Кафедра: «it-инженерия»



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі36,89 Kb.
#93069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Турусбек Санжар Ip телефония
шах книга
YouTube

YouTube — бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет. Мұнда қолданушылар қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар.You Tube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығының арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық бейнежазбалар, сонымен қатар бейнеблогтар ұсынылады.
Google компаниясынан Twitch.tv тікелей бәсекелесі. Сайттың басты артықшылығы ыңғайлы және жағымды интерфейс, бейнені жүктеу жылдамдығы, трансляция жазбасын хостингте сақтау және YouTube аудиториясы.
Бұл жобаның негізі 2005 жылы ақпанның 15-інде Калифорния, Сан-Брунодағы Paypal фирмасының бұрынғы үш жұмысшыларымен салынған. Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video (flv) технологиясын қолданды. Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналды және өзінің бірлестігін құра отырып, Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды.
2006 жылдың қараша айында You Tube қызметін Google компаниясы 1,6 миллиард долларға сатып алды. You Tube-ті сатып алуға дейін Google компаниясында осыған ұқсас бағыттағы қызметі – Google Video болған. Google өкілдері бұны жаппай, оны барлық бейнехостингтік сайттар бойынша бейнелерді іздеу орны ретінде қолданбақ. Қазіргі уақытта Google Video іздеуіне You Tube те кіреді.
You Tube-те ең алғаш бейне 2005 жылдың 23 сәуірінде орналастырылды: http://www.youtube.com/watch?v=jNQXAC9IVRw.
2008 жылдың ақпан айында Пәкістанның өкімет билеушілері Исламға қарсы мәліметтерді орналастыру себептеріне байланысты бұл сайтқа рұқсатты алып тастады.
2015 жылы 15-сәуірде You Tube сайтына 15 жаңа тіл қосылды. Олардың қатарында қазақ тілі де бар.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет