Себебі: Атеросклероз– жүрек артериялары стенозының жиі себебі болып табылады. Кеуде тұсындағы ауырсыну пайда болатын кейбір науқастарда жүрек артериялары қалыпты немесе минимальды тарылған. Бұл науқастарда ауырсынудың ең мүмкін болатын себебі вазоспазм, ол Принцметал стенокардиясы мен Х синдромында туындайды.
Миокард ишемиясы сонымен қатар қан құрамына әсер етуші факторларының салдарынан туындауы мүмкін: ауыр анемия ( эритроциттердің төменгі дәрежесі) немесе тыныс жетіспеушілігіне соқтыратын ұзақ уақыт шылым шеккенде бақыланатын қанның оттегіні тасымалдау мүмкінділігі төмендегенде.