Қазақсанда бруцеллезбен ауыратын науқастар кездесетін облыстар:
Астана 0,7%
Алматы, Қарағанды 6,1%
БҚО 23.5%
Басқа облыстар 45.5%
ОҚО
24.2%
23-47 жас
|
Ерлер
арасында
|
Әйелдер арасында
|
87,3%
|
76 %
|
24 %
|
Қазақстандағы бруцеллездің таралу көрсеткіштері(2013-2014ж)
Патогенезі. Бруцеллалар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйіндеріне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді (бауыр, көк бауыр, сүйек кемігі). Осы ағзаларда ұзақ сақталып, қайтадан қанға түсуі мүмкін. Бруцеллалар бұзылған уақытта эндотоксин бөлінеді, ол ағзаның жалпы интоксикациясын тудырады. КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ Бруцеллездің клиникалық классификациясы. (Руднeвтiкi, 1955 ж.) 1. Жедел (острый) бруцеллез. 2. Жеделдеу (подострый) бруцеллез. 3. Созылмалы бруцеллез (6 айдан кейiн). 4. Латенттi (көрiнiссiз) бруцеллез. Бруцеллезбен ауырып жазылғаннан кейiнгi зардаптары (резидуальды, қалдық бруцеллез). Бруцеллездің инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурудың белгісі әртүрлі. Бруцеллез кезінде ұзақ дене қызбасы, қалтырау, тершеңдік, буындардың ауырсынуы, түсік тастау байқалады. Кейбір жағдайларда радикулиттер мен миозиттер пайда болады. Патологиялық процестерге жүрек-қан тамыры, зәр шығару, жыныс және басқа жүйелер бұзылыстары қосылады. Ауру созылмалы түрде өтеді Иммунитеті. Аурудан соң тұрақсыз, стерилді емес, ұзаққа созылмайтын (6-9 айға дейін сақталатын) гуморалды-жасушалық (фагоцитоз, агглютининдер, комплемент байланыстырушы антиденелер және т.б.) иммунитет қалыптасады. Бруцеллезбен ауырған адамдар осы инфекцияға қайтадан шалдығуы мүмкін. Микробиологиялық диагноз қою
Қан, зәр, нәжіс, ми, сүт
Қан сарысуы
Бактериологиялық
әдіс
Бауырлық сорпада өсіру
Серодиагностика
Бауырлық агарға егу
Колониялар
сипаты
Жағынды,
Грам әдіс б/ша бояу
Иммунды сарысумен агглютинация
реакциясы
Таза дақылды алу үшін қиғаш агарға егу
ИФА
КБР
Хедльсон реакциясы
Райт реакциясы
Идентификация (биохимиялық,
антигендік қасиеті,
фагқа сезімталдығы бойынша)
Емдеуі Негізгі емі – кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы иммунды емдеу - өлі вакцинаны және бруцеллездік иммунды глобулинды қолданады. Алдын алуы Бруцеллезден сақтануда – санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды рөл алады (соның ішінде сүтті пастеризациялау). Қазақстан Республикасында 2007 жылға дейін эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша бруцеллездік құрғақ вакцина (Brucella abortus 19BA сиыр типті вакциналық штамм) қолданылды. Пайдаланылған әдебиеттер: - www.google.kz
- www.refarat.kz
- Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, А.Л.Котова, А.А.Табаева – Медициналық микробиология
Алматы, 2010ж
Достарыңызбен бөлісу: |