Органикалық қосылыстардың барлығының құрамындакөміртек атомы бар. Көміртектен басқа сутек, оттек, азот, т.б. элемент атомдары болады. Кейбір органикалық қосылыстардың құрамына күкірт, фосфор, галогендер және металдар кіреді. Ал бейорганикалық қосылыстарды біріктіретін бір ортақ элемент жоқ.
Органикалық химия — көмірсутектер мен олардың туындыларының химиясы.
Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда бірқатар ерекиіеліктері бар.
Органикалық қосылыстарда көміртек атомдары өзара жалғасып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек құра алады. Сонымен қатар көміртек атомдары бірімен-бірі түзу тізбекті, тармақты, тұйықталған цикл түзіп те байланыса алады.
Тізбек құрамындағы көміртек атомдарының саны әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар көміртек атомдары өзара жай (дара) және еселі (қос, үш) байланыстар арқылы байланысады.
Органикалық қосылыстар санының өте көп болуы көміртек атомыныңжоғарыда айтылған ерекше қасиеттеріне байланысты.
Органикалық заттар, негізінен, көміртек және сутек атомдарынан тұратындықтан, араларындағы байланыстар коваленттік (полюссіз немесе полюсті) болады. Сондықтан органикалық заттарға мынадай қасиеттер тән:
органикалық заттар қызуға төзімсіз, салыстырмалы төмен температураның өзінде (кейде тіпті 100°С-қа жетпейтін) айырылады;
оттекқатысында органикалық заттардың бәрі дерлік жанады. Көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзіліп, нәтижесінде, көміртек (IV) оксиді түзіледі немесе күйеленеді (көмірленеді) және су түзіледі.