Кафедра:№1 Акушерия және гинекология


Қан тобы және резус факторды анықтау



бет10/18
Дата01.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#160785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Толықтырылған Айдынғали Орынгүл Күнделік Акушерия мен Гинекология 407А практика

1.Қан тобы және резус факторды анықтау.
2.Функциональды диагностика бөліміндегі жұмыс(УЗИ, КТГ, доплерометрия).
3.Партограмманы толтыру.
Қан тобы мен резус факторды анықтау.
Қан, қан компоненттерін, препараттарын құю трансфузиология деп аталады.
Қан тобы эритроциттерде және плазмада топтық антиген мен антиденелердің барлығына байланысты, яғни агглютиногендер А және В, агглютининдер α және β.
І (0) топ қаны бар кісілердің эритроциттерінде А және В
агглютиногендер жоқ, плазмасында β агглютининдер бар.
(ІІ) А тобында эритроциттерде А агглютиноген, плазмасында β
агглютинин бар.
(ІІІ) В тобында эритроциттерде В агглютиноген, плазмасында α
аглютинин бар.
(IV) АВ тобында эритроциттарда А және В агглютиногендер бар,
плазмасында α және β агглютининдер жоқ.


Қан тобын анықтауға керекті құрал-жабдықтар:
1. Стандартты изогемагглютинациялаушы сарысулар: О (І) (мөлдір түсті), А (ІІ) (көк түсті), В (ІІІ) (қызыл түсті) екі сериялы.
2. Стандартты сарысу АВ (IV) (сары түсті) қосымша бақылау үшін қолданылады.
3. О (І), А (ІІ), В (ІІІ) қан топтарының стандартты эритроциттері.
4. Ақ фарфорды қан тобын анықтауға арналған 7 ойықшасы бар Петри тарелкасы.
5. Пипеткалар 7 дана.
6. Шыны таяқшалар және предметті шынылар.
7. Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі.
8. Зарасыздандырылған скарификаторлар.
9. Құмсағат.
10. Спирт.
11. Зарасыздандырылған мақта шариктар.
Қан тобын анықтау ережесі.
1. Қолдарды жуып, қолғаптар киеміз.
2. Қан тобын анықтайтын тарелкаға науқастың аты жөнін жазамыз.
3. Науқастың 4-саусағын спиртпен өңдеп, зарасыздандырылған скарификатор мен тесеміз. Бірінші тамшысын сүртіп тастаймыз.
4. Резиналы грушасы бар шиша капиллярмен саусақтан қан алып 1 кіші тамшыдан тарелкаға 1 санының астына 1 тамшы, 2 санының астына 1 тамшы және 3 санның астына 1 тамшы тамызамыз.
5. Әр топқа арналған бөлек пипеткамен 1 қан тамшысының жанына І топ сарысуын, 2 тамшының жанына ІІ топ сарысуын, 3 тамшының жанына ІІІ топ сарысуын 1:10 есебінде тамызамыз, яғни, сарысу мөлшері қан мөлшеріне қарағанда 10 есе көп болуы керек.
6. Әрбір топқа бөлек шиша таяқша алып араластырамыз.
7. Сағатқа қарап 5 минут күтеміз. Сол кезде тарелканы қолымызға алып шамалы шайқап тұрамыз.
8. Сонан соң әр қайсы топқа 1 тамшыдан натрий хлоридының изотониялық ерітіндісін тамызамыз.
9. Егер агглютинация реакциясы (агглютинация реакциясы бұл эритроциттердің жабысып тарелкада
тұнба, жапырақша, құм тәрізді болып байқалуы) еш қайсысы тамшыда жүрмесе бұл қанда А және В агглютиногендер жоқ және О топ болып табылады.
10. Егер агглютинация реакциясы 1 және 3 тамшыда байқалып, 2 тамшыда болмаса, бұл қанда А агглютиногены бар және А (ІІ) топ болып табылады.
11. Егер агглютинация реакциясы 1 және 2 тамшыда жүріп, 3 тамшыда байқалмаса, бұл қанда В агглютиногены бар және В (ІІІ) топ болып табылады.
12. Егер агглютинация барлық үш топтағы сарысулармен жүрсе, бұл қанда А және В агглютиногендер бар. АВ (IV) топ болып табылады. Бірақ бұл кезде АВО (IV) топ сарысуымен реакция жүргізу керек. Бұл кезде агглютинация реакциясы АВО (IV) топ сарысуымен жүрмейді.


Қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтау
Құрғақ пробиркаға венадан қан алып,
тыныштыққа қоямыз сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа. Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти –А, анти – В, және анти – Д цоликлондарын тамызамыз. Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады. Анти — А, Анти –В, Анти- Д цоликлондарын үлкен тамшымен (0,01 мл) тамызады. Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші тамшыдан
(0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.
Пластинканы 3 минут шайқап тұрып
бақылаймыз, цоликлондар мен эритроциттер агглютинациясы бастапқы 3 – 5 секундта байқалады.
• Анти – А цоликлоны және анти – В
цоликлондарымен агглютинация жоқ болса,онда қан 0 (I) топқа жатады.
• Егер тек анти – А цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан А (2) топқа жатады.
• Егер тек анти – В цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан В (3) топқа жатады.
• Егер анти – А цоликлоны және анти – Вцоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет