Бекітуге арналған сұрақтар:
Глобалдық проблемалар аясы, маңызы.
Әлеуметтік болжамдардың алғы шарттары және факторлары.
Әлеуметтік болжам және болашақ.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.
«Философия» пәні
бойынша семинар
сабақтарының жоспары.
Барлық мамандықтар бойынша
Көкшетау, 2011
Семианр сабақтары:
№1 тақырып: Философия мәдениет феномені хақысында.
Семинар сабағының жоспары:
1 - сабақ
1. Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары
2. Философия - даналық
3.Философия - ғылым
4. Философия - көзқарас
2 - сабақ
1. Көзақарастың тарихи түрлері. Мифология. Дін. Философия.
2. Философияның пәні: Адам және Дүние.
3. Философияның негізгі функциялары.
Сабақтың мақсаты:
Философияның мән-жайын, ерекшелігін, мәдениет аясындағы орнын, қоғам мен адам өміріндегі рөлін ашып көрсету. Философияның негізгі анықтамасы - даналық екендігін, даналықтың қоғам, адам үшін рухани азық болып табылатынын, даналықтан әркімнің нәр алуы керектігін студенттерге түсіндіру. Философияның ерекшелігін сипаттау, оның ғылыммен арақатынасын, ғылыми жолын, ғылыммен шектелмейтіндігін ашу;
Көзқарас ұғымын талдау. Философиялық көзқарастың ерекшелігін ашу, студенттердің философиялық көзқарасын қалыптастыруға қадам жасау.
Көзқарастың тарихи түрлерін талдап, философияның, мифологияның, діннің адамның дүниемен қарым-қатынасын жүзеге асырудағы орны мен рөлін ашып көрсету. Студенттерге философияның басты нысанасы, предметі адам екенін түсіндіріп, сонымен бірге философияның адамды оны қоршаған дүниемен бірлікте, қарым-қатынаста қарастыратынын түсіндіру;
Философияның әр заманда әртүрлі мәдени, тарихи ортада әртүрлі функциялар атқарып келгенін аша отырып, студенттерге философияның теориялық, методологиялық, тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық, сыни, аксиологиялық функцияларын суреттеу.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Философияға бірыңғай және біржола анықтама беруге бола ма?
2. Философия мен ғылымның арақатынасын ашып беріңіз.
3.Философия классиктерінің қайсысы философияны даналық ретінде қарастырады?
4. Философия классиктерінің қайсысы философияны ғылым ретінде қарастырады?
5. Даналықтың білімнен айырмашылығын түсіндіріңіз.
6. Түсініктің танымнан айырмашылығы қандай?
7. Философиялық рефлексияның мәні неде?
Негізгі ұғымдар (глоссарий):
№
|
Ұғым
|
анықтамасы
|
1.
|
Философия
|
грек сөзі, даналыққа құмарлықты аңғартады, "мәдениеттің жаны" (Маркс), сан қырлы, күрделі рухани дүние
|
2.
|
Даналық
|
адамның дүние, өмір, адам, адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі, ақыл-парасаттың көрінісі, өмір тәжірибесінің түйіні
|
3.
|
Түсінік
|
адамның ішкі жан дүниесіне, философиялық, әдеби, діни туындылардың, классикалық дүниелердің мазмұнына үңілу, бойлау, "адамның сыртқы дүниені танып-білу тәсілі емес, сол дүниеде өмір сүру тәсілі" (Хайдеггер)
|
4.
|
Ғылым
|
табиғат, қоғам, таным құбылыстарының ішкі байланысын, қатынастарын, заңдарын зерттейтін қоғамдық сананың түрі
|
5.
|
Көзқарас
|
адамның өзі, дүние, өзінің дүниеге қатынасы, дүниедегі орны жөніндегі ойы, пікірі, түсінігі
|
6.
|
Адам
|
философияның басты нысанасы, "барлық заттың өлшемі" (Протагор), неге көңіл бөлсе де бәрін де философия адам тұрғысынан қарастырады
|
7.
|
Дүние
|
1)шетсіз, шексіз объективтік реалдылық; 2)адамды қоршаған табиғи, әлеуметтік орта
|
8.
|
Мифология
|
(грек. миф - сөз, аңыз) - мифтер жөніндегі ілім, құдайлар, рухтар, батырлар жөніндегі аңыз-әңгімелер жиынтығы; көзқарастың синкреттік сипаттағы байырғы түрі.
|
9.
|
Дін
|
(лат. религаре - біріктіру, байланыстыру) абсолютке (құдайға, рухқа) және онымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне сенумен байланысты қалыптасатын адамның ойы, сезімі және қарекеті
|
10.
|
Гносеология
|
(грек. гнозис - білім және логос ілім) - таным теориясы, дүниені (объекті) танудың мүмкіндіктері мен шектерін анықтайтын, танушы субъект пен танылатын объекттің қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын білімнің ақиқаттығының шарттарын көрсететін философияның саласы
|
11.
|
Эпистемология
|
(грек. епистеме - білім, ғылым) таным, жөніндегі, жаңа білімге апарар таным жолдары жөніндегі ілім
|
12.
|
Онтология
|
(грек. онтос - болмыс, бар нәрсе және логос - ілім) - болмыс жөніндегі ілім, болмыстың іргелі функцияларын және жалпы формаларын қарастыратын философияның саласы
|
13.
|
Антропология
|
(грек. антропос - адам…) адам табиғаты мен мәні жөніндегі ілім, адам философиясы
|
14.
|
Аксиология
|
(грек. аксиа - құндылық…) құндылықтар, олардың табиғаты мен пайда болуы, адам және қоғам өміріндегі орны мен рөлі жөніндегі философиялық ілім
|
15.
|
Идеология
|
грек. идея - ұғым, көрініс) - қоғамның, қоғамдық күштердің, таптардың мүддесін бейнелейтін саяси құқықтық, философиялық, моральдық, діни, эстетикалық идеялардың, көзқарастардың жүйесі
|
Мәнжазба тақырыптары:
1.Философия - ғылымдардың атасы
2.Философиядағы даналық мәселесі.
3.Түсінік табиғаты.
4.Философия – ғылым
5.Философиялық көзқарас және оның ерекшеліктері.
6.Көзқарастың тарихи түрлері.
7.Адам - Дүние - философияның да, көзқарастың да басты мәселесі.
8.Философияның негізгі бағыттары және олардың мәні.
9.Философия - методология.
10.Философияның функциялары.
11.Мәдениет жүйесіндагі философияның орны.
12.Мифологиялық көзқарастың ерекшеліктері.
13.Діни көзқарастың ерекшеліктері.
Тест сұрақтары:
1.Философия анықтамаларының бірі:
|
1)табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;
|
2)жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;
|
3)табиғатты тану
|
4)қоғам туралы ғылым;
|
5)аспан денелері қозғалысының теориясы.
|
2.Көзқарас дегеніміз:
|
1)дүниеге, адамның дүниеде алатын орнына деген көзқарастардың жүйесі;
|
2)адамның дүние, өзі, өзінің дүниеге қатынасы, дүниедегі орны жөніндегі ойы, пікірі, түсінігі.
|
3)адамгершілік принциптерінің жүйесі;
|
4)дүниені танып-білуді білдіретін қағидалардың жиынтығы;
|
5)дүниеге діни көзқарас.
|
3.Философияның бетке ұстар нысанасы;
|
1)дүниенің құрылымы;
|
2)өмірдің мәні;
|
3)жерден тысқары өркениет;
|
4)Адам және Дүние;
|
5)экологиялық дағдарыс
|
4.Философиядағы негізгі екі бағыт:
|
1)материализм мен идеализм;
|
2)апологетика мен патристика;
|
3)реализм мен номинализм;
|
4)позитивизм мен неокантшылдық;
|
5)скептицизм мен стоицизм
|
5.Философиялық танымның негізгі бөлімдерін атап беріңіз;
|
1)онтология, гносеология, логика, аксиология;
|
2)өнертану, лингвистика, шығыстану;
|
3)софистика, эклектика, догматизм;
|
4)идеология, космология, мифология;
|
5)социология, мәдениеттану, политология.
|
6.Дүниеге көзқарас типтерінің тарихи тізбегі қандай?
|
1)миф, дін, философия
|
2)миф, философия, дін;
|
3)дін, философия, миф;
|
4)философия, дін, миф;
|
5)философия, миф, дін;
|
7.Философиялық танымның ерекшелігі неде?
|
1)жалпылығында, әмбебаптығында, өмірмәндік толыққандылығында
|
2)практика қажеттерінен қол үзіп алыстатылғандығында;
|
3)сезімдік - эмоционалдық нақтылығында;
|
4)абстрактылы теоретикалығында;
|
5)реалдылықты объективті бейнелеуінде;
|
8.Философияның негізгі мәселесі (Ф.Энгельсше)
|
1)ойлаудың болмысқа қатынасы
|
2)бостандық пен өмір
|
3)әлемдегі кеңістік қандай
|
4)жасанды интеллект деген не
|
5)адам дегеніміз не
|
9.Бір де бірегей бастаманы мойындайтын философиялық ілім?
|
1)монизм;
|
2)плюрализм;
|
3)релятивизм;
|
4)дуализм;
|
5)конвенционализм.
|
10. Философия пайда болды және қалыптасты:
|
1)Көне Грекияда;
|
2)Вавилонда;
|
3)Көне Мысырда;
|
4)Көне Иранда;
|
5)Көне Римде.
|
Әдебиеттер:
1. Әбішев Қ. Философия. Студенттер мен аспиранттарға арналған оқулық. Алматы, 2001.
2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 1992.
3.Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы. 1999.
4.Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына шолу) - Алматы, 1999
5.Рысқалиев Т.Х. Даналық. Ұлттық энциклопедия "Қазақстан" Т.3. Алматы, 2000
6.Философия. Оқулық (проф. Т.Ғабитовтың ред.) Алматы, 2002.
7.Философиялық сөздік. - Алматы, 1996.
№2 тақырып: Ежелгі Шығыс философиясы
Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері.
2. Ежелгі Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері.
Конфуцийшылдық, даосизм және легистер (заңгерлер).
3. Ведалар және олардың мәні.
4. Жайнизм, буддизм және локаят (чарвака) мектебі.
Сабақтың мақсаты:
Ежелгі Шығыс философиясының дүниетанымдық ерекшелігін, кейінгі әлемдік философияның дамуынына қосқан үлесін түсіндіру. Ежелгі Шығыс философиясының негізгі бағыттарын, мектептерін ашып көрсету. Данышпандардың өмірі мен қағидаларын айта отырып, студенттерді адамгершілікке, білімсүйгіштікке тәрбиелеу.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Ежелгі Қытай философиясының Ежелгі Үнді философиясынан айырмашылығын көрсетіңіз
2.Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептердің ерекшеліктері қандай?
3.Ежелгі Үнді философиясының негізгі мектептерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері неде?
Негізгі ұғымдар (глоссарий):
"Цзюнь- цзы" - өнеге арқылы әлемдегі тепе теңдік пен реттіліктің болуына септігін тигізетін " тұрақты ", " қалыпты " ," қайырымды жігіт " деген мағынаны білдіретін Конфуцзы философиясындағы ұғым.
Чжи - парасат-білім, даналық, интеллект.
И- парыз - әділетілік, парыз сезімі, парасаттылық, адалдық. Конфуци философиясындағы іргелі ұғымдардың бірі.
Жэн -адамгершілік , адам сүйгіштік, қайырымдылық.
Дэ - дао, барлығының нәрсенің этикалық себебінің негізі құрайтын көне ұғым.
Дао - жол, барлық нәрселердің негізін білдіретін дүниетанымдық ұғым, әлемдік үйлесімділік.
Инь - ян - Көне қытай философиясындағы жұптық күйдегі әлемнің қарама-қарсылығын, үйлесімділігін, дамуын бейнелейтін ұғым.
Сансара - жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі.
Карма - әділ жаза заңдылығы.
Мокша - жанды қасіреттен азат ету.
Дхарма - Көне үнді философиясындағы адамның әлеуметтік ордадағы әдептілік нормаларын қадағалайтын моральдық заң.
Нирвана - адамның рух еркіндігіне жетуі, түрлі сезімдік үйлерден (құмарлық, ләззат) өзін өзі ажырата білуі. Көне үнділік діни философиядағы идеаль.
Пракрити - Көне Үнділік философиядағы табиғаттың материалдық негізін, әлем обьектілерінің бастапқы себебін білдіретін субстанциялық ұғым.
Пуруша - өмірлік ұстаным, "бастапқы адам". Барлық жанды нәрселердің тыныс алу көзі: тұтастықтан көп түрлілікке өту символын білдіретін Көне Үнді философиясындағы дүниетанымдық ұғым.
Веданта - индуизм негізін құрайтын қуатты әрі әсерлі діни- философиялық жүйе.
Брахман - Көне Үнділік діни философиядағы әлемнің рухани негізін құрайтын таза болмыс, Абсолют.
Локаята - Көне Үнділік философиялық ілім.
Мәнжазба тақырыптары:
1.Көне қытай философиясының әлемдік мәдениетегі орны.
2.Дао философиясындағы дүниетанымдық тәжірибелер.
3. Моистер.
4. Ежелгі Үнді философиясындағы даршандар және олардың негізгі бағыттары.
5. Бхагавадгита бағыты.
6. Хатха - йога.
Тест сұрақтары:
1. Конфуцийшылдардың негізгі көңіл аударған, айналысқан қоғамдық мәселелері:
1)адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі
2)адамдар арасындағы қатынас, басқару мәселесі
3)мемлекетті басқару және мәдениетті өркендету мәселесі.
4)тәрбие мәселесі, оқу-білім және оны ұйымдастыру жұмыстары.
5)адам және табиғат арасындағы қатынас
2. Кун фу-цзы ілімінше, ең жоғары жаратушы күш:
1)аспан 2)күн 3)ай 4)құдай 5)жер
3. Конфуцийшылдар көп көңіл аударған ұғымдар :
1)тең орта, адамгершілік және өзара сүйіспеншілік 2)іс-әрекет, мінез-құлық, адамгершілік
3)дәстүр, адамдардың қарым-қатынасы, табиғат 4)өзара сүйіспеншілік, адам мәселесі, болмыс
5)болмыс, тең орта, құдай
4. Тең орта деген не?
1)адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.
2)ата-анасын құрметтеу, сыйлау 3)адамдардың батырлығы мен қорқақтығының арасындағы іс-әрекет. 4)үлкен ағаларын сыйлау. 5)өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас әрекеті
5.Конфуцийшылдардың пікірінше адамгершілік негізі не:
1)"жэнь" - "ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау, жалпы алғанда үлкендерді сыйлау 2)мемлекетті басқарушыларды құрметтеу және оларды сыйлау
3)мемлекетте қалыптасқан заңдарды құрметтеу және оларды мүлтксізі орындау.
4)бұрынғы ұлттық салт-жораны, дәстүрді мадақтау және оларды тарату.
5)құдайға құлшылық істеу, құрбандық шалу
6. Конфуцийшылдардың әдептілік қағидасы қалай айтылады?
1)өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге тілеме
2)өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жаса
3)өзің қаламайтын нәрсені басшылыққа алып, іс-әрекет жаса
4)мемлекеттік заңды орындау басты әдептілік қағидасы.
5)Басқаларды сүймесеңде өзіңді сүй, туысқандарыңды сила.
7.Барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады"-деген кім?
1)Кун Фу-цзы 2)Мэн-цзы 3)Сюнь-цзы 4)Лао-цзы 5)Шан Ян
8.Аспанның еркі - адамдардың жігер-еркі арқылы ккөрінеді деген пікірді кім айтқан?
1)Мэн-цзы 2)Лао-цзы 3)кун Фу-цзы 4)Хань Фей-цзы 5)Сюнь-цзы
9.Әлем жөніндегі Сюнь-цзының басты пікірі:
1)әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады.
2)әлем жоғары күш аспанның басшылығымен өмір сүреді, оны өзгерту мүмкін емес
3)әлем жаратушы құдайдың әмірімен өмір сүреді
4)әлемді өзгертуге болады, ол үшін аадамзаттың ақыл-ойы дамуы қажет
5)әлем түсінуге болмайтын күрделі құбылыс, сондықтан оны танып-білуге ұмтылудың қажеті жоқ
10.Дао дегеніміз:
1)бәрін қамтитын жалпы дүниетанымдық ұғым, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз
2)Қытайдың дамуы мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым.
3)адам және оның мәдениеті жөніндегі ілім
4)Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму жолы
5)адамның адамгершілік, саяси мінез-құлқы
Әдебиеттер:
1.Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. Философия тарихы. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 1999 жыл
2.Д.Кішібеков. Философия. Оқулық. Алматы: Рауан баспасы, 1991жыл
3.Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов. Қысқаша философия тарихы. Оқулық. Алматы: 2000 жыл.
4.Ә.Х.Тұрғынбаев. Философия. Оқулық. Алматы: Білім, 2001 жыл
5.Философиялық сөздік. А., 1996.
6.Современная философия: словарь и хрестоматия. Ростов - на- Дону, 1996.
7. Ғабитов Т. Философия. А., 2004.
№3 тақырып: Антика философиясы
Семинар сабағының жоспары:
Бірінші сабақ
Антика философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
Антика философиясындағы алғашқы бастама мәселесі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Демокрит.
Гераклит. Қарама-қарсылық және қалыптасу жөніндегі ілім.
Элей мектебі. Ксенофан, Парменид, Зенон. Болмыс және болмыс емес. Зенонның апориялары.
Екінші сабақ
Сократ адам мәні жөнінде. Сократтың әдісі.
Платон философиясының мәні.
Аристотель филсоофиясы.
Сабақтың мақсаты:
Көне Грек философиясының әлемдік философиялық мәдениеттегі орнын, жаратылыстанымдық және қоғамдық ғылымдардың дамуына қосқан үлесін түсіндіру.Антикалық философияның қалыптасу ерекшеліктерін, даму кезеңдерін ашып көрсету. Антика даналығы мен түсінігінен сусындату.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Аристотельдің ойынша философияның басқа ғылымдардан айырмашылығы неде?
2. Левкипп пен Демокриттің философиядағы материалистік бағыттың қосқан үлесі?
3. Аристотель философиясындағы болмыс мәселесі?
Көне грек философиясындағы қозғалыс проблемасы?
Парменид пен Зенон философиясындағы болмыс түсіндірмесі ?
Негізгі ұғымдар (глоссарий):
Архэ - барлық нәрселердің бастапқы негізін, шынайы өмір сүру мәнін білдіретін ұғым ( Анаксимандр термині ).
Логос- сөз, ой, ақыл- парасат. Гераклит ілімінде бұл ұғым дүниенің даму заңдылығының ретті және қажетті өлшемі, рухани бастауы секілді онтологиялық негізде түсіндірілді. Стоиктерде логос – тек қана онтологиялық бастауғана емес, ақиқат принципі, этикалық норматив.
Эрос - махаббат. Көне Грек философиясында эрос түсінігін алғаш жүйелеген Платонизм. Платонның түсіндіруінше эрос- жоғарғы сезім мен сезім арасын жалғаушы күш, абсолютке жетудің логикалық емес жолы.
Логика - логика, ойлаудың заңдары туралы, логос және оның қозғалысы жөніндегі рефлексия.
Мифос - миф. Философиялық зерттеулердің обьектісін құрайтын нәрселердің фантастикалық - поэтикалық түсіндірмелері.
Достарыңызбен бөлісу: |