су ерітіндісі , сілті тамған көзді немесе денені тазарту үшін. Жуатын ыдыс спетті сосудта сақталады , 200 – 250 мл. 14, 15 ерітінділерді қобдишадағы сыртында ұстауға болады. Пипетка 3 дана, көзге альбуцид тамызу үшін қажет қажет
Сурет 6. Қауіпті заттар класын көрсететін белгілер.
Зертханалық шаруашылық
Тәжірибелер дайындауға арналған бөлме немесе зертхана сынып сияқты қажет. Бұл бөлмеде оқытушы мен лаборант алдын-ала тәжірибелерді дайындайды және тексереді, құралдарда жинайды, сабаққа барлық керектісін таңдайды. Бұнда сабақтан соң, барлық құралдарды әкеледі немесе келесі сабаққа дейін жиналған күйінде сақтайды немесе бөлшектейді, жуады және тазалайды. Бір сөзбен, зертханада жұмысқа дайындық шаралары жүргізіледі. Бұл бөлме барлығына ортақ болмай, ұстаз бен лаборанттың толық қарамағында болу керек. Бөгде адамдар кірмес үшін, оны бекітеді.
Зертхананы физикалық құралдарды сақтау үшін қолдануға болмайды, себебі қышқылды және басқа зиянды заттардың әсерінен олардың бұзылуы сөзсіз болады. Зертханада да тартқыш шкаф болу керек.
Зертханада құралдарға, ыдыстарға, материалдар мен реактивтерге арналған шкафтар болады. Заттардың бір бөлігі, мысалы, дайын ерітінділер және үлкен банкаларды, құралдарды қабырға бойынша сөрелерге қоюға болады. Концентрленген қышқылдар және, әсіресе, қауіпті және улы заттарды әрқашан кілтпенен бекітілетін ерекше шкафта сақтау керек.
Құралдар мен реактивтер бір шкафта сақталмау керек, себебі барлық құралдардың металдан жасалған бөліктері таттанады және біржолата бұзылады. Металдық бөлшектері бар қымбатты құралдарды, мысалы, таразыларды, зертханадағы емес сыныптағы арнайы шкафта не сыныпқа жақын бөлмеде сақтау керек.
Зертханада үстелдер маңында және тартқышта газ (егер ол ғимаратта болса) және су тартып жеткізілген болу керек.
Зертханада үстелдер бірнешеу болу керек. Солардың біреуі ─ оқытушы үстелі, барлық кәдімгі зертханалық үстелдер тәрізді жасалған: тығындарға, каучуктерге, бұрғыларға, егеулерге, қасықтарға, т.б. арналған шекаралар бар тарта қораптармен, астындағы шкафтармен және үстіндегі реактивтерге арналған сөрелермен. Екінші үстел қолжуғыш қасында тұратын, кір ыдыс қоюға арналады.
Зертханада шынымен жұмыс істеуге арналған үстел және шыны түтіктерге арналған тіреу болу керек. Бұнда ыдыс кептіруге арналған үлдірік қойып, суды айдауға арналған дистиллятор орнату қажет.
Бақылау сұрақтары
Мектеп химия кабинетінде қандай ыдыстар бар және оларға қандай талаптар қойылады?
Мектеп химия кабинетінде қандай реактивтер бар және оларға қандай талаптар қойылады?
Зертхана шарауашылығына не жатады және олардың мақсаты неде?

Тақырыбы: Мектептегі химия кабинетінің құрал жабдықтары. Қажетті реактивтер мен құралдар жиынтығы. Химиялық кабинеттегі оқушының жұмыс орны.
Жоспары:
Химия кабинетінің құрал-жабдықтары
Зертханалық шаруашылық
Химия кабинетінің құрал-жабдықтары
Химиядан құрал жабдықтардың алатын орны. Олардың көмегімен күрделі процестерді көрсетіп, оқытылатын құбылыстың қатынасы мен байланысын ашады.
Мектепте қолданылатын құралдарды үш топқа бөлуге болады. 1) өлшегіш құралдар 2) қыздырғыш құралдар 3) тәжірибе жүргізуге арналған арнайы құралдар.
Осы үш топтағы құралдар демонстрационды және лабораториялық болып бөлінеді.
Жұмыстың орындалу негізіне байланысты қыздыруға, балқытуға, өлшеуге, балқу және қайнау температурасын өлшеуге, тығыздығын, ерігіштігін, фильтрлеу, айдау, бөлу, ион алмасу ж.б өлшеуге арналған деп бөлінеді.
Заттардың агрегаттық күйіне байланысты тәжірибе жүргізілетін құралдар. Ондай құралдарға газдармен тәжірибе (алу, жинау, сақтау, тазалау, жұту, тығыздығын анықтау химиялық реакция жүргізу) сұйықтармен тәжірибе (бөлу, қайнау температурасын, тығыздығын анықтау) қатты және сұйық заттармен тәжірибе (фильтрлеу, ерігіштігі, абсорбция, кристаллизация) жүргізіледі.
Электр тогымен (электролиз, электр өткізгіштік, электрод потенциалын анықтау) және қыздырумен (термохимиялық реакция, пиролиз) жүргізілетін тәжірибе маңызды орын алады.
Зертханада химиялық экспериментті өткізу үшін арнайы ір түрлі құрал-жабдықтар, ыдыстар пайдаланылады (сурет 1)
Колба
Эрленмейера
Фарфоровые
стакан и тигли
Сурет.1. Зертханалық ыдыстар
Пистолетный осушитель Фишера
Аппарат Киппа
Водоструйный насос
Делительная
воронка
Капельница
Шустера
Фарфоровая
чашка
Склянка
Дрекселя
Вакуумный эксикатор
Бюксы
Круглодонная колба
Колба Бунзена с воронкой Бюхнера
Склянка
Тищенко
Хлоркальциевая трубка
Кристаллизатор
Пробирки
Холодильник Либиха
Промывалка
Капельница
Воронка
Фильтр Шотта
Ступка с пестиком
Часовое стекло
Шыны ыдыс барлық химимялық тәжірибелерге қажет. Мектептегі химия кабинетінде әдетте үш түрлі шыны ыдыстарын қолданады: 1) жеңіл балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (сұйықтықтрды қыздыруға арналған); 2) қиын балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (құрғақ заттарды қыздыруға арналған); 3) қалың қабатты ыдыс (реактивтерді сақтауға және қыздыруды қажет етпейтін тәжірибелер үшін).
Жұқақабатты ыдыс (бірдей сыйымдылықтағы) қалың қабаттыдан анағұрлым қымбат. Мұны қыздыруды қажет етпейтін және өздігінен қызбайтын заттар бар тәжірибелерде, өте нәзік жұқақабатты ыдысты қолдануды шектеу керектігін ұмытпау керек.
Химиялық ыдыстарды алғанда және тапсырыс бергенде оның өлшемін,атауын, ал кей жағдайларда шыны сортын (мысалы, жұқақабатты ыдыстар үшін мүмкіндігінше қиын балқитын шыны) айту керек. Сонымен қоса прейскурант бойынша номерін көрсетуге болады. Әртүрлі ыдыстар үшін жеке өлшемдер анықтау қабылдаған: сыйымдылығына қарай (миллилитр немесе су граммы); ұзындығы және кеңдігі, ұзындығы және диаметрі бойынша (кейде сыртқы және ішкі диаметр бойынша), кей жағдайларда номері бойынша және т.б.
Ыдыстар және құралдарды жуу. Ыдыстың ішіндегі реакция өнімдері кептірілген соң, ыдысты жуу үшін сода, сабын, қайнаған су және щетканы қолданады: ыдысты жұмыс аяқталған соң кір күйінде көпке қалдырмау жуу қажет. Сонымен қоса жақсы жуғыш заттар болып әртүрлі ұнтақтар табылады.
Ыдысты жууға арналған щеткалар әртүрлі өлшемдерде болады. 20 суреттің 4 және 5 көрсетілген ершиктер көп қолданылады. Лаборанттар бөлмесінде басқа да колбаға, стақанға және ступкаға , бюреткаға, мензуркаға және т.б. щеткалар қажет. Жиі түрде өте үлкен ыдысқа - 3, жұқа түтіктерге - 6 және қалың түтіктерге арналған щеткалар болады.
Щетка болмаған жағдайда құс қанаттарын, кейде тряпка оралған лучинаны қолданады.
Егер берілген тәсілмен ыдысты жуу мүмкін болмаса, онда қандай заттардан қалған ыдысты жуғанына байланысты сәйкес сілті, қышқыл және т.б. реактивтерге жүгінеді. Мысалы; темір оксидінің сары тұнбасы тұз қышқылында, калий перманганатының ыдырауынан кейін алынған марганец оксидінің бурый тұнбасы – қымыздық қышқылымен жақсы шайылады. Стеарин, май және өсімдік майларынан соң ыдысты сілтімен, басқа да органикалық қосылыстарынан соң – натрий немесе калий дихроматымен (хромды қоспа) концентрлі күкірт қышқылының қоспасымен жуу қажет. Осы ерітіндінің 100 мл қолданар алдында 320 мл тығыздығы 1,84 концентрлі күкірт қышқылын қосады. Органикалық заттарды жақсы тотықтыратын ыстық ерітінді алынады.
Хромды қоспаны оның шашырап теріге түспеуі үшін абайлап қолданады. Егер хромды қоспа бірден әсер етпесе, онымен ыдысты толтырады және түнге қалдырады. Кейде ыдысты жууға спирт, бензин, скипидар және т.б. пайдалы болуы мүмкін.
Сілті ерітіндісі ұзақ болған ыдыстар әдетте жуылмайды, онда ыдыстың құрғақ түрінде анық көрінетін ақ дақ қалады. Сілтілер беткі қабаты шероховый, маточный жасалған шыныларды ерітіп жібереді.
Күкіртпен кейінгі тәжірибеден соң оны ыдыстан жағып кетіреді. Ол үшін күкірт қалған реторта, сынауық немесе басқа ыдысты тартқыш шкаф астына қойып, алдымен күкіртті абайлап қыздырып балқытады және көп бөлігін төгеді. Содан соң ыдысты штативке бекітіп, оған қол резина баллонмен жалғасқан шыны түтікті енгізеді және барлық күкірт жанғанша ауа үрлеп ыдысты спирт шамда қыздырады.
Күкірт қыздырғанда анилинде өте жақсы ериді. Барлық күкірт ерігенше ыдысқа анилин құйып қыздырады. Анилин буы улы болғандықтан қыздыруды тартқыш шкафта жүргізеді. Ерітіндіні арнайы дайындалған банкаға төгеді. Ыдыстағы төккеннен соң ерітіндіден бөлінген күкіртті щеткамен өте жеңіл кетіруге болады. Қалыпты температурада күкірттің анилинде ерігіштігі өте төмен болғандықтан, ерітінді құйылған банка түбінде суыған соң барлық күкірт бөлінеді. Анилинді фильтрлеп бөліп, қайта қолдануға болады.
Фарфорлы ступкаларды тазарту үшін көптеген құммен суды араластырады. Ступка және чашкалардағы майлы заттарды, вазелинді және т.б. құрғақ опилкамен сүрте кетіреді.
Жуылған және таза сумен жақсы шайылған ыдысты сүртпейді, ал кептіреді. Ол үшін оны төңкеріп ыдысты кептіруге арналған этажеркаға
Этажерканың жәшіктернің түбі шырышталған темірлі сеткамен керілген. Этажерканы пеш немесе сулы радиатор жанына,немесе этажерка астынан керамикалық қойғышы бар электрлі плитка орнатады.
Ыдысты кептіру үшін тақтаға еңкейте бекітілген таза колышкаларға ыдысты ілуге (22 сурет) немесе осы мақсаттар үшін қарапайым ыдыс қойғышты себеттер қолданады. Себеттер астына ауа еркін енуі үшін астына ағаш брустар орналастырады.
Ыдысты кептіруде ауаны қыздыра жүргізілетін фен (оны әдетте шаштаразда шашты кептіруге қолданады) өте ыңғайлы. Егер фенның аузына диамерлері 4-6 мм болатын түтіктер орнатса бірден бірнеше ыдысты кептіруге болады (23 сурет). Ауаның мықты ағымын алу үшін әртүрлі шаңсорғыштарды да қолданады.
Қатаң жағдайда ыдыстың сыртын сүртеді, ал ішін спирт шам жалынының үстінен жоғары ұстап, әр кез айналдыра және ыдысқа қол резина баллон арқылы ауа үрлей отырып кептіреді . Қатты және бірқалыпты емес қыздырудың алдын – алған жөн, өйткені одан шыны шытынауы мүмкін. Кептіретін ыдысты төңкеріп ұстауға болады. Ыдысқа шаң – тозаң түспес үшін, ауа үрлейтін түтікке тығын арқылы мақта салынған ұзын түтік жалғайды.
Ыдысты тез кептіру үшін оны спиртпен шаяды.
Кейбір енді ғана бастаған экспериментаторлар сияқты кептіруді ауа үрлемей қатты қыздырып жүргізуге болмайды, себебі әлсіз қыздырғанда кептіру баяу жүрсе, ал қатты қыздырғанда ыдыс шытынауы мүмкін.
Тар цилиндрдлі ыдыстарды (үлкен сынауықтар, цилиндарлер, ұзын түтіктер, эвдиометрлер, бюретка және т.б.) кептіріп және сүртуге әртүрлі қалыңдықтағы ұзын ағаш таяқшалар қолданады, олардың бастарында ағаштан 1-0,5 мм шыға орнатылған бірнеше мыс сымдары бар. Мұндай таяқшаны қолдан жасауға болады.
Екі жағы да ашық жіңішке түтіктермен приборларды ұзындығы түтіктен екі есе болатын жіпке ортасынан мақта байлап тазалап және сүртеді. Содан соң жіптің бір ұшына мыс сымының бөлігін байлайды және соңын вертикаль ұстап оны түтікке түсіреді. Жіп түтік бойымен жүргенде, мақтаны ары –бері бірнеше рет жүргізеді. Егер түтік өте лас болса, онда алдымен спиртке батырылған, содан соң құрғақ мақтамен сүртеді.
Штатив
Подъёмный
Столик
Зажимы для резиновых трубок
Тренога
Держатель пробирок
Свёрла для пробок
Ложечка для сжигания
Ёршики
Асбестовая сетка
Щипцы
Штативы для пробирок
Треугольник
Рис. 3. Вспомогательное лабораторное оборудование
Фарфоровые
ложки и шпатель
Муфельная печь
Спиртовка
Водяная баня
Колбонагреватель
Пробирконагреватель
Электроплитка
Горелка Теклю
Горелка Бунзена
Рис. 3. Нагревательные приборы
Таразылар
Заттардың керекті мөлшерін өлшеу және сандық анықтаулармен байланысты демонстративтік тәжірибелер және оқушылардың практикалық жұмыстарында, мысалы; ерітінді дайындауда, мектептегі химиялық кабинетте таразының бірнеше түрі болуы керек: техникалық таразы – жоғары дәлдікті үлкен таразы, футлярсыз және футлярдағы – техно–химиялық таразы , қолдық (дәріханалық) таразы (25-сурет), ал лаборанттар бөлмесі үшін – дөрекі таразы (серіппелі және т.б. 5 кг дейін). Кейбір жұмыстарда дәл өлшеу үшін (0,0001 г дейін) демпфері бар немесе демпферсіз аналитикалық таразы қолданылады, бірақ орта мектептерде бұндай таразылардың қолданылуы шектеулі.
Бірінші типті таразыларға 500 г дейін жүк өлшейтінғ дәлдігі 0,05 г дейін техникалық таразы және техно – химиялық таразы жатады.
Соңғысы жоғары сезімталды және 200 г-нан жоғары жүктерді 0,01 г және 0,001 г дейінгі дәлдікпен өлшейді. Максимальды жіберілетін ауырлық таразының коромыслдағы сәйкес цифрмен көрсетіледі. Осы таразының негізгі бөлшегі болатты үш призмасы бар коромысло болып табылады. Ортаңғы призманың ұшы төмен қаратылған және жұмыс кезінде таразы тіреуінің жоғары жағына бекітілген болат пластикасына тіреліп тұрады. Қалған екі призманың ұштары жоғары қарап тұрады. Оларға болат пластинканың көмегі арқылы сырға іледі, ілгіштеріне таразының чашкасына арналған дуганы іліп қояды. Таразы тіреуіші колонканаң муфта бекітілген. Коромыслаға төмен қарап тұрған бағыттаушы бекітілген, оның ұшы жұмыс істегенде колонканың төменгі жағында орналасқан шкала бойынша жылжиды. Таразыны жөндеу үшін гайка түріндегі коромысла ұшындағы регуляторлар қызмет етеді, олар ортаңғы сызықтан біркелкі ауытқығанша винтті стержень бойынша қозғалады.
Осы таразының қарапайым дөрекі таразылардан қарағандағы айырмашылығы, олар аналитикалық таразылар сияқты арретирлік құрылғасы бар. Бұл механизм көмегі арқылы тіреу көтеріліп қайтадан түсе алады, осыған байланысты таразыны қосқан кезде призмалар тіреуіш пластинкалармен бірге және де коромысло арнайы тіреулерде ұсталып тұрады. Бұлар призмаларды үйкелуден және регулировканы және таразыда өлшеулер жүргізгенде сезімталдығын сақтаудан қорғайды. Арретирдің ұстағышын оңға бұрағанда таразыны жұмыс істеу қалпына келтіреді. Кей жағдайда техно – химиялық таразылар алдыңғы есігі көтерілетін арнайы шыны футлярға орналастырады. Футляр таразыны ауа ауытқумен және жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.
Осы таразыларды демонстративті тәжірибелерге қолданғанда оны жоғары жаққа қояды. Өйткені таразы шкаласы алыстан жақсы көрінбегендіктен оған басқа дөрекі бөлгіші бар шешілетін шкала жабыстырып, ал бағыттаушының ұшына түсті қағаздың жолағын қоюға болады.
Техно – химиялық таразы дұрыс қолданылған жағдайда барлық мөлшерлік, мектептегі демонстративті тәжірибелер үшін жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді.
Таразыны қолдану ережелері.
1. Таразыны жұмыс істеуде тұрақты столға орнатады.
2. Таразы астына подставка қойып түзетеді.
3. Таразы коромысласының ауытқуынан ортаңғы шкаланың бөлігінде тоқтайды. Тепе – теңдікті коромысланың гайкаларын ауыстырғанда жүзеге асыруға болады.
4. Бағыттаушы ортаңғы шкала бөлігінен өткен кезде таразыны арретирдің бұрылысымен абайлап, ұқыпты және арретирді толық жабу керек.
5. Таразы чашкаларына гирлерді және өлшенетін заттарды орналастыру, алу таразының өшірілген жағдайында ғана жүргізіледі.
6. Бөлшектердің дәне жалпы таразы тазалығына мән беру керек.
7. Таразыдағы шаң – тозаңды жұмсақ кисточкамен немесе жұмсақ, таза матамен сүрту керек.
8. Таразы призмаларымен пластинкаларын спиртпен немесе таза бензинмен жуып, содан кейін құрғақ таза матамен құрғатып сүртеді.
9. Таразыны қалыпты бөлме температурасында орналастырады және оны ылғалмен зиянды газдардан сақтау керек.
Оқушылардың зертханалық жұмысы үшін 9 см диаметрлі жартылай дөңгелек немесе жазық чашкалары мүйізден , пластмасса немесе металлдан жасалған қолдың дәріханалық таразылар (25-сурет) болу керек. Мұндай таразыларды әдетте штативпен бірге сатады. Оларда 0,01 г дәлдікте өлшеуге болады, бұл қарапайым тәжірибелерге жеткілікті.
Практикалық жағынан таразылар: а) жоғары жүктемелерге төзетін, және б) осы жоғары жүктемені анықтайтын сезімталдығымен сипатталады. Мысалы, 500 г техникалық тразы 0,02 г – ға сезімтал, сондықтан онымен жұмыс істегенде келесі жағдайларды ескеру керек:
1. 500г – нан жоғары жүкті өлшеуге болмайды; үлкен жүк әсерінен коромысло майысып, таразының көрсеткіштері төмен дәлдікте және таразы бұзылуы мүмкін.
2. Егерде таразының бір чашкасына 500 г гир салып және теңестірсе, онда оның тепе –теңдігі сол немесе келесі чашкаға 0,02 г немесе одан көп жүк салғанда ғана көрнекті түрде өзгереді. Бұдан кіші жүктерді олар сезбейді.
Осы таразыларда 500г жүк өлшегенде жүк массасы үшін дәлдікке сүйенуге болады.
Демонстрациялық тәжірибелер және лаборант бөлмесі үшін ең қарапайым тастар жарайды (дәлдігі жоғарылар қажет емес). Екінші классты 1 кг – нан 0,01г – ға дейінгі гирлер бар жинақ жеткілікті. Дәріханалық таразылармен жұмыс істейтін оқушылар үшін 50 г – нан 1 г – ға дейінгі никельді тастар және 500 мг және одан кіші алюминий пластинкалардан тұратын жәшік қажет.
Анағұрлым дәл өлшеу үшін техно – химиялық және аналитикалық таразыларда 100-ден 0,01 г – ға (28-сурет) дейінгі тастар қолайлы.
Аптечные
весы
Технохимические
весы
Электронные весы
Рис. 4. Весы для лабораторных работ
Аналитические
весы
Сұйықтықтарды өлшеу үшін лаборанттар бөлмесінде бірнеше бөлгіштері көрсетілген, тұмсықты өлшеуіш цилиндрлер (мензурка) болуы қажет. 50, 100, 250, 500 мл және 1 л –к цилиндрлер болғаны жақсы, бірақ 100мл және 1л – к екеуімен де болады. Оқушылар жұмысына 50 мл цилиндрлер қажет. Үй – тұрмыс мақсатында шығарылған пластмасса конусты градуирленген стақандар (500 мл – ге дейін және көбірек) қолдануға болады. Оны арнайы дүкендерде сатады.
Мензурка таразы тәрізді зертхананың қолданылатын құрылғысы болу керек, бірақ дәл мензурканы дайындаудың бірнеше көрсетілімдері бар. Ыдыс ретінде сынауық, газ жинауға арналған цилиндр, кесілген тар шыны және т.б. ұолданылады.
Қолдан мензурка дайындағанда бастапқы қиындық бөлгішті енгізу оның градуировкасы. Бөлгішті алмаз, ұстаханада плавик қышқылымен улау тым қиын. Бөлгіш ретінде қағаз жолақты жапсыру қолайсыз, себеб жолақ жеңіл алынады. Мектеп мәселесінде ыдысқа матовый жолақты жасау жеңіл, оған бөлгішті қарапайым графит қарандашпен жазады. Графит матовый шыныда жуғанда да жақсы ұсталады, тек шыныны ысып және сүртуге болмайды.
Матовый жолақты наждак қағазы көмегімен, карборунд және т.б. қағазбен өте ұсақ емес етіп жеңіл жасауға болады. Қағаздың болмаған жағдайында сәйкес порошок, ары кеткенде дымқылтряпкаға алынған ұсақ құмды қолдануға болады. Құм орнына кварц, кремний немесе басқа қатты затты балғамен ұнтақтап алған жөн.
Мензурканы градуирлеу үшін меншіктелген мензурка, тіпті бюретка қолданған жақсырақ. Мензурка диаметріне сәйкес 1, 5, 10 мл су құяды және өзі қалауы бойынша аралықты бөліктерге бөледі. Құйлған су деңгейін аздаған сызумен белгілейді, бөлгішті қорытынды түрде мензуркаға жазар алдында оынң бір ұшы бірнәрсеге сүйенетіндей етіп горизонталь подставка қояды. Қарандашты қолда қатты ұстап немесе подставкаға қапсыра отырып, мензурканы ось бойымен айналдыра сызады.
Аралық бөлгішті алдымен аралықты геометриялық тәсілмен керек бөліктерге бөліп қағазда жасайды, ал содан соң оны мензуркаға жазады. Егер аса дәлдік қажет болмаса көзбен бөлуге болады.
Өлшеуіш цилиндрді дайындау үшін сынған бюретканы қолдануға болады. Бұл үшін бюретканың сынған бөлігін ақырындап кесіп, балқыта тұмсық жасайды, ал бюретканың екнші соңын бітейді. Осындай жолмен дайындалған цилиндрді тұрақтылық беру үшін үлкен тығын тесігіне (5-сурет) қояды.
Определение объёма жидкостей по мениску
Бюретки
Микробюретка с автоматической
установкой нуля
Пипетки
Цилиндр
Мензурка
Мерный стакан
Мерные колбы
Пробирки с делениями
Пикнометры
5 Сурет. Өлшеуіш ыдыстар
3.Химиялық реактивтер.
Зертханаға қажет реактивтер арнайы ыдыстарда, құрғақ, желдетілген, қатаң жағдайда жылумен қамтамасыз етілген жерде сақталуы тиіс. Зертхана қоймасы сенімді бір адамға тапсырылуы керек. Ол адам реактивтердің шығымы мен толтырылуын қадағалап отыруы керек.
Реактивтерді қоймада сақтаған кезде жанғыш және жарылғыш заттарды тәртіппен орналастыру керек.
Бір-бірімен әрекеттескенде жылу және жанғыш газдар бөлетін заттарды бірге сақтауға болмайды.
Бір-бірінен бөлек келесі заттарды сақтау керек.
1) Қатты тотықтырғыштар. Олар жанғыш заттармен әрекеттесіп гипохлорит, перхлорат, хлорат, перманганат, нитрат, хромат, дихромат т.б сияқты жанғыш және жарылғыш заттар түзеді.
2) Сұйық тотықтырғыштар, неорганикалық қышқылдар, қышқылдық қасиетә бар буланғыш неорганикалық заттар – күкірт, тұз, азот, хлорлы қышқылдар, олеум, 30% сутек пероксиді, бром, тионил хлорид ж.т.б. буланғыш заттарды тартқыш шкаф астында сақтау керек.
3) Қысылған және ерітілген газдар. Ацителен, сутегі, пропан, бутан сияқты жанғыш және жарылғыш газдарды жануды қолдайтын оттегі, ауа, хлор сияқты газдардан бөлек сақтау керек.
4) сумен немесе ауамен байланысқанда, сілтілік және сілтілік жер металдарды, карбидтерді, силицидтерді, сілтілік және сілтілік жер металдардың гирбидтері, ақ фосфорды қыздырғанда жалындайтын заттар.
5) оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар оңай тұтанатын заттарды температура 500С тан төмен болғанда салқын жерде немесе тоңазытқышта сақтау керек.
6) оңай тұтанғыш қатты заттар қызыл фосфор, күкірт, нитроцеллюлоза т.б
7) күшті у цианиттер, мышьяк қосылыстары, метанол. Оларды арнайы құрылғыларда сақтау керек. 5-20 мл реактиві бар шыны құтыны арнайы қаптамада сақтау керек. Ағаш ыдыстардың сыртын оттан қорғайтын заттармен қапталуы керек.
Реактивтерді жұмыс істейтін орындарда сақтау.
Күнделікті жұмысқа қажет реактивтерді аз мөлшерде зертханада сақтауға тура келеді. Реактивтерге арналған шкафтарда, ашық зертхана үстелінде ұшқыш емес , өртке қаупі жоқ, аз токсикалы қатты және сұйықттар заттар сапалық анализге арналған заттарды сақтауға болады.
Концентрлі минералды қышқылы бар құты.
Тұз , азот, күкірт қышқылдары, күкірт қышқылымен концентрленген хромды қоспаны бір-бірімен бөлек, түбінде құмы бар керамикалық немесе эмалирленген ыдыстар тартқыш шкаф астыгда сақтау керек. Қышқыл бар құты 1 л аспауы керек.
Буланғыш минералды қышқылдарды тартқыш шкаф астында, арнайы асбесті жәшіктерде сақтауға болмайды. Ол аз мөлшерде ауаға шығатын болса адамның кариесін бүлдіріп, шкафтағы сантехникалық құралдарды бүлдіреді.өте активті сұйықтықтардың орнын ауыстыру өте қауіпті.
Тарқыш шкафта кейбір ұшқыш және активті заттарды сақтауға болады. мысалы : бром, хлорлы тионил, концентрлі аммиак ерітіндісі.
Күнделікті жұмысқа қажет заттар оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар. Олар ішіне асбест салынған қатты жабылған металл жәшікке салынады. Зертханада оңай тұтаратын заттар 1 л артық сақталиауы керек. Жәшіктерде қайнау температурасы 500С аспайтын оңай тұтанатын заттар сақталады (пентан, диэтилэфир т.б.)
Реактивті қолданар алдында негізгі қасиеттерін біліп алған дұрыс:
оталғыштығын, улылығын, тұтанып басқа реактивтермен қопарылғыш затқа айналу мүмкіндігі.
Улы немесе қатты иісі бар заттармен жұмыс істегенде барлық
жұмысты арнайы тартқыш шкафтың ішінде жасаған дұрыс.
Заттардың қасиеттерін өз бетінше зерттеуге, сондай – ақ химиялық
Ыдыстан су ішуге болмайды.
Кір ыдыста жұмысты орындауға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз қосымша реакцияларды жасауға болмайды.
Газдарды, ыдысқа тым қатты еңкейіп иіскеуге болмайды. Газды иісі
Бойынша анықтаған кезде немесе сұйықты, ыдыстан ауаны қолмен мұрнына қарай желпілдетіп анықтау керек.
Реактивтерді құйған кезде ыдысқа тым еңкеюге болмайды, тамшылар
көзіне немесе киіміне тиюі мүмкін.
Сынауықты қыздырған кезде аузын өзіне немесе жанындағы балаға
қарай қаратпа.
Ыстық сұйығы бар химиялық стаканды екі қолмен ұстап, оның астына
орамал сал.
Күкірт қышқылының сулы ерітіндісін дайындағанда ең алдымен
сынауыққа су, содан кейін қышқылды құямыз. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген дұрыс.
Қатты сілтілік металдарды еріткенде аздап қана белгіленген
мөлшеріне дейін су қосамыз. Калий мен натрийді ұсатқанда, шүберекке орап ұсатқан дұрыс.
Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды
1 м қашықтыққа қою керек.
Оңай от алатын сұйықтарды (бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші
ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3 м қашықтықта болуы керек.
Есіңде сақта: концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық
заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер және т.б.) жануы мүмкін.
Электролиз кезінде барлық байланыс жақсы изоляцияланған болуы
керек, өйткені шоқтар сутегіні қпарылысқа келтіруі мүмкін.
Газ шамдарымен жұмыс істегенде ерекше сақтықпен жүргізу керек.
зертханадан шығар алдында, газ шамдарының ауыздары жабық екеніне көз жеткіз.
Оталғыш және қопарылғыш заттардың қалдықтарын қоқыс салатын
жерге тастауға, раковина ішіне құюға болмайды. Оны арнайы ыдысқа құяды.
Сілтілік металдар (литий, натрий, калий) өте активті заттар екенін есте
ұста. Олармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.
Сілтілік металдардың қалдығын жинауға болмайды. Олар шыны
ыдыста кептірілген (суы буландырылған) керосиннің астында сақталады.
Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4 - 1/5 бойына дейін
көтеріп, жұмыс аяқталғанда жауып қою керек.
Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамының тез
өшірілуі, электр қондырғыларын суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс. Жанған ыдыстарды қалдырып, мынадай қауіпсіздік шараларын жаса: а/ жанған сұйықты асбест, жай көрпемен немесе құммен жабады; б/ жанған фарфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.
Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта
қашуға болмайды.
Егер электр сымы жанса, тез электр тогын өшіріп, мүмкін әдістермен
(құм, су, асбест) өртті өшіреді.
Химия кабинеті өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен арнаулы киіммен жеке басты қорғау құралдарымен ( халат, қолғап, көзілдірік, алжапқыш), дәрі – дәрімек топтастырылған қобдиша , сейфпен, оңай жаңып өртенгіш заттарды сақтайтын металл контейнерлермен, тартпалы шкафпен жабдықталу керек.
Халат . Химия кабинетіне кірген бетте әр оқушыда және де мұғалімде халат болу керек. Өйткені химия кабинетінде әр түрлі күйдіргіш заттар бар және зертханалық жұмыс жасаған кезде әр оқушы халат киіп жүруі міндетті.
Қолғап. Қолғап күйдіргіш заттармен көбінесе концентірлі қышқылдармен мысалы : Н2SO4, HNO3 ,HCI жұмыс істеген кезде киіледі.
Көзілдірік. Зертханалық жұмыста әр түрлі атқыш заттармен жұмыс жасаған кезде киіледі.
Қобдиша жәшігі. Қобдиша жәшігі лаборант бөлмесінің қабырғасына орнатылады. Оның есігінене немесе қатарына уланғанда немесе зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы қысқаша нұсқау ілінеді. Дәрілердің әйнек ыдыстары мен қораптарының сыртындағы жазбаларға қоса олардың рет саны қойылады , сонда күюге байланысты алғашқы көмек шаралары мынадай болып шығады:
Термитке кұйгенде: 12, 13 немесе 3, 2
Қышқылға күйгенде : 14, 13 немесе 3,2
Сандар қобдишадағы дәрілердің мынадай тізбесіне сай келетін болады:
Қобдишадағы алғашқы көмек препараттары мен құралдарының қажетті тізбесі:
Қобдишадағы алғашқы көмек препараттары мен құралдарының қажетті тізбесі:
Дәке, бір бума
Залалсыздандырылмаған дәке, бір бума
Залалсыздырылған салфетка, бір бума
Гигроскопиялы залалсыздындырылған мақта тампондарда 50г. Тығыздап тығындаған залалсыздындырылған әйнек ыдыста сақталады.
Кескен , жаралаған жерге мақта тампонын салуға керекті пинцет
Шағын жарақатты өңдеуге керекті БФ- 6 желімі , 25-50 мл бір флакон
Жара болған жердің аймағын тазартатын йод тұнбасы , ампулдарда немесе қараңғылаған флакондарда 25-50 мл
Қан ағысын тоқтататын құрал ретіндегі масса үлесі 3% -дық сутегі асқын тотығы 50мл
Активтендірілген түйіршік көмір, порошокты немесе таблеткалы (« Карболен») уланғанда бір асхана қасығымен суға езген ботқа немесе 4 – 6 таблетка ішкізеді. ( асқазанды жуғанға дейін және кейін.)
Аммиактың 10% - дық су ерітіндісі. Естен танғанда және бром буына уланғанда мақтадан иіскетеді.
Альбуцид ( натри сульфаты) 30% , 10-20 мл, көзді жуғаннан кейін 2-3 тамшы тамызады. Бөлмедегі жылылықта 3 аптадан асырмай сақтайды.
Этил спирті 30-50 мл , күйген жерді өңдеу және денеге тамған бром тамшысын аластау үшін.
Глицерин 20 – 30 мл , күйген жердің ауырғанын азайту үшін
Натрий гидрокарбонатының , қышқылмен зақымданған жерді тазарту үшін , 200 -250мл.
Бор қышқылының 2 % - дық су ерітіндісі , сілті тамған көзді немесе денені тазарту үшін. Жуатын ыдыс спетті сосудта сақталады , 200 – 250 мл. 14, 15 ерітінділерді қобдишадағы сыртында ұстауға болады. Пипетка 3 дана, көзге альбуцид тамызу үшін қажет қажет
Сурет 6. Қауіпті заттар класын көрсететін белгілер.
Зертханалық шаруашылық
Тәжірибелер дайындауға арналған бөлме немесе зертхана сынып сияқты қажет. Бұл бөлмеде оқытушы мен лаборант алдын-ала тәжірибелерді дайындайды және тексереді, құралдарда жинайды, сабаққа барлық керектісін таңдайды. Бұнда сабақтан соң, барлық құралдарды әкеледі немесе келесі сабаққа дейін жиналған күйінде сақтайды немесе бөлшектейді, жуады және тазалайды. Бір сөзбен, зертханада жұмысқа дайындық шаралары жүргізіледі. Бұл бөлме барлығына ортақ болмай, ұстаз бен лаборанттың толық қарамағында болу керек. Бөгде адамдар кірмес үшін, оны бекітеді.
Зертхананы физикалық құралдарды сақтау үшін қолдануға болмайды, себебі қышқылды және басқа зиянды заттардың әсерінен олардың бұзылуы сөзсіз болады. Зертханада да тартқыш шкаф болу керек.
Зертханада құралдарға, ыдыстарға, материалдар мен реактивтерге арналған шкафтар болады. Заттардың бір бөлігі, мысалы, дайын ерітінділер және үлкен банкаларды, құралдарды қабырға бойынша сөрелерге қоюға болады. Концентрленген қышқылдар және, әсіресе, қауіпті және улы заттарды әрқашан кілтпенен бекітілетін ерекше шкафта сақтау керек.
Құралдар мен реактивтер бір шкафта сақталмау керек, себебі барлық құралдардың металдан жасалған бөліктері таттанады және біржолата бұзылады. Металдық бөлшектері бар қымбатты құралдарды, мысалы, таразыларды, зертханадағы емес сыныптағы арнайы шкафта не сыныпқа жақын бөлмеде сақтау керек.
Зертханада үстелдер маңында және тартқышта газ (егер ол ғимаратта болса) және су тартып жеткізілген болу керек.
Зертханада үстелдер бірнешеу болу керек. Солардың біреуі ─ оқытушы үстелі, барлық кәдімгі зертханалық үстелдер тәрізді жасалған: тығындарға, каучуктерге, бұрғыларға, егеулерге, қасықтарға, т.б. арналған шекаралар бар тарта қораптармен, астындағы шкафтармен және үстіндегі реактивтерге арналған сөрелермен. Екінші үстел қолжуғыш қасында тұратын, кір ыдыс қоюға арналады.
Зертханада шынымен жұмыс істеуге арналған үстел және шыны түтіктерге арналған тіреу болу керек. Бұнда ыдыс кептіруге арналған үлдірік қойып, суды айдауға арналған дистиллятор орнату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |