III функциональды класс – әдеттегі физикалық белсенділігінің айрықша шектелуі. Ұстамалар тегіс жерде 100-500 м жүргенде, 1-ші этажға көтерілгенде туындайды.
IV функциональды класс – стенокардия аздаған физикалық жүктемеде, 50-100 м қашықтықты жүргенде пайда болады. Стенокардия ұстамалары тыныштықта кездеседі.
Клиникасы:
Ауырсыну синдромы:
Орналасуы – төс артында;
Ауырсынудың пайда болу шарты — физикалық жүктеме, қатты эмоция, тамаққа аса тою, суық, желге қарсы жүру, шылым шегу;
Ауырсыну ұзақтығы 1-15 мин
Сипаты: ұстама тәрізді, батып, қысып ауырсыну;
Иррадиациясы: сол қол, төменгі жақсүйек
Ауырсыну тоқтайды: физикалық жүктемені тоқтатқанда, нитроглицерин қабылдағанда
Қосалқы белгілер: жүрек айну, құсу, тершеңдік, шаршағыштық, ентігу, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, АҚ жоғарылау ( кейде төмендейді)
Достарыңызбен бөлісу: |