қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер(эффектор)
Тітіркенуге жауап берілгеннен соң эффектордан орталық жүйке жүйесіне афференттік сигналдар, қайтарымды импульстар жіберіледі. Осы импульстар арқылы орт. жүйке жүйесі эффектор қызметінің тітіркеніс сипатына сәйкестігін анықтап, оның әрекетін бақылап, қажет болса қосымша импульстер жіберіп, түзетулер енгізіп отырады.
№5 Тапсырма. Сіңір рефлекстерін (шынтақ, тізе, Ахилл) тексеріңіздер. Тізе рефлексі. Оқытушының өтініші бойынша зерттелуші екі аяғын айқастырып, аяқ еттерін босаңсытады. Содан кейін неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті сіңірінің үстінен, тізесінің төменгі жағынан ақырын ғана соғып жібереді. Тап осы сәтте, зерттелушінің аяғы селк етіп жоғары көтеріліп, тізе рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 3-4 бел омыртқа сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
Ахилл рефлексі. Зерттелушіні екі тізесімен тік орындыққа отырғызады да, табанын босаңсытқан соң неврологиялық балғашамен әуелі оның бір аяғының, сонан соң екінші аяғының ахилл сіңірін сәл ғана соғып жібереді. Осы кезде соғылған аяқтың табаны кілт бүгілуі тиіс. Рефлекс доғасы жұлынның 1-2 сегізкөз сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
Шынтақ рефлексі. Зерттелушінің қол еттері босаңсыған соң, саусақтарынан ұстап, оның шынтағын сәл бүктіріп, неврологиялық балғашамен үш басты қар еті сіңірінің үстінен ақырын ғана соғып қалады. Осы кезде шынтақ буыны жазылуға тиіс (шынтақтың жазылу рефлексі). Шынтақ буынының ішкі жағына орналасқан қос басты қар етінің сіңірі соғылса, шынтақтың бүгілу рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 4-5 мойын сегментінің нейрондары арқылы өтеді
Орындаған студент Әбілдаева Ажар_________________________ тобы 202Б___________ факультет жалпы медицина ________