Кафедра Философия



бет14/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Апория - көне грек философиясында шешуі қиын проблеманы білдіретін ұғым.

Эйдос - идея. Сократқа дейінгі ойлауда эйдос түр мазмұнын иеленді ( Демокрит ілімінде атомдардың геометриялық түрлері идея ұғымымен сипатталды ). Платон бұл ұғымды рухани мағынада ізгілік, парасат секілді құндылықтарға теңеді. Аристотельдік тұрғыда эйдос нәрселердің фундаментальды бастауы.

Нус - интеллект, ақыл - парасат, түсінік, ойлау. Көне Грек философиясында ( Сократқа деінгі ) бұл ұғымның онтологиялық мәні тәңірлік нус арқылы сипатталды.

Пайдея - тәрбиелеу, қалыптастыру. Жас өспірімдерді рухани және тән тазалығына үйретуге бағытталған Платон философиясындағы термин.

Номос - заң. антика философиясындағы бірден - бір іргелі идея. Номос Гераклиттің түсіндіруінше барлық адамзаттық заңдар бағынатын Тәңір заңы.

Филия - махаббат, құштарлық.

Антропос - адам. Герменевтикалық философиядағы, денесіз тәңірлік жанды бейнелейтін ұғым.

Гносис - таным. Танымның негізгі үш проблемасы: таным генезисін, табиғаты мен мәнін және таным құндылығын түсіндіреті ұғым.

Диалектика - табиғаттың, қоғамның, адам танымының ішкі даму заңдылықтарын зерттейтін философиялық ілім. Көне Грек философиясында диалектика әлеуметтік ортада, сұхбаттасу өнері тәжірибесінде, ойлау мен іс- әрекет тәсілі ретінде дамыды.

Диалог - сұхбат. Әдебиеттің маңызды жанры, сұхбат өрісінде ақиқатқа жету мақсатындағы Сократ және Платон диалектикасының біден-бір формасы.

Сызбаға көңіл аударыңыз.
Антикалық философияға жалпы сипаттама

Антикалық философия – бұл ежелгі гректер мен ежелгі римдіктердің



ҮІІ ғ. бастап б.д.д. аралықта қамтитын философия. Антикалық философия Кіші Азия, Жерорта теңізі, Қырым мен Қара теңіз жағалауында, Грекияның өзінде – Афинада, Африка мен Азияның эллинистік мемлекеттерінде, Рим империясындағы гректік полистерінде (сауда-қолөнерлік қала мемлекеттерде) пайда болды. Антикалық философия әлемдік өркениеттің дамуына ерекшеліктер енгізді. Мұнда еуропиялық мәдениет пен өркениет, батыс философиясы мен оның барлық дерлік ізбасарлық мектептердің, идеялары мен ойларының қайнар көздері туды.

ерекшеліктері





  • Антикалық философия арнайы философиялық зерттеулердің аймағы ретінде емес, математикалық, жаратылыс-ғылыми, саяси ұғымдарды шешу, сондай-ақ мифология мен өнер сияқты ғылыми білімдермен ажырамас байланыста болғандықтан туған. Б.д.д. ҮІІ-ІҮ ғ.ғ. –да рухани даму мифология және діннен, ғылым мен философияға өтті.



  • Философиялық көзқарастың негізгі екі түрі – материализм («Демокриттің» бағыты) және идеализм («Платонның» бағыты) пайда болды.



  • Ойлаудың екі негізгі қарама-қарсы әдісі – диалектика және метафизика пайда болды. Антикалық философия диалектикалық философияның алғашқы тарихи формасы болып табылады.


Мәнжазба тақырыптары:

  1. Ксенофанның философиялық ойлары.

  2. Протагор көзқарастарының философиялық мәні.

  3. Эмпедоклдің философиялық қағидалары.

  4. Анаксагордың философиялық ойлары.

  5. Киниктер философиясының ерекшеліктері.

  6. Гедонистік философия.

  7. Стоиктер философиясы.

Тест сұрақтары:

  1. Фалес дүниетанымның бәрі неден пайда болады деді?

1)бәрі судан пайда болады және суға айналады деді.

2)Бәрі оттан пайда болады деді

3)бәрі ауадан пайда болады деді.

4)бәрі даодан пайда болады, ол бәрінің көзі, негізі деді

5)бәрі топырақтан пайда болады деді.

2. Анаксимандр дүниенің алғашқы негізгі бастамасы

1)апейрон деген 2)ауа деген 3)су деген 4)аспан деген 5)құдай деген

3. Анаксимен дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізі

1)ауа деген 2)от деген 3)құдай деген 4)су деген 5)жер деген

4. Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі

1)от 2)су 3)ауа 4)жер 5)эфир

5. "Барлығы да қозғалады, бәрі де өзгереді" деген диалектикалық ой-пікірді айтқан

1)Гераклит 2)Демокрит 3)Платон 4)Кант 5)Спиноза

6. Ежелгі Грецияда идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор барлық заттардың мәні

1)олардың санында, сандық қатынастарында деді 2)идеялар жүйесінде деді

3)ауаның қатты қозуында деді 4)жер мен аспанның арақатынасында деді

5)жұлдыздардың қозғалысында деді

7.Демокрит дүниедегінің барлық негізі

1)сансыз көп атомдарда деді 2)сансыз көп сандарда деді 3)сансыз көп адамдарда деді

4)отта деді 5)суда деді

8. "Ешнәрсе жоқтан пайда болмайды" - деген нақыл сөздің иесі кім?

1)Лукреций 2)Сократ 3)Гераклит 4)Аристотель 5)Пифагор

9. "Өзіңді өзің танып - біл" деген қағида қалдырған кім?

1)Сократ 2)Гомер 3)Платон 4)Фейербах 5)Ленин

10. Платонның ілімі бойынша шын дүниеге

1)жалпы идеялар - "идеялық мәндер" жатады 2)жеке сезімдік заттар мен құбылыстар жатады 3)шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі жатады 4)аспан мен жер ғана жатады 5) ләззат.



Әдебиеттер:

  1. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. Философия тарихы. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 1999 жыл.

  2. Д.Кішібеков. Философия. Оқулық. Алматы: Рауан баспасы, 1991жыл.

  3. Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы. Оқулық. Алматы: 2000 жыл.

  4. Ә.Х.Тұрғынбаев. Философия. Оқулық. Алматы: Білім, 2001 жыл.

  5. Джованни Реале и Дарио Антисери. Западная философия от истоков до наших дней. " Античность " Санкт - Петербург 1994.

  6. Современная философия: словарь и хрестоматия. Ростов- на-Дону. 1996.

  7. Асмус В. Ф. Античная философия. Москва., 1972.

4 тақырып: Орта ғасыр философиясы



Семинар сабағының жоспары:

  1. Орта ғасыр философиясының негізгі белгілері мен кезеңдері: апологетика, патристика және схоластика.

  2. Орта ғасырлық мұсылмандық философия: Әл - Фараби, Ибн - Сина, Ибн - Рушд.

  3. Түркі суфизмінің ерекшеліктері ( Қ.А. Яссауи).

Сабақтың мақсаты:
Студенттерге орта ғасыр философиясының негізгі ерекшеліктерін, бағыттары мен кезеңдерін философиялық түрде ашып көрсету. Орта ғасыр философиясындағы әрбір кезеңнің өкілдерінің еңбектеріне жаңаша көзқараспен талдау жасау;

Орта ғасырлық мұсылмандық философия ойшылдарының еңбектері мен трактаттарын дүние танымдық және методологиялық тұрғыдан бағалауға, студенттерге пікірталас ретінде мәнін ашуға үйрету. Сонымен бірге түркі суфизмінің ерекшеліктерін ашып көрсету;



Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Орта ғасыр философиясы неше кезеңнен тұрады ?.

  2. Патристика дегеніміз не?

  3. Схоластика дегеніміз не?

  4. Реализм бұл қандай ілім?

  5. Универсалийдің анықтамасы қандай?

  6. Номинализм бұл қандай ілім?

  7. Оригеннің адам, жан, рух туралы ілімін қалай түсінесіз?.

  8. Аврелий Августиннің сенім мен сана гармониясы туралы ілімін қалай түсінесіз?

  9. Фома Аквинскийдің шынайы ақиқат туралы ілімін.қалай түсінесіз?

  10. Араб мұсылман философиясының Батыс Европаға тигізген әсері қандай?


Негізгі ұғымдар (глоссарий)


Патристика - I –III ғғ христиан ойшылдарының теологиялық, философиялық және саяси - әлеуметтік доктриналарының жиынтығы.

Схоластика - логикалық мәселеге баса көңіл аударған және теологиямен байланысқан догматтық рациональды әдіске ие діни философияның бір түрі.

Теоцентризм - дүниедегі шынайы ақиқат, дүниенің негізі Құдай болып табылады деп жариялайтын ілім.

Реализм - заттар емес керісінше жалпы ұғымдар универсалилер шынайы ақиқат өмір сүреді деп көрсететін ілім.

Универсалийлер - заттарға дейін өмір сүреді, олар ақыл – ой, құдай санасындағы идея, осы сананың арқасында заттардың ішкі мәні.

Номинализм - жалпы ұғымдардың онтологиялық мәнін жоққа шығаратын және олар тек қана санада өмір сүреді деп қарайтын философиялық ілім.


Мәнжазба тақырыптары:

  1. Ф Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу.

  2. П Абелярдың концептуализмі.

  3. Орта ғасырлық христиан философиясындағы тұлға мәселесі.

  4. Орта ғасырлық христиан ойшылдарының философиялық жаңалықтары.

  5. Орта ғасырлық христиан ойшылдары тарихтың және адам өмірінің мәні туралы.

  6. Орта ғасырлық христиандық философиясындағы адам және табиғат.


Тест сұрақтары:

1. Ортағасырларда маңызды ғылым болып саналған:

1)Теология.

2)Гносеология.

3)Логика.

4)Онтология.

5)Дұрыс жауап жоқ.

2. Ортағасырлық философияның бағыты болып табылған реализмді сипатта.

1)Жалпы ұғымдар емес, бірлі жарым ғана заттар реалды.

2)Берілген екі сипаттамада дұрыс.

3)Заттардың негізі жалпы ұғымдар және олар затқа дейін өмір сүреді.

4)Заттардың негізі шынайы емес.

5)Дұрыс жауап жоқ.

3. Ортағасырлық философияның бағыты болып табылған номинализмді сипатта?

1)Жалпы ұғымдар немесе универсалийлер ғана шынайы ақиқатқа ие.

2)Универсалийлер барлық заттарға дейін өмір сүреді.

3)Жалпы ұғымдар тек қана атаулар болып табылады.

4)Заттар мен ұғымдар шынайы релды емес.

5)Барлық жауаптар дұрыс.

4. Ортағасырлық дүниетанымдағы адам мен құдайдың қатынасы қандай?.

1)Адам – Құдайдың жаратылысы.

2)Құдаймен адамды біріктіру.

3)Адамның Құдайдан жоғарылығы.

4)Адам Құдайдың өзі.

5)Адам мен Құдай антогонизм.

5. Діннің негізгі қызметін атап көрсетіңіз?

1)Компенсаторлық. 2)әдістемелік. 3)Реттеушілік. 4)Дүниетанымдық. 5)Прогностикалық.

6. Құдайға наным – сенімді және о дүниені жоққа шығаратын көзқарас қалай аталады?.

1)Нигилизм. 2)Атеизм. 3)Скептицизм. 4)Солипсизм. 5)Агностицизм.

7. Реализм мен номинализмнің теориялық келіспеушілігінің мәні неде?.

1)Жалпы ұғымдардың табиғатын түсіндіруде.

2)Индивидтің таным шекарасын белгілегенде.

3)Әсемділіктің қалыптасу проблемасы жөнінде.

4)Білімнің ақиқаттық критериясын көрсеткен кезде.

5)Таным принциптерін ойластыруда.

8. Теоцентризм дүниетаным ретінде.

1)Табиғаттың, адамның, қоғамның өмір сүруін көрсететін құдай – абсолют.

2)Жердегі өмірдің ұзақ еместігін көрсететін ілім.

3)Дүниені мәнгі айналуда деп көрсететін ілім.

4)Болмыстың әрдайым қайталантындығы туралы ілім.

5)Жердегі өмірді мадақтау.

9. Августиннің «Тәубеге келу» деген кітабында көтерген проблемасы.

1)Реалды дүниеден жоғарғы дүниені тану. 2)Идеалды қоғамды құру.

3)Адам еркін. 4)Адамгершілік. 5)Адам күнәсі туралы.

10. «Құдай қаласы» деп аталатын еңбектің авторы кім?

1)Фома Аквинский. 2)Киприан. 3)Абеляр. 4)Августин. 5)Кант.



Әдебиеттер:

1.История философии /под ред проф В.И. Кирилова. проф С.И.Попова. М.,2001.

2.Ж.Алтай. А.Қасабек. Философия тарихы. А.,1999.

3.Ж.Алтай. А.Қасабек. Философия және мәдениетттану. А., 1999.

4.Спиркин А. Философия. М., 1999.

5.Гайденко П.П. Смирнов Г.А. Западно – европейская философия в средние века. М.,1989.

6.Бергсон А. Два источника морали и релегии. М.,1992.

7.Соколов В.В. История философии. М., 1986.

8.Чанышев А. Из истории философии с древнейших времен до наших дней. М.,1998.

5 тақырып: Қайта өрлеу дәуірінің философиясы



Сабақтың мақсаты:

Студенттерге қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері мен бағыттарын ашып түсіндіру; Негізгі ұғымдардың мазмұнына толық талдау жасау арқылы дүниетаным деңгейін жоғарылату; Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік өркениеттегі орнын анықтай отырып,тарихи маңызын айқындау; Студенттерді гуманизм рухында тәрбиелеу.



Семинар сабағының жоспары:

  1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты және оның философияда бейнеленуі.

  2. Жаңа космологияның, пантеизмнің, ренессанстық ойлаудың қалыптасуы және оның ерекшеліктері: Н.Кузанский, Э.Роттердамский, Н.Коперник, Г.Галилей, Дж.Бруно.

  3. Философия және өнер (М.Монтень, Л. да Винчи).

  4. Тарих философиясы, саясат философиясы, әлеуметтік-саяси утопиялар (Н.Макиавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла)

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қайта өрлеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің ерекше белгілерін атаңыз.

  2. Қайта өрлеу дәуірінің гуманистік ойларының негізгі идеялары қандай?

  3. Гуманистердің дінге және шіркеуге қатынасын сипаттаңыз.

  4. Реформацияның негізгі мазмұны және оның нәтижесі қандай болды?

  5. Н.Коперниктің ашқан жаңалығының мәні және оның философиялық ой дамуындағы рөлі қандай?

  6. Н.Кузанский мен Дж.Бруноның натурфилософиясын сипаттаңыз.

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

1.Гуманизм (лат.humanus-иманды)-кең мағынада алғанда, адамның қадір -қасиеті мен хұқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жүйесі;тар мағынада алғанда, қайта өрлеу дәуіріндегі идеялық қозғалыс.

2.Антропоцентризм - дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес адам дегеніміз- әлемнің орталығы және асқар шыңы.

3.Гелиоцентризм (гр.gelios-күн)- поляк астрономы Н.Коперник жасаған жүйе, әлемнің орталығы Жер емес, орталық денені Күн деп қарау.

4.Пантеизм (гр.pan- бәрі және theos- құдай)- құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім.

5.Реформация (лат.pesopmare-өзгерту, жөндеу)- Еуропада ХҮІғ.-дың І-жартысында протестантизм негізін салған антифеодалдық және антикатоликтік қозғалыс.

6.Утопия (гр.u-ештеңе де емес, жоқ; және topos-орын, "еш жерде жоқ орын")- ойдан шығарылған идеалды қоғамдық құрылысты бейнелеу."Утопия" ұғымын Т.Мор (1516) енгізген.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Италия гуманистері Данте және Ф.Петрарканың адам мен әлем құрылымын жаңаша түсінуі туралы.

  2. Н.Макиавеллидің "Государь" атты еңбегінің негізгі идеялары.

  3. Л.да Винчи шығармашылығы.

  4. Қайта өрлеу философиясындағы тұлға мәселесі.

  5. Ренессанс дәуіріндегі өнер мен философияның өзара байланысы.


Тест сұрақтары:


1.Қайта Өрлеу заманы философиясының атақты бір өкілі:

1)Бердяев;

2)Фома Аквинский;

3)Авиценна;

4)Аристотель;

5)Николай Кузанский;

2.Қайта өрлеу заманы философиясының өкілдері:

1)Н.Кузанский, Дж. Бруно, Н.Коперник

2)Ф.Аквинский, П.Абеляр, Д.Скот;

3)Гераклит, Демокрит, Зенон;

4)Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж. Локк;



5)Вольтер, Руссо, Дидро.


3.Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы, Қайта өрлеу заманы философиясының өкілі:

1)Архимед;

2)Птоломей;

3)Коперник;

4)Лаплас;

5)Галилей.




4.Қайта өрлеу дәуіріндегі әлемнің шексіздігі жөніндегі философиялық қағиданың авторы

1)Ньютон;

2)Бруно;

3)Кеплер;

4)Галилей;

5)Коперник;




5.Шіркеу тарапынан еркін ойлары үшін "еретик" аталып, өртеліп жіберілген Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілі:

1)Т.Кампанелла;

2)Н. Кузанский;

3)Л. Валла;

4)Дж.Бруно;

5)Л. Да Винчи.




6.Қайта өрлеу дәуіріне сай келетін адам түсінігі:

1)адам – жасампаз суреткер;

2)адам - ойлай білетін жан иесі;

3)адам – құдайдың жан бітіріп берген жасамысы;

4)адам - қоғами жан иесі;

5)адам - микрокосм.




7.Қайта Өрлеу дәуірі философиясының басты ерекшелігі:

1)теоцентризм;

2)технократизм;

3)сциентизм;

4)антропоцентризм;

5)космоцентризм.




8.Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының қайсысы "Государь" атты кітаптың авторы болып табылады:

1)Никколо Макиавелли

2)Мишель де Монтень;

3)Эразм Роттердамский;

4)Леонардо да Винчи;;

5)Томас Мор.

9.Қайта өрлеу дәуірінде бастапқы әлеуметтік утопияға философиялық көзқараспен ден қойған…

1)Данте;

2)Т.Мор;


3)Э.Роттердамский;

4)Л.Валло;

5)Ф.Петрарка;
10."Тарих саясатты жасайды",-деп тұжырымдаған…

1)Ж.Руссо;

2)Н.Макиавелли;

3)В.Ленин;

4)Т.Кампанелла;

5)Т.Гоббс;


Әдебиеттер:

  1. Антология мировой философии. Т.2.- М.,1970

  2. Бруно Д. Диалоги. М.,1949

  3. Бруно Д. О героическом энтузиазме. М.,1953

  4. Виндельбанд В. История древней философии. Киев,1995

  5. Винчи Л. Избранные естественнонаучные труды. М.,1955

  6. Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. М.,1980

  7. Данте А. Божественная комедия. М.,1967

  8. Кампанелла Т. Город Солнца. М.,1954

  9. Кузанский Н. Соч. в 2-х т. М.,1979

  10. Мор Т. Утопия. М.,1978

  11. Монтень М. Опыты. М.-Л.,1957-60

  12. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (Философия тарихына шолу). А.,1999

  13. Философиялық сөздік. А.,1996

6 тақырып: Жаңа заман философиясы



Сабақтың негізгі мақсаты:

Студенттерге жаңа заман философиясының философия тарихында алатын орнын, ерекшелігін ашып көрсету. Осы дәуірде пайда болған бағыттардың негізгі идеяларының мазмұнын ашу. Негізгі терминдер мазмұнын ашып, оларға түсініктеме беру. Сонымен қатар жаңа заман философтарымен жақын танысып, олардың қарастырған проблемаларын зерттеу.



Семинар сабағының жоспары:

1.ХҮІІғ. философия және ғылыми революция

2.Метафизикалық онтология: субстанция проблемасы (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц)

3.Таным методы проблемасы: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм (Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза, Дж.Локк)

4.Т. Гоббстың философиясы және әлеуметтік-саяси көзқарастары
Бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жаңа заман философиясы дамуының алдыңғы дәуірлердегі философиялардан айырмашылығы қандай?

  2. Рационализм және эмпиризм ғылыми пікірталасының мағынасы неде?

  3. «Картезиандық күмандану» идеасы мен Р.Декарттың рационалистік әдісінің мәні неде?

  4. Спинозаның рационалистік метафизикасының негізгі идеасы неде?

  5. Теоретикалық ғылымның және философияның мүмкін еместігін түсіндіру үшін Д.Беркли мен Д.Юм қандай аргументтер келтірді?

  6. Г.Лейбниц монадалогиясы дегеніміз не және оның универсалды әдісінің мағынасы неде?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Монизм-тек бір ғана алғашқы бастаманы мойындайтын философиялық ағым.

Дуализм(лат. Dualis-екіжақты)-екі ғана бастаманы (материя және сана) мойындайтын философиялық ағым.

Плюрализм-көп түрлі бастаманы мойындайтын философиялық ағым.

Эмпиризм-танымның қайнар көзі тәжірибеде деп санайтын философияның бір ағымы.

Рационализм-танымның қайнар көзі ақыл-ойда деп санайтын философияның ағымы.

Монада-бірлік. Кең мағынасында космостық немесе индивидуалдық өмір сүрудің бейне бір бөлшегі. (Мысалы, Лейбництің ілімінде немесе теософияда).

Индукция-жеке ұғымнан жалпы ұғымдарға қарай бағытталып ойқорытынды жасау.

Дедукция-жалпы ұғымдардан жеке ұғымдарға қарай бағытталып ойқорытынды жасау.

Мәнжазбалар тақырыптары:

  1. Капитализмнің құрылуы. Жаратылыстану ғылымдарының дамуына деген қажеттілік.

  2. Ф.Бэкон философиясындағы натуралистік дүниетаным.

  3. Т.Гоббстың механикалық материализмі.

  4. Т.Гоббстың мемлекет туралы ілімі.

  5. Р.Декарт философиясындағы рационализм.

  6. Дж.Локк сенсуализмі.

  7. Жаңа заман философиясындағы адам мәселесі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет