Ауылшаруашылық жануарларының бруцелезбен ауыру көрсеткіші шаруашылықтың мамандануы мен керекті құрал-жабдықтармен жабдықталуына, санитарлық-ветеринарлық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты. Қазақстанда бруцелезді жұқтырған ірі қара малды жоюына байланысты ірі қара малдың басы азайды. 2009 жылы ИФА көмегімен 129 000 ірі қара малда бруцеллез қоздырғышы анықталып жойылды, ал бұл барлық ірі қара малдың 1,8%. Бұрынырақта бұл көрсеткіштер 3-4 % болатын.
Өткен жылы 7 млн 30 мың ірі қара мал бруцеллезге тексеріліп, нәтижесінде 129 мыңы тіркелді.23 млн қой мен ешкілерді тексергенде, олардан 43 мыңында қоздырғыш табылды. Республикамызда Бруцелезды анықтаудың жаңа әдісі енгізіліп, сол арқылы ауру малдарды тез анықтап, утилизациялауда 2 есе қарқынды жұмыс істелінуде