Критерий
|
Тапсырма №
|
Дескрипторлары
|
Тексерілетін жұмысқа қойылатын ұпай
|
Жетістік
деңгейі
|
А
|
1
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
6
|
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін салыстыра алады
|
2
|
2
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты көлемде салыстыра алады
|
2
|
3
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
Оқушы кесте бойынша денелердің тығыздығын анықтап, олардың мәндерін тұрақты массада салыстыра алады
|
2
|
В
|
4
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
6
|
Оқушы заттың тығыздығының молекуланың орналасуына тәуелділігі молекулярлық көзқарас бойынша жүйелі түсіндіріледі және дұрыс талдай алады.
|
2
|
5
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
Оқушы зат массасының оның тығыздығына әсерін анықтай алады.
|
2
|
6
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
|
Оқушы зат ұзындығының тығыздығына тәуелділігін анықтай алады.
|
2
|
С
|
7
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
4
|
Есептің шарты дұрыс жазылған
|
1
|
Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне келтіре алады
|
1
|
Формуланы дұрыс түрлендірген
|
1
|
Оқушы мәндерді дұрыс қойып, дұрыс жауабын ала алады
|
1
|
8
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
4
|
Оқушы есеп шартын жаза алады
|
1
|
Бірліктерді СИ жүйесіне келтіре алады
|
1
|
Формулаларды дұрыс жазады
|
1
|
Дұрыс жауабын шығарады
|
1
|
6
|
Төменде көрсетілген критерийлердің бірі де орындалеған жоқ.
|
0
|
6
|
Есеп шарты дұрыс жазылған
|
1
|
Өлшем бірліктерін СИ жүйесіне дұрыс келтіріп, формулаларды жазған
|
2
|
Ізделетін шаманы дұрыс таба алады
|
2
|
Оқушы дұрыс жауабын ала алады.
|
1
|
Жауап парағы:
№
|
Оқушының
аты - жөні
|
Критерийлер бойынша ұпайлар
|
Ұпай жиыны
|
Бағасы
|
А
|
В
|
С
|
|
|
1
|
|
6
|
6
|
14
|
28
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
немесе
№
|
Оқушының аты жөні
|
А Білім және түсінік
|
В Коммуникация
|
C Жағдаятты шешу
|
D Рефлексия
|
ұпай
|
Жетістік деңгей (max 24)
|
Жетістік деңгей (max 24)
|
Жетістік деңгей
(max 24)
|
Жетістік деңгей(max 24)
|
|
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиналған ұпайларды мектеп бағасына ауыстыру:
Жиналған ұпай саны
|
Бағасы
|
24-28 (85-100%)
|
«5»
|
20-23 (70-84%)
|
«4»
|
14-19 (50-69%)
|
«3»
|
13-0 (0-49%)
|
«2»
|
3. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.
Әр пәннің әр тапсырмасының бірнеше критерийі бар. Мысалы, сурет пәнінен берілген тапсырма туралы айтайық. Бірінші критерий бойынша баланың сурет сала білетіндігі тексеріледі. Екінші критерий — 09ралдарды пайдалана алтындығын анықтайды. Үшінші критерий — осы құралдар арқылы графикті қалай сызатындығын білу үшін керек. Төртінші критерий нәтижесінде баланың осы заттар арқылы талдау жасай алатындығы тексеріледі. Осы 4 критерий бойынша балл қойылады. Балл шкаласы бағаға ауыстырылады.
Еліміз компьютерді толық меңгеру, ғаламторда жұмыс істеу бойынша Сингапурдан 20 жыл кейін қалған. Біз 10 жылда Сингапурға қуып жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Ал критериалды бағалау жүйесінен Англиядан 40 жылға кейін қалғанбыз. Әлем елдері критериалды жүйеге әлдеқашан көшіп кетті.
Критериалды бағалаудың функциялары:
бақылау;
дамытушылық;
оқытушылық;
мотивациялық;
тәрбиелік;
диагностикалық.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
- Мұғалімдерге:
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
Білім беру сапасын арттыруға;
Оқытудың сапасын жақсартуға;
Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке
оқыту траекториясын құруға;
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
- Оқушыға:
Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
- Ата-анаға:
Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
Критериалды бағалау жүйесінің мақсат – міндеттері
Аталған бағалау жүйесінің негізгі принциптері мен атқаратын функциялары
Бағалаудағы критерий, дискриптор, рубрикатор ұғымдарына анықтама
Критериалды бағалау жүйесін пайдаланудың тиімділігі
Ұсынылатын әдебиеттер:
Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.
А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.
Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.
Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
Дәріс №4-5. Кембридж тәсілімен оқыту және оқу үшін бағалаудың маңыздылығы
Жоспары:
Кембридж тәсілімен оқыту және оқу үшін бағалау
Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйесі
Суммативті (жиынтық) бағалау жүйесі
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).
1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс. Формативті бағалау «формальды емес» (көбінесе белгі қоймай) бағалау болады. Ол бағалау критерилеріне сәйкестікке негізделіп, кері бойланысты ұстанады. Егер нәтиженің бағасы анықталған қажеттіліктерді ескеріп, оқу процесін жақсартуға қолданылса, онда бағалау формативті болады.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Формативті бағалау:
күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)
оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.
Формативті бағалау – білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау.
Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті (қалыптастырушы) бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Қалыптастырушы баға технологиясы мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады.
Мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:
мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;
нәтижеге жету деңгейін анықтау;
бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу;
оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру;
бағалаудыжүргізужәнеоқунәтижелерініңөлшенетіндеңгейінежеткенінанықтау.
Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:
Жоспарланғаноқунәтижелерінанықтау.
Оқушыныңмаңыздыоқунәтижелерінжоспарлаужәнеоғанжетуәрекетінұйымдастыру.
Оқушылардыңжоспарланғаноқунәтижелерінекерібайланысмеханизмікөмегіменжетуінжүргізу.
Суммативті (қорытынды) бағалаубелгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдарынан (әдістемелік нұсқау т.б.) бөлек бұл технология мынадай дәстүрлі емес ресурстарды ұсынады:
Оқу нәтижелерін жоспарлау ресурстары:
оқушының оқу нәтижелерін ой операцияларының күрделілігіне қарай тізбектеп қоюға (ранжирование) мүмкіндік беретін талаптар;
Оқушының түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға берілетін еркін мазмұнды жүзеге асыруға қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |