Кафедра: Терапия кафедрасы



бет5/16
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#80094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Реферат Зубина А

ЭКГ өзгерістері:
Стенокардия ұстамасы кезіндегі ЭКГ өзгерістері миокард ишемиясы метаболизм бұзылысына байланысты. Осының арқасында миокардтағы биоэлектрлік процесстер бұзылысы іске асады — Т тісшесінің форма, амплитуда, полярлығының өзгерісіне соқтыратын реполяризация бұзылысы.
Аса айқын және ұзақ ( бірақ қайтымды) ишемиялық өзгерістер миокард дистрофиясына әкеліп ишемиялық зақымдалуларды белгілейді, ол өз кезегінде ЭКГ-да SТ сегментінің изолиниядан жоғары н/е төмен ығысуымен көрінеді.
Т тісшесінің өзгерісі ишемия орнына байланысты. Ерте ж/е айқын ишемиялық өзгерістер субэндокардиальды қабатта дамитыны баршамызға танымал. Ол ЭКГ-да жоғары үшкір соңы бар Т тісше (биік коронарлы Т тісше) ретінде сипатталады. Ишемияның субэпикардиальды аймақта орналасуында, сонымен қатар трансмуральды және интрамуральды ишемияда, теріс симметриялы Т тісше (теріс коронарлы Т тісше).
Ишемия зонасына қарсы жатқан жүрек аймағын көрсететін шықпаларда реципрокты өзгерістер бақыланады.


Стресс ЭхоКГ – коронарлы артерия жетіспеушілігін нақты анықтайтын әдіс. Оның мәні: добутамин, өңеш арқылы ЭКС немесе физикалық жүктеме арқылы жүрек соғу жиілігі артқанда сол қарынша сегментінің қозғалысына эхокардиографиялық баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет