Онкоцитологияға жұғынды алу
Жатыр мойынын айнамен қарау
Мақсаты: жатыр мойнының жағдайын бағалау; жатыр мойнында өзгерістер барлығын анықтау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап, жеке жаялық.
Іс-әрекет алгоритмі:
1) Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз;
2) Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз;
3) Жатыр мойнын қарау үшін жарықпен қамтамасыз етіңіз;
4) 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
5) Стерилденген үстелден гинекологиялық айнаны алыңыз, оң қолға қасық тәрізді айнаны алып, сол қолдың 1-2 ші саусақтармен үлкен жыныс ернеулерін ашып, қынаптың артқы күмбезіне дейін еңгізіңіз, қынаптың артқы бөлігін айнамен басып (үстіңгі бөлігін босату үшін) және қасықтық айнаны сол қолға ауыстырыңыз. Оң қолмен қынаптың үстіңгі бөлігіне көлденең өлшеммен көтергішті енгізіп, жатыр мойнын тексеріңіз. Сол қолмен жыныс ернеулерін ашып, 2 жақтаулы айнаны қырымен қынапқа еңгізіңіз, сосын бұрыңыз, айнаны ашып қынап пен жатыр мойнын ашып тексеріңіз.
6) Қарау барысында жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, патологиялық процеске, жатыр мойнының пішініне, түріне, сыртқы мойын тесігіне мән беріңіз.
7) Айнаны қынаптан алыңыз және дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
8) Әйелге тұруын өтініңіз.
9) 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты шешіп, профилкатикалық инфекциялық ережесіне сәйкес шешіп, тастаймыз.
10) Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу
Мақсаты: микроскопиялық тексеруге материал алу.
Құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, фолькман қасықшасы немесе зонд, әйнек, лабораторияға жолдама,бір рет қолданатын қолғаптар, жеке жөргек.
Іс-қимыл алгоритмі:
1) Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз;
2) Әйелді гинекологиялық креслоға жөргек төсеп жатқызыңыз;
3) Жатыр мойын қарауға жеткілікті жарықпен қамтамассыз етіңіз;
4) Бір рет қолданатын қолғап киіңіз;
5) Құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айна, фолькман қасықшасы, әйнек;
6) Гинекологиялық айнаны енгізіңіз. Фолькман қасықшасымен немесе зондпен қынаптың артқы күмбезінен бөлінді алып әйнекке жағыңыз;
7) Қынаптан гинекологиялық айнаны абайлап шығарыңыз да, 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз. Егер бір рет қолданатын айна қолдансаңыз, оны контейнерге салыңыз;
8) Әйелдің тұруын өтініңіз.
9) Бір рет қолданатын қолғапты шешіңіз, инфекцияның алдын алу ережесін сақтай отырып тастаңыз.
10) Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
11) Жолдама жазыңыз:
- кабинет номері;
-аты-жөні, тегі;
- жасы;
- жұмыс немесе оқу орны;
- жағынды не үшін алынды (қыныптың тазалық дәрежесіне жағынды);
- күні;
- акушерка немесе дәрігердің қолы.
12) Жағындыны лабораторияға жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |