Кафедра Философия



бет16/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Әдебиеттер:

  1. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999

  2. Әбішев Қ, Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. Алматы 1990.

  3. Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, 1994.

  4. Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы. 1999.

  5. Кант И, Гегель Г.В.Ф., Шеллинг Ф.В.И. Немецкая классическая философия Т.1. М., 2000 (серия "Антология мысли").

  6. Фихте И.Г., Шопенгауэр А. Немецкая классическая философия Т.2. М., 2000 (серия "Антология мысли").

  7. Гулыга А.В. Кант М., 1981 ("ЖЗЛ")

  8. Гулыга А.В. Шеллинг М., 1984 ("ЖЗЛ")

  9. Гулыга А.В. Гегель М., 1970 ("ЖЗЛ")

  10. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия 2-изд. М., 2001.

  11. Ж.Абдильдин Диалектика Канта// Ж. Абдильдин Собр. соч. в 5 т. Т.Ү, Алматы, 2001.

  12. Ф. Энгельс. Людвиг Фейербах және немістің классикалық философиясының ақыры. Алматы, 1986.

  13. Философия. Оқулық (проф. Т. Ғабитовтың ред.)

  14. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына шолу). Алматы, 1999.

  15. Рысқалиев Т.Х. Гегель. Ұлттық энциклопедия "Қазақстан" Т.2. Алматы, 1999.

9 тақырып: Орыс философиясы


Сабақтың мақсаты:

Студенттерге орыс философиясының ерекшеліктерін, негізгі бағыттары мен әлемдік рухани мәдениеттегі оның алатын орнын түсіндіру.

Студенттерге орыс философиясындағы ойшылдардың негізгі идеяларын философиялық түрде баяндау.
Семинар сабағының жоспары:

1-сабақ:



  1. Орыс философиясының ерекшеліктері және әлемдік рухани мәдениеттегі оның орны.

  2. ХІХ ғ. Ресейдің тарихи дамуы және оның философиялық ойда берілуі.

  3. П.Я.Чаадаевтың философиялық көзқарастары.

  4. Орыс революцияшыл демократтарының материализмі (А.И.Герцен., Н.П.Чернышевский және т.б.).

2-сабақ:

  1. ХІХ-ХХ ғ. басындағы діни-идеалистік ой (В.Соловьев., П.Флоренский., Н.Бердяев шығармашылығы).

  2. Орыс космизмі: әлем мен адамға жаңа көзқарас (В.И.Вернадский., К.Э.Циолковский., А.Л.Чижевскийдің ғылыми және философиялық еңбектері).

ХІХ-ХХ ғ. тоғысында идеялық күрестің күшеюі. ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі мәселелері.
Бақылауға арналған сұрақтар:

1.Орыс философиясы дамуының негізгі сатыларын атаңыз.

2.Орыс философиясындағы материалистік бағыттың негізгі өкілдерінің идеяларын атаңыз.

3.Орыс консерватизмінің негізгі сипаты қандай?

4.А.И.Герценнің шығармашылығының маңыздылығы неде?

5.Батысшылдық бағыттың негізін сипаттаңыз.

6.Славяншылдардың философиялық көзқарастары мен өзіндік белгісін ашып көрсетіңіз.

7.»Халықшылдықтың» орыс философиясындағы мазмұны қандай?

8.В.Соловьевтің философиясындағы біртұтастықтың тарихи ролі қандай?
Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Православие-христиан дінінің негізінен Шығыс Европа, Таяу Шығыс елдері мен Балқанда таралған бір түрі. Православие Европаның батысы мен шығысында феодализмнің әр түрлі даму жолдарының нәтижесінде ХІ ғасырда біржола дербес бағыт болып бөлініп шықты.

Ағартушылық-ғылымның, зерденің, рационалдық танымның жетістіктерін негізге алатын философиялық жне идеялық бағыт.

Славяншылдық-ХІХ ғасырдағы орыс қоғамдық ой-пікіріндегі консервативті саяси және идеалистік философиялық ағым. Өкілдері: И.Киреевский, К.Хомяков және И.Аксаковтар.

Батысшылдық-ХІХ ғасырдың 40 жылдарындағы феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып, Россияны «батыстың» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ойындағы ағым. Өкілдері: А.Герцен, Н.Чернышевский, Д.Писарев және т.б.

Мәнжазбалар тақырыптары:


  1. Орыс философиясының ерекшеліктері.

  2. П.Чаадаевтың «Философиялық хаттары» және қазіргі заман.

  3. Орыс космизмі философиясындағы Адам және әлем.

  4. В.Соловьевтың махаббат философиясы.

  5. Ф.Достоевский шығармашылығындағы философиялық мазмұн.

  6. Л.Толстойдың философиясы мен адамгершілік ізденістері.

  7. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс ойшылдарының идеялық ізденістері.

  8. Герценнің шығармашылындағы Әлеуметтік-саяси және философиялық идеялар.


Тест сұрақтары:

1." Философиялық хат " трактатының авторы, Ресейдің кейін қалуын сынаушы , белгілі орыс ойшылы:

1)Грибоедев;

2)Бакунин;

3)Герцен;

4)Огарев;

5)Чаадаев;

2. Орыс консерватизмінің философиялық идеясын аныңтаңыз:

1)дамудың органикалық теориясы,

2)дамудың революциялық теориясы;

3)деспотизм;

4)материализм;

5)Республиканизм;

3.Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың, Д. И. Писаревтің әлеуметтік - саяси позициясы қандай ?

1)консерватизм;

2)революциялық демократия;

3)славяншылдық;

4)монархизм;



5)республиканизм:

4.Төменде аты көрсетілген философтардың қайсысын орыс космизміне жатқызуға болады?




1)Чижевский;

2)Чернышевский;

3)Бердяев;

4)Чаадаев;

5)Достоевский.




5.1922 ж. Советтік Ресейден қудаланған көрнекті орыс философы, ХХғ. басындағы орыс діни философиясының бір өкілі, "Еркіндік философиясы", "Шығармашылық мәні", "Тарих мәнісі" және т.б. шығармалардың авторы:

1)Н.А. Бердяев;

2)В.И. Вернадский,

3)П.А. Флоренский;

4)Л.Н. Толстой;

5)В.С.Соловьев.




6.Белгілі орыс жазушысы, публицист әрі ойшыл, Ш.Уәлихановтың досы, "Қылмыс пен жаза" романының авторы.

1)Ф.М. Достоевский;

2)Н.А. Добролюбов;

3)Н.Г. Чернышевский;

4)Л.Н. Толстой;

5)В.С. Соловьев.




7.Славяндар мен батысшылдар арасында тартыс тудырған мәселені анықтаңыз:

1)ресейдің және орыс халқының тарихи тағдыры;

2)қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы;

3)жалпы ұғымдар табиғаты;

4)дүниені танып-білу мәселесі;

5)экологиялық мәселе.




8.Төменде аталған ойшылдардың қайсысы ХІХ-ХХ ғғ. орыс діни философиясының өкілі болып табылады?

1)В.С. Соловьев;

2)Н.П. Огарев;ъ

3)М.А. Бакунин;

4)А.И. Герцен;

5)В.Г. Белинский.




9.Ресей тарихының кеңестік кезеңінде философиялық ойдың қай бағыты үстем болды?

1)маркстік-лениндік;

2)неопозитивистік;

3)неотомистік;

4)орыс космизмі;

5)эмпириокритикалық.




10."Ноосфера" термині нені сипаттайтынын көрсетіңіз:

1)зерде саласын;

2)еңбек саласын;

3)космостық өркениет саласын;

4)микробөлшектердің өзара әсерлесу саласын;

5)геосфераны.


Әдебиеттер:

  1. Философия. Учебник для ВУЗов. Под редакцией профессора В.Н.Лавриненко. Москва. Юнити-ДАМА 2001. Раздел II глава 10.

  2. Русская философия. Словарь. Москва 1995г.

  3. Хрестоматия по истории философии (часть II). Ответственный редактор Л.А.Микешина. Москва. Владос 1997 г.

  4. Н.О.Лосский. История русской философии. Москва 1991 г.

  5. История философии: Запад-Россия-Восток. Москва. 1995 г.

  6. Философская мысль восточных славян. Москва. 1999 г.

  7. Н.А.Бердяев. Смысл творчества. Москва. 1998 г.

  8. Н.А.Бердяев. Смысл истории. Москва 1990 г.

  9. Н.А.Бердяев. Судьба России. Москва 1991 г.

  10. К.Э.Циолковский. Грезы о земле и небе. Тула 1986 г.

  11. А.Л.Чижевский. Земное эхо солнечных бурь. Москва 1973 г.

  12. В.Н.Вернадский. Размышление натуралиста в 2-х книгах. Москва 1975 г.

  13. В.В.Розанов. Уединенное. Москва 1990 г.

  14. Русский космизм. Антология философской мысли. Москва. Педагогика-Пресс 1993 г.

8 тақырып: XV – XX ғ. қазақ философиясы



Сабақтың мақсаты:

Қазақ философиясының ерекшеліктерін даналық пен түсінік тұрғысынан анықтау, оның мазмұны мен сыр-сипатын ашу, XV – XX ғ. қазақ философиясының даму тарихынан хабардар ету.

Студенттердің ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, халық даналығынан сусындату.

Қазақ ойшылдарының шешендік сөздері мен өсиеттерін тағылым ете отырып, гуманизм рухында тәрбиелеу.


Семинар сабағының жоспары:

1 – сабақ



  1. Қазақ философиясының ерекшеліктері.

  2. Ақын –жырау және билер даналығы мен түсінігі.

  3. Қазақ ойшылдарының шешендік өнері.

2 – сабақ

  1. Қазақ ағартушы – ойшылдары: Ш.Уәлиханов және Ы. Алтынсарин.

  2. Абай Құнанбаев, оның қазақ философиясы тарихындағы ролі мен орны.

  3. XX ғ. басындағы қазақ философиясы.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақ философиясы қандай философия ?

Ғұмар Қараштың төмендегі “Өмір пәлсапасы” деген өлеңінен қандай ой түйесіз ?

Мысалы мынау жалған бір жел қайық,

Қылт етіп, қия бассаң кетер тайып

Таяныш тұрағы жоқ болғаннан соң,

Бұлайша мысал етсек болар лайық.

Жүрмеңіз мәңгілікті жұртқа сайып,

Тіршілік бес күннен небар тиген еншің

Пайдалан мейлінше қанат жайып.

Аз еншің, өкінішті жолға шашпа,

Келуі қайта айналып алмағайып.

Қалмайды ізі жолың бұ жиһанда,

Кеткен күн тағдыр суы, жуып, шайып.

Нені іздеп келіп едің, қайда кеттің,
Бұл жұмбақ шешуі жоқ таңғажайып.

Анық сол: атқан таңдай әзі ғұмыр

Уақыты бітсе кетер әлі – ақ байып.


  1. Бұқар жыраудың төмендегі толғауынан қандай философиялық түйін жасауға болады ?

Әлемді түгел көрсе де, Ілімді түгел білсе де

Алтын үйге кірсе де, Қызығын қолмен бөлсе де,

Аспанда жұлдыз аралап, Қызықты күні қырындап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,- Қисынсыз күйге түссе де,-



Қызыққа тоймас адамзат. Өмірге тоймас адамзат.

Жақындап ажал тұрса да,

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап, көңілі қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да,-

Үмітін қоймас адамзат !


  1. Қазақ философиясының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Қазақ философиясындағы экзистенциалдық дегенді қалай түсінесіз?

  3. Қазақ философиясы бастауын қайдан алады?

  4. Қазақ қоғамындағы ақын – жырау, би – шешендердің орны қандай болды?

  5. Билер философиясы жөнінде не білесіз?

  6. Ағартушылық философиясының мәні неде?

  7. Ш. Құдайбердиевтің қазақ философиясындағы орны қандай?

  8. Абай дүниетанымының өзегі мен қайнар көздері.

11. “Үш анық” еңбегінің философиялық маңызы.

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Даналық - философия мен адамды жақындастыратын қажетті буын, олардың арасындағы рухани көпір (Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері / Философия тарихына шолу / Алматы, 1999).

Экзистенциалдық – (лат.өмір сүру, тіршілік ету деген сөзден шыққан) қазақ философиясының бір ерекшелігі. Қазақ дүниетанымында өмірдің мәні, өмір мен өлім, адам болмысы т.б. экзистенциалдық ұғымдарға терең мән беріледі.

“Көшпенділер философы” - Ш. Уәлиханов Асан Қайғыны осылай атаған. Толық аты - Хасен Сәбитұлы (XV ғ) аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының асқан ойшылы.

“Мен” - философиялық позиция. Қазақ философиясында билер мен шешендердің, ақын – жыраулардың өз атынан сөйлеп, өз ойын, түсінігін ”Менін” паш ете отырып, өздерін ақыл – ойдың субъектісі ретінде көрсетуі.

Жалған дүние – қазақ ойының философиялық сипатын аша түсетін экзистенциалдық ұғымдардың бірі. Бәрі өткінші, дүние бір күйде тұрмайды. Орыс әдебиетінде, “Тауратта” ”суета сует” деген осы қазақ ұғымына балама болып келетін сөз бар.

Жарық дүние – қазақтың дүниеге көзқарасының оптимистік сыңайын танытатын ұғым. Бір жағынан, бүкіл әлемді бейнелесе, екінші жағынан, адам әлемін, адамның туғаннан өлгенге дейінгі тіршілігін аңғартады.



Тәуба – философиялық ұғым, ол қандай да бір құбылыстың рухани өлшемі.

Ағартушылық XIX ғ. бірінші жартысы мен XX ғ. басында қоғамдық сананың дамуында жетекші роль атқарған ой.

“Толық адам” – Абай, Шәкәрім, Иассауи философиясында тұжырымдалған жетілген адам ( араб тіліне аударғанда ал – инсан ал – камил, жәуанмәртлік).

“Адам бол!” – Абайдың этикалық – гуманистік принципі.

“Мен” және ”менікі” - Абай философиясындағы экзистенциалдық ұғымдар (тән мен жан, рух).
Мәнжазба тақырыптары:


  1. Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи, әлеуметтік – мәдени алғышарттары.

  2. Жеті жарғы және қазақ қоғамының құқықтық негіздері.

  3. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінігі.

  4. Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын.

  5. Бұқар жырау шығармашылығындағы әлемді түсіну.

  6. Зар заман ақындарының әлеуметтік философиясы.

  7. Махамбеттің “Мен” позициясы.

  8. Абай шығармашылығындағы гуманизм.

  9. Ә. Бөкейхановтың философиялық идеялары.

  10. М. Дулатовтың әлеуметтік – антропологиялық ойлары.

  11. М. Жұмабаевтың шығармашылығындағы экзистенциалдық мәселелер.

  12. М. Әуезовтің философиялық көзқарастары.

  13. Ш. Құдайбердиев философиясындағы сенім және парасат мәселесі.

  14. Ш. Құдайбердиевтің ар ілімі.

Тест сұрақтары:

1.Қазақ философиясын сипаттаңыз:

1)бұл даналық және экзистенциалдық философия 2)бұл онтология

3)бұл ғылым 4)бұл әдіснама 5)бұл логика

2.Ежелгі түрік тайпаларының IX – X ғ. Сыр бойында ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, жырауы, қобызшысы:

1)Асан Қайғы 2)Қорқыт 3)Ықылас 4)Доспамбет 5)Қазтуған

3.“Көшпенділер философы” (Ш. Уәлиханов) атанған қазақ ойшылы:

1)Шалкиіз 2)Бұқар 3)Асан Қайғы 4)Абай 5)Шәкәрім

4.“Диуани Хикмет” атты философиялық – теологиялық поэманың авторын көрсетіңіз:

1)Әл – Фараби 2)Әл – Ғазали 3)А. Иассауи 4)Х. Дулати 5)Ж.Баласағұн

5.“Төрт тұғырық” өлшемдік қағида (әділет, дәулет, ақыл, қанағат) қай шығарманың құрылымдық арқауы болды?

1)“Ақиқат сыйы” 2)”Даналық кітабы” 3)”Хакім ата” 4)”Құтты білік” 5)”Түркі тілдерінің жинағы”

6.Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі,

XV – XVI ғ. өмір сүрген новатор - жырау:

1)Қорқыт 2)Бұқар 3)Ақтамберді 4)Шалкиіз 5)Дулат

7.“Зар заман” ақындары атанып кеткен қазақ ойшылдары:

1)Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет 2)Шортанбай, Дулат,Мұрат 3)Ақтамберді, Бұқар, Шалкиіз 4)Абай, Шәкәрім, Мағауия 5)Махамбет, Шалкиіз, Шал ақын

8.“Зар заман” философиялық толғауының авторы:

1)Дулат 2)Шортанбай 3)Асан Қайғы 4)Қазтуған 5)Махамбет

9.Біздің заманымызға дейінгі VII ғ. өмір сүрген, сақтан шыққан ойшыл, “жеті ғүламаның” бірі:

1)Майқы би 2)Қорқыт 3)Тоныкөк 4)Анарыс 5)Геродот

10.Абылай ханның жәрдемші серігі, ойшыл ақын, жырау өнерінің көрнекті өкілі:

1)Бұқар жырау 2)Асан Қайғы 3)Махамбет 4)Қазыбек би 5)Шортанбай



Әдебиеттер:

  1. Абай. Шығ. жинағы .Алматы, 1995

  2. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылық тұтқасы. Алматы, 1991

  3. Ахан Бекежан. Билердің дүниетанымы. Алматы ,2000

  4. Әуезов М. Шығармалар жинағы. Т.14-15. Алматы ,1974

  5. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы ,1991

  6. Бес ғасыр жырлайды.2 томдық. Алматы,. 1989

  7. Бөкейханов Ә.Таңдамалы. Алматы, 1995

  8. Даланың дара ділмарлары. Алматы, 2003

  9. Досмұхамедов Х.Аламан. Алматы ,1991

  10. Дулатов М.Шығармалары. Алматы ,1991

  11. Есімов Ғ. Хакім Абай. Алматы ,1994

  12. Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар). кітап,(екінші басылым). Алматы,1992

  13. Жұмабаев М.Таңдамалы. Алматы,1992

  14. Қазақ. Бас ред. Ә.Нысанбаев.Құрастырған Ү.Сұбханбердина және т.б. Алматы,1998

  15. Қазақ даласының ойшылдары IX-XIIғ.Қорқыт,

Әл-Фараби,Ж.Баласағұн,М.Қашқари,Қ.А.Иассауи. Алматы,1995

  1. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы.Алматы,1996

  2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары.Алматы,1988

  3. Рысқалиев Т.Х.Даналық пен түсініктің үлгілері. Алматы,1999

  4. Сегизбаев О.А. Казахская философия XV начала XX века. Алматы,1996

  5. Нұрланова К. Человек и мир:казахская национальная идея.Алматы,1994

  6. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы.Алматы,1996.

9 тақырып: 19-ғ. екінші жартысы мен 20-ғ. бірінші жартысындағы Батыс философиясы



Сабақтың мақсаты:

19 ғ. ортасында және екінші жартысында марксизмнің, 20-ғ. бірінші жартысында экзистенциаализмнің пайда болуының әлеуметтік-тарихи және философиялық-теориялық алғышарттарын ұғыну; маркстік философияның әлеуметтік ойлаудың басқа ағымдары мен бағыттарынан ең басты, принципті айырмашылықтарын түсіну; экзистенциализмнің неліктен "дағдарыс философиясы" деп аталатындығын және оның батыс қоғамында 20-ғ. тек қана философиялық қауымдастық арасында емес, жалпы зиялы-рухани өмірде кең тарағанын ашу.



Семинар сабағының жоспары:

1.Маркстік философияның пайда болуының әлеуметтік-тарихи және теориялық көздері.

2.Марксизмнің онтологиясы, гносеологиясы және әлеуметтік философиясы.

3.Неокантиандық, оның негізгі идеялары, өкілдері және мектептері.

4.Экзистенциализм - 20-ғ. бірінші жартысындағы әлеуметтік және рухани дағдарыс философиясы ретінде. Экзистенциализмнің діни және атеистік екі басты бағыты.

Бақылауға арналған сұрақтар:

1.Марксизмнің идеялық-теориялық көздерін атаңыз.

2.Маркстік диалектиканың Гегель диалектикасынан басты айырмаашылығы неде?

3.К.Маркс пен Ф.Энгельстің философиялық идеялары олардың қандай басты еңбектеріндегі баяндалған?

4.Неокантиандықтың басты өкілдерін атаңыз.

5.Батыстың және Ресейдің қандай ойшылдары экзистенциализмнің бастаулары болып саналады?

6.М.Хайдеггер "Das Man" ұғымына қандай мағына береді?

7.К.Ясперс ілімі бойынша "шекаралық жағдай" - лардың адам өміріндегі ролі қандай?

8.Ж.-П. Сартрдың "адам бостандыққа жазаланған" қағидасын қалай түсінесіз?

9.А.Камюдің "Сизиф туралы миф" атты шығармасының басты идеясы қандай?



Негізгі ұғымдар ( глоссарий ):

Марксизм – 19 ғ. ортасында және екінші жартысында пайда болған, К.Маркс пен Ф.Энгельс аттарымен байланысты экономикалық, саяси, философиялық теориялардың, ілімдердің, бағыттардың кешені мен жиынтығы. Марксизмнің философия және экономикалық теорияларының ең басты жетістіктері ХХ-ғасырдағы бүкіл адамзаттың жалпы рухани және әлеуметтік дамуына аса зор әсер етті.

Диалектикалық материализм - марксизмнің философиясы және методологиясы. Ерекше философиялық жүйе ретінде диалектикалық материализм дүниесі материяның заңды дамуы деп есептейді. Осы қағида болмысты монистік пайымдаудың ең жоғарғы принципі ролін атқарады.

Тарихты материалистік түсіну - марксизмнің әлеуметтік философиясының методологиялық принципі, ол қоғам дамуына сайып келгенде материалды өндіріс пен өндірістік қатынастардың анықтаушы роліне негізделген. "Адамдар саясатпен, ғылыммен, өмірмен тіпті дінмен де айналыспастан бұрын ең алдымен өздерін тамақпен, баспанамен және киіммен қамтамасыз етуі қажет".

Неокантиандық - 19-ғ. 60-жылдарында Германияда, материализм мен позитивизмге қарсы жауап ретінде пайда болған философиялық бағыт. Ол. И. Канттың іліміне сүйене отырып, саяси-этикалық, методологиялық, логикалық -гносеологиялық мәселелерді шешуге тырысу болды. Сондықтан да осы бағыттың осылай аталуы.

"Кантқа қайта оралу!" - неокантиандықтың бастаушыларының бірі - О.Либманның "Кант және эпигондар" атты кітабында ұсынған ұраны.

"Баден мектебі" - неокантиандықтың ішкі баағыттарының бірі. Оның өкілдеріне (В.Виндельбанд, Г.Риккерт т.б.) канттық "өзіндік нәрсе" ұғымынан бас тартып, кез келген нәрсенің болмысын санадағы болмысы ретінде қарастыру тән. Сонымен қатар бұл бағыттың танымның нәтижесі - әмбебап, қажетті, трансценденталды білім деп санап, субъективизмді де терістейді. Баден мектебі М.Вебердің әлеуметтануына әсерін тигізді.

Марбург мектебі - батыстық философиядағы 19-ғ. соңғы үштігінде, 20-ғ. бірінші үштігінде пайда болған бағыт. Негізгі өкілдері - Г.Коген, П.Наторп, Э.Кассирер. Бұл мектеп канттық философияны априорлық (тәжірибеден бұрынғы) түрлер арқылы мәдениетті, ғылымды, құлықтылықты, өнерді, дінді құрастыру туралы ілім деп қарастырған. Канттық "өзіндегі нәрсенің" парасатты мағынасының бар екендігін терістей отырып, бұл мектептің өкілдері таным процесінде априорлық формаларды қолданудың объективті негізін табуға ұмтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет