Сабақ Органикалық химияға кіріспе


Органикалық зат құрамында көміртек пен сутекті анықтау



бет2/3
Дата23.01.2023
өлшемі80,41 Kb.
#166205
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
cfac2623f806a032c485ae5c5df7b178

Органикалық зат құрамында көміртек пен сутекті анықтау. Жану реакцияларының өнімдері (СО2 түзілуі не көмірленуі) бойынша ол заттың органикалық қосылысқа жататынын және құрамына көміртекатомы кіретінін анықтауға болады.
Тотығу реакциясы нәтижесінде бастапқы зат құрамындағы көміртек атомы көміртек диоксидіне, ал сутек суға айналады:
CxHy+[O]→СO2 + Н2O
Көміртек (IV) оксиді түзілгенін реакция өнімдерін ізбес суы (СаОН)4 ерітіндісі арқылы өткізіп, оның лайлануы арқылы тексеруге болады. Ал су түзілгенін ақ түсті мыс (II) сульфатының CuSО4 көгеріп, мыс (II) сульфаты кристаллогидратына CuSО4* 5Н2О айналуынан анықтауға болады.
Осылайша сапалық талдау нәтижелері бойынша органикалық заттың құрамына көміртек пен сутек атомдары кіретіндігі дәлелденеді.
Органикалық заттар мен бейорганикалық заттардың арасына айқын иіек қоюға болмайды. Көміртек (II) оксиді, көміртек (IV) оксиді, көмір қышқылы мен оның тұздары және кейбір қарапайым заттар, құрамында көміртек атомдары болғанымен, органикалық қосылыстарға жатпайды. Қасиеттері бейорганикалық қосылыстарға ұқсас болғандықтан, олар бейорганикалық химия курсында қарастырылады.Органикалық қосылыстар — қарапайым метаннан бастап, өте күрделі белоктар мен нуклеин қышқылдарына дейін құрамдары әр түрлі болады
XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед ғалымы Й. Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды "органикалықк заттар" деп, ал оларды зерттейтін ғылымды "органикалық химия" деп атауды ұсынды. Организм деген созден шыққан.



  1. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы

1861 жылдың қыркүйегінде Шпейер қаласында (Германия) болған жаратылыс зерттеушілер конференциясында А.М.Бутлеров «Заттардың химиялық құрылысы туралы» баяндама жасады. Міне, осы баяндамада осы құрылыс теориясының негізгі идеяларын ұсынды. Бұл теорияның мәні мынандай негізгі қағидалардан тұрады:


1. Молекуладағы барлық атомдар өздерінің валенттіліктеріне сәйкес ретпен (тәртіппен) байланысады.
Молекуладағы атомдардың қосылысу тәртібін және олардың арасындағы байланыстың сипатын А.М.Бутлеровтыңхимиялық құрылыс деп атады.
Жоғарыда айтылған көміртектің төрт валенттілігі және олардың бір-бірімен тізбек түзе қосылуы туралы түсініктер құрылыс теориясының құрам
бөлігі болып табылады.
Көміртек атомдары бір-бірімен қосылысқанда, олардың арасында 1,2 және 3 байланыстың болатыны және көміртек атомдарының тізбегі ашық та, тұйық та болып келетіні анықталды:

С


| | СС
- С – С - С = С - С ≡ С - | |
| | СС
С

2. Заттардың қасиеттері олардың сапалық және сандық құрамдарына ғана емес, сонымен бірге молекулаларға атомдардың бір-бірімен байланысу ретіне және олардың арасындағы байланыстың сипатына да тәуелді болады.


Құрылыс теориясының бұл қағидасы органикалық химияда кең тараған изомерия құбылысына түсінік береді.
3. Берілген заттардың қасиеттерін зерттей отырып, ол заттың молекуласының құрылысының анықтауға болады және құрылысы мен қасиеттерін белгілі дәрежелерін көрсететіндей бір формуламен өрнектеуге болады.
4. Молекулаға кіретін атомдар мен атомдар топтары өзара бір-біріне әсер етеді, оның ішінде тікелей байланысқан атомдардың (атомдар тобының) өзара әсері күштірек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет