Кафедра Философия


Бекітуге арналған сұрақтар



бет5/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Ерте грек философияның дамуының негізгі кезеңдері.

  2. Аристотель, Платон, Сократ т.б. философиялық көзқарастары туралы.

4 Дәріс тақырыбы: Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені.



Дәріс жоспары:

1. Ортағасыр философиясының негізгі мәселелері.

2. Схоластикалық философия.

Ортағасырлық батысеуропалық философия – дүниетаным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теологиялық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуропалық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпалдарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375-383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеуде орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Августин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты формуласын – «ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын» формуласын негіздейді. Бұл “ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі” 5-15 ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ортағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетанымдық кредосына айналады.

Егер Августин Аврелий Рим шіркеуінің “әкейі” болса, онда Боэций (480-526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша “соңғы римдік және бірінші схоласт” болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыстырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуатты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің ұғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Құдіретті Құдай, оның Ұлы және Қасиетті Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция. Боэцийдің айтуынша субстанция – бұл барша атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер субстанция – заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.

Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенның есімімен байланысты (810-877). Эриугена өзінің “Табиғаттың бөлінісі туралы” деген жұмысында әлемдік үйлесімділік туралы идеясын негіздейді. Онда құдай барлық бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін өзі аяқтайды: «Құдай өзі танылмағанымен өзі жаратқан нәрселеріне біршама ашылады, ал Құдайға иланудың өзі – таңғажайып жаратылыс» (Эриугена).

Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қосқан Ансельм Кентерберийский (1033-1109) болды. Ол өзінің “Прослогион” деген еңбегінде Құдай өмір сүруінің априорлық немесе онтологиялық дәлелдерін негіздейді. Сол сияқты П.Абеляр (1079-1142) заттардың мәніне сәйкес келетін және сөздердің мағынасын білдіретін универсалийлер туралы идеяны дайындап шығарады.

Ф.Аквинский (1225-1274) өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленеді. Бұл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделеді. “Тән туралы ой жан туралы ойға, ал бұл ой Құдай туралы ойға жетелейді”, - деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдің ілімі – христиандық діни ілім мен перипатетеизм философиясының, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.

Бірақ бұл компромисс 14 ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға ұшырайды, томизм мен номинализм арасындағы пікірталасқа Р.Гроссетест (1168-1253), Р.Бэкон (1210-1294), У.Оккам (1290-1349/50) белсене араласады. Фомамен салыстырғанда У.Оккам концептуалды номиналист болып табылады. Әлемде санаға бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Ұғымдар – бұл ментальды феномендер. Осы жағдайларда теориялық тұрғыда дамыта отырып, У.Оккам теологиялық спекуляция жасауға негізі жоқ деген шешімге келеді, өйткені олар универсалийлер туралы ойға сүйенеді. У.Оккам діни мәселелерді шешуде Папа сөзінің абсолюттілігі туралы тезиске оппонент болады. Оның пікірінше ақиқатқа жету жолында барлық нәрсеге де сын болуы шарт Универсалийлерді сынай отырып Оккам философия мен теологияның ара жігін ажыратады. Номиналистің пікірінше философия теологияның қолжаулығы. Философияның өз міндеті бар: тәжірибе арқылы табиғи әлемді зерттеу. Ал теологияның философиядан ерекшелігі – ол Құдайға бет бұрған және сенімге ғана сүйенеді.

Ортағасыр философиясының ең басты ерекшелігі, оның діни сипаты. Оған тән теоцентризмнің құрылымында анықтаушы орынды құдіреті күш exnihilo атқарады.

Дүниенің жаратушысы құдай деген пікір христиандық онтологияның басты идеясы болды. Баршаның және барлық әлемнің анықтаушы субстанциясы ретіндегі «құдірет» әлем жаратушы абсолют болып есептелінді. Дін дүниені біртұтас қабылдаудың тәсілі болды. Әлемді жаратқан құдай идеясы табиғаттың да дүниедегі орнын анықтағандай болды. Сондықтан болар отрағасыр философиясы «жасаушының» философиясы болып қалыптасады. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің ілімдерінде ортағасырлық дүниетаным мәдениетінде сенім танымның дәрежесі ретінде анықталды. Бұл философияның басты сипаты ғасырлар бойғы реализм мен номинализмнің күресінде айқын көрінеді.

Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Ф. Аквинскидің философиялық көзқарастары.

  2. Номинализм және реализм.

  3. Орта ғасыр философиясының діни сипаты.

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық мүсылмандық философия.

Дәріс жоспары:

1. Әл-Кинди философиясы.

2. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары.

3. Ибн Сина, Ж.Баласағұн, М.Қашқари философиясы.

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үрдісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе 7-10 ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешіреді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, Ибн Сина, Омар хаям т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты.

Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Кинди ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” деп жиі атайтын. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл-Кинди (800-879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, астроном, математик ретінде де белгілі, геометрия, оптика, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Логикалық-гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгілі: “Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін түсіндіру туралы трактаттар”. Әл-Кинди мынадай мәселелерге зор көніл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдай түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2. Құдай мақсатты себеп ретінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолютті шексіздік және уақыттағы мәңгілік тереңде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстарды себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. Әл-Кинди мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.

Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби 10 ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келеді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Аналитика. Софистика. Поэтика.” Сияқты шығармаларына түсініктеме береді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Адамдық саясат” еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтары пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидың көптеген философиялық идеялары батысеуропалық философия идеялары мен концепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді.

Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқарадан шыққан энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырады: эманация идеясын, ақыл-ой туралы идея және т.б. Ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды.

Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина канондары” деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармокология, профилактика мәселелері қарастырылған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен қызықтырады. Ибн Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия – игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика – бұл әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады.

Ғазалидің айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретінде өзінің пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады. Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі ибн-Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теориясында жалғастырды.

Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу маржаны – Баласағұн қаласынан шыққан түрік, “Құтадғу білік” деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Баласағұн (11 ғасыр). Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен асқақтығына, билеуші мен бағыныштылар арасындағы ізгілікті қарым-қатынастарға байланысты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық, ертедегі түріктердің діни наным-сенімдеріне байланысты материалдарға да толы.

Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген тағы бір философ Махмұт Қашқари. Ол өзінің 1072-1083 жылдары жазылған “Дивани лұғат ат-тюрк” еңбегінде түрік рулар мен тайпаларының тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің роліне де үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мемлекетті нығайтуда түрік философының айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершілік қадір-қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар Түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды ролін баса көрсетеді.

Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Газали (1058-1111) сияқты ірі теологы да қостады. Әл-Газалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Газали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдастыру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Газали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Газалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол “Философтарды терістеу” деген еңбегінде Фарабиді, ибн Синаны сынап, оларға “әлемнің еш нәрседен жаратылысы” туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді. Газали Фарабидің,, ибн Синаның ақыл-ой ролі туралы позициясымен келіспейді. Мистиктің пікірінше, ақыл-ой тек реттеуші ролді ғана атқара алады, ол біздің ізденісімізді мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, мәнділікті ешқашан да аша алмайды. Мәнділікті танудағы жалғыз тәсіл өзіне-өзі терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана мәнділік ашылады. Бұл мәнділік – Құдайдың болмысы.

Сопылық философия еуропалық дүниетанымға, еуропалық мәдениетке едәуір ықпалын тигізді. Көптеген идеялары батыстық әлемнің бірнеше ойшылдарының философиялық ой толғаулары үшін жемісті ықпал етті.

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуында салмақта үлес қосқан ортағасырлық шығыс ойшылдары болды. Шығыс ренессансының тамаша ғалым-ғұламалары әлемге танымалы болған Аль- Кинди, Аль-Фараби, Ибн Сина, Аль-Газали, Ибн Рушд, Абу- Райхан Беруни және т.б. Олардың негізгі философиялық ой-толғамдары, дүниеге деген көзқарасы шығыс перипатитизмі, ислам, мұсылман ортодоксиясының философиясын құрайды. Өздерінің ілімдерінде олар антикалық, ортағасырлық білімді терең түсініп, тіпті шығармашылық деңгейге көтеріп көп еңбектер жазған.

2000 жылы Алматы қаласында өткен «Наследие Аль-Фараби и мировая культура » атты халықаралық конгрессте Аристотельден кейінгі екінші ұстаз аталған Аль-Фарабиді бүгінгі күнде Шығыстың бірінші ұстазы деп мойындау туралы қаулы қабылданды.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Әл-Фарабидің адамгершілік және саяси-құқықтық көзқарастары.

  2. Аль- Киндидің философиялық көзқарастары

  3. Ибн – Синаның «Сауығу» кітабының философиялық маңызы

  4. Ибн- Рушдтың «Қос ақиқат» туралы ілімі

5 Дәріс тақырыбы: Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия.

Дәріс жоспары:

1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері.

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

3. Дәуірдің утопиялық көзқарастары.

Бұл тарихи кезең өзін антикалық мәдениеттің, антикалық өмір салтының, ойлау тәсілінің және сезім талдығының жаңаруы, жаңғыруы деп сезінді. Сондықтан болар «Ренессанс» деген терминмен сипатталған.

Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп айтуға болады, өйткені оның өзегінде тұрған адам. Антропоцентризм – дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес Адам дегеніміз - әлемнің орталығы және асқар шыңы. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл әлем Адам үшін – шет аймақтар; Адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де, маңызы жөнінен де адамнан төмен. Тек Адам ғана – субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем Адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі қоғамының белгілі бір бөлігінің көңіл күйі ретінде Адам осындай . Мұнда іс жүзінде әрбір суреткер – алып немесе тіпті құдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады.

Гуманизм Қайта өрлеу дәуірінде тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Гуманизм – адамның қадір-қасиеті мен құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, Адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық көзқарастарына, қарсы көзқарастармен тығыз байланыста болды. Гуманистер Адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, Адам ләззаты мен өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру құқы жолында күресті. Осы дәуірдің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонарда да Винчи, Бруно, Монтень, Коперник т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Әуел бастан-ақ гуманизмнің ішінде – Мор, Кампанелла, Мюнцер секілді өкілдері, кейінірек утопиялық социализмнің басқа да жақтаушылары еңбекшілер бұқарасының мүдделерін білдіретін ағым болып оқшау шықты. Олар қоғамның антигуманистік сипатын көре білді, оның кеселдерін сынады, мүліктік теңдікті талап етті. Сапалық жаңа гуманизм барлық адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бостандығы үшін қажетті алғы шарт жасайды.

Осы дәуірде әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, поляк астрономы Н.Коперник болды. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птоломейдің геоцентрлік жүйесін және «құдайдың қалаулысы» ретіндегі жер туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді. Бұл теория аристотельден бері келе жатқан және схоластикада пайдаланылған аспан мен жер денелерінің қозғалыстарын бір-біріне қарсы қоюды жоққа шығарып, дүниені құдай жаратқаны туралы шіркеу аңызына соққы берді, болашақта күн жүйесінің табиғи пайда болуы мен дамуы туралы ілімнің дүниеге келуін жеделдетті. Коперниктің заманының және одан кейінгі дәуірлердің озық ойшылдары оларды өздерінің жауынгерлік туына айналдырып, одан әрі дамытты.



Д. Бруно схоластикалық философия мен Рим католиктік шіркеуіне қарсы күрескер, ғылыми дүниетаным идеяларының жалынды насихатшысы. Пантеизм мүддесін қолдады. Ол өз заманының ғылыми жетістіктерін, әсіресе Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ықпалында қалыптасты. Бруно жаратушы мен табиғаттың шексіз мәңгілігін үйлестіре отырып, келе-келе өз ұстазы Н.Кузанскийге де батыл пікірлер айтты. Ол табиғаттың шексіздігі туралы нақты тұжырым жасады. Коперниктің ашқан жаңалығына сүйеніп, Бруно осы философиялық принциптің физикалық және астрономиялық мән-мағынасын шыңдай түсуге күш салды. Сонымен бірге ол Коперник теориясындағы: әлемнің шектеулілігі, аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалмайтындығы, Күн әлемінің мызғымайтын кіндігі делініп келген көзқарастарға түзету енгізді. Соның негізінде ол жұлдыздар әлемдерінің шексіз көптігін және оларда шексіз тіршілік иелерінің болатындығы туралы қорытынды жасады. Схоластиканың натурфилософиялық дуализміне қарсы шыға отырып, Бруно Жер мен аспан әлемінің біртектілігін, олардың топырақ, су, ауа, от және эфирден тұратындығын тұжырымдады. Бруно бірлік, байланыс және табиғаттағы қозғалыс атауларының универсалдылығы, шексіз үлкен және шексіз кіші мөлшерлердегі қайшылықтардың өзара ұласуы тұрғысындағы диалектикалық пікірлерді өрістетті.

Келесі ойшыл итальян физигі, астрономы және ойшылы Г.Галилей Аристотельдің беделіне көз жұмып табынуды, догмалық схоластиканы сынап, математиканы, атап айтқанда геометрияны тәжірибе түрінде ғылыми тәжірибені, табиғат құбылыстарын модельдеуді бірінші болып жүйелі түрде қолдана бастады. Галилейдің механикадағы басты жетістігі инерция заңын, салыстырмалылық принципін анықтау болды. Бұл принципке сәйкес денелер жүйесінің біркелкі және түзу қозғалысы осы жүйеде болып жататын процестерге әсер етпейді. Галилейдің астрономиялық жаңалықтарының діни догмаларға қарсы күресте аса зор маңызы болады, олар Коперниктің гелиоцентристік жүйесінің шынайылығын дәлелдеуде үлкен роль атқарды. Табиғатқа механикалық заңдарына бағынатын өзгермейтін атомдардың қатаң себептілігі негіз болған. Табиғатты танып білудің түп көзі бақылау мен тәжірибе болып табылады. Құбылыстардың ішкі қажеттілігін түсіну Галилейдің ойынша, білімнің ең жоғарғы сатысы. Галилей дәлме-дәл индукция дейтінді жасады. Алайда Галилей діни наным-сенімнен арыла алмай, алдымен құдай болғанын мойындады.

Қайта өрлеу заманында табиғатты зерттеуге бетбұрыс ерекше қойылады. Бұл кезде пантеистік бағыт ерекше орын алады. Пантеизм – құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен бара бар бастама дейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Бұрын пантеизм деген желеумен көбінесе табиғатқа материалистік көзқарас көрініс тапқан болса, қазір ол дүниенің құдай арқылы өмір сүруі туралы діни-идеалистік теорияға айналды және ғылымды дінмен жақындастыру әрекеті болып табылады.

Қайта өрлеу дәуірінің утопиялық социализмнің негізін салушы Т.Мор. Осы дәуірдің гуманист рационализмі. Мордың басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопий» (1516); бұл кітапта әңгіме белгісіз Утопия еліне жасалған саяхат туралы. Мор жеке меншіке негізделген қоғамды, өз тұсындағы Англиядағы әлеуметтік-саяси қатынастарды жан-жақты сынады және қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді; ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастырудың және бөлісудің коммунистік идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы Утопия мемлекетінің негізі шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайларында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен және өнермен шұғылданады. Адамның жан-жақты дамуына, теориялық оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән беріледі; ақыр соңында – тәрбие саласында социалистік көзқарастардың бастапқы идеяларын суреттеп береді. Мор социалистік мұратқа жету үшін техниканы өркендетуді қажет деп таппады. Жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.



Т.Кампанелла итальян философы бастапқы утопиялық коммунизм өкілдерінің бірі. Кампанелла Телезионың натурфилософиялық көзқарастарына қосылды, схоластикаға қарсы шығып, сол кездегі алдыңғы қатарлы сенсуализм мен деизм идеяларын дамытты. Ол өзінің еркін ойлылығы үшін инквизицияның қудалауына ұшырады. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны Испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай еңбек молшылығына кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі теократтық сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясын «Күн қаласын» жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. Кампанелла өзінің коммунистік мұратын парасаттың әмірімен және табиғат заңдарымен негіздеді. «Күн қаласы» - кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет