Бруцеллез - туыстастығына жататын бактериялар тудыратын жұқплы ауру, ұзаққа созылған дене қызбасы ,қимыл-тірек аппараты, жүйке, жүрек-қан тамыры және зәр шығару-жыныс жүйелерінің зақымдануымен сипатталады. Қоздырғыш туыстастығының аталуы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д.Брюстың атымен байланысты. Таксономиясы. - Тұқымдастығы: brucellaceae
- Туыстастығы: brucella
- Түрлері: brucella melitensis, abortus, suis, ovis, neotomae
Бруцеллалардың 3 түрі адам үшін патогенді болып табылады: 2. B.abortus – ірі қара мал бруцеллезының қоздырғышы; 3. B.suis – доңыз бруцеллезының қоздырғышы. Қазақстанда негізінен бруцеллездің жұқтыру көзі B.melitensis пен B.abortus болып табылады.
БРУЦЕЛЛА
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Бруцеллалар – ұсақ, грам теріс, сопақша пішінді таяқшалар. Спора түзбейді, талшықтары және капсуласы жоқ. Дегенмен, спецификалық бактериофаг немесе құрамында 10% иммундық сарысуы бар ортада өскенде нәзік капсула түзеді. Морфологиялық қасиеттері бойнша бурцеллалардың 6 түрін бір-бірінен ажырата алмайды, ал жағындыда ретсіз шашырап орналасады
Достарыңызбен бөлісу: |