ЭКГ өзгерістері: Стенокардия ұстамасы кезіндегі ЭКГ өзгерістері миокард ишемиясы метаболизм бұзылысына байланысты. Осының арқасында миокардтағы биоэлектрлік процесстер бұзылысы іске асады — Т тісшесінің форма, амплитуда, полярлығының өзгерісіне соқтыратын реполяризация бұзылысы.
Аса айқын және ұзақ ( бірақ қайтымды) ишемиялық өзгерістер миокард дистрофиясына әкеліп ишемиялық зақымдалуларды белгілейді, ол өз кезегінде ЭКГ-да SТ сегментінің изолиниядан жоғары н/е төмен ығысуымен көрінеді.
Т тісшесінің өзгерісі ишемия орнына байланысты. Ерте ж/е айқын ишемиялық өзгерістер субэндокардиальды қабатта дамитыны баршамызға танымал. Ол ЭКГ-да жоғары үшкір соңы бар Т тісше (биік коронарлы Т тісше) ретінде сипатталады. Ишемияның субэпикардиальды аймақта орналасуында, сонымен қатар трансмуральды және интрамуральды ишемияда, теріс симметриялы Т тісше (теріс коронарлы Т тісше).
Ишемия зонасына қарсы жатқан жүрек аймағын көрсететін шықпаларда реципрокты өзгерістер бақыланады.
Стресс ЭхоКГ – коронарлы артерия жетіспеушілігін нақты анықтайтын әдіс. Оның мәні: добутамин, өңеш арқылы ЭКС немесе физикалық жүктеме арқылы жүрек соғу жиілігі артқанда сол қарынша сегментінің қозғалысына эхокардиографиялық баға беру.