Бруцеллалар – облигатты аэробтар өсіту үшін 5-10% көмір қышқыл газын қажет етеді. Оптималды өсу температурасы – 370 С, қолайлы орта рН – 6,8-7,2. Бруцеллалар қоректі оартаға талғамды, арнайы қоркетік орталарда (бауыр қосқан және т.б) өседі. Олардың ерекшеліктері – баяу өсуі (2-3 апта ішінде). Сұйық қоректі ортада бруцеллалар лайланып тұнба түзеді. Гемолиз бермейді, пигмент түзбейді. S-пішіндіден R-пішіндіге қарай диссоциация байқалады. Антибиотиктердің әсерінен L-пішінге ауысады. Тауық эмбрионның сарыуыздық қапшығында жақсы дақылданады.