«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кафедра: «IT-инженерия»
ЕСЕПТЕУ - ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
№1 ЕГЖ
Пән бойынша: IP телефония негіздері және стримингтік технологиялар
Тақырыбы: Стримингті технологиялар және олардың пайдаланылуы
Мамандығы: «Электр техникасы және энергетика»
Орындаған: Турусбек Санжар
Тобы: ЭЭк 20-7
Тексерген: Сыдыбаева Мадина
Алматы 2020
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Технологиясы
Пайдаланылу аясы
Ірі стримингтік сервистер
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған деректер тізімі
http://www.alexa.com/site/ds/top_sites?ts_mode=global&lang=none%7Ctitle=Alexa Site Rankings
YouTube HTML5 Video Player, YouTube.
Weber, Tim. BBC strikes Google-YouTube deal, BBC (наурыз 2, 2007). ↑ Hopkins, Jim. Surprise! There's a third YouTube co-founder, 'USA Today' (11 қазан 2006).
Graham, Jefferson. Video websites pop up, invite postings, USA Today (қараша 21, 2005)
https://mixer.com/
https://primeminister.kz/kz/news/reviews/kazakstanda-1-kyrkuyekte-kashyktan-okytu-zhalgasady-kezekshi-synyptar-okulyktarmen-kamtu-zhane-kompyuterler-satyp-alu-177731
Кіріспе
Стриминг, стрим – бейне және аудиоконтентті, ары қарай компьютерлік желілер арқылы ақырғы тұтынушыға тарату үшін цифрлық сығу процесі.
SТREAM - Science –жаратылыстану ғылымдары; Technology – технологиялар; Reading – оқу және жазу; Engineering – инжиниринг, жобалау; Art – өнер, дизайн; Mathematics – математика ғылымдарының, білім алушыларда инновациялық ойлауды қалыптастыру үшін біріктірілуін көрсетеді.
Стримингті тікелей трансляциялармен ассоцияциялау қабылданса да, ол олай емес, себебі мультимедиа ағындары жанды және сұраныс бойынша болады. Жанды ағындар, бұл қысқа уақыт мезетіне қол жетімді тікелей қосылулар, бірақ серверге келіп түскен деректер мұнда архивте ұзақ уақыт сақтала алады және оларды тұтынушы сұранысы арқылы шақыруға болады.
Бейнетрансляция қызметтері ағындық тарату технологиясын пайдаланады. Ағындық тарату бастапқы тасушыны талап етеді – камера, аудиоинтерфейс, бейнені экраннан алатын бағдарламалық қамтама, цифрлауға арналған кодер және Интернет желісіне жоғарыжылдамдықты қосылу.
Бейнетаратудың ең үлкен аудиторясы ойындық платформаларға жатады, онда блогерлер өз ойындарының тікелей трансляциясын өткізеді.
Бейнетаратудың ең үлкен аудиторясы ойындық платформаларға жатады, онда блогерлер өз ойындарының тікелей трансляциясын өткізеді.
Бейнестримингтік сервис – шынайы уақыт режимінде әртүрлі оқиғалардың ағындық трансляциясын қамтамасыз ететін платформа. Қызметтер медиашығарушы және бейнеконтентті таратушы болып табылады. Бейнетарату қызметтерінің артықшылығы – кез-келген тұтынушыға, қажетті құрал-жабдықтың аз санымен трансляциялау мүмкіндігін беру жіне кері байланыстың болуы.
Технологиясы
Бейнетрансляция қызметтері ағындық тарату технологиясын пайдаланады. Ағындық тарату бастапқы тасушыны талап етеді – камера, аудиоинтерфейс, бейнені экраннан алатын бағдарламалық қамтама, цифрлауға арналған кодер және Интернет желісіне жоғарыжылдамдықты қосылу. Смартфон мен планшеттік компьютер қажетті функциялардың көбін өздерінде біріктіретіндіктен, осы құрылғылардан трансляция бастау үшін тек қана орнатылған бейнестриминг сервисі ғана қажет.
Барлық ағындық технологиялар сығуды пайдаланады, аудио және бейне файлдардың көлемін азайту үшін. Олар қайтадан шығарылып алынып, шынай уақыт режимінде қашықтатылған тұтынушылармен тыңдалына алады. Сығу бейне (кодектер: H.264, MPEG-4, VP6 және VP8, Windows Media Video (WMV), MPEG-1/2), сонымен қатар дыбысқа (аудиокодектер AAC, Vorbis, WMA және MP3) да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |