Бекітуге арналған сұрақтар:
1.Қазақ мәдениетінің ерекшеліктері
2.Жыраулар дүниетанымы
3. Қазақ философиялық ойларының қалыптасуы.
4. Қазақ ойшылдарының философиялық тұжырымдары.
5. Абайдың философиялық тұжырымдары.
№9 Дәріс тақырыбы: XIX ғ.-XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.
Дәріс жоспары:
1. Батысшылдар мен славянофилдер XIX ғ. - XX ғ. басындағы орыс философиясының бастауы негізінде.
2. Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плехановтың философиясы.
3. Діни орыс философиясы.
Орыс философиясы ХІХ ғасырдан бастау алады. Әлем философиясының бір бөлігі бола отырып, ол ең негізгі философиялық мәселелерді шешуге келгенде өзіндік тематикалық және спецификалық бағытты қолданады. Орыс философиясын ескерту философиясы деуге де болады. Орыс философиясының басты идеясы - тұлғаларды қанау мен қинауға бағытталған қандай да болмасын әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік құрылымдарға адамгершілік жағынан тиым салу.
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары жалпы философиялық сұрақтар қатарындағы орыс қоғамы мен философиялық ойлар екі бағытқа бөлінеді: батысшылдар және славянофилдер. Батысшылдардың өкілдері немесе батысшылдардың ойынша - Россия, сонау Петр заманынан батыспен тығыз байланыста. Батысшылдардың идеологиясын В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский қолдайды. Негізінен олардың жұмыстары батыс еуропаның ең көрнекті өкілдерінің идеяларын қайта жаңғыртудан басталады: Гегель, Фейербах, француз материалистерінен.
Славянофилдердің лидерлері Россияның даму тарихының жолдары жайында айтады. Олардың ойынша, Европадағы өркениеттің жемісі көп жағдайда, жалпыадамзаттық өлшемде сипат алады.
Батысшылдар орыс философиялық-идеалистік ағымының көрнектісі болып табылады. Оның негізінде орыс халқының мессияндық ролінің идеясы жатыр, олардың діни, мәдени жағдайлары мен тиымдары да ескеріледі. Славянофилдер халықтың рухани құндылықтарын ескере отырып, оларды идеалды сапалардың жиынтығы ретінде қарастырды. Ұлы тұлғалардың мақсаты сол, жоғарыда аталған халық рухының өкілдері болу. Олардың мақсатының жүзеге асуы, олардың мақсатқа қаншалықты тырысуларынан және халықтың үмітін қаншалықты оятуларына байланысты. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының революциялық-демократиялық бағыты: Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плеханов. ХІХ-ғасырдың екінші жартысында орыс философиясында нақты екі бағыт қалыптасты: радикалды, революциялық-демократиялық және діни идеалистік. Бірінші бағыттың көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плеханов болып табылады.
Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс шаруашылық қоғамының идеологының бірі болды. Ол Россияның капитализмнен социализмге өтуін мүмкін деп болжады. Алайда Чернышевскийдің социализмі өркениетті сырып тастап, Россияны бастапқы кезіндегідей сақтап қалу еді.
Антропологизмге негізделген Чернышевскийдің философиясы, ғылыми дәлелденген, адамзат идеясының бірлігі идеясынан шығады. Чернышевский үшін адамгершілік- қоғамның күшімен жүзеге асатын физиологиялықтың құрылымдық түрі. Сондықтан адам кейбір жағдайда жақсы, кейбір жағдайда жаман қылықтар көрсетеді. Сондықтан адамды адамгершілікке бейімдеу үшін, ең алдымен оның жеке өмірін ескере отырып, қоғамға бейімдеу керек.
Адамгершілік әлем, Чернышевскийдің ойынша, физикалық әлем сияқты, себептілік заңына бағынышты. Онда болып жатқан жағдайлардың барлығы адам табиғатымен тікелей байланысты. Ойлау-сезу мен елестетуден басталып, ойлаушы организмнің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Барлық адамдар тумысынан эгоист болып келеді, олар үнемі өздеріне ғана жақсылық жасауға бейім тұрады. Қажеттілік бәріне тән болғандықтан, жақсылық- үлкен пайда болып табылады.
Г.В.Плеханов (1856-1918), орыс марксизмнің негізін салушы, тарихты монистикалық тұрғыдан танушы болды. Экономикалық тұрғыдан қарастырған Маркстің идеясын ол географиялық ортамен байланыстырды. Оның ойынша географиялық орта өндіріс күштерін анықтай отырып, қоғамның дамуына ықпалын тигізеді.
Плеханов диалектикалық материализмде тартылуы (обьект) ойлауды (субьект) айрықша атрибуттар негізінде материяның соңы ретінде қолданды. Таным теориясында ол материяны «өзіндік зат» және «сезімдік таңдану» немесе «иероглифтер» деп бөліп қарастырды. Плеханов диалектикалық материализмді қарапайым сенсуализм деңгейіне дейін қарастырды. Ол құрастырған тарихи материализм марксистік ілімнен мүлде бөлек, ұқсамайтын болды. Ол капитализм өзінің толық күшіне енбей және тұрғындардың көп бөлігі пролетариатты құрамай, Ресейде революция болмайды деп ойлады. Плеханов марксизм методологиясына ешқандай жаңалық енгізген жоқ. Одан әрі орыс марксизмі халықтыққа жақындап, соңында большивизммен аяқталды.
Діни философия – коммунистік идеология үстемдігі жағдайында кеңістік философияда біржақты түсіндіріліп келген ХХ ғасыр басындағы орыс мәдениетінің аса маңызды бөлігі. Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бұл көзқарас өзінің шекті формасында, дәлірек айтқанда объект сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.
Түбіршілер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі Ф.М.Достоевский (1821-1881). Ол философ болғанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы – ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойы және қылықтары. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында Адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көрсетеді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынай жолы» - бұл Құдай адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.
Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе – бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын – ешқандайда жоғары мақсат бейкүна сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғарғы ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады.
Ресейде Достоевский діни философияның бүкіл кейінгі дамуына үлкен ықпалын тигізді.
ХІХ-ХХ- ғасырдың басындағы орыс философиясының діни-идеалистік бағыты: В.С. Соловьев, Н.А.Бердяев.
Орыс діни философиялық негізін қалаған ірі орыс философы В.С.Соловьев (1853-1900). Ол адам өміріндегі әлеуметтік және діни бірігуін жалпы дүниетанымдық жүйеге енгізді. Мүндай дүниетанымның негізі Соловьев бойынша христиандық болу керек Соловьев бүкіл христиан конфессияларының бірігуін қолдады. Ол христиан дүниетанымына жаратылыстану, тарих және философия пәндерін және жаңалықтарды енгізе отырып, дін және ғылым синтезін жасамақшы болды.
Соловьев бойынша философиядағы негізгі принцип: жағымды барлық бірігушілік. Болмыс ең алдымен игілік пен еркіндіктің пайда болуы, екіншіден ақиқат пен сана байланысы, үшінщіден әсемдік сезім көрінісі ретінде. Осыдан мынадай принцип шығады: «Абсолютті игілік ақиқат арқылы әсемдікте көрінеді» Осы үш бастау: игілік, ақиқат және әсемдік- бөлінбейтін бірлікті құрайды. Сол сияқты: махаббат, күш, эгоизм тамырлары.
Болмыстың жоғары біріктірушісі, Соловьев бойынша, құдай Абсолюттегі болмыстың тереңдігі мен толықтығы, абсолютті тұлғаны құрайды. Ол тұлға еркін және белсенді, игілікті, қайырымды, күнәларын мойындаушы. Тек құдай ғана болмыстың бірлігін құрайды барлық сансыз көп үлгілір болмысы құдаймен ғана біріктірілген. Барлық материалды құндылықтар құдіреттілік бастамамен басталып, әлемдік жан немесе софияға өтеді.
Уақыт пен кеңістік және механикалық себептілік эмпирикалық және материалдық әлемде хаостік деңгейде болады. Мессиандық рольде адамда құтқарушы және еркіндікке шығарушы рольді алады. Тек адамшылық қана құдайшылық пен табиғилықтың арасында. Оның санасында жалпы бірлік формасы қалыптасады. Адам осындай аралықта болғандықтан өзінің табиғатын интеграцияға дейін өзгерте алады. Осыдан келіп әлемдік тарих мақсаты шығады: құдайшылық өмір мен құдайсыз өмірді анықтайды. Тұлғаның құндылығы құдыреттілік пен табиғи әлемдердің арасы. Оның шындығы басқа адамға, құдайға, табиғатқа деген сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік, махаббат құндылығы, адамды абсурдке жақындатады. Махаббаттағы ақиқат пәні- ол мәңгі нәзіктік, барлық бірігудің жеке үлгісі.
Қоғамда барлық идеялардың бірігуі қасиетті адамдардың бірігуі сияқты. Яғни шіркеуде барлық ұлттардың, әлеуметтік қарама-қайшылықтардың жер шарындағы «құдыреттілік патшалығында» жиналғандығы сияқты. Мұнда «құндылық тәртібінің нақтылығы» түсінігі қалыптасады. Бұл бірігулердің негізі католик және православиелік шіркеулер болып табылады.
Осы бағыттың тағы бір өкілі Н.А.Бердяев (1874-1948 ж.ж.) Оның шығармасындағы негізгі идея антропозиция, яғни адамды шығармада ақтау немесе шығарма арқылы ақтау. Ол көне өсиеттің «діни шығармашылықтың кезеңі» бөлімінде айтылады. Бірақ, Бердяев бойынша үшінші ашылымды күтпеу керек, оны адам жасау керек. Сондықтан құдай жаратушы барлық болмыстан күшті. Бірақ болмыс еместе, жасалмаған еркіндікте ешқандай күші жоқ. Бұл еркіндік түбінде жамандықтың көзіне айналады.
Адам экзистенциалистік әлемнің ортасы болып табылады. Алайда еркіндік болмыстан бөлініп кете алмайды, ол болмысқа дейін болатын нәрсе, яғни болмыс еместен шығады. Адам құдайдың және анықталмаған еркіндіктің перзенті. Сондықтан құдай-жаратушы болмысқа үстемдік ете алады, ал болмыс емеске, анықталмаған еркіндіктің алдында дәрменсіз. Еркіндік құдай мен адамнан аластатылған. Бірақ шығармашылық еркіндіктен шығатын болғандықтан жаңа діни кезеңге жол ашылады
Бұл бағыттың көрнекті өкілдері С.Н.Булгаков, И.А.Ильин, С.Л.Франк, Л.П.Карсавин, Н.О.Лосский. Орыс философиясындағы діни-идеалистік бағыт 1922 жылға дейін өмір сүрді. Себебі, саяси жағдайларға байланысты көптеген көрнекті өкілдері жер аударылып кеткен.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Орыс философиясының ерекшелігі.
2. XIX ғасырдағы орыс философияның маңызы.
№10 Дәріс тақырыбы: XX ғ. -XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия.
Дәріс жоспары:
1. Феноменология.
2. Позитивизм философиясы.
3. Экзистенциализм философиясы.
4. Фрейдизм және неофрейдизм.
Қазіргі батыс философиясының аясында Х1Х ғасырдың аяғы ХХ1 ғасырдың басындағы АҚШ философиясы мен батыс-европалық философиясы түсіндіріледі. Бұл дәуір – адамзаттың рухани және материалдық дамуына өз үлестерін қосып, өздерінің талғамды және терең идеалдарымен философиялық мәдениетті байытуға ұмтылған, керемет ойшылдардың ордасына айналған классикалық емес философия дәуірі болды. Осы кезеңдегі батыс философиясынан – сол қоғамның бетке ұстар философтары, көптеген мектептер, бағыттар мен концепциялар орын алды. Олардың ішіндегі ең негізгі бағыттарға мыналар жатады: феноменология, позитивизм, сыни рационализм, прагматизм, постпозитивизм, неокантианство, экзистенциализм, персонализм, структурализм, постмодернизм.
Феноменология – бұл философиялық бағыт, сірескен натурализмнен философиялық сананы азат ете отырып, рефлексивтік сананың өзіңдік әрекеті мен ондағы мазмұндардың төркіні туралы философияның өрісін кеңейтіп, танымның негізгі көзін адамзаттың өмір сүруі мен мәдениетінен іздейді. Бұл бағыт өз бастамасын неміс философы Э.Гуссерльден (1859-1938) алады. Оның түсінігінше феноменология жаңа, қатаң философиялық ғылым ретінде яғни таза мән күйіндегі әлемді идеалды болмыс ретінде бейнелейтін сана феномені, сананы жекеленген нақты эмпирикалық мазмұндарынан тазартуға мүмкіндік беретін өз өзіне аян логикалық принцип. Бұл көп сатылы “феноменологиялық редукция” методының көмегімен жүзеге асып, нәтижесінде керек емесін тысқары тастап немесе “жақша ішіне алып” барлық қоршаған әлемді, барлық өмір сүруші көзқарасты, ғылыми теорияларды және зерттелудің пәніне айналып, отырған өмір сүру жөніндегі сұрақтың өзін қоса қарастырады. Осылайша біз реальдылық пен қатынастан босап, өз мазмұнының барлық байлығын сақтай отырып, сананың сферасындағы заттың өзіне қайта ораламыз. Бұндай редукция, яғни мәлімет, өзімен бірге негіздеу мен идеализациялау тәсілін ала жіреді. Демек, осы тұрғыдан қарағанда феноменология барынша байытылған және идеализацияланған ғылыми факта болалады. Гуссерлдің өзі оны дескриптивтік, не болмаса суреттеп беретін ғылым деп атаған болатын.
Феноменология таза, яғни затқа, таңбаларға дейінгі сананы бөлуге ұмтылады, немесе “субъективтік ағым”, және оның ерекшелігін анықтайды. Оның осылай болу себебі, сананың әртүрлі функциялармен күрделі қалыптасуында жатыр. “Таза” сананы бөле отырып, сананың жалпы мәнін түсінуге болады. Сананың басты сипаты жалпы оның әрдайым затқа деген бағыты, яғни қарқындылығы.
Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ.
Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
Позитивизмнің екінші тарихи формасы - эмпириокритицизм – шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм – ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия – табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.
Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек фиософияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч.Пирс (1839-1914), Ч.Джемс(1862-1910), Дж. Дьюи (1859-1952).
Прагматизмнің негізгі идеяларын бірінші айтушы Пирс, интуитивтік таным мен туа бітті идеяны теріске шығарды. Оның айтуынша таным көруге мүмкіншілік болған жағдайда ғана орын алады. Объект туралы ұғымға осы объектінің әрекетінен туындап отырған барлық тәжірибенің салдарын қарастыру арқылы жетуге болады. Объект туралы біздің білімдеріміз әрқашан аяқталмаған, жалған және болжаулы ғана болып келеді. Бұл тек қарапайым білімге ғана қатысты дүние емес, соңымен қатар математиканы да, логикалық қорытындылар тәрізді жаратылыстану ғылымдарын да мысалдар арқылы жалпылама теріске шығаруы мүмкін. Ақиқат, Пирстің түсінігінше – бұл білімнің даму барысына қарсы келмейтін айқындылық пен анықтылық. Білімнің ақиқаттылығы практика жемістерінің сенімді шарттары болып табылады. Пайдалылық ақиқаттың мәні мен сенімділігін анықтайды. Практикалық қызығушылық ақиқатты іздеудегі біздің қызығушылығымыздың себебінен келіп туындайды.
Джемс бойынша, философия өз қабілетін болмыстың алғашқы бастамасын іздеуден емес, адамдардың өміріндегі әрдайым кездесіп отыратын оқиғаларды шешуге жарамды жалпы методты қалыптастырудан бастау керек. Тәсіл бізге анықталған зат ретінде әуел бастан берілмеген. Танымның барлық объектілері танымдық құдіретіміз арқылы тіршілік мәселелерін шешу барысында қалыптасады. Ойдың мақсаты табысқа жету жолындағы таңдап алынатын қажетті құрал болып табылады.
Философияның фундаментальдік ұғымы Дж.Дьюи бойынша тәсіл, яғни адамзат өмірінің барлық қырларының байқалар тұсы. Философияның міндеті, Дьюи бойынша, өмірлік тәсілді ұйымдастыруға, алдымен әлеуметтік болмыстың шенберінде, яғни адамдардың өмірін жақсартуға, олардың әлемдегі болмысын табуға негізделмек.
Оның құралы ақыл мен ғылыми метод болып, біздің прагматикалық талпыныстарымызға құрал, инструмент ретінде қызмет ету керек. Дьюи бойынша, идеялар, теориялар мен концепциялардың ақиқаттылығын, прагматикалық мақсаттағы жетістіктерге жетудегі жұмыстарда пайдалы жемістерін бере алғандардан ғана көруге болады. Осыдан келіп проблеманы шешуге қолайлы талданып алынған құрал субъективті немесе өндіргіш болуында емес, қойылған мақсат пен мәселенің байыбына жетуге жауап беруі керек. Прагматизм принциптері американдықтардың практикасы мен өмір сүруіне, сонымен қатар саясаттарына да барынша ықпалын тигізді.
Постпозитивизм. ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы 60-жылдарының басында неопозитивизм философиялық бағыт ретінде ғылыми зерттелуден тысқары қала бастады. Оның орнына “төртінші позитивизм” немесе постпозитивизм, яғни философия мәселесін қайта қарап, оның ғылымдағы, қоғамдағы және ғылыми зерттеулердің методындағы ролін анықтай бастады. Оның ең ірі өкілдерінің қатарына К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун жатады.
Постпозитивизмнің басты мәселесі ғылыми білімнің динамикасы мен дамуы. Оны алдымен жаңа теориялардың пайда болуы, оларды ойшылдардың бірлесе отырып қабылдауы, бәсекеге түскен ғылыми концепциялардың салыстырылуы мен таңдалу критерилері, жалпы ғылыми білімнің әлеуметтік-мәдени детерминациясы қызықтырады.
Постпозитивизм эмпирикалық пен теориялық білімдердің өзара қарым-қатынаста болатындығын айтады. Теорияның эмпирияға тигізер ықпалы зор екендігін нақтылайды. Фактіні тағайындау үшін теория қажет, сондықтанда фактілер белгілі бір анықталған кезеңде теорияға тәуелді одан қалды сонымен анықталады.
Постпозитивизмнің көптеген концепцияларының келесі ерекшеліктері ғылыми танымның дамуын түсіндіру барысында оларды кумулятивизмнен бас тартуға алып келеді. Олар ғылымның тарихы революциялық қайта қалыптасу кезеңінен ешқайда қашып құтылмайтындығын айтады. Ғылыми революцияның нәтижесінде ертеде мойындалған және санадан орын тепкен білімдер, тек теориялар ғана емес, сонымен қатар методтарда, фактілерде қайта қарастырылуға тура келеді.
Постпозитивизм ғылыми білім мен философияның арасын бөліп-жарудан бас тартады. Ол философиялық ойлардың озықтығын мойындай отырып, олардың ғылымнан ешқашан тыс қалмайтынын айтады. Постпозитивизмнің кейбір өкілдері ғылым, философия мен миф араларындағы қандайда бір ерекшелікті көруден бас тартады.
Сыни рационализм – бұл қазіргі философиядағы қандайда бір “таза” рационалистік моделді өндеп шығарумен айналысатын, барлық уақытта да барығына сенімділік танытатын бағыт. Ол постпозитивизмдегі ең ірі ағымдардың бірі бола отырып, ғылыми танымның методологиялық мәселесін өңдеуге өз үлесін қосады. Оның негізін салушы ағылшын философы К.Поппер (1902-1988ж.). Ғылыми білімнің табиғаты тұтас болып келеді, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғылыми білімдермен философиялық концепциялар өте тағы “қабыса” отырып және өзара байланыста болады.
К.Поппер ғылым заңдылықтарын аналитикалық пайымдау мен оларды бақылаудан анықталмайтындығы айтты. Яғни ақиқат еместің жалған екендігіне, ғылымға фальсификациялау принципі қажет. Фальсификация – бұл ғылымға қатысты кез-келген орныққан анықтаманы жалғанға шығару принципі. К.Поппер ақиқат деп тәсілмен теріске шығарылмаған дүниені айтуға болады. Егерде кейбір орын алған “атомарлық” анықтамалардың теорияларының немесе гипотезасының жалған екендігіне жағдай туылса, онда сол теориялар мен гипотезалар теріске шығарылмақ. Егер гипотезаның тәсілдік теріске шығарылуы орын алмаса, онда ол ақиқат немесе ақталып шыққан болып саналады. К.Поппер үшін фальсификация принципі – бұл эмпирикалық тексеріс тәсілі емес, ғылымның белгілі бір орын алуындағы ғылыми білімнің мазмұнына сыни талдау жасау, барлық оның жетістіктеріне әркез сыни көзбен қарап отыру қажеттігі. Ғылым – бұл әрдайым динамикалық процесс, яғни үздіксіз өзгеріс үстінде болатын.
Сыни рационализмнің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқандардың қатарына сонымен қатар Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабендтер жатады.
Неокантианство – Х1Х ғасырдың соңғы үшінші ширегі мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде орын алған философиялық бағыт, яғни оның өкілдерінің шешпек болған философиялық проблемаларының өзегі сонау классикалық неміс философиясының алғашқы өкілі И.Кант философиясын талдаудан келіп шығады. Ол Германияда ХІХ ғасырдың 60 жылдарында орын алды. Неконтианстваның көпшілікке кең таралуы кезеңі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болмақ. Бұнда екі философиялық мектеп орын алады: Марбург және Баден немесе Фрейбург. Бұл мектептерге тән жалпы мәселелер Кант ілімінің ақылға сыйымды тұстарын қазіргі жағдайға қолайлы философиялық принциптерге сүйене отырып, қоғам мен ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге, ғылыми танымның методтарын зерттеуде философияны ғылымның сыни теориясы ретінде түсінуге тырысты: шындықты түсіндірудегі трансцендентальдық методқа арқа сүйеуге, таным шындықты бейнелеу немесе реальдылықты ұсыну ғана емес екендігіне сәйкес түсіндіруге, жалпы ғылымдағы танымның предметін іс-әрекет ретінде қалыптастыруға бағытталды.
Бірақта неокантиандықтың әртүрлі мектептері бұл жалпы принципті талдауда бір-бірінен өзгешеліктері жетерлік. Марбург мектебінің өкілі – Г.Коген (1842-1918), П.Наторп (1854-1924), Э.Кассирер (1874-1945) танымның трансцендентальдық методын өңдеуге бар күштерін салып, ғылыми танымды психологизмнен, яғни ғылыми білімнің антропологиялық негіздегі бірлігінен босатуға тырысып бақты.
Баден мектебінің өкілдері – В.Виндельбанд (1848-1945) және Г.Риккерт (1863-1936) ғылыми танымның методологиясын өндей отырып, оның философиядағы мәніне аса назар аударды. Философия олардың ойынша аксиология- құндылық туралы, нормативтік ілім. Оның пәніне субъекті мен құндылықтардың қатынасын зерттеу жатады. Риккерт бойынша, құндылық өз алдына бір “патшалықты” қалыптастырып, субъект пен объектінің арғы жағында жатырған “трансцендентальдық әлемнің маңызын” көрсетеді.
Экзистенциализм - ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.
Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |