Кафедра: «it-инженерия»


Ірі стримингтік сервистер



бет3/12
Дата07.02.2022
өлшемі36,89 Kb.
#93069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Турусбек Санжар Ip телефония
шах книга
Ірі стримингтік сервистер

  • Twitch.tv

Twitch видеоны тікелей эфир арқылы жүргізетін, Twitch Interactive басқаруындағы, Amazon компаниясының еншілесі, видео ойынға және киберспортқа мамандандырылған қызмет. Twitch платформасында видеоны тікелей эфирде және сұраныс бойынша көруге болады. Бұл қызмет 2011 жылы маусым айында видео ойындарды тікелей эфирде хабарлайтын Justin.tv платформасына көмекші ретінде жасалған. Видео ойындардан басқа Twitch платформасында музыка, влог тақырыбында тікелей эфир жүргізуге болады.
2012 жылдың ақпан айында сайт кірушілер саны 15 миллионға жетті. Кірушілердің негізін жасы 18-ден 34-ке дейінгі адамдар құрайды.2012 жылдың қыркүйек айында сайтқа 20 миллион адам кірген, ал 2013 жылдың тамыз айында бұл сан 45 миллионға жеткен.
Twitch арқылы видео ойындар, киберспорттық жарыстар тікелей эфир арқылы өткізіледі.
Видео ойындардан басқа бұл платформада Music & Performing Arts (қаз. Музыка және шығармашылық өнер) санаты танымал. Бұл санатта арна авторлары көрермендердің сұранысы бойынша әртүрлі әндерді орындайды. Сондай-ақ Just Chatting (қаз. Жай сөйлесу) деген санатта танымал. Бұл санатта стримерлер өз көрермендерімен сөйлеседі, сұрақтарына жауап береді.
Travel & Outdoors (қаз. Саяхат және Таза ауада) деген санатты да назарсыз қалдыруға болмайды, бұл санатта авторлар көшеде жүріп тікелей эфир өткізеді.
Twitch кез келген құрылғының браузері арқылы қол жетімді. Ресми қосымшасы IOS және Android-та қол жетімді.Сондай-ақ ресми қосымшасы ДК қолданушыларына қол жетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет