Кафедра: эпидемиология Тақырыбы


ФЕРМЕНТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН АНТИГЕНДІК ҚАСИЕТІ



бет4/7
Дата17.07.2020
өлшемі1,18 Mb.
#75322
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
brutsellez epid

ФЕРМЕНТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН АНТИГЕНДІК ҚАСИЕТІ

Бруцеллалар каталаза және оксидазасы бар, нитратты нитритке айналдырады, цитратты утилизацияламайды, күкіртті сутек түзеді.

Бруцеллалардың О-антигендері бойынша бірнеше түрі бар; негізгі беткейлік антигендері А және М антигендері. Бұл Аг-дер түрге байланысты арнайылығы бар: Brucella melitensis М Аг басым, ал B.abortus пен B.suis-те А Аг басым боп келеді. Бруцеллалардың термостабильді VI-антиген анықталған.

Патогенділік факторлары мен резистенттілігі:

Бруцеллалар жоғарғы инвазиялық қасиетке ие, эндотоксин және агрессия ферментеріне жататын гиалуронидазаны түзеді. Олардың адгезиялық қасиеттері – сыртқы мембрана ақуыздарымен байланысты. Осымен қатар бруцеллалар аллергендік қасиетке ие.

Бруцеллалар қайнатқанда, дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенмен төменгі температураға тұрақты (тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарына 1,5 айға дейін сақталады). Ылғалды орталарда бруцеллалар 3-4 ай бойы сақталады, сүт тағамдарына – 40-45 күн, суда, топырақта 3-4 айға дейін тіршілік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет