Кадастр мамандығы 2-курс



бет1/3
Дата29.01.2022
өлшемі246,16 Kb.
#115688
  1   2   3
Байланысты:
карта13


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Кадастр мамандығы 2-курс


Тақырыбы : Картаны жобалау, жасау және басып шығару.


Орындаған:Манарбекқызы.Т

Тексерген:Исабаева.С.Д

Алматы 2020-2021



Картаны жобалау, жасау және басып шығару.

Географтар жұмыс барысында тек дайын картаны қолданып қоймайды, сонымен қатар оларды құрастыруға да басты назар аударады.

Географиялық карталарды дайындау процесін бәлу географқа жұмыс барысында карта ерекшеліктерін, оған қатысты процесті, қажетті картаны дайындауға арналған тапсырмаларды орындауға, карта эскиздерін дайындауға мүмкіндік береді.

Картографиялық жұмыс жалпыгеографиялық, тақырыптық және әртүрлі карталар мен атластарды құрастыру мемлекеттік картографиялық қызметте географтардың қатысуын қажет етеді. Жалпы географ карта жасау туралы негізгі мәліметтерді жетік меңгеру керек, сонымен қатар көп жағдайда картографиялық жұмыстар картаның басып шығаруымен аяқталатындықтан картаны шығару саласында тәжірибелі болу керек.

Географиялық карталар екі әдіспен құрастырылады: дала жұмыстары деректері мен материалдарын өңдеу; саяси экономикалық, географиялық, картографиялық, түсірілімдік, астрономия-геодезиялық материалдардан және т.б. жұмыстардан тұратын әртүрлі дереккөздерді өңдеу нәтижесінде зертхана немесе кабинет жағдайында құрастыру.

Түсірілімдер (немесе далалық картографиялау) жергілікті жердегі картографиялық құбылыстардың зерттеу жұмыстарында болады.

Топографиялық карталарды құрастыруға арналған түсірілімдер әдісі мен оларды өңдеуді топография мен аэрофототопография қарастырады. Геоморфологиялық, геологиялық, топырақ және т.б. тақырыптық түсірілімдер Геоморфологиялық, геологиялық, топырақ және т.б. картографиялаудың қызметіне кіреді. Карталарды зертханада дайындаудың мәні нақты тапсырманы орындауға арналған жаңа кеңістікті үлгілерді жасап шығару мақсатымен сәйкес дереккөздерді біріктіру болып табылады.

Кез келген картаның сәтті жасалғанын екі шартпен анықтайды: біріншіден, картографиялық құбылыстардың ерекшелігіне және карта мақсаты (бағытынан) есеп алуына негізделген тапсырманы дұрыс жасай білу; екіншіден, картография ғылымының нормалары, принципі, ережесі бойынша үлгілерді құрастыра алу.

Зертханалық жағдайда карта түпнұсқаларын, яғни олардың бастапқы экземплярларын құрастыруды екі кезеңге бөліп қарастырылады: картаны проекциялау және оның түпнұсқасын құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет