Кафедра Философия


Бекітуге арналған сұрақтар



бет10/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Адам және оның болмысы.

  2. Адам проблемасының философия тарихында қойылуы.

  3. Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.

13 Дәріс тақырыбы: Дін философиясы.
Дәріс жоспары:

1. Дін ұғымы, мазмұны.

2. Діннің анықтамасы.

3. Дін филосоиясының негізгі категориялары.

Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы адамның толықсыздығынан, толықсыздығынан туындайды және жоғарғы құндылыққа жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі және қоғамның, индивидтің жоғарлауында, өмірдің, универсумның мағынасын мойындаудағы адамдардың бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Гегель дін - біздің санамыздың саласы, онда дүниенің барлық құпиялары шешілген, терең ойдың барлық қарсылықтары жоққа шығарылған, ол мәңгі ақиқат, мәңгі тыныштық, мәңгі бейбітшілік саласы; онда барлық халықтар өздерінің жетістіктерін және өмірлерінің рахатын көрген деп жазады. (Гегель Г. В. Ф. Философия религии. В 2 т.: Т. 1. М., 1976. С. 205).

Дін байланыстың қайта қалпына келуі және қайта өндірілуі ретінде

Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің аналогы болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін. Практикада дін ретінде әрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші. Байланыс ішкі және сыртқы, кездейсоқ және қажетті, мәнсіз және мәнді, материалды және материалды емес болады.

Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда оның ішкі, қажетті, мәнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық белгілерімен, символдарымен, әлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі болып тұрақты рухани байланыс табылады.

Адамның руханилығы болмысқа, абсолютке космостық және қоғамның биіктеріне үнемі ұмтылу болып табылады.



Діннің анықтамасының көптігі

Діннің дефинициясы жоғарғы күшке сенімі ретінде нақты емес. Діннің құдайға немесе құдайларға сенімі ретіндегі анықтамасы да тар болып табылады. Дін, сенім және конфессия. Мысалы Құдайдың барына сену, бірақ онымен байланысты іздемеу. Эпикур құдайлардың барына күманданбаған, оларды мойындаған, сонымен бірге құдайлар адамдардың істеріне араласпаған және көп адамдар мен құдайлардың арасында байланыс болмаған деп түсіндіреді. Сонымен қоса болмыстың толықтығына сену (эмпирикалық Мен ішіндегі абсолютті Мен, әлеуметтік София, Құдай) діннің эгоцентрлік, социоцентрлік немесе космоцентрлік діннің дүниені түсіндірудегі ортақ ядросы болып табылады.

Дінге берілген анықтамалар әлі күнге дейін қанағаттандырмайды. Тындаушы келесі бұрын және қазіргі кездегі берілген анықтамалар туралы ойлануы мүмкін: дін шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт); және адамдардың діни таралған формулаларының соңы ғана емес.

Діннің қарсылық мәні. Осы әрбір дефинициялардың авторлары діни құбылыс саласына интуитивті жататын фактілерді жинақтаған. Олардың әрбірін қате деп есептейтін логикалық негіздемелер жоқ. Бірақ, діннің мәнінің шынайы қарсылықтары оның ешқайсысына келмейді. Мән ішкі мүмкіншіліктердің және қатынастардың жиынтығы ретінде үнемі қозғалыста; оның әрбір компоненттері өзінің сол және басқа кезеңінде шешуші болып табылуы мүмкін.

Адамзаттың дамуының кейбір тарихи кезеңдерінде қоғамдық прогреске қарсы діннің сипаттары көрсетіледі, ол ғылыми атеизмді маңызын жоғарлатады және сипаттайды. Бірақ толғымен діннің мәні бұл сипаттарға сайып келмейді. Дін әлеуметтік жатсынуды міндеттеп асып өту, ол ондай жатсынудың өнімі емес.

Әлемдік діни әдебиеттердің анализі діни руханилықтың құдіретті объектіге сенуіне байланысты сенушілерді бір біріне жақындастыруға бағытталған.

Осы мағынасында ол жеке және ұйымдық махаббатқа, сүйіспеншілікке жақын. «Құдай ол махаббат, сүйіспеншілік», бұл пікір сенушілердің арасында көп тараған. Л. Фейербах махаббатта себепсіз жаратушы бастаманы қарастыруға тырысты: Сүйіспеншілік, Махаббат ол Құдай. Шынымен, сакральды объектіге діни махаббат, сүйіспеншілік жалғыз сенушілер арасында таралады (немесе мен ішіндегі абсолютке). Басқа сенімдегілермен күресте діни адамдар абсолютке және өздерінің шіркеулеріне деген махаббатты қолдауда көптеген күш жұмсайды. Махаббат амбивалентті және ол қарама қарсы сезімге де айналуы мүмкін.Махаббаттың, сенімнің, үміттің бір біріне өтуі діни жандылықтың және руханилықтың динамикасын сипаттайды.



Теология ұғымы

Теология ( грек. theos Құдай және logos сөз; Құдай туралы ілім) а) діни мағынада құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын методологиялық тұрғыда жасау (Дж. Ф. ван Акерен); б) атеистік мағынада абсолютті шындық туралы ілімді рациональді-жүйелілік тұрғыда түсіндіру, қорғау, сонымен бірге сенушілердің өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас тұрғыда негіздеу.



Құдай ұғымы

Құдай болмыстың толықтығы. Құдай(жалпы арий. baha дарынды, жекеленген) жеке Мендерден жоғары тұрған және жетіспеушіліктері жоқ абсолютті тұлға, жоғарғы мән. Құдай ол жоғарғы, мәңгі, барлығында, жетелеуші барлығын тудырушы мән, өлмейтін рух. Дүниенің бірінші шындығы және соңгғ мақсаты.



Құдай Тұлға ретінде. Құдай тек қана алғашқы мән ретінде түсіндірілмейді, сонымен біргеекі негізгі қатынаста болатын Тұлға ретінде түсіндіріледі: Біріншіден, Өзіне деген қатынасында; екіншіден, Өзінің туындыларына қатынасында. Құдай Өзіне құбылыс ретінде абсолютті Тұлға болып табылады. Христиандар Құдайдың абсолютті тұлғалығын Үштік ретінде сипаттайды: Құдай жалғыз және бір, бірақ үш сипатта болады. Құдай-Әке, Құдай –Ұл және Құдіретті Рух – бірлікті құрастыратын үш тұлға, сол уақытта да Олар мағынасы бір Тұлға. Құдайдың бірінші мәні және Оның тіршілік етуі Өзіне деген қатынасы ажырамас бірлікте дәл келеді. Бірақ соңғы тұжырымды барлық теологтар құптамайды.

Құдайдың шығармашылық процесі теологияда үш негізгі модельдермен – ілімдермен берілген: пантеизммен, панентеизммен және и теизммен.

Пантеизм (грек. pan барлығы және theos құдай; құдай барлығында) Құдайды екінші табиғатқа, физикалық дүниеге араластырады. Пантеист терминін 1705 ж. Ағылшын философы Дж.Толандом енгізген, ал пантеизм терминін оның қарсыласы 1709 ж. Нидерланд теологы Й. Фай енгізді. Пантеизм сөзімен белгіленген ілім сонау шығыс діндерінде, мысалы индуизмде қарастырылған. Батыс Европада пантеизмнің өрлеуі 16 – 17 ғ. басына жатқызылады. Осылай деп, табиғат ол заттардағы Құдай; физикалық дүниенің жалғыз және жеке мәні деп Дж. Бруно есептеген.

Эманация. Неоплатондықтар жасампаздықты мәнді ашуы ретінде эманации ұғымында негідеген. Құдай дүниені өзінен тудыра отырып, дүниеге ауысуы. Эманация ( көне лат. emanatio ағу, шығу(истечение)) бір нәрседен екінші нәрсенің шығуын түсіндіретін философиялық ұғым. Оның көмегімен субстанцияның өзінің атрибуттары мен модустарында көрінуін, сонымен бірге мәннің құбылысқа ауысуын түсіндіреді.

Панентеизм. Пантеиз және теизм арасындағы идея панентеизма (грек. pan en theos барлығы құдайда). Осы ілімге байланысты жаратылған дүние толығымен Құдайда болады, бірақ құдай дүниеде толығымен араласпайды, Құдай сонымен бірге дүниенің шегінен шығатын және дүниеге трансцендентті. Графикалық түрде оны былай сипаттауға болады: үлкен шеңберде (Құдай) кіші шеңбер (дүние) табылады, кіші шеңбер өзінің әрбір нүктесінде үлкен шеңберден шықпайды. Панентеизмге байланысты, Құдайдың тұлғалылық болмысы бар.

Теизм. Теизмда Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс және Абсолютті Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды және оның ішінде болмайды, бірақта ол ештеңеден пайда болады, ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады. Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты Оның туындылары әрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен (Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне иудаизмге, христиандыққа және исламға тән.

Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. deus құдай), ол Қайта өрлеу дәуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге (ХVII в.)байланысты Құдай дүниені тудырып, оның әрі қарай дамуында және физикалық заңдылықтарына араласпайды.Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір актімен шектесе, теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.

Атеизм (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу және сыни анализ, сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына және ойлау образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ әрбір атеизм нақты бір дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік атеизм және т.б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен, антиклерикализммен дұрыс емес араластырады.

Атеизм Құдай өмір сүреді және Оның болмысын дәлелдеуге болады дейтін монотеизмге қарсы.



Агностицизм (грек. agnostos танымға жатпайтын), адамның дүниені шынайы тану мүмкіндігіне күмән келтіретін философиялық ілім. Осы пззицияны белгілеу үшін ағылшын ойшылы Т.Гексли 1869 ж. агностицизм терминін енгізді.

Иерархия. Шіркеу иерархия бойынша өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады және конфессионалды жағдайлар мен дәстүрлерді сақтайды, өндейді және жеткізеді. Шіркеулік иерархия (грек. hieros қасиетті және arche билік, яғни қасиетті билік) төменнен жоғары қарай бағыныштылық тәртібіне байланысты шіркеулік шендердің жиынтығы; христиан шіркеуіндегі қасиетті үш сатының жалпы атауы: епископ, пресвитер және диакон. Согласно М. Веберге байланысты христиан шіркеуі Христостың харизматикалық тобынан және оның шәкірттерінен тарихи пайда болған. Ұстаздың өлімінен кейін харизма біртіндеп көпшіленеді, сенім дәстүрге айналады, қаумдастық үлкейеді, көпшілікке ауысады және рахаттың тәжірибесін жоғалтады. Догматизация, конфессионализацияның және ұйымдардың қажеттігі шіркеуді тудырады.

Шіркеу және секта.

Вебер шіркеуді сектадан универсалдылық критерийлері бойынша айырады. Шіркеу жалпылыққа жақындайды, ол өзін дүниеге қарсы қоймайды, оның мәдениетін мойындайды, сакральды және прфанды құндылықтар арасындағы қайшылықты жоюға ұмтылады. Оған сол канондық территорияда туылған адамның қатыстылығы міндетті түрде. Шіркеу өзінің құрамына сенуші адамды туылғаннан бастап оның еркіне қарамастан енгізеді. Сонымен қатар шіркеуде қатаң бағаланатын мүшелік жоқ. Шіркеу бюрократиялық ұйымның бір түрі, священник административті түрде бекітіледі.

Шіркеуге секта қарама-қарсы тұрады (лат. secta ойлар образы, іс әрекет образы, ілім, мектеп, бағыт). Секта сенушілердің аз және жабық тобы, олар өз еріктерімен ұйымдасады және де олар саналы түрде шешім қабылдайды. Секта аскетизмді жақтайды, дүниелік тәртіптерді сынайды, барлық мүшелердің теңдігін қолдайды; рухани қайта жаңғыруға ұмтылады. Сектаны харизмалық лидер басқарады.

Конфессионализм. Сенушілердің өздерінің шіркеулеріне қатынасы тең, қатаң және либералды болуы мүмкін. Конфессионализм (көңіл ақтарылу) ойлардың және мінез-құлықтың қатаң образы суреттелінеді, ол өз шіркеуінің барлық догмаларға, бекітулерге жауап береді. Конфессионализмнің ортодоксальдығы және консервативтілігі либерализмге қарама-қарсы, ол кейде дін саласында модернизм немесе индифферентизм формасына көшеді. Шіркеуден тыс және конфессионализмнен тыс дінилік ол діннің бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде ол дүниеде көп тараған.

Шіркеу және мемлекет

Шіркеу мен мемлекеттің тепе-теңсіздігі мен қажеттілігімен айырмашылығы біріншіден христиан дінінде жақсы дамыған. Онда қоғамдық қажеттілік діни және саяси сферада анық көрсетілген. Сонымен бірге шіркеу мен мемлекет халықтан заңға бағынуды бірдей талап етеді. Бұл христиан дүниесіндегі екі саланың бастапқы бөлінуі адам бостандығын нақтылаған батыс демократиясының пайда болуына әкелді.



Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлері. Мемлекет пен шіркеу арасындағы байланыс әрбір қоғамда өзгеше. Ол теократия, мемлекеттік шіркеу түрлерінде болуы мүмкін.

Теократия (грек. theos құдай, cratos билік) 1) барлық адамзаттың үстінен Құдайдың билігі; 2) мемлекеттік басқару түрі, онда билікті шіркеу басшысы жүргізеді. Теократияда екінші мағынада мемлекеттік билік және басқарушы дін бөлінбейтін бірлікте (Көне Египеттегі абыздық билік, араб халифаттары, Рим папасының билігі т.б.). Мемлекеттік шіркеу жоғарғы билікке бағынады, материалды және рухани тұрғыда мемлекетпен қолданады. (Византиядағы православие шіркеуі, патшалық Ресей, Ұлыбританиядағы ағылшын шіркеуі және т.б). Жоғарғы (светское) мемлекетте ар-ұждан бостандығы принципі бар: азамат әрбір дінді және атеизмді қолдауына құқы бар; шіркеу автономды, ме,млекеттен бөлек, ал мемлекет оның жұмыстарына араласпайды.(АҚШ, қазіргі Қазақстан және т.б.). 20 ғасырда социалистік елдерде мемлекеттік атеизм болған, азаматтарға атеистік сенім негізделген.



Идеология және дін.

Идеология - әлеуметтік немесе саяси ілімнің түрі, онда практикалық элементтер теориялық сияқты қажетті болған. Бұл дүниені түсіндіріп қана қоймай және де шындыққа деген адамдардың қатынасын түсіндіретін, дүниені өзгертетін идеялар (құқықтық, саяси, діни, философиялық т.б.) жүйесі. Идеологияны идеялар жүйесі деп қана анықтамай, сол және басқа мәдениетке өмірлік қажеттігін анықтайтын идеалдар жүйесі деп анықтауға болады.Идеология және дін ақиқат және жүріс-тұрыс мәселесіне қатынасында тоталитарлы. Сонымен бірге шындықтың діни сипаттамасы құдайылық дүниені суреттейді, және идеологиядан айырмашылығы осы дүниеге көңіл аударады. Дін әділетті қоғам идеясын қалыптастырады, бірақ өз бетімен саяси практикалық бағдарламаны өз бетінше жасай алмайды. Дінде сенім мен құдайға құлшылық ету бірінші орында. Ол индивидтің жанына құтқару мақсатында бағытталған, ал идеология үлкен әлеуметтік топтарға бағытталады. Діндердің бастамасында пайғамбарлар тұрады, ал идеология рационалды тұжырымдарға сүйенеді.

Нақты идеологиялық элементтер тек кейбір қазіргі кездегі діни қозғалыстарға тән.

Сакральдік. Сакральділік ұғымы

Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.

Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.

Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді.

Бірақта сана мен рухтың бұл формаларының ешқайсысы фундаментальды құндылықтарды сакральдамайды. Егер дін мифті қарастырмаса, онда миф сакральді емес. Философия мәселелерді шешпейінше өмір сүреді, Өнер өзінің туындыларындағы шындыққа сенімді қажет етпейді, бірақ дін өнерді дінге ауыстырып, Негізгі құндылықтарды сакральдау процедурасы дінді басқа дүниеге қатынас формаларынан және қоғамдық институттардан айырады.

Дюркгеймнің діннің дефинициясына қатынасын толықтыра отырып, дінді қалыптасқан сакральды байланыстарды іздеу ретінде анықтауға болады. Бұл анықтама дінді басқа қоғамдық рух формаларынан айыруға мүмкіндік береді: негізгі құндылықтарды сакральдау процедурасы дінді философиядан, өнерден, мифтен, моральдан, ғылымнан айырып көрсетеді.

Эзотеризм. Сакральдік құпиялылықпен қатар қойылған.Бұ тұрғыда ол эзотеризм ұғымымен ашылады, ол әрбіреулерге берілмейді, ол нақты емес, жасырын, анық емес. Көне Грек философиясында эзотериялық ілім ретінде ұстаздың айтқандары оның ерекше ізбасарларына берілуі. Мысалы, Платон арқылы александрлық жаңа пифагоршылдарға жеткен пифагорлық ақиқат, олар өздерінің мақсаты ретінде ізбасардың рухы мен жанын зерделенбеген даналықпен толықтыру.

Әрбір діни ілімде эзотериялық және экзотериялық жақтары бар. Сонымен қатар эзотеризм діни сипатта болуы міндетті емес. Эзотеризм рухтың мынадай қабілеттерімен сенім, намыс, мистикалық түсінумен болмыстың мәндерін тануда пара-пар.



Мистицизм. Мистика (грек. mystikos құпия, жабық), мистерия и мист ұғымдары адамның қасиетті және жасырынға жетуді суреттейді. Мистицзм трансцендентті шындықты білу мүмкіндігін негіздейтін діни-философиялық концепция. Сонымен бірге мистикалық когнитивті жағдайларда әр түрмен анықтауға болатын сананың объектісі болмайды. Болмысты мистикалық тұрғыда түсіну дүниені эйдостар, идея, идеалдар, сенсорлы қабылдаулар, ұғымдар, символдар немесе модельдер арқылы түсінуге қарама-қарсы. Тар мағынада мистикалық деп құдаймен үнемі қатынас тәжірибесін түсіндіреді, адамның Абсолютпен нақты кездесудегі экстазды басынан өткізу.

Мәдениет негізіндегі діни идеалдар

Ұлттық және әлемдік мәдениеттерді терең ұғыну оның діни негіздеріне бас қоюынан басталады. Әрбір халықтың немесе халықаралық қатынастарды рухани субстанцияны түсіну және сезіну үшін олардың материалдық өмір сүруін ғана зерттеу жеткіліксіз, олардың дінінің мәнін түсіну қажетті болып табылады. Егер біз индуизм мен шинтоизмді білмесек, Үнді және Жапон мәдениеттерін түсіне алмаймыз. Мәдениеттің құпиясы оның тудыратын дінінде. Мәдениеттің мәнін және мәдениеттегі діннің орнын қарастырамыз.



Мәдениеттегі діннің орнының үш моделі

Дін мәдениеттің генотипі. Бірінші модельге байланысты діннен мәдени фенотип, ұлттық және ұлтаралық болмыстың рухани және материалды әртүрлері шығады. Бұл мәдениеттің діни моделі ең көнесі, ол мәдениеттің жалпы құрылымын талдауға көмектесті. Осы модельге сәйкес әрбір жеке мәдениетті тудырған дініне байланысты атау керек: индуизм мәдениеті, христиан мәдениеті, ислам мәдениеті, т.б.. Әрбір негізгі мәдениетте субмәдениетті көрсетуге болады, мысалы, христиан мәдениетіндегі католиктік, православие, протестанттық мәдениеттер.

Шаруашылық мәдениеттің генотипі. Екінші зиялы модель мәдениеттің негізгі құрылымын халықтың шаруашылық өмірінен шығарады. Осы экономикалық модельге сәйкес мәдениетті өндіріс, сауда және тұтыну ерекшеліктерінен келіп атау керек (жер шаруашылығы, мал шаруашылығы, кәсіптік шаруашылық т.б.)., немесе олардың географиялық орналасуына байланысты.

Мәдениеттің шаруашылық моделінің көп тараған түрі экономикалық детерминизмі табылады.Кеңестік мәдениеттің құруы діннің мәдениеттегі жүйелілік факторын ашып береді.



Діни шаруашылық моделі. Мәдениеттің соңғы принципиальді мүмкін моделі бірінші және екінші молдельдерді синтездейді, жинақтайды. Осы діни шаруашылық модельге байланысы мәдениеттің генотипі болып діни идеалдар мен экономикалық архетиптер бірлігі табылады. Ол нақты адамдар қауымдастығымен мойындалған. Бұл бірлік діни және экономикалық идеалдардың қарапайым жиынтығы емес, ол не рухани болмысқа, не материалдық біріншілік етуге әкелмейтін жаңа қасиет. Осы модель көбіне түсіндірмелі құндылықты түсіндіре алады, ал жалпы сипаттағы басқа модельдердің болуы мүмкін емес. Материя мен рух жалпы ұғымдар, оларға Бірлік ұғымынан басқа қосымша ештеңе қосуға болмайды; сондықтан да мәдениеттің жалпы теориялары тек үшеу ғана болады

Материядан логикалық тұрғада ештеңе шығара алмайсын, одан тек материяның модустарын алуға болады, ал рухты материалистік софизмдермен түсіндіре алмайсын. Рухтан денелер, заттар немесе материалдық процестер емес, тек рухани болмыс түрлері шығады.



Дін мен экономиканың өзара бейнеленуі. Мәдениетті ңекі жақты діни шаруашылық идеясы диалектикалық интуицияға жауап береді. Және көптеген логикалық және фактілі қарама-қайшылықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан мәдениеттің құрылымын толықтыру керек: мәдениеттің нақты ядросы және экономикалық идеалдарды өзіне жатқызады. Бұл идеалдар бір-біріне үйренген және органикалық ерітіндіні тудырады. Дін әрбір мәдениеттің негізгі экономикалық идеалдарын сакралдайды.Өз кезінде бұл идеалдар діни идеалдарды негіздейтін модификация мен таңдауды негіздейді.

Нақты материалдық өндіріс адамдар арасында сенім болмаса және жанұя, тұрмыс, еңбек бөлінісі ортақ өнімді алу, әлеуметтік коммуникация иек артатын идеалдардың дінмен шешілмесе басталуы мүмкін емес.

Әрбір мәдениеттің пайда болу кезінде фатальды қажеттілік болмауы мүмкін. Осы жағдайда олардың бірігуі және бір біріне өту процесі жүреді.

Халықтың мыңдаған діннің шаруашылық өмірмен байланысы белсенді жүрсе, олардың бірігіп өмір сүруі органикалық және қажетті болады. Мәдениеттің діни және экономикалық жақтарының бірлігі диалектикалық қарсылықта, олардың ерекшеліктері мәдениеттің компаненттері арасында қақтығысқа әкелуі мүмкін.



Посткеңестік мәдениет. Дін мен экономика өзара белсенді өзгерістермен және қайтымды байланыстармен мәдениеттің бір субстанциясының бөлінбейтін жақтары болуы мүмкін. Сондықтан, үшінші мәдениеттегі діннің орнының синтетикалық моделі көбірек шындыққа сай. Маркстік білімі бар адамға экономика мәдениетті негіздейтінін түсіндіріп, дәлелдеу қажет емес; философия және өнермен айналысу барысында адамдар тамақ ішуі, киінуі, баспанасы болуы керек деген К.Маркстің ойын еске түсіру жеткілікті.Адамдар көбі өнермен, ғылыммен айналыспаса да бірінші тамақ туралы ойлайды.

Дін және саясат. Мәдениеттегі тығырық діни өмірдің саясаттануымен шақырылады. Монотеистік діндердің рухани лидерлері және ұлы пайғамбарлар ілімдері қатаң саяси күрес жағдайында конъюнктурлы герменевтикамен алмасады, көлеңкеге кетеді. Бұрмаланған діни идеал эгоистік жетістіктер үшін құрал болып кетеді және өзіндік өмірлік күшін жоғалтады. Діннің солуына байланысты мәдениеттің барлық ағзасы ауырады, ал оның реформациясынан мәдениет жаңа тыныс алады.

Осыған байланысты екі актуальды мәселе туындайды, оларды шешуге әзір мүмкіндік жоқ:



  1. Діннің ықпалынсыз мәдениет пайда бола ма және толық дами алады ма?

  2. Мәдениеттің саясатында шіркеудің қатынасуы өлшемі қандай?

Қазақстан үшін бұл мәселер бірінші орынға шыға бастады.

Фундаментализм. Мәдениеттің діни негізіне қайта оралу қозғалысы барлық әлемдік діндерде христиан, ислам, буддизмде қазір де бақылануда. Сондықтан христиан, ислам, будда мәдениеттері стагнацияны басынан кешіруде, оларды сенімнің тоқтауы мен құлдырауы сезіледі.

Діни фундаментализм, мәдениеттегі құлдырау құбылыстарына, жағдайларына қоғамдық организмнің заңды реакциясы. Мәдениеттің негізі деп дінді санаушылар фундаментализмді жағымды бағалайды. Олар фундаментализмнің мәдениетке таза жаңа өмірді, өркениеттің рухани және материалды жақтарының үйлесімділігін тудыруға, қайта жаңғыртуға сенеді. Бұл мағынада фундаментализм мен экстремизмді тепе тең деуге болмайды, бірақ олар өзара бір бірімен тығыз байланыста болуы мүмкін. Біріншісі тудырушы мағынада, екіншісі діннің нағыз рухына қарсы және мәдениетке кедергі келтіреді.

Әрбір мәдениет терең дипрессияға түскен жағдайда сақталып қала алмайды. Егер ол қоғамның үлкен топтары мен қабаттарының қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарсы болса, оның өмір сүруі көпке созылмайды. Өз кезінде кеңес мәдениетін Н. С. Хрущев, А. Н. Косыгин, М. С. Горбачев өзгертуге тырысты. Егер анық дін өзінің ресурстарын жоғалтса, оның жағдайындағы мәдениет экономикасы мен саяси құрылымын хаосқа (ретсіздікке) әкедеді, ал қоғамда қылмыс, заңсыздық, қайғыру, шектен шыққандық орнайды. Егер жаңа идеалдар көпшілікпен сакральданса, онда әлеуметтік хаос жаңа экономикалық-әкімшілік тәртіппен алмасады, елде жаңа мәдениет пайда болады.

Ислам әрбір адамның іс-әрекетінен екі жақты діни және зиялыны көреді: эгоизмнен шыққан қасиетті әрекеттер руханилығын жоғалтады, ал зиялы іс-әрекет таза болса, ол құдайылық сипатта болады. Ислам бойынша әрбір іс әрекет Аллаға құлшылық етумен басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет